Сүт қышқыл бактерия- лары. Спирт өндірісінде
келесі өндірістік культура-
лар термобактериум цереа-
ле (Thermobacterium cereale,
Дельбрюктың бактериумы),
термофильді, гомоферментті
сүт қышқылды бактерия-
лар қолданады. Қозғалмай-
тын таяқша тəрізді өлшемі
2-0,5х7-0,8
мкм. 1937
жыл дарға дейін астық жəне ас тық-картоп шикізатын заторды
қышқылдандыру үшін көп қолданған, бірақ керекті қышқылдылықты
алу үшін 12-24 сағат қажет. Thermobacterium cereale типінің 52
культурасы 1937 ж О. М. Силищенский тарапынан шығарылды
жəне зауытта кең қолданылады. 1948 жылы О. М. Силищенский 70
культураны өндірістік ашытқыдан бөліп алды. Бұл аралас культура
екі компоненттен тұрады: 1-ші – термобактериум цереале; 2-ші –
бетабактериум (Вetabacterium)- гетероферментативтік сүт қышқыл
таяқшасы. Таза культураны өсіруде гетероферментативтік бактерия-
лар ашып, сүт қышқылын, 0,4% сірке қышқылын, одан басқа спирт,
СО
2
мен Н
2
бөліп шығарады. Аралас культураның зат алмасуы өзгеріп
сүт қышқылы пайда болады. Морфологиялық ерекшеліктеріне
бірінші компоненттің клеткалары ұсақ, ал агар қоректік орта-
сында колониялары ірі. Екі культураныда бірге өсіргенде жоғары
физиологиялық белсенділік көрсетеді. Таза культураның əрекетінсіз
затор керекті қышқылдылықты 3-4 есе тез қышқылдандырады.
Д.Н.Климовскийдің жəне В. Н. Стабникованың деректері бойынша,
ашытқы бөлімшелерінде өндіріс 30-35%-ға өскен.