«Жаңа замандағы халықаралық қатынастар тарихы» пәнінен коллоквиум материалдары Халықаралық қатынастар



бет5/6
Дата22.05.2023
өлшемі34,6 Kb.
#95865
түріДиплом
1   2   3   4   5   6
8. «Поляк мәселесі» – поляк халқының ХVІІІ ғасырдың соңғы отыз жылдығында бөліске түсіп, жойылып кеткен поляк мемлекетін қалпына келтіру, тәуелсіздігін және аумақтық тұтастығын сақтау мәселесі.
9. «Шығыс мәселесі» – Осман империясының құлдырауына байланысты ХVІІІ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басындағы Балкан халықтарының осман езгісінен азаттығы үшін күресімен, түрік иеліктерін ұлы державалардың бөлісу үшін бәсекелестігімен байланысты мәселе.
10. «Дипломатиялық революция» мен Жетіжылдық соғыс. ХVІІІ ғ. халықаралық қатынастарға ауыр зардаптарын тигізген оқиға Англия мен Францияның арасында жүрді. Америкадағы француз отарларының орналасуы ағылшындардың Солт. Американың ішкі аудандарына өтуіне кедергі болды. Ұлыбритания мен Франция арасындағы отарлық бәсеке күшейді, олардың арасында соғыс болмай қоймайтын еді. Екеуі де болашақ соғыстың дипломатиялық дайындығына үлкен мән берді. ХVІІІ ғ. І-жартысындағы соғыстарда Англия Франциямен жауласып, Габсбургтер монархиясын (Австрияны) қолдады. Алайда Англия Австрия мұрасы үшін соғыстағы Австрияның әлсіздігін көріп, одақтастық мәселені қайта қарады, 1756 ж. 16 қаңтарда Пруссиямен бейтараптылық туралы конвенцияны жасады.
Габсбургтер Ресеймен, Франциямен жақындасуға мәжбүр болды; Габсбургтер мен Ресейді Пруссияның аумағының кеңейіп, күшінің өсуі мазасыздандырды. Габсбургтердің Франциямен жақындасуына кедергілер көп болды; олар Ұлыбритания мен Пруссияға қарсы күшті коалиция құруды ойлады. 1756 ж. 1 мамырда Австрия мен Франция бейтараптық және қорғаныстық туралы келісім жасады, кейін оған Ресей қосылды (Үштік Одақ).
1754-1755 жж. Солт. Америкадағы француз және британ әскерлері арасында қақтығыстар басталды. 1756 ж. 17 тамызда прусс королі ІІ Фридрихтің Саксонияға басып кіруімен Жетіжылдық соғыс (1756-1763) басталды. Екі коалиция құрылды: 1) Пруссия, Ұлыбритания, Ганновер т.б. герман мемлекеттері; 2) Габсбургтер, Ресей, Франция, Саксония, Швеция, Империя құрамындағы герман мемлекеттерінің көпшілігі. Бұл оқиға тарихқа «дипломатиялық революция» деген атпен енді.
Соғыстың себептері: Гогенцоллерндер мен Габсбургтердің әулеттік бәсекелесі, Габсбургтердің Пруссия басып алған Силезияны қайтаруға деген ұмтылысы, ағылшын-француз бәсекелесі және орыстар мен прустардың Шығыс Прибалтикадағы ықпал үшін күресі болды.
Соғыс қимылдары Шығыс Пруссиядан Саксония мен Силезияға дейінгі жерлерде жүрді; прустықтар Саксонияны тізе бүктірді, 1757 ж. қарашада Росбах шайқасында француз-австрия әскерлерін жеңді. Соғысқа орыс әскерлері кірісіп, Пруссияны жеңіліске ұшыратты. Орыстар 1758 ж. Шығыс Пруссияны, Померанияны басып алды, 1760 ж. Берлинге кірді. Соғысқа Францияны қолдап, Испания қосылды. Жеңімпаз соғыс Австрия мен Ресейге Силезия мен Пруссияны өзіне қалдыруға мүмкіндік беретін еді, алайда Ресейде билік ауысады, ол Пруссияға деген талабынан бас тартып, соғыстан шығады.
Соғыстың қорытындылары. Губертусбург бітімі 1763 ж. 15 ақпанда Австрия мен Саксония және Пруссия арасында жасалды; Австрия прусс королінің жеріне деген талабынан бас тартты; Силезия Пруссияның жері деп бекітілді, Пруссия Саксониядан кетті. Отарлардағы шайқастарда күштердің ара салмағы ағылшындардың пайдасына шешілді. Париж бітімі 1763 ж. 10 қарашада Англия, Португалия және Франция, Испания арасында жасалды; француздар ағылшындарға Америка (Канада т.б.) мен Үндістандағы отарларының көп бөлігін, Африкада Сенегалды берді; Испания Англияға Флориданы берді. Соғыста ағылшын-прусс коалициясы жеңді. Франция ең көп шығынға ұшырады: отарлық және әскери-теңіз күші біраз әлсіреді, Америкадағы отарлық басымдығы жойылды, өзінің барлығына жуық отарынан айырылды. Ұлыбритания ірі отарлық және теңіз державасына айналды; Пруссия Империяның көлеңкесінен түпкілікті шықты, оны еуропалық ірі державалар тең мемлекет ретінде қабылдады; Габсбургтер монархиясы мен Ресейдің ештеңеге қолы жетпеді; күштер балансы Ұлыбритания мен Пруссияның пайдасына бұзылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет