1.Әлеуметтану



бет1/12
Дата18.01.2023
өлшемі46,09 Kb.
#61766
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
1. леуметтану ылым а кіріспе ж не басты ымдарды т жырымдау


1.Әлеуметтану:ғылымға кіріспе және басты ұғымдарды тұжырымдау
Әлеуметтану -  қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым.Әлеуметтану адамдар мен топтардың өзара әрекетке түсуін, сондай-ақ өзара әрекетке түсуді түзетін мінез-құлық ережелерін зерттейді.
"Әлеуметтану" сөзін тұңғыш рет Огюст Конт озінің "По­зитивтік философия курсында" позитивті философияның бір бөлігін құрайтын ауқымды әлеуметтік ғылымның атауы ре­тінде пайдаланды. Конт бірінші болып осы ғылым элементтерін көлденең материалдар, идеялар мен әдістер атаулыдан тазарту қажеттігін айқын көре біліп, бірінші болып барлық элементтерді бір ұғымға біріктірді
Басты ұғымдар:

  • Қоғам - тұрақты қауымдастық, ұлт немесе бір аумақтағы, экономикалық, мәдени және саяси байланыстарды және әлеуметтік сенімдерді тоғыстыратын үлкен топтастық.

  • Әлеуметтану - адамзат қоғамын, әлеуметтік топтарды және әлеуметтік өзара әрекеттерді жүйелі түрде зерттейтін ғылым.

  • Әлеуметтік құрылым - белгілі бір қоғамды құрайтын топтық қарым- қатынастардың қайталанып отыратын үлгілері.

  • Әлеуметтік қиял - жеке адам мәселесін, негізгі әлеуметтік құрылымдарды, аз дегенде ішінара түсінуді көрсететін қабілет.


2.Әлеуметтанулық теориялардың даму кезеңдерін талдау
ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары "Әлеуметтану" өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты. Оның негізін салушы Огюст Конт (1798-1857ж.ж). Оның әлеуметтану тұжырымдамасының негізінде қоғам дамуының сатыларға жіктелуі туралы идея жатыр.
Жалпы, Огюст Конттың тұжырымдамасы бойынша, әрбір қоғамды ақыл-сана, жалпы идея басқарады деген идеалистік ой жатыр. Сондықтан Огюст Конт жалпы қоғамның дамуын адамдардың интеллектуалды ақыл-ойының, санасының бір ізгілікпен дәйекті дамуының 3 кезеңі, яғни теологиялық, метафизикалық және позитивистік сатыларын тұжырымдау арқылы түсіндіреді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет