Ашытқылардың таза культурасының өндірістік қасиетін бағалау. Спирт ашытқыларының расасына жəне өндірістік
ашытқыларға келесі талаптар қойылады: жоғары ашыту белсенділігі,
қант ортасын толығымен тез ашыту, спирттің жоғарғы концентраци-
ясына тұрақтылығы, бөгде микроорганизмдердің зат алмасуы мен
ортаның қышқылдылығына тұрақты болу керек.
Ашытқы рассалары заторуыт ашыту үшін астық-картоп шикізатын
қолданады, қоректік ортадағы глюкозаны, мальтозаны жəне басқа да
моно- дисахаридті ашытады, сонымен қатар декстринді бөледі.
Аппаратқа түсетін жетілген өндірістік ашытқылар келесі
көрсеткіштерге ие болу керек:
Бүршіктенуші клеткалар саны 10-15%, өлі клеткалар 2-4%
кем емес (өлі клеткалар санының көбеюі қоректік ортадағы
ашытқылардың тіршілік əрекетінің факторларына байланысты ).
1 мл ортада ашытқы клеткалары 120-140 млн. аз болмау ке-
рек. Микроскоп астында қозғалғыш бактериялар жоқ болу керек,
ал қозғалмайтын 4-6-дан аспау керек. Ашытқы расалары меласса
ерітіндісін ашыту үшін сахарозаны, глюкоза мен раффинозаны 1/3
немесе толығымен ашыту қажет.
Өндірістік
ашытқыларды
үздіксіз
өсіру
жағдайындағы
көсеткіштері мынадай:
бүршіктенуші клетка 25-30%;
өлі клеткалар 5%-дан көп болмау керек;
ашытқы
клеткалардың
сыртқы
көрінісі
зауытта
қолданылатын ашытқы расасының пішініне сəйкес болу керек;
бөгде микроорганизмдер болмау керек;
1 мл ортада клеткалар саны 150-180 млн. кем болмау керек;
ашыту энергиясы (Киров құралында) 35-50 секундтан кем
болмау керек.