«Жалпы экология» пәнінен оқу тәжірибесіне арналған есебі орындаған: 02-051-22-01 тобының студенті Әмірхан Е. С жетекші



бет7/10
Дата05.09.2023
өлшемі5,1 Mb.
#106140
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
5. «Астан орманы» жасыл белдеуі

Біз осы күні Елордамыздың іргесінде орналасқан «Астана орманы» жасыл белдеуінде саяхатта болдық.Бүгінгі күнде жасыл аймаққа орман өсірудің озық әдістерімен ағаштар мен бұталардың жаңа сорттары отырғызылып, оны біртұтас жасыл орманға айналдыру жұмыстары жүргізілуде.Жалпы, 1997-2016 жылдар аралығындағы мәлімет бойынша Астана қаласының жасыл аймағының ауданы 75,1 мың гектарды құрады.Орманда негізінен сүйелді қайың,ұсақ жапырақты шегіршін,кәдімгі қарағай,көде,боз жиде,терез және т.б түрлі өсімдіктер өсіріледі.(1-2 сурет).
Астананың жасыл белдеуі жасанды тоғай болғандықтан, оны үнемі күтіп-баптап, бақылап отырады. Бұл ретте «Астана орманы» ЖШС-нің жұмысы ауқымды. Әр маусым сайын түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, өсуге мүмкіндік береді.

1-2 сурет.Астана орманы.
“Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы” мемлекеттік мекемесі мен “Астана орманы” ЖШС бірлесіп,әр мезгілде дәстүрлі түрде жасыл белдеуге қырғауыл жібереді.
Бұл елорданың жасыл белдеуіндегі жануарлар әлемін өзгерту мақсатында жасалып отыр. Қырғауылдарды климаттандыру мақсатында биологиялық негіздеме алынған.Сонымен қатар,Астана қаласының жасыл белдеу аймағында аңшылық қырғауылды жасанды өсіру және климаттандыруға арналған орталық салынған.Мұнда жыл сайын 1000-нан астам балапан өсіріліп, ересектері шығарылады.Босатылған құстар жасыл белдеуге таратылады.Қырғауылдары негізінен жасыл белдеудегі ұсақ ағаштардың учаскелерінде немесе жидек тұқымдары бар бұталы қопаларда тұрады. Көбінесе олар судың жанында, қалың қамыс пен тоғандардың жағасында, өрмелейтін және тікенді бұталарға бай орманды тоғайлардың жанында жүреді. Еркін қырғауылдар аязға жақсы шыдайды.(5-сурет).
Шығарылған қырғауылдарды «Астана орманы» ЖШС орманшыларының күшімене үнемі бақылау жүргізіледі,ал қажет болған жағдайда қысқы уақытта азықтандыру жоспарланған.(3-4 сурет).

3-4 сурет.Қырғауылдарды орманға жіберу сәті.

Қырғауылдарды өсіру келесі мәселелерді шешуге көмектесті:


- зиянкестермен күресу (биологиялық зиянкестермен күресу). Нәтижесінде 2010 жылдан 2018 жылға дейін орман зиянкестеріне қарсы пестицидтерді қолдану алаңы 350 га қысқарды;
- жасыл аймақты табиғи орманға айналдыру;
- қырғауылдардың мекендеу ортасын кеңейту

5-сурет.Қырғауыл.



Жалпы орман құстары – бұл зиянды жәндіктер аз болса да,оларды іздейтін және жоятын орман санитарлары.Осыдан,орман құстары үнемі орман зиянкестерінің тез көбеюіне кедергі жасайды және осымен орман үшін кейіннен күресу қиын болатын қауіпті зиянкестерінің жиналуының алдын алады.Осы мақсат үшін қолданылатын күресудің химиялық әдістерін өрт сөндіру командасының әрекетімен сәйкес салыстыруға болады,демек ормандағы жәндіктермен қоректенетін құстардың әрекеті өрт туындайтын мүмкіндіктердің алдын жоятын өрт сөндіру инспекциясының қызметімен сәйкес келеді.Зиянды жәндіктерді орман құстарының барлық түрлері,тіпті қырғауылдар да жейді.Сонымен қатар орман құстарының түқымдарды тартуда рөлі бар.Ол деген орман мен орман алаңқайларын жасанды түрде құруда мағынасы зор деген сөз.
«Астан орманы» жасыл белдеуі аумағында серуендеушілерге арнайы веложол да бар.Аталған нысан 2016 - жылы қазан айында толық қолданысқа берілген.Веложол Қарқаралы және Қорғалжын тас жолдарын біріктіріп жатыр.Жалпы аумағы 23 шақырымды құрайды. Веложол аумағында қала тұрғындарының демалысы үшін арнайы орындықтар орналастырылған.Веложолды қолданысқа бергелі жазғы және қысқы спорт түрлерінен спорт басқармасымен келісе отырып көптеген жарыстар өткізілуде.Ағымдағы жылдарда веложолды дамыту мақсатында түрлі өзгерістер енгізілуде.Қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналдыру үшін теннис және футбол алаңдарын орнатуды жоспарлауда.(6-сурет).
6-сурет.Веложол.

Өрт қаупінің жоғарылауы маусымында жер сілкінісі қаупін азайту және орман және орман өрттерін сөндіру бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында елорданың қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы «Астана орманы» ЖШС-мен бірлесіп жыл сайын тиісті алдын алу шараларын қолданады. Елорданың жасыл аймағы аумағында жыл сайын өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізіледі. Өртке қарсы ілмектерді (жырту, дискі) механикаландырылған өңдеу де жүзеге асырылады. Маусымда олар үш рет өңделеді. Елорданың жасыл белдеуінің айналасындағы өрт сөндіру төменгі өрт кезінде өрттің жерге таралуына жол бермейді. Бұл жұмыстарға атқаруға 6 МТЗ-82 сынды тракторлар тартылып,қаншама гектар жер жыртылады. Сонымен қатар, жасыл белдеу аумағында тәулігіне 1,5 мың текше метр су беретін су толтыру станциясы жұмыс істейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет