Жалпы бөлік 1-БӨлім. ҚЫлмыстық заң 1-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы



бет210/231
Дата12.08.2023
өлшемі357,49 Kb.
#105205
түріКодекс
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   231
Байланысты:
ҚР ҚК

419-бап. Көрiнеу жалған сөз жеткiзу


1. Қылмыстық теріс қылық жасалғаны туралы көрiнеу жалған сөз жеткiзу –
екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.
2. Қылмыс жасалғаны туралы көрiнеу жалған сөз жеткiзу –
төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұласқан не пайдакүнемдiк ниетпен жасалған іс-әрекет –
үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың екінші немесе үшінші бөлiктерiнде көзделген, қылмыстық топтың мүдделерiне орай жасалған іс-әрекеттер –
бес жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 419-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

420-бап. Сарапшының, маманның көрiнеу жалған айғақтары, қорытындылары немесе қате аударма


1. Сотта не сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында куәнің, жәбірленушінің көрінеу жалған айғақтары не сарапшының, маманның қорытындылары, сол сияқты сондай жағдайларда, сондай-ақ атқарушылық құжаттарды орындау кезінде аудармашы жасаған көрінеу қате аударма –
алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша не пайдакүнемдiк ниетпен жасалған дәл сол іс-әрекеттер –
бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет