"Қызықты сағат" Математикалық ойынның мақсаты



бет3/5
Дата05.05.2023
өлшемі27,69 Kb.
#90550
1   2   3   4   5
2 - кезең."Сиқырлы сөздер"
Қазір мен тақтаға" Қайырымдылық" сөзін жазамын. Қай топ осы сөзден бірнеше басқа сөздерді құраса, сол топта көп ұпай болады.(екі минут уақыт беріледі).
3 - кезең."Кім жылдам" кезеңінде математика пәнінен сұрақтар қойылады. Қай топ бірінші болып жалауды көтерсе, сол топ жауап береді.
1. Өздеріңіз оқып отырған «Алгебра» кітабының авторы? (Баймұханов, Базаров)
2. 7 майшам жанып тұр, 4-уін сөндірсек неше майшам қалады?(4)
3. Алманың жартысы неге ұқсайды? (өзінің жартысына)
4. Үш сызықтан пайда болған фигура?(үшбұрыш)
5. 1/10 санының кері саны? (10)
6. Бес жарым таяқтың неше ұшы бар?(12)
7. у=х3 функциясының графигі. (кубтық парабола)
8. Жарты түзу. (сәуле)
9. Ақиқаттығы дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем (аксиома)
10. Қай ыдыстан тамақ ішуге болмайды. (бос ыдыстан)
11. Тік бұрыштан кіші бұрыш (сүйір)
12. 225 нешенің квадраты (15)
13. Бір шоколадты 100 теңгеге сатып аламыз. 1, 5 шоколадты неше теңгеге сатып алуға болады. (200)
II-топ
1. Шаманың 1/100 бөлігі (процент)
2. у=х2 функциясының графигі. ( парабола)
3. Шеңбер сызуға арналған құрал (циркуль)
4. Үстелде 3 стақан сүт бар. Алмаз бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? (3)
5. Нанды үш бөлікке бөлу үшін, нанды неше рет кесу керек?
6. Геометрияның жазықтықтағы денені зерттейтін бөлімі (планиметрия)
7. Торда 4 қоян бар. 4 бала 4 қоянды әкетті, ал бір қоян торда қалды. Неге?
8. Көпмүшенің барлық қабырғаларының қосындысы (периметр)
9. Анықтамасыз қабылданатын ұғымдар. ( негізгі ұғымдар)
10. Қабырғалары толықтауыш сәулелер болатын бұрыш (жазыңқы)
11. 86 санын еш амал қолданбай 12-ге арттыр. (98)
12. Ең үлкен хорда. (диаметр)
13. 35 -тің квадраты (1225)

4 - кезең "Кім көп біледі" Бұл кезеңде әр топ кезек - кезек мақал айтудан жарысады. Көп мақал айтқан топ жеңімпаз атанады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет