«Жаңартылған мазмұндағы «Дене шынықтыру» пәнін оқыту әдістемесі» пәні ДӘрістер тезистері



Pdf көрінісі
бет17/24
Дата03.12.2023
өлшемі0,56 Mb.
#133941
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24
 

Дәріс 8.
Дене шынықтыру үдерісінде тұлғаны дамыту 
Ұлы ағартушы Абай дене тәрбиесі мен ақыл-ой тәрбиесі үйлескенде ғана әр 
адам сымбатты болумен қатар, жан-жақты қалыптасқан жан болмақ деген пікірді 
қуаттайды. Мысалы, «Сегіз аяқ» ӛлеңінде бойдағы, денедегі күш - қуатты ойсыз,
ақылсыз іс - әрекетке жібермей, белсенді ӛмір сүре отырып, ӛзіңді дамытатын, 
жетілдіретін іспен ұштастыра білу қажеттігін ескертеді. Әсіресе, «Қара сӛздер» 
адам тәлім-тәрбиесіне бағыт-бағдар беретін, жай ғана бағыт қана емес, ғылыми 
негізге сүйенген, ӛмірлік жағдайлардан алынған философиялық тұжырымдар мен 
түйіндерден тұратын құнды дүние. 
Ұлы Абай дене күшін, дене мәдениетін қалыптастыру, оның ақыл-ой тәрбиесіне 



Ф КазНПУ 0703-03-18 (1). Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым.
тікелей байланысын кӛрсете отырып, «тәрбиелеу керек» деп жай ғана сӛзбен 
емес, оны дұрыс жолға қоюды нақты істермен, жолдармен насихаттау, тәрбиенің 
ӛзегін философиялық, психологиялық арнадан іздеу қажеттілігіне тоқталады. Бұл 
мәселеде Абай оны халықтың рухани мұрасы, асыл қоймасы халықтық тәлім-
тәрбие бесігі – ауыз әдебиетінен, мақал-мәтелдері мен даналықтарынан іздеуді 
меңзейді. Халқымыз: «Азған денеге ауру үйір», «Қайраты мен ақылы сай жігіттің 
жолы болар», «Ақылсыз жігіт күшіне сенер», «Қайраты бар кісінің, берекеті бар 
ісінің, қайраты жоқ кісінің, берекеті жоқ ісінің», «Қайратың барда мал тап», 
«Денсаулығын ойлаған, жан сарайын таза ұстар», «Әлін білмеген әлек», т.б. деп 
дене тәрбиесін тоқсан ауыз сӛздің тобықтай түйінін мақал-мәтелдер арқылы 
береді. 
Ұлы Абайдың жоғарыда айтылған ағартушылық ой-пікірлері дене тәрбиесі 
саласындағы алдыңғы қатарлы теориялармен ұштасып жатыр. Францияда 
Ф.Рабле және М.Монтень дене тәрбиесін ақыл-ой тәрбиесімен бірлікте қарау 
керек дегенді ұсынды. Я.А.Коменский дене тәрбиесін педагогикалық процестің 
негізгі бір бӛлігі деп қарап, ӛзінің «Ұлы дидактика» «Аналар мектебі» сияқты 
еңбектерінде балалардың күн тәртібі, тамағы, тазалығы, ойындары, дене 
шынықтыру жаттығулары мәселелеріне үлкен мән берген. Дене тәрбиесін сәбилік 
шақтан бастауды ұсынған [9].
Баланың дене жағынан қалыптасуы оның интеллектуалдық және моральдық 
жетілуімен, барлық психикалық функцияларының дамуымен тығыз байланысты. 
Мұндайда ӛмір жағдайларының әсері мен тәрбие шешуші рӛл атқарады.
Ӛмірді қорғау мен денсаулықты нығайту, бала организмінің қызметін жетілдіру, 
оның денені дұрыс жетілдірудегі ықпалы, жұмыс қабілетін арттыру дене жағынан 
тәрбиелеудегі ең басты міндеттер болып табылады.
Бұл міндеттердің маңыздылығы мынада: органдар мен жүйелердің тез ӛсуіне 
және дамуына қарамастан, олардың қызметі де жетілмеген, организмнің қорғаныс 
қабілеті нашар қалыптасқан кішкентай балалар сыртқы ортаның қолайсыз 
әсерлеріне тез ұшырайды. Сондықтан сүйек жүйелері мен байланыс буын 
аппаратының дұрыс әрі мерзімімен жетілуіне, бел омыртқаның физиологиялық 
иіндерінің қалыптасуына, табан дӛңестерінің дұрыс жетілуіне ықпал жасау қажет. 
Барлық бұлшық ет топтарын, әсіресе, жиырылмалы бұлшық еттерді қатайту, 
жүрек, қан тамыр жүйесінің жетілуіне, оның әртүрлі және тез ӛзгеріп тұратын 
ауыртпалықтарға бейімделу мүмкіндіктерін арттыру, тыныс алу мускулатурасын 
қатайту, тыныс алудың тереңдігі мен ырғақтылығына, тыныс алуды қозғалыспен 
үйлестіру шеберлігін дамытуға мүмкіндік жасау, нерв жүйелері мен сезім 
органдарының дамуына кӛмектесу қажет.
Басты міндет, балалардың қозғалыстарын жетілдіру, қимылдық дағдыларын 
және дененің икемділік, шапшаңдық, күштілік, тӛзімділіксияқты қасиеттерін 
қалыптастыру болып табылады.
Кіші мектеп жасындағы балаларды дене жағынан тәрбиелеудегі жұмыстың 
мәнді жағы – тұлғаны дұрыс қалыптастыру.
Сонымен қатар балаларға тұрмыста және дене шынықтыру сабақтарында 
қажетті жеке және қоғамдық гигиена дағдыларын дамыту қажет.
Дене тәрбиесі балаларды ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық 
жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат кӛңілді және 
белсенді болуларына ықпал етуі тиіс.
Дене тәрбиесі ақыл-ой тәрбиесімен тығыз байланысты, ӛйткені біздің 
психикамыздың материалдық негізі – ми, жүйке жүйелері. Кӛру, есту, иіс сезу 
сияқты сезім мүшелері –сыртқы тітіркендіргіштерді адамның орталық жүйке 
тармағына ӛткізуші болса, ал ми қабықтары олардың қызметін орталық 
мүшелерге жеткізеді. Балалардың кӛру, есту, иіскеу мүшелерінің дамуын 
қамтамасыз етіп, қабылдау мен түйсінусезімін жетілдіріп, ӛзін қоршаған ортаны 
тануға мүмкіндік тудырады.
Дене тәрбиесі патриоттық, эстетикалық тәрбиемен де байланысты. Ӛйткені дені 


Ф КазНПУ 0703-03-18 (1). Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым.
сау, кӛңілі шат бала әсемдікті де жақсы қабылдап, ӛзі де әсем кӛрінуге 
талпынады. Дене тәрбиесі баланың денсаулығын, ӛмірін сақтап қана қоймай, 
ағзасын шынықтыруға және қимыл қабілетін дамытуға пайдалы деп түсінген жӛн.
Соңғы уақытта жеке тұлғаның дене тәрбиесі үздіксіз білім беру жүйесінде дене 
тәрбиесінің мақсаты түрінде қарастырылып жүр. Бұл мақсат үздіксіз білім беру 
мен жеке тұлғаны қалыптастыру жүйелерінің қазіргі даму талаптарына жауап 
бере алады. Бұдан басқа, жеке тұлға үздіксіз білім беру жүйесінің жекелеген 
бӛліктерінің сабақтастық ұстанымын бейнелейді; сонымен қатарсубъекттің жеке 
ӛмірінің мәдениет сапасын анықтауға бағытталған «болашақ жоспары» туралы 
идея да бар. Айтылған мақсат және міндеттер оқу-тәрбие үдерісінің тиімділік 
талап ӛлшемдерімен нақтыланады.
Жеке тұлғаның дене тәрбиесін қалыптастыру мәселесі зерттеліп, теориялық 
негізінің жасалғанына қарамастан бүгінгі күні ол кӛкейкесті және ашық мәселе 
болып қалуда. Бұл ең алдымен мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси 
және 
рухани 
дамуындағы 
ӛзгерістермен 
байланысты. 
Бұлар 
дене 
мәдениетісаласында диалектикалық қарама-қайшылық тудырады. Сондықтан 
философиялық, педагогикалық және психологиялық ғылымдардың әдіснамалық 
негіздеріне сүйене отырып, мектеп оқушылары үшін жаңартылған білім мазмұны 
жасалды. Бұл жаңартылған білім мазмұны олардың дене мәдениетін 
қалыптастыруға бағытталады және оның кӛмегімен жеке физиологиялық, 
гигиеналық жағынан алдын алу және емдеу қажеттіліктерін жүзеге асырып қана 
қоймай, әлеуметтік белсенді тұлға болуға, жемісті еңбек етуге дайындық 
жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет