5. Оқу пәнінің 4-сыныптағы базалық білім мазмұны
45. «Ұлы ұстаздар көші» – 9 сағат:
1) күй дәстүрінің шежірешісі – Қали Жантілеуов;
2) ән өнерін паш еткен – Манарбек Ержанов;
3) әншілік өнердің хас шебері – Жүсіпбек Елебеков;
4) қара қобызды сарнатқан – Жаппас Қаламбаев;
5) әнін көкке қалықтатқан – Ғарифолла Құрманғалиев;
6) күй аңызын ардақтай жеткізген – Дәулет Мықтыбаев;
7) ұстазды ұлы тұтқан күйші – Төлеген Момбеков.
46. «Еуропа музыкасының шыңы симфониялық оркестр» – 7 сағат:
1) симфониялық оркестр қалай пайда болды;
2) симфониялық оркестрдегі ішекті-ыспалы аспаптар;
3) оркестрдегі үрмелі ағаш аспаптар;
4) жезді аспаптар қашан пайда болды;
5) ұрмалы аспаптар тобы;
6) арфа аспабы қайдан келді;
7) оркестрге үн берген аспап.
47. «Еуропа опералық театрларына саяхат» – 10 сағат:
1) опералық театр тарихы;
2) еуропаның атақты опера театры – Ла-скала;
3) әлемге әйгілі Метрополитен-опера театры;
4) орыстың Үлкен театры;
5) әйгілі Вена опералық театры;
6) Сидней опералық театры;
7) неміс опера театры.
48. «Қазақстан халықтарының музыкалық өнері» – 8 сағат:
1) орыс халық музыкасы;
2) қырғыз халқының музыкалық өнері;
3) өзбектің әндері мен билері;
4) ұйғыр халқының музыкалық мұрасы;
5) корей халық театры;
6) украин халқының әйгілі гопагі;
7) грузин халық биі лезгинка;
8) неміс маршы;
9) татар халқының сұлу сазды әндері.
49. Ән орындау кезінде:
1) ән айтудың түрлері – сұлулап әрі мәнерлеп жеке орындау;
2) өз бетімен және дирижердің нұсқауымен орындау;
3) әнді және оның орындалуын талдай білу, ән айту ережелерін сақтау.
50. Орындауға ұсынылатын репертуар: Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев «Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік әнұраны», Абай «Желсіз түнде жарық ай», Базар жырау «Терме»,
К.Дүйсекеев, Ш.Сариев «Ана тілін сүйеміз», К.Дүйсекеев, Ш.Сариев «Солдат болам мен ертең», Жаяу
Мұса «Ақсиса», Халық әні «Құралай», А.Жұбанов, Н. Баймұхамедов «Ақ көгершін», И.Ильясов,
Ж.Боранбаев «Қазақы дастарханым», Қазанғап «Шынаяқ тастар», С.Мұхамеджанов, Г.Жұмабаев
«Қазақстан», И.Нүсіпбаев, Е.Елубаев «Достық», Б.Оралұлы, А.Асылбек «Астана».
51. Аспапта орындау кезінде:
1) домбыра, ұрмалы және тағы басқа даңғыра аспаптарда ойнай білу;
2) басқа да ұрмалы аспаптардың сүйемелдеуімен әндер мен музыкалық шығармаларды мәнерлеп
орындай білу.
52. Музыка тыңдау:
1) образ жасаудағы музыкалық мәнерліктің маңызын түсіну;
2) халықтық және кәсіби жанрлардың ерекшелігін білу, хор және оркестр түрлерін тыңдау
арқылы айыра білу;
3) музыкалық аспаптардың тембрлік ерекшеліктерін білу, музыканы тыңдау арқылы әрбір ұлтқа
тән ерекшелігін айыра білу;
4) музыканы өмірдің тыныс тіршілігі яғни құбылыстармен салыстыра білу.
53. Тыңдауға ұсынылатын репертуар: Естай «Қорлан», Мәди «Қарқаралы», Ықылас «Жез киік»,
Мұхит «Үлкен айдай», Ықылас «Шыңырау», Сүгір «Бес жорға», Л.В.Бетховен «3-симфония» үзінді,
Н.Паганини «24 каприс», Сен-Санс «Аққу», М.Равель «Балеро», А.Хачатурян «Гаянэ» балетінен
қылышпен би, Ф.Шопен «Прелюдия», итальян халық әні «Күнім менің», Ж.Бизе «Кармен» операсынан
Кармен ариясы, П.Чайковский «Евгений Онегин» операсынан Ленскийдің ариясы, орыстың халық әні
«Светит месяц», қырғыз халық күйі «Ақ тамақ – көк тамақ», өзбек халық әні «Ялла», ұйғыр халық
әні «Аппақ-аппақ тошканларым», корей халық әні «Мунген тауы», украин халық биі «Гопак», грузин
халық биі «Лезгинка», неміс «Маршы», татар халық әні «Су бойлары».
54. Музыкалық сауаттылық, жалпы түсінік: дыбыс, оның сипаты – жоғары, орта, төмен;
созылмалы-қысқа, қатты-жай; музыкалық мәнерлілік – әуен, ырғақ, регистр, екпін, динамика, тембр,
лад; композитор – орындаушы – тыңдаушы; халық композиторлары – күйші, сал, сері; халықтық және
кәсіби (композиторлық) музыка; орындаушылар – домбырашы, қобызшы, пианист, скрипкашы, флейташы,
әнші, әртіс; музыканың негізгі түрлері – вокалды, аспапты, жеке орындау, хор, оркестр; халық
билері – лезгинка, гопак, сиртаки, бульба, мавриги, лендлер, мазурка, полька; кәсіби
(композиторлық) музыка – әндер, аспаптық пьесалар, прелюдия, сюита, поэма, симфония, балет,
опера; оркестрлер – симфониялық оркестр, оркестрлік топтардың құрамы; музыкалық аспаптар –
скрипка, альт, виолончель; флейта, кларнет, гобой, фагот, труба, туба; барабан, литавра.
55. Шығармашылық тапсырмалар, барлық ішкі сезім, көңілкүйімен шығармаларды сезіну және
музыка жайлы өзінің ойын әңгіме, сурет немесе қимылмен көрсете білу, теледидардан көрген,
радиодан естіген музыкалық хабарлар жайлы өз ойын айта білу, музыкалық ертегілерден сахналық
қойылымдар жасау, мектепте және басқа да музыкалық мерекелер мен фестивальдарға қатысу.
6. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
56. Оқушылардың дайындығы пәндік, тұлғалық, жүйелі-әрекеттік нәтижелеріне қарай
бағаланады.
57. Пәндік нәтижелері екі аспектен қарастырылады: білу керек және орындай алу керек.
58. «Музыка» 1-сыныпты аяқтаған кезде оқушылар білу керек:
1) музыкалық сауаттылықтың негіздерін: музыкалық және ұрмалы дыбыстарды, жоғары және төмен
дыбыстарды, қысқа және ұзақ дыбыстарды;
2) музыкалық мәнерлілікті көрсететін негізгі белгілерін: тез, орташа, жай екпінділігі,
динамикалық көрінісі, әуені;
3) жанрлық ерекшеліктерін – ән, күй, би, марш;
4) музыкалық аспаптардың аталуын (домбыра, қобыз, сыбызғы, жетіген, дауылпаз, балалайка,
гусли, свирель);
5) ән орындаудың негізгі ережелері.
59. «Музыка» 1 сыныпты аяқтаған кезде оқушылар орындай алу керек:
1) музыкалық аспаптар тембрін анықтауды;
2) музыка шығармаларының көңіл-күйін айыра білуді;
3) музыкалық шығармаларды тыңдауды;
4) бағдарлама репертуарынан музыкалық шығарма мазмұнын айтуды;
5) аспапта орындалған нақышты және таныс әндерді дауыс ырғағымен тани білуді меңгеруі
тиіс;
6) дирижердың сүйемелдеуімен ән айту;
7) ұрмалы аспаптарда, домбырада қарапайым ырғақпен сүйемелдеп орындау.
60. «Музыка» 2-сыныпты аяқтаған кезде оқушылар білу керек:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын;
2) қарапайым музыкалық терминологияны білу және оларды қолдануды;
3) ырғақ, екпін, динамика, тембр, әуен, сүйемел (аккомпанемент), лад сынды негізгі
музыкалық терминдерді;
4) асатаяқ – қасықтар, қоңырау – бубенцы, сақпан – трещотка, даңғыра – дойра, дабыл –
барабандар, сырнай – гармонь, жетіген – гусли, цимбало, домбыра – комыз – дутар сияқты
музыкалық аспаптарды;
5) шумақ және әннің қайырмасы, күйдің буыны, бүтін шығарма сынды қарапайым түсініктерді.
61. «Музыка» 2 сыныпты аяқтаған кезде оқушылар орындай алу керек:
1) халық музыкасы, халық әні, халық күйші-композиторы ұғымдарды анықтауды;
2) вокалдық, аспаптық, жеке, хор және оркестр сынды музыка түрлерін ажырата білуді;
3) дыбыс бояуына қарап халық аспаптары үнін меңгеруі тиіс;
4) әнді дұрыс яғни дер кезінде бастап және аяқтау, әуен бойынша орындау, әннің тыныс
белгілерін дұрыс қолдану, әннің мәтінін нақты әрі түсінікті айту, дирижердің нұсқауын түсіну;
5) әндерді өзінің сүйемелдеуімен музыкалық аспаптарда орындай алу.
62. «Музыка» 3-сыныпты аяқтаған кезде оқушылар білу керек:
1) жанрлардың атауларын, халықтық және кәсіби (композиторлық) музыкаға жататын жанр
түрлерін;
2) білетін шығармалардың атаулары мен олардың авторларын;
3) әнші, сал-сері, халық композиторы сынды халық музыкасына жататын нақты ұғымдарды;
4) музыкалық бейненің дамуына әсер ететін, музыкалық мәнерліліктің негізгі белгілерін;
5) қазақтың халық аспаптары оркестрінің құрамын;
6) қазіргі заман қазақстан композиторлар есімін.
63. «Музыка» 3-сыныпты аяқтаған кезде оқушылар орындай алу керек:
1) композитор – орындаушы – тыңдаушы деген ұғымдарды түсінуді;
2) халықтық және кәсіби музыка деген ұғымдарды түсінуді;
3) халықтық және кәсіби музыканың түрлерін салыстыруды;
4) тыңдаған шығармалардың көңілкүйін, жанрын аңықтауды;
5) музыкалық терминдерді қолдана отырып шығарма жайлы өз ойын айта білуді;
6) туған өлкедегі музыкалық дәстүрлер жайында баяндауды.
64. «Музыка» 4-сыныпты аяқтаған кезде оқушылар білу керек:
1) жанрлардың аңықтамасы, халық және кәсіби музыкаға жататын жанр түрлерін;
2) ұлттық музыкалық мәдениеттің белгілі өкілдерін;
3) симфониялық оркестр құрамын және оған жататын ішекті, ағаш және жезді үрмелі, ұрмалы
аспаптардың атауларын;
4) әлемге танымал театрлардың атауларын білуін;
5) республикамыздың негізгі концерттік және театр мекемелерін;
6) туған өлкесінің дәстүрін және өз елінің музыкалық өміріне байланысты оқиғаларды;
7) білетін музыкалық шығармаларды есту арқылы ажыратып, олардың ұлттық ерекшелігін анықтай
білуі тиіс.
65. «Музыка» 4-сыныпты аяқтаған кезде оқушылар орындай алу керек:
1) сыныптан, концерттен, радиодан, теледидардан көріп естіген музыкалық шығарма және
орындаушы жайлы өз пікірін ашық айта білуді;
2) музыка жайлы әңгіме қозғағанда, қарапайым музыкалық терминдерді қолдана отырып,
музыкалық сауаттылығын көрсете білуін;
3) әндер мен қүйлерді музыкалық аспапта өз мәнерінде орындауды меңгеруін;
4) музыкалық сахналық қойылымдар жасау, мектепте және басқа да музыкалық мерекелер мен
фестивальдарға қатысуын.
66. Тұлғалық нәтижелер:
1) қазақстанда тұратын басқа да ұлттардың музыкасын түсініп, бағалай білуі;
2) қоршаған ортадағы сұлулықты сезінуі;
3) қазақстан музыка өнерінің жетістіктеріне мақтаныш сезімінің қалыптасуы;
4) музыка өнері мен адам өмірінің байланысын түсіне білуі;
5) сапалы мәдени талғамын дамытуы;
6) өз көңіл күйімен сезімін білдіру үшін музыканы пайдалануы.
67. Жүйелік-әрекеттік нәтижелер:
1) естіген шығармасына өзінің көңіл күйі мен әсерін білдіре алады;
2) музыканың негізгі көркемдеуші құралдарын ажыратып, музыкалық шығармаларға жалпылама
талдау жасай алады;
3) мектеп, сынып өміріндегі қоғамдық мәдени жұмыстарда белсенділік танытады;
4) қосымша деректермен өз бетімен жұмыс жасай алады;
5) музыка өнері жайлы әнгіме жүргізе алады.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына
10-қосымша
Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4–сыныптары үшін
«Бейнелеу өнері» пәнінен типтік оқу бағдарламасы
1. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080
қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру)
мемлекеттік жалпыға міндетті
сәйкес дайындалған.
стандартына
2. «Бейнелеу өнері» курсы эмоциялық-бейнелі, көркемдік ойлау түрін қалыптастыруға
бағытталып тұлғаның рухани қызметі қалыптасуының шарты болып табылады.
3. Оқыту мақсаттары:
1) эстетикалық сезімдерді тәрбиелеу, өнегелі тәжірибесін байыту, адамгершілік сезімдерін
тәрбиелеу, Қазақстан және басқа елдердегі халықтардың мәдениетін құрметтеу;
2) қиялын, өнер мен қоршаған әлемді қабылдау қабілетін, көркемдік іс-әрекетте бірлесіп
жұмыс істеу шеберліктері мен дағдыларын дамыту;
3) халық шығармашылығына деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу;
4) аңғарымпаздығы мен көріп есте сақтау қабілетін дамыту.
4. Оқыту міндеттері:
1) өзінің қоршаған әлемге көзқарасын шығармашылық жұмыстарында көрсете білу қабілетін
дамыту;
2) сурет, кескіндеме, композиция бойынша бейнелеу сауаты негіздерімен таныстыру;
3) жылы және суық түстермен таныстыру және оларды айыра білуге үйрету;
4) бейнелеу өнерінің түрлерімен (графика, кескіндеме, сәндік-қолданбалы өнер, мүсін,
дизайн, сәулет өнері) және жанрларымен (пейзаж, портрет, натюрморт, анималистика және т.б.)
таныстыру;
5) көркемдік дағдыларды меңгеру (әртүрлі материалдармен жұмыс істеу және әртүрлі бейнелеу
техникасын игеру);
6) шынайы өмірде көркем мәдениеттің көрінісін байқай білу қабілетін дамыту (мұражайлар,
сәулет, дизайн, мүсін және т.б.);
7) сезімдік-эмоциялық белгілерді дамыту: зейін, есте сақтау, қиял, елестету;
8) оқушылардың қолдарының моторикасын, иілгіштігін, икемділігін және көзбен шамалау
дәлдігін жақсарту.
5. Оқу материалы 4 блок бойынша ұсынылады:
1) көркемдік іс-әрекет түрлері;
2) көркемдік сауат негіздері;
3) қоршаған әлемді тану;
4) көркем-шығармашылық іс-әрекет мазмұны.
6. Блоктарға бөлу ерекшелігі:
1) бірінші блок оқу материалының мазмұнын ашады;
2) екінші блок оны іс жүзінде іске асырудың құралдарын береді;
3) үшінші блок тапсырма тақырыбының рухани-адамгершілік, эмоциялық-құндылық бағыттылығын
болжамдайды;
4) төртінші блок іс-әрекет түрлері мен шарттарынан тұрады.
7. Блоктар өнердің әртүрлі: типологиялық, тілдік, құндылыққа бағдарланған, іс-әрекеттік
қырларын ашады, әр сабақта әртүрлі шамада оқытылады, барлық блоктар кешенді түрде бастауыш
көркемдік білім мен тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған.
8. Оқыту процесінде пәндермен пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады:
1) «Сауат ашу», «Қазақ тілі»: өнер туындыларын талдау кезінде мәнерлі, дұрыс, логикалық
сауатты сөйлеу тілін қалыптастыру, бейнелеу нысандарын бақылау кезінде шығармашылық елестету мен
қиялын дамыту;
2) «Әдебиеттік оқу»: суреттер материалы негізінде сөздік қорын байыту, оқыған мен көзбен
көргенді салыстыру, салғастыру қабілеттерін дамыту, оқылған мәтінге сай келетін суреттерді
сипаттау қабілетін дамыту, оқылған мәтін материалын бейнелеу;
3) «Музыка»: суретпен жұмыс істеу кезінде музыкалық шығармаларды пайдалану;
4) «Дүниетану», «Өзін - өзі тану»: табиғаттағы, қоршаған әлемдегі нысаналарды сурет салу
нысандары ретінде пайдалану, ойша, өз қиялымен сурет салу процесінде өмірлік тәжірибені,
экскурсия материалын пайдалану;
5) «Математика»: кеңістік ұғымдарын (жоғары, төмен, алыс, жақын, оң жақ, сол жақ және
т.б.), ұзындық пен ен ұғымын, геометриялық пішіндерді суретте пайдалану, тілді математикалық
терминдермен толықтыру;
6) «Еңбекке баулу»: қол саусақтарының ұсақ бұлшықеттерін дамыту, көркем еңбек туындыларын
сурет салу және мүсін жасау үшін пайдалану;
7) «Дене шынықтыру»: жаттығулар жасау, қозғалыс ойындарын ойнау.
9. Типтік оқу жоспарына сәйкес оқу жүктемесінің жалпы көлемі 135 сағатты құрайды.
2. Оқу пәнінің базалық білім мазмұны
10. Блок 1. «Көркемдік іс-әрекет түрлері»:
1) өнер туындыларын қабылдау;
2) көркем шығармашылық ерекшеліктері: суретші және көрермен;
3) өнердің бейнелік болмысы: көркем бейне, оның шарттылығы, жеке бейне арқылы жалпы
бейнені беру;
4) әсем өнер туындыларындағы адамгершілік пен эстетика туралы жалпы адамзаттық идеялардың
көрініс табуы: табиғатқа, адам мен қоғамға деген көзқарас;
5) көркем мәдениеттің байлығы мен алуан түрлілігі туралы түсінік (Қазақстан халықтарының
мәдениеті мысалында), Қазақстан халықтары бейнелеу өнерінің көрнекті өкілдері (таңдау бойынша),
Қазақстан және әлемдік өнер жауһарларын қабылдау және эмоционалдық тұрғыдан бағалау;
6) бейнелеу (әсем) өнерінің адамның күнделікті өміріндегі, оның материалдық ортасын
ұйымдастырудағы рөлі туралы түсінік;
7) сурет, сурет салу материалдары мен техникасы: қарындаш, қалам, фломастер, борлар және
т.б.;
8) әртүрлі графикалық материалдармен жұмыс істеу тәсілдері, суреттің өнердегі рөлі:
негізгі және қосалқы;
9) сурет құралдарымен бейнеленген табиғаттың, адамның, ғимараттардың, заттардың әсемдігі
мен алуан түрлілігі;
10) ағаштарды, құстарды, аңдарды бейнелеу: ортақ және өзіндік сипаттары;
11) кескіндеме, кескіндеу материалдары, кескіндеу құралдарымен бейнеленген табиғаттың,
адамның, ғимараттардың, заттардың әсемдігі мен алуан түрлілігі;
12) түс – кескіндеу тілінің негізі, алға қойылған міндеттерге сәйкес кескіндік бейне жасау
үшін көркемдік мәнерлеу құралдарын таңдау, кескіндемедегі табиғат пен адам бейнелері;
13) мүсін, мүсіндеу материалдары және олардың мәнерлі бейне жасаудағы рөлі, мәнерлі бейне
жасау үшін пластикалық мүсіндеу материалдарымен жұмыс істеудің қарапайым тәсілдері (ермексаз,
сазбалшық – илеу, көлемін жинастыру, пішінді созу және құрастыру), көлем – мүсіндеу тілінің
негізі, мүсіннің негізгі тақырыптары, мүсіндеу құралдарымен бейнеленген адам және жануарлардың
әсемдігі;
14) көркемдік құрастыру, дизайн және сәулет, көркемдік құрастыру және модельдеуге арналған
материалдардың алуан түрлілігі (ермексаз, қағаз, картон және т.б.), мәнерлі бейне жасау үшін
пластикалық мүсіндеу материалдарымен жұмыс істеудің қарапайым тәсілдері (ермексаз, сазбалшық –
илеу, көлемін жинастыру, пішінді созу және құрастыру; қағаз бен картон – жұмсарту, бүктеу,
кесу), көркемдік құрастыру және модельдеу дағдыларын адам өмірінде қолдану мүмкіндіктері туралы
түсінік;
15) сәндік-қолданбалы өнер, сәндік-қолданбалы өнердің бастауы және оның адам өміріндегі
рөлі, халық мәдениетінің сипаты туралы түсінік (баспананы, тұрмыс заттарын, еңбек құралдарын,
киімді әшекейлеу), әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер;
16) бейнелеу өнерінде, ертегілерде бейнеленген халықтардың ер мен әйел сұлулығы туралы
түсініктері;
17) халық мәдениетіндегі және сәндік-қолданбалы өнердегі ертегілік бейнелер, қолданбалы
өнердегі сәндік пішіндердің негізі ретінде табиғаттағы пішіндердің алуан түрлілігі, Қазақстанның
халық және сәндік-қолданбалы өнер туындыларымен танысу.
11. Блок 2. «Көркемдік сауат негіздері»:
1) композиция, жазықтық пен кеңістіктегі композицияның қарапайым тәсілдері;
2) ұғым: композиция құрудағы көлденең, тігінен және диагональ;
3) ұғым: көкжиек сызығы, жақын – алыс, үлкен – кіші, алдын бөгеу;
4) қарама-қарсылықтың композициядағы рөлі: төмен және биік, үлкен және кіші, жұқа және
қалың, қара және ақ, байыпты және қарқынды және т.б.;
5) композициялық орталық, композициядағы басты және екінші дәрежелі, симметрия және
асимметрия;
6) түс, негізгі және құрамдас түстер, жылы және суық түстер, түстердің араласуы, эмоциялық
бейнелеу мен бейненің мәнерлілігіндегі ақ және қара бояулардың рөлі, түстің эмоциялық
мүмкіндіктері, түстің көмегімен кейіпкердің мінез-құлқын, оның эмоциялық жай-күйін көрсету;
7) сызықтардың көп түрлілігі (жіңішке, жуан, тік, толқынды, байсалды, үшкір, спираль
түрінде оралған) және олардың белгілік сипаты, штрих, дақ және көркем бейне;
8) сызықтың көмегімен табиғаттың, адамның, жануардың эмоциялық жай-күйін көрсету;
9) пішін, заттай әлемдегі пішіндердің алуан түрлілігі және оларды жазықтық пен кеңістікте
көрсету, пішіндердің ұқсастығы мен қарама-қарсылығы, қарапайым геометриялық пішіндер, табиғи
пішіндер, зат пішінінің оның сипаты туралы түсінігіне әсері, нұсқа;
10) көлем, кеңістіктегі көлем және жазықтықтағы көлем, көлемді беру тәсілдері, көлемді
композициялардың мәнерлілігі;
11) ырғақ, ырғақ түрлері (байсалды, баяу, шұғыл, беймаза және т.б.);
12) сызықтар ырғағы, дақтар, түс ырғағы;
13) кескіндеме мен суреттегі композицияның эмоциялық дыбысталуындағы ырғақтың рөлі,
элементтер ырғағы арқылы композициядағы қозғалысты көрсету, сәндік-қолданбалы өнердегі ырғақтың
ерекше рөлі.
12. Блок 3. «Қоршаған әлемді тану»:
1) жер – біздің ортақ үйіміз, табиғатты және табиғи құбылыстарды бақылау;
2) жылдың, тәуліктің әртүрлі мезгілінде, әртүрлі ауа-райында табиғатты бейнелеудегі
айырмашылық;
3) пейзаж жанры, табиғаттың мәнерлі бейнесін жасау үшін әртүрлі көркемдеу материалдары мен
құралдарын пайдалану, табиғаттағы құрылыстар: құстың ұясы, індер, құмырсқаның илеуі, тасбақаның
сауыты, ұлудың үйшігі және т.б.;
4) табиғатты бейнелеген қазақстандық және шетел өнері жауһарларын қабылдау және эмоциялық
тұрғыдан бағалау (мысалы, Ә. Қастеевтің, А.Г. Ғалымбаеваның, К.Т. Телжановтың, А.К. Саврасовтың,
И.И. Шишкиннің, К. Моне, В. Ван Гогтың және т.б. туындылары);
5) әртүрлі халықтар мен дәуірлердегі әлемнің бірнеше аса жарқын мәдениеттерімен танысу
(мысалы, Ежелгі Грекия, ортағасырлық Еуропа, Жапония және т.б.);
6) әлемдегі әртүрлі халықтардың мәдени салт-дәстүр сипатындағы табиғи жағдайлардың рөлі,
әртүрлі халықтардың өнеріндегі адам бейнесі, сәулет және сәндік-қолданбалы өнер бейнелері;
7) менің туған Қазақстаным, Қазақстан халықтарының дәстүрлі мәдениет сипаттамасындағы
табиғи жағдайлардың рөлі, туған табиғат пейзаждары, киіз үйді, тұрмыс заттарын, еңбек
құралдарын, киімдерді безендірудегі сәндік құрылым тұтастығы;
8) бейнелеу өнерінің билермен, ертегілермен байланысы;
9) дәстүрлі мәдениеттегі адам бейнесі, өнерде бейнеленген адамның сұлулығы (сыртқы және
рухани) туралы халық түсінігі;
10) адам бейнесі, әлемнің әртүрлі мәдениеттеріндегі адам бейнесі, замандас бейнесі,
портрет жанры, өнердегі махаббат, достық, отбасы тақырыптары;
11) адамдағы ең ізгі сезімдер мен қасиеттерді: қайырымдылық, рақымдылық, сүйеніш,
қамқорлық, ерлік, риясыздық және т.б. сезімдерді оятатын кейіпкерлер бейнесінің эмоциялық және
көркемдік мәнерлілігі;
12) ашу-ыза, шіміркену, жеккөрініш тудыратын кейіпкерлердің бейнелері;
13) өнер адамдарға әсемдік сыйлайды, біздің айналамыз тұнған өнер, тұрмыстағы әсем, жайлы
әрі мәнерлі заттар, көлік түрлерін жасауда әртүрлі көркемдеу материалдары мен құралдарын
пайдалану;
14) бейнелеу (әсем) өнерінің адамның күнделікті өміріндегі рөлі туралы түсінік, табиғи,
географиялық жағдайлардың, әртүрлі халықтардың салт-дәстүрлерінің әсем өнерлерде көрініс табуы;
15) натюрморт жанры;
16) үй-жайларды, ыдыс-аяқты, жиһаз бен киімді, кітаптар мен ойыншықтарды көркемдік
құрастыру және безендіру.
13. Блок 4. «Көркем-шығармашылық іс-әрекеттің мазмұны»:
1) бейнелеу, сәндік-қолданбалы және көркемдік-құрастыру іс-әрекетінің алуан түрлеріне
қатысу;
2) сурет, кескіндеме, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер негіздерін меңгеру;
3) натурадан, есте қалғанын және көзге елестету арқылы бейнелеу (натюрморт, пейзаж, адам,
жануар, өсімдік);
4) көркемдік сауат негіздерін: композицияны, пішінді, ырғақты, сызықты, түсті, көлемді,
фактураны меңгеру;
5) адамның тұрмыстық орта заттарының модельдерін жасау, мүсін жасау және қағаз
пластикасының қарапайым дағдыларын меңгеру;
6) суретте, кескіндемеде, жапсыруда, мүсіндеуде, көркемдік құрастырудағы өз ойын іске
асыру үшін мәнерлеу құралдарын таңдау және қолдану;
7) түс, рең, композиция, кеңістік, сызық, штрих, дақ, көлем, материал фактурасының
көмегімен шығармашылық жұмыстарды орындау;
8) жеке және ұжыммен жұмыс істеу кезінде әртүрлі көркемдік техникалар мен материалдарды:
коллаж, граттаж, жапсыру, қағаз пластикасы, гуашь, акварель, пастель, балауыздан жасалған
борлар, қарындаш, фломастерлер, ермексаз, сазбалшық, көмекші және табиғи материалдарды
пайдалану;
9) бейнелеу өнері туындыларының мазмұны мен мәнерлеу құралдарын талқылауға қатысу, өзінің
туындыға қатысты көзқарасын білдіру.
Достарыңызбен бөлісу: |