Жалпы геология емтихан сұрақтары


Морттылық, соғылғыштық, серпінділік



бет4/19
Дата26.09.2022
өлшемі69,33 Kb.
#40405
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
8. Морттылық, соғылғыштық, серпінділік. Минералдардың бұл қасиеттері олардың қаттылығымен тығыз байланысты, бірақ бір-бірінен ажыратудағы маңызы онша емес. Алайда кейбір минералдарға тән әрі қажетті қасиеттер. Минералдың бетін пышақтың ұшымен сызғанда оның үгітілуін морттылық деп атайды. Соғылғыштық пен серпінділіктің көбінесе металдардың механикалық қасиеттерін сипаттағанда маңыздары зор.
9. Минералдардың басқа қасиеттері.  Минералдардың негізгі физикалық қасиеттерімен қатар атап өтетін:  магниттік  (темірді өзіне тартатын қасиеті, магнит тілімен тексеріледі),  радиоактивтік электрлік жылу өткізгіштік, пьезоэлектрлік, ерігіштік  т.б.

11. Көлдердің геологиялық маңызы және көлдік шөгінділер.


Көл — тікелей теңізбен қосылмаған құрлықтар өңіріндегі суға толы дербес ойыстар. Ауқымды кеңістікті қамтитын, суы ащы көл түрлері теңіз деп аталып жүр (Каспий, Арал теңіздері).[1] Жер шарындағы көлдердің жалпы ауданы 2,1 млн. км2 (құрлық ауданының шамамен 1,4%-ы). Ондағы жинақталған судың көлемі 176 мың км3, оның 52%-ы тұщы су, 48%-ы ащы су. Көлде эндемик түрлер, кейде реликт түрлер тіршілік етеді. Жер шарының ең ірі көлі – Каспий теңізі, ең терең көлі – Байкал. Қазақстанда Каспий мен Аралды қоспағанда, 48262 көл бар, олардың жалпы ауданы 45032 км2

12. Қазіргі кездегі жер бедерінің қалыптасуындағы толқымалы қозғалыстардың маңызы.


Қазақстанның казіргі жер бедері оның геологиялық құрылысы мен даму тарихына тікелей байланысты.
Жер шарының басқа аудандары сияқты Қазақстан аумағында да жер бедері әлі даму үстінде. Қазіргі жер бедері жердің ішкі және сыртқы күштерінің әрекеті нәтижесінде қалыптасып отыр. Ішкі, сыртқы күштер әрекеті әлі жалғасуда. Ішкі күштердің әсері кейінгі тау түзілу процестерінде, яғни жер қабатының ғасырлық тербелістері нәтижесінде биік таулы аудандардың шетінде болатын көтерілулер мен төмен түсулерден байқалады.
Жер қойнауында тоқтаусыз жүріп жатқан козғалыстарды тектоникалық қозгалыстар деп атайды. Жаңа тектоникалық козғалыстар кайнозой эрасының неоген және төрттік (антропоген) кезеңдерін қамтиды. Бұл козғалыстардың нәтижесінде Қазақстанның таулары жаңғырып, қатпарлы-жақпарлы таулар қалыптасты.
Тау көтерілу процесі казір де жүріп жатыр.   Бұған тау бөктерлерін терең тілімдеген жас өзен аңғарларының болуы айғақ, сондай-ак, Қазакстанның биік таулы жүйелеріне тән ірілі-ұсақты жер сілкінулер де тектоникалық қозғалыстардың болып жатқанын дәлелдейді. Жер сілкіну процестерін сейсмология ғылымы зерттейді. Жер сілкіну аса қауіпті апат әкелетін табиғат құбылыстарының бірі. Жер шарындағы сейсмикалық аспаптардың (сейсмограф) тіркеуі бойынша тәулік сайын орта есеппен 200-ден астам, ал бір жылда 100 мыңға жуық жер сілкінісі болып тұрады.

13. Қазіргі кездегі минералдарды жіктеу негіздері, негізгі минералдар классы (әр класс минералдарын атаңыз).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет