«Жалпы экология» пәнінен оқу тәжірибесіне арналған есебі орындаған: 02-051-22-01 тобының студенті Әмірхан Е. С жетекші



бет2/10
Дата05.09.2023
өлшемі5,1 Mb.
#106140
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10











1.Техникалық қауіпісіздік ережелері

Аталған күні тобымызбен техникалық факультеттің оқу корпусындағы аудиторияда практика барысындағы қауіпсіздік ережелерімен таныстық.Ең алдымен жетекшінің нұсқауынсыз ешқандай артық әрекет жасамау керектігін білдік.Біз саяхаттайтын және тәжірибе жүргізетін тиісті мекемелердегі жалпы ережелер аталып өтілді.Студенттер көп болған кезде, апаттардың пайда болу қаупі әлдеқайда жоғары екені айтылды.


Қауіпсіздік техникасы — еңбекті қорғаудың бір түрі; жұмыс атқарушыларға қауіпті өндірістік факторлардың әсер етуіне жол бермейтін ұйымдастырушылық және техникалық шаралар мен құралдардың жүйесі; еңбекті қорғау қағидаларының кұрамдас бөлігі.
Әрбір саяхаттан,практика мен білімнен тұратын оқу тәжірибесі - бұл қызықты тәжірибелер мен қызықты сабақтарға толы орын; сонымен бірге бұл студенттер үшін ерекше қауіп тудыруы мүмкін.Оқу тәжірибеге бекітілген нысандармен танысу барысындағы құрал-жабдықтар,химиялық қосылыстардан бастап электр тоғына дейін практикалық оқытуға негізделген. Ережелерді сақтау және маңызды нұсқаулықтарды есте ұстау оқу тәжірибедегі қауіпсіздікті сақтауға мүмкіндік береді.
Зертхана - бұл кез-келген жаратылыстану кабинеттерінің ең қауіпті бөлігі, сондықтан бізге экскурсияның осы аймағында қауіпсіз болу туралы білім берілді.Ал зауыт,фабрикалардағы саяхатта барынша сақтық ережелерін ұстануға кеңес берді.Өйткені өндіріс орындарында ауыр түрлі техниканың жұмыс жасайтынына байланысты қауіптің ошағы болып саналады.Одан бөлек өндірістік шикізат және дайын емес өнімнің құрамында адам денсаулығына кері әсерін тигізетін әртүрлі химиялық қосындылар болуы мүмкін.Сол себепті қауіпсіздік ережелерін айту барысында ғимарат аумағында, шаң тозаңнан және аталған т.б зиянды заттардан қорғану үшін арнайы қолғап,бетперде,қауіпсіздік бас киімін кию ұсынылды.Ондағы өнімдерді қолмен ұстамау керектігін,қызметкерлердің жұмысына кедергі жасамау керектігін,техникалардан барынша аулақ болу керектіні жалпылама түсіндірілді.Түсіндірме жұмыстарының соңында студенттермен бірге техникалық қауіпсіздік ережелерімен және нұсқаулармен танысқанымызды растап,қауіпсіздік жөніндегі құжатқа қол қойдық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет