Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


Оқу пәнінің 1-сыныптағы базалық білім мазмұны



Pdf көрінісі
бет13/132
Дата02.01.2017
өлшемі3,08 Mb.
#970
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   132

3. Оқу пәнінің 1-сыныптағы базалық білім мазмұны

      14. Курсты оқытуға 1-сыныпта 33 сағат (аптасына 1 сағат) бөлінген.

      15. Өнер туындыларын қабылдау (2 сағат):

      1) бейнелеу өнері ұғымы, өнердің адам өміріндегі рөлі, бейнелеу өнері туындыларын түсіну

және қабылдау процесін ұғыну, Қазақстанның көрнекті суретшілері туралы түсінік, бейнелеу

өнерінің түрлерімен және жанрларымен танысу.

      16. Кескіндеме (8 сағат):

      1) кескіндеме және түс гаммасы туралы ұғым, түстің негізгі сипаттамаларын зерттеу:

негізгі, қосымша, құрамдас;

      2) жылы және суық түстер, түстік реңк, түс теориясы, көкжиек сызығы, бір түсті акварель

(гризайль);

      3) «Күз сыйы», «Қысқы ойындар, «Хайуанаттар бағында», «Астана - болашақтың қаласы» атты

тақырыптарға сурет салу;

      4) кескіндеу материалдары: акварель және гуашь, палитра, қылқаламмен жұмыс;

      5) жазықтық пен кеңістіктегі композицияның қарапайым тәсілдері, әртүрлі тақырыптарға

композициялар салу (натюрморт, пейзаж және т.б.); 

      6) соғысқа дейінгі жылдардағы қазақстандық суретші-кескіндемешілердің туындыларымен

танысу.


      17. Графика (6 сағат):

      1) графика туралы ұғым, суретші-графиктің материалдары, сурет салу материалдары және

техникасы: қарындаш, қалам, фломастер, көмір, пастель, борлар және т.б.;

      2) сызықтардың көп түрлілігі (жіңішке, жуан, тік, толқынды, байсалды, үшкір, спираль

түрінде оралған) және олардың белгілік сипаты, сызық, штрих, дақ және көркем бейне, қарындашпен

жұмыс істеу тәсілдері, көкжиек сызығы;

      3) ағаштарды, құстарды, аңдарды бейнелеу: ортақ және өзіндік сипаттары;

      4) «Жаңбырлы күн», «Аққала», «Натюрморт», «Пейзаж» атты тақырыптарға сурет салу;

      5) суретші-графиктер В.Антощенко-Оленевтің, Е.Сидоркиннің, С.Романовтың, М.Қисамединовтың

және т.б. туындыларымен танысу.

      18. Мүсін (4 сағат):

      1) мүсін туралы ұғым, суретші-мүсіншінің материалдары;

      2) көркемдік материалдары: ермексаз, сазбалшық;

      3) мүсін өнерінің басқа бейнелеу өнері түрлерінен айырмашылығы, «көлемді пішіндер» ұғымы;

      4) мүсін түрлері, мүсін жасау құралдары мен материалдары, әртүрлі материалдармен

(ермексаз, сазбалшық) жұмыс істеу ережелері мен тәсілдері, бедермен және жұмырлы мүсінмен (ұсақ

пластикамен) танысу, геометриялық пішіндер жасау;

      5) суретші-мүсіншілер Н.Журавлевтің, Е.Мергеновтың, Х.Наурызбаевтың, М.Әйнековтың,

Т.Досмағамбетовтың және т.б. туындыларымен танысу.

      19. Көркемдік құрастыру, дизайн және сәулет (8 сағат): 

      1) көркемдік құрастыруды, дизайн мен сәулет түрлерін айыра білу және сипаттай білу;


      2) көркемдік құрастыру, дизайн және сәулет нысанасын жобалауда көркемдік мәнерлеу

құралдары ретінде сызықты, ырғақты, нұсқаны, түсті, пішінді қолдану;

      3) мәнерлі бейне жасау үшін әртүрлі материалдармен жұмыс істеудің қарапайым тәсілдері

(көлемді жинақтау, пішін құрастыру; қағаз және картонды - бүктеу, кесу, жұмсарту).

      20. Сәндік-қолданбалы өнер (5 сағат):

      1) халық өнерінің және сәндік-қолданбалы өнердің даму тарихы;

      2) пішіндердің, орындау материалдарының, техникасының, түстік өзгешелігінің алуан

түрлілігі;

      3) халық қолданбалы өнерінің ұлттық ерекшеліктері, сәндік композиция жасау заңдары,

ою-өрнекті нақыштар бойынша пішіндік-түстік композициялар, қарапайым безендіру, жапсыру,

сәндік-қолданбалы өнер үлгілерімен танысу, сәндік композиция;

      4) табиғат пен заттай әлемнің нақыштары;

      5) композициялық орталық, реңк, сәндік пейзаж, халық мәдениетіндегі және сәндік-қолданбалы

өнердегі ертегілік бейнелер;

      6) Қазақстанның және әртүрлі елдердегі халық шеберлері мен сәндік-қолданбалы өнер

суретшілерінің туындыларымен танысу.



4. Оқу пәнінің 2-сыныптағы базалық білім мазмұны

      21. Курсты оқытуға 2-сыныпта 34 сағат (аптасына 1 сағат) бөлінген.

      22. Өнер туындыларын қабылдау (2 сағат):

      1) сурет, кескіндеме, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер, көркемдік құрастыру, дизайн және

сәулет өнері туралы түсінік;

      2) бейнелеу өнері туындыларын түсіну және қабылдау процесін ұғыну, Қазақстанның және

әлемнің көрнекті суретшілері туралы түсінік, бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары,

Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы.

      23. Кескіндеме (8 сағат):

      1) кескіндеменің көркемдік материалдары (акварель, гуашь, акрил), негізгі және қосымша

түстер, түрлі-түсті бояуларды өз бетінше араластыру;

      2) кескіндеу құралдарымен бейнеленген табиғаттың, адамның, ғимараттардың, заттардың

әсемдігі мен алуан түрлілігі;

      3) кескіндеме мен суреттегі композицияның эмоциялық дыбысталуындағы ырғақтың рөлі,

жазықтық пен кеңістіктегі композицияның қарапайым тәсілдері;

      4) композиция құрудағы көлденең, тігінен және диагональ ұғымы;

      5) пропорциялар және перспектива;

      6) көкжиек сызығы, жақын – алыс, үлкен – кіші, алдын бөгеу ұғымы;

      7) қарама-қарсылықтың композициядағы рөлі: төмен және биік, үлкен және кіші, жұқа және

қалың, қара және ақ, байыпты және қарқынды және т.б.;

      8) композициялық орталық (композицияның көру орталығы), композициядағы басты және екінші

дәрежелі, симметрия және асимметрия;

      9) «Күзгі нақыштар», «Қар бүршіктері», «Менің ең жақсы досым», «Астана – Еуразия жүрегі»

атты тақырыптарға сурет салу;

      10) кескіндеу материалдары: акварель және гуашь, палитра;

      11) әртүрлі тақырыптарға композициялар салу (натюрморт, пейзаж, портрет және т.б.); 

      12) соғыстан кейінгі жылдардағы қазақстандық суретші-кескіндемешілердің туындыларымен

танысу.


      24. Графика (6 сағат): 

      1) сурет салу материалдары мен техникасы: қарындаш, қалам, фломастер, борлар және т.б.;

      2) әртүрлі графикалық материалдармен жұмыс істеу тәсілдері, суреттің өнердегі рөлі:

негізгі және қосалқы;

      3) сызық, штрих, дақ және көркем бейне;

      4) сызықтың көмегімен табиғаттың, адамның, жануардың эмоциялық жай-күйін көрсету;

      5) көкжиек сызығы, қозғалыс, композициялық орталық, сызықты сурет, заттай әлемдегі


пішіндердің алуан түрлілігі және оларды жазықтық пен кеңістікте көрсету, пішіндердің ұқсастығы

мен қарама-қарсылығы, қарапайым геометриялық пішіндер, табиғи пішіндер, зат пішінінің оның

сипаты туралы түсінігіне әсері, нұсқа;

      6) құстарды, аңдарды қозғалыста бейнелеу: ортақ және өзіндік сипаттары;

      7) «Әрқашан күн сөнбесін», «Қысқы таңсәрі», «Көктемгі гүлдер», «Ертегі елі» атты

тақырыптарға сурет салу;

      8) суретші-графиктер В. Антощенко-Оленевтің, Е. Сидоркиннің, С. Романовтың, М.

Кисамединовтың және т.б. туындыларымен танысу.

      25. Мүсін (6 сағат):

      1) бедермен және жұмырлы мүсінмен (ұсақ пластикамен) танысу, ермексаз;

      2) бедер, плинт, натюрморт жанры, «Екі заттан құралған натюрморт» бедерлі композициясын

орындау;


      3) жұмыр мүсін (ұсақ пластика), жануарлар мүсінін жасау, сазбалшық;

      4) іші қуыс ұсақ пластика жасау техникасы – ширатылған немесе балшықты тілімдерді салу,

стильдеу, пішін үйлесімдігі;

      5) Қазақстанның және басқа халықтардың суретші-мүсіншілерінің туындыларымен танысу.

      26. Көркемдік құрастыру, дизайн және сәулет (6 сағат):

      1) көркемдік құрастыру, дизайн мен сәулет өнерімен танысу;

      2) бұрынғы өткен ата-бабалардың және қазіргі заман шеберлері жасаған заттардың тілін

түсіну, көркемдік құрастыру және модельдеуге арналған алуан түрлі материалдар (ермексаз, қағаз,

картон және т.б.);

      3) қағаз пластикасы, оригами өнерін қолдану;

      4) пішіндерді, тереңдік кеңістіктерін, қазақтың киіз үйі мен сәулет элементтерін

құрастыру.

      27. Сәндік-қолданбалы өнер (6 сағат): 

      1) Қазақстан халқының ою-өрнектер ерекшеліктері, адамның күнделікті өмірінің айнымас

қатысушысы ретіндегі ою-өрнек, ою-өрнекті композицияның мәнерлеу құралдары (ырғақ, симметрия,

фактура);

      2) ою-өрнектердің түрлері, шеңбердегі қазақ ою-өрнегі, қазақтардың және басқа халықтардың

салт-дәстүрлері және киім ерекшеліктерімен танысу, композициялық орталық, тұтастық заңы;

      3) адамдар арасындағы мейірімді, достық қарым-қатынастарды ашатын композициялар жасау

(«Халықтар достастығы», «Суретші-модельерде қонақта» және т.б. тақырыптар);

      4) сәндік пейзаж («Дала» тақырыбы, қазақ ертегілеріне суреттер салу және т.б.), композиция

орталығы, түстік үйлесім, ырғақтың сәндік-қолданбалы өнердегі ерекше рөлі, қазақтың ұлттық

көркем мәдениеті және оның басқа халықтардың мәдениетімен байланысы туралы түсінік негіздері,

ізденіс және шығармашылық сипаттағы тапсырмалар;

      5) Қазақстанның және әртүрлі елдердегі халық шеберлері мен сәндік-қолданбалы өнер

суретшілерінің туындыларымен танысу.



5. Оқу пәнінің 3-сыныптағы базалық білім мазмұны

      28. Курсты оқытуға 3-сыныпта 34 сағат (аптасына 1 сағат) бөлінген.

      29. Өнер туындыларын қабылдау (2 сағат):

      1) өнер туындысын қысқаша талдау, бағалау тұжырымдары;

      2) оқушының назарын, оның ойының жұмыс істеуін, оның эмоциялық және эстетикалық

қайырымдылығын белсендіретін өнертану әңгімелерін немесе сұхбаттарын мақсатты, жүйелі түрде

пайдалану, шығармашылық қиялын дамыту;

      3) табиғаттың, өсімдіктердің, жануарлардың, заттардың, сыртқы келбеттің жай-күйін

сипаттау, өнер туындыларын талқылау;

      4) графика, кескіндеме, композиция және безендіру бойынша жаттығуларды орындау кезінде

эмоционалдық деңгейін дамыту;

      5) көріп есте сақтау және бақылау қабілетін дамыту, өз ойларын түсіндіре білу;

      6) тарих, археология, монументалды өнер және сәулет ескерткіштері.


      30. Кескіндеме (8 сағат):

      1) түстік шеңбер, қарама-қарсылық (қарама-қарсы түстер), реңк, эмоциялық бейнелеу мен

бейненің мәнерлілігіндегі ақ және қара бояулардың рөлі, түстің эмоциялық мүмкіндіктері;

      2) түстің көмегімен кейіпкердің мінез-құлқын, оның эмоциялық жай-күйін көрсету;

      3) түс – кескіндеу тілінің негізі, түстердің ашық және қою реңктері, түс пен көлеңке,

қоңыр түске түскен ақ дақ, рефлекс;

      4) кескіндемедегі табиғат пен адам бейнелері, пастозды кескіндеме, композициялық орталық,

қозғалыс;

      5) «Дастарқан», «Ақ қайыңдар», «Биші қыз», «Қазақстандағы көрікті жерлер» атты

тақырыптарға сурет салу;

      6) кескіндеу материалдары: акварель және гуашь, палитра;

      7) әртүрлі тақырыптарға композициялар салу (натюрморт, пейзаж, портрет және т.б.);

      8) 20 ғасырдың 50-70 жылдарындағы қазақстандық суретші-кескіндемешілердің туындыларымен

танысу.


      31. Графика (6 сағат):

      1) сурет салу материалдары және техникасы: қарындаш, қалам, фломастер, борлар және т.б.;

      2) сызық, штрих, дақ және көркем бейне;

      3) заттай әлем пішіндерінің алуан түрлілігі және оларды жазықтық пен кеңістікте бейнелеп

көрсету, пішіндердің ұқсастығы мен қарама-қарсылығы, пішіндердің өзгеруі, зат пішінінің оның

сипаты туралы түсінігіне әсері;

      4) әртүрлі графикалық материалдармен жұмыс істеу тәсілдері;

      5) суреттің өнердегі рөлі: негізгі және қосалқы;

      6) сурет құралдарымен бейнеленген табиғаттың, адамның, ғимараттардың, заттардың әсемдігі

мен алуан түрлілігі;

      7) ағаштарды, құстарды, аңдарды бейнелеу: ортақ және өзіндік сипаттары;

      8) суреттегі композицияның эмоциялық дыбысталуындағы ырғақтың рөлі, миниатюра, тақырыптық

графика;

      9) «Көктем мерекесі», «Суретші және цирк», «Теңіз жағалауында», «Сүйікті ертегі» атты

тақырыптарға сурет салу;

      10) суретші-графиктер В. Антощенко-Оленевтің, Е. Сидоркиннің, С. Романовтың, М.

Кисамединовтың және т.б. туындыларымен танысу.

      32. Мүсін (6 сағат):

      1) мүсін түрлері, геометриялық денелер, адам мүсінін қарапайым бейнелеу, ермексаз, бедер,

плинт;


      2) ұлттық символиканы бейнелеу;

      3) жұмыр мүсін (ұсақ пластика), «Адам және аң» атты екі мүсінді композиция жасау,

сазбалшық, плакетка, композиция эскизі, бедер, «Су асты әлемінің таңғажайыптары» атты тақырыпқа

бедерлі композиция жасау;

      3) суретші-мүсіншілер Н. Журавлевтің, Е. Мергеновтың, Х. Наурызбаевтың, М. Әйнековтың, Т.

Досмағамбетовтың және т.б. туындыларымен танысу.

      33. Көркемдік құрастыру, дизайн және сәулет (6 сағат):

      1) Қазақстанның сәулет ескерткіштерін қабылдау;

      2) дизайн, көркемдік құрастыру және сәулет нысандарының пайдалы бағыттылығы: «жайлылық»,

«пайда» (психологиялық жайлылық қалыптастыру, адамның көңіл-күйіне әсер ету қабілеті).

      34. Сәндік-қолданбалы өнер (6 сағат): 

      1) қазақ халқының қолданбалы өнері, қазақ ұлттық ою-өрнек түрлері;

      2) сәндік костюм, киім бөліктері;

      3) ою-өрнектердегі туған табиғат нақыштары (геометриялық, өсімдік, зооморфты), пішінді

өзгерту, ою-өрнек элементтері мен нақыштары, стильдеу, ою-өрнек композициясы, тікбұрышты

пішіндегі ою-өрнек, шеңбердегі (дискідегі) ою-өрнек, ою-өрнек, оның қолданылуы, тікбұрышты

пішіндегі қазақ ою-өрнегінің эскизін жасау;

      4) сәндік натюрморт, жинақтау, шама, орналасқан жері, түс, натюрморттағы композициялық

орталық, реңк;

      5) сәндік пейзаж, табиғи пішіндерді сәндік пішіндерге өзгерту, бақылаулар және қиял,



ырғақ, композиция орталығы, пішін мен түстің үйлесімдігі, жапсыру, коллаж, пішіннің өзгеруі,

нақыш, композициялық орталық;

      6) композицияларды ертегілік, ғажайып сюжеттер етіп жасау;

      7) Қазақстанның және әртүрлі елдердің халық шеберлері мен сәндік-қолданбалы өнер

суретшілерінің туындыларымен танысу.

6. Оқу пәнінің 4-сыныптағы базалық білім мазмұны

      35. Курсты оқытуға 4-сыныпта 34 сағат (аптасына 1 сағат) бөлінген.

      36. Өнер туындыларын қабылдау (2 сағат):

      1) мектепте өнерге ықпалдастырып оқыту;

      2) қазіргі заманның әлеуметтік, мәдени, тілдік, рухани көптүрлілігін ескеретін, тұтас

дүниетаным қалыптастыру;

      3) бейнелеу өнері арқылы өзін, өзінің ішкі жан дүниесін көрсете білу;

      4) мәдени құндылықтар: адамгершілік және эстетикалық мұраттар, мінез-құлық нормалары мен

үлгілері.

      37. Кескіндеме (10 сағат):

      1) түс – кескіндеу тілінің негізі;

      2) кескіндеу құралдарымен бейнеленген табиғаттың, адамның, ғимараттардың, заттардың

әсемдігі мен алуан түрлілігі;

      3) алға қойылған міндеттерге сәйкес кескіндік бейне жасау үшін көркемдік мәнерлеу

құралдарын таңдау, кескіндемедегі табиғат пен адам бейнелері, композициялық орталық

(композицияның көру орталығы);

      4) түстің эмоциялық мүмкіндіктері, түстердің араласуы, түстің көмегімен кейіпкердің

мінез-құлқын, оның эмоциялық жай-күйін көрсету;

      5) пастозды кескіндеме, композициялық орталық, қозғалыс;

      6) «Достық пойызы», «Серуен», «Менің аулам», «Наурыз», «Астана – бейбітшілік пен бақыт

қаласы» атты тақырыптарға сурет салу;

      7) кескіндеу материалдары: акварель және гуашь, палитра;

      8) әртүрлі тақырыптарға композициялар салу (натюрморт, пейзаж, портрет және т.б.);

      9) 20 ғасырдың 70-80-жылдарындағы қазақстандық суретші-кескіндемешілердің туындыларымен

танысу.

      38. Графика (6 сағат):



      1) әртүрлі графикалық материалдармен жұмыс істеу тәсілдері;

      2) суреттің өнердегі рөлі: негізгі және қосалқы; 

      3) сурет құралдарымен бейнеленген табиғаттың, адамның, ғимараттардың, заттардың әсемдігі

мен алуан түрлілігі;

      4) ағаштарды, құстарды, аңдарды бейнелеу: ортақ және өзіндік сипаттары;

      5) сурет салу материалдары және техникасы: қарындаш, қалам, фломастер, көмір, пастель,

борлар және т.б.;

      6) тақырыптық графика, «Менің жазым», «Бізге тағы да күз келді», «Теңіздегі дауыл»,

«Сүйікті ертегі» атты тақырыптарға сурет салу;

      7) суретші-графиктер В. Антощенко-Оленевтің, Е. Сидоркиннің, С. Романовтың, М.

Қисамединовтың және т.б. туындыларымен танысу.

      39. Мүсін (6 сағат):

      1) көлем – мүсіндеу тілінің негізі, мүсіннің негізгі тақырыптары, жұмыр мүсін (ұсақ

пластика, пластика, композицияның тұтастығы, типтендіру);

      2) халық ертегілерінің сарынымен екі, үш тұлғалы композициялар жасау;

      3) мәнерлі бейне жасау үшін пластикалық мүсіндеу материалдарымен жұмыс істеудің қарапайым

тәсілдері (ермексаз, сазбалшық – илеу, көлемін жинастыру, пішінді созу және құрастыру);

      4) суретші-мүсіншілер Н. Журавлевтің, Е. Мергеновтың, Х. Наурызбаевтың, М. Әйнековтың, Т.

Досмағамбетовтың және т.б. туындыларымен танысу.

      40. Көркемдік құрастыру, дизайн және сәулет (6 сағат):



      1) жаттығулар мен тапсырмалар жүйесі арқылы көркемдік құрастырудың өзгешелігін ашу, соның

негізінде пішін мен материалдармен тәжірибе жасау, түс тану және композиция элементтерімен

танысу;

      2) функция мен пішін тұтастығы, пішін жасаудың жалпы заңдылықтары негізінде заттай орта



бұйымдарын модельдеу.

      41. Сәндік-қолданбалы өнер (4 сағат):

      1) Қазақстанның (тұскиіз, қапшағай күйіктасы және қазіргі заманғы басқа да қолөнерлер),

Ресейдің дәстүрлі қолданбалы өнері және басқа республикалардың қолөнерлері;

      2) Қазақстанның халық қолөнері шеберлері;

      3) жиһаз, музыкалық аспаптар, киім, аяқ киім және тұрмыста қажетті басқа заттар;

      4) қолөнерді дамыту және Қазақстанның халық көркем өнерін қайта жаңғырту;

      5) икебана, коллаж;

      6) әлемдік өнердегі негізгі ою-өрнек нақыштары, адам және табиғат, әлем халықтарының

өнеріндегі су, от, жер, ауа символдарының туындау тұтастығы мен жалпы сипаттары;

      7) символдарды пайдаланумен шығармашылық ою-өрнекті композиция орындау, сурет композициясы

мен мәтін мазмұнындағы өзара байланыс;

      8) Қазақстанның және әртүрлі елдердің халық шеберлерінің және сәндік-қолданбалы өнер

суретшілерінің туындыларымен танысу.



7. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      42. Оқушылардың дайындық деңгейі пәндік, тұлғалық, жүйелік-әрекеттік нәтижелерімен

бағаланады.

      43. Пәндік нәтижелері екі аспектімен айқындалған: білуі тиіс және меңгеруі тиіс.

      44. 1-сыныптың оқушылары:

      1) бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын;

      2) табиғи және жасанды жолмен алынған бояулардың атаулары, күн спектрінің негізгі түстері,

басты түстерден құрамдас түстер алу тәсілін;

      3) көркемдік материалдардың түрлері (табиғи, қағаз, жұқа картон, мата, желім), олардың

қасиеттері мен атауларын;

      4) бүктеу, кесу және жұмсарту тәсілдерін;

      5) желімнің көмегімен біріктіру тәсілдерін;

      6) қарапайым сәндеу түрлерін: бояу, жапсыру;

      7) оқушылардың өз қызметінде пайдаланатын материалдардың (бейнелеу және графикалық)

ерекшеліктерін және олардың бейне жасаудағы мүмкіндіктерін, бейнелеу қызметінің құрауыштарын:

сызық, бояу, дақ, түс, симметрия, сурет, кесте, ою-өрнек; жазық және көлемді бейне, бедер;

      8) Қазақстан және әлемнің атақты суретшілерін білуі тиіс.

      45. 1-сыныптың оқушылары:

      1) мынадай өнер түрлерінде бастапқы көркемдік жұмыс дағдыларын меңгеруі: кескіндеме,

графика, мүсін, дизайн, сәулет бастамалары, сәндік-қолданбалы және халық өнерінің түрлері;

      2) көлденең, тігінен, қиғаш, доға тәрізді, толқынды сызықтар орындауы;

      3) көркемдік материалдардың мәнерлеу мүмкіндіктерін: гуашь, акварель, пастель және борлар,

қарындаш, ермексаз, құрастыруға арналған қағаз;

      4) көркем-шығармашылық жұмыстарын орындау процесінде көркемдік дағдыларын, білімдері мен

түсініктерін қолдануын;

      5) табиғат пен ертегілік бейнелер нақыштарын пайдалана отырып сәндік композицияларды

орындауын;

      6) суретте, кескіндемеде, мүсін және көркемдік құрастыруда қарапайым практикалық

шеберліктер мен дағдыларды меңгеруі тиіс.

      46. 2-сыныптың оқушылары:

      1) табиғи және жасанды жолмен алынған бояулардың атауларын, күн спектрінің негізгі

түстерін, басты түстерден құрамдас түстер алу тәсілін;

      2) Қазақстан және әлемнің атақты суретшілерін;


      3) құрастыру, дизайн және сәулет нысанын жобалаудың көркем мәнерлілік құралдарын;

      4) көркемдік іс-әрекет түрлерін: жазықтықта және көлемде бейнелеу; жазықтықта, көлемде

және кеңістікте құру немесе көркемдік құрастыру; әртүрлі көркемдеу материалдарын пайдаланумен

безендіру немесе сәндік көркемдік қызмет;

      5) қазақ ұлттық мәдениетінің кейбір ерекшеліктерін (дәстүрлі сәулет өнері, киім, сәндік

өнер, мейрамдар және т.б.) білуі тиіс.

      47. 2-сыныптың оқушылары:

      1) эмоциялық жай-күйін, шығармашылық көркемдік іс-әрекетке жеке көзқарасын білдіруді;

      2) көркемдік терминдер мен ұғымдарды белсенді қолдануды;

      3) құрамдас түстерді алу үшін басты түстерді араластыру, сызықтық перспективасын сақтай

отырып графикалық бейнелерді жасауды;

      4) өз бетінше шығармашылық іс-әрекетпен айналысу дағдыларын;

      5) заттай әлемді, өсімдіктер мен жануарларды бейнелеудің бастапқы дағдыларын, кеңістікті

жазықтықта бейнелеудің және кеңістіктегі құрылымдарды бейнелеудің бастапқы дағдыларын, адамның

жазықтықта бейнеленуі туралы алғашқы түсініктерді меңгеруі тиіс.

      48. 3-сыныптың оқушылары:

      1) бейнелеу өнерінің негізгі түрлері мен жанрларын;

      2) 20 ғасырдың 50-70 жылдарындағы қазақстандық өнердің көрнекті өкілдерінің аттарын;

      3) монументалды өнер мен сәулет ескерткіштерінің, тарих ескерткіштерінің атауларын;

      4) бейнелеу, сәндік-қолданбалы өнер, сәулет және дизайн туындыларының айырмашылықтарын

және осы өнер түрлерінің адам мен қоғам өміріндегі рөлі туралы білуі тиіс.

      49. 3-сыныптың оқушылары:

      1) шығармашылық қызметте көркемдеу материалдарын қолдануды (гуашь, акварель, борлар,

қарындаштар, ермексаз, құрастыруға арналған қағаз);

      2) көркем бейне жасауда белгілі көркемдік мәнерлеу құралдарын пайдалануды (ырғақ, фактура,

реңк, бөліктердің арақатынасы, композиция, жарық көлеңкесі);

      3) негізгі және құрамдас, жылы және суық түстерді ажыратуды;

      4) бейнелеу, сәндік-қолданбалы өнер, сәулет, дизайн туындыларын қарастыру және оларға

қатысты эмоциялық көзқарасын білдіру және олардың осы көркем шығармашылық түрлеріне қатыстылығын

айқындауды;

      5) Қазақстанның көрнекті суретшілерінің жекелеген туындыларын тануды;

      6) өз бетінше шығармашылық қызметпен айналысуда: суретте және кескіндемеде (натурадан,

есте сақтау арқылы, елестету арқылы салу), әдебиет және музыка туындыларына салынған суреттерде

көркемдік мәнерлеу құралдарын пайдалануды;

      7) заттардың пропорциясы, қарапайым перспектива заңдары, заттардың конструкциясы мен адам

құрылымы туралы алғашқы түсініктер және оларды пайдалануды меңгеруі тиіс.

      50. 4-сыныптың оқушылары:

      1) бейнелеу өнерінің негізгі түрлері мен жанрларын;

      2) мемлекеттік символиканы, туған өлкенің белгілі тарих және мәдениет көркем-тарихи

ескерткіштерін;

      3) қазақстандық және шетелдік өнердің көрнекті өкілдерін және олардың негізгі туындыларын,

Қазақстанның ұлы сәулет ескерткіштерін;

      4) бейнелеу сауатының негіздерін (түс, рең, пропорция, композиция);

      5) кескіндеме түрлерін: қондырғы, монументальды, сәндік, миниатюра;

      6) мүсін түрлерін: бедер, бюст, мүсін, ескерткіш;

      7) сәулет құрылыстарының түрлерін: ежелгі сәулет, қазіргі амандағы сәулет, тұрғын

ғимараттар, кесене, мешіт, мұнара;

      8) көркемдік қолөнер түрлерін: зергерлік өнер, ағашқа ойып жазу, күйіктас, кілем тоқу;

      9) еліміздегі және әлемдегі көркем мұражайлар атауларын білуі тиіс.

      51. 4-сыныптың оқушылары:

      1) негізгі және құрамдас, жылы және суық түстерді ажыратуды;

      2) шығармашылық қызметте көркемдеу материалдарын қолдануды (гуашь, акварель);

      3) туындының тақырыбын, негізгі ойын анықтауды;

      4) көркем туындылардың жанрларын ажыратуды;



      5) берілген немесе еркін тақырыпқа эскиз жасау, бейненің логикалық бірізділігін байқауды;

      6) көркем шығармалардың композициялық орталығын, сюжетін анықтауды;

      7) көркем шығармалардағы кейіпкерлердің қылықтары уәждемесін түсіндіру, туынды

кейіпкерлерінің іс-әрекеттеріне қатысты жеке көзқарасын білдіру, олардың іс-әрекеттері мен

қылықтарын шынайы өмірдегі жайттармен салыстырып көрсетуді;

      8) шығарманы орындаудың техникалық тәсілдерін түсіндіруді;

      9) суреттер мен композицияларда берілген көркем шығармалардың белгілі сюжеттері туралы

толғануды;

      10) қазіргі заманғы техникамен заттар жасауды: қағаз пластикасы, икебана, коллаж, граттаж,

дизайн стиліндегі нақыш;

      11) Қазақстанның көрнекті суретшілерінің жекелеген туындыларын тануды;

      12) адамның даналығы мен бай рухани өмірінің сұлулығын, адамның ішкі жан дүниесінің

сұлулығын бейнелейтін өнер туындыларынан мысалдар келтіруді;

      13) өнер туындыларын бағалау, көрмеге, мұражайға және т.б. барған кезде өз пікірін

білдіруді меңгеруі тиіс.

      52. Тұлғалық нәтижелер, оқушылар:

      1) Қазақстанның, өз қаласының мәдениеті мен өнері үшін мақтаныш сезімін;

      2) әлемге оның табиғатпен, халықтармен, мәдениеттермен табиғи тұтастығы мен алуан

түрлілігінде әлеуметтік бағдарланған көзқарасын;

      3) басқа халықтардың тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарауын;

      4) эстетикалық қажеттіліктерін, құндылықтары мен сезімдерін;

      5) этикалық сезімдерін, эмоциялық-адамгершілік қайырымдылығын көрсете білуі тиіс.

      53. Жүйелік-әрекеттік нәтижелер, оқушылар:

      1) оқу және көркем-шығармашылық тапсырмаларды шешудің аса тиімді тәсілдерін саналы түрде

таңдау шеберлігін;

      2) шығармашылық жұмыс және басқа да тәжірибелік іс-әрекет түрлерін орындау кезінде алынған

білімдерін;

      3) жеке және топпен жұмыс істеу, әртүрлі көзқарастар мен мүдделерді ескере отырып ортақ

шешім табу және дауларды шешу шеберлігін;

      4) қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануы тиіс.

Қазақстан Республикасы     

Білім және ғылым министрінің 

2013 жылғы 3 сәуірдегі    

№ 115 бұйрығына       

11-қосымша         



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет