Жалпы физика курсы



бет57/68
Дата18.10.2023
өлшемі1,97 Mb.
#117921
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   68
Байланысты:
УМК 1 часть

54. Жұғылу.
Жұғылу деп сұйықтың қатты дененің бетімен қосылыуындағы қисаю құбылысын айтамыз.
Қатты денемен шекарасындағы сұйықтың қисайған беті мениск деп аталады.
Менискінің қатты денемен қиылысқандағы сызық, жұғылу периметрі деп аталады.
Жұғылу құбылысы қатты дене бетінің және қиылысу нүктесіндегі мениск арасындағы шеттік бұрышпен–θ-сипатталады (жұғылу периметрлерінің нүктелерінде).

Қатты денеге жұғылатын сұйықтық деп шеттік бұрышы үшкір болған


денені айтамыз: 0 ≤ θ < π/2 (а - сурет) және жұқпайтын деп π/2 < θ< π
денені айтамыз (б - сурет).
Егер θ = 0 болса, онда жұғылу идеалды (толық) болып есептеледі. Ал
θ = π жағдайында бұл идеалды жұқпау болады.
Егер қатты денелер және сұйықтықтың молекуларының арасындағы тартылыс күші, сұйықтықтың молекулаларының бір-біріне деген тартылыс күшінен көп болса, онда сұйықтық жұғылатын болады. Егер сұйықтың молекулаларының арасындағы тартылыс күші сұйықтың молекулаларының қатты дене молекулаларына тартылыс күшінен көп болса, онда сұйықтық қатты денеге жұқпайды.


55. Сұйықтықтың қисық бетінің қысымы.

Сфералық дөңес бет сұйықтыққа қосымша қысым береді, ол ішкі күштердің тартылысымен келтіріледі және сұйықтықтың ішіне бағытталады, мұндағы R-сфера радиусы . Егер сұйықтықтың беті ойыс болса, онда қорытынды сұйықтық тартылыс күші cұйықтықтан болады және қысым сұйықтықтың сыртына бағытталады.


Радиусы R сабын көбігінің ішіндегі артық қысым екі беттің арасындағы жұқа пленканың сфералық бетін береді: Δρ=4σ/R
Жалпы жағдайда сұйықтық бетінің артық қысымы Лаплас формуласымен сипатталады, ол мына түрде болады:
Δρ = σ(1/R1+1/R2)



мұндағы R1 және R2 – қисықтың радиусы.


Қисықтың радиусы оң, егер қисықтың центрі сәйкесінше сұйықтықтың ішінде болса, және теріс, егер қисықтың центрі сұйықтықтың сыртында жатса.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет