Жалпы геология емтихан сұрақтары


Элювий, элювийлік шөгінділер



бет19/19
Дата26.09.2022
өлшемі69,33 Kb.
#40405
түріҚұрамы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Элювий, элювийлік шөгінділер— өзінің түзілген орнында қалған түпкі тау жыныстарының үгілуінен, моруынан және ыдырауынан түзілетін борпылдақ өнімдері. Денудация процестері баяу көрінетін горизонталь беттерде не көлбеу беткейлерде қалыптасады.
94. Фосфориттердің. тас көмірдің пайда болуы
Фосфориттер — апатит және мартинит сияқты минералдар тобынан тұратын аморфты немесе микрокристалды кальций фосфаттарын өз құрамына молынан кіріктіретін таужыныстардың жалпылама атауы. Фосфориттер құрамындағы фосфаттың ең төменгі мөлшері 18%-дан кем болмауы шарт.
95. Желдің жойқын күштерінің әрекеттері
Жел — ауаның жер бетіне қатысты көбінесе горизонталь бағытта қозғалуы; метеорологияның негізгі ұғымдарының бірі.
Жел атмосфера қабаттарында қысымның біркелкі таралмауынан пайда болады әрі жоғары қысымнан төменгі қысымға қарай бағытталады. Ауа қысымы уақыт пен кеңістікте тұрақты болмайтындықтан желдің жылдамдығы мен бағыты үнемі өзгеріп отырады. Биіктікке көтерілген сайын үйкеліс күшінің азаюына байланысты жел қуаты өзгереді, сонымен қатар ол градиенттердің өзгеруіне де тәуелді болады.
96. Бедерді зерттеу тәсілдері және оның пайда болуы
97. Геохронологиялық және стратиграфиялық шкалаланың негізгі бөлімдерін түсіндіру.
98. Ыза суларының химиялық құрамы, шығуы және маңыздылығы.
99.Сел және оның типтері
Сел — таулы аудандарда мұздықтардың, қардың мөлшерден артық еруінен, нөсерлі жауын-шашындардан, жер сілкінуден, тау өзендерінің арнасынан асып тасуынан, яғни климат өзгеруінен пайда болатын табиғаттың жойқын құбылысы.
Сел тасқыны құрамына қарай саз-балшықты, тастыбалшықты және сулы-тасты селдер болып үш түрге бөлінеді.
• Сел жолындағы борпылдақ шөгінділерді шайып, қатты тау жыныстарын бұзып, ағаштарды түбірімен қопарып, салмағы ондаған тонналық үйтастарды ағызып әкетеді. Сел Қазақстанның Іле Алатауы, Жетісу Алатауы, Сауыр, Тарбағатай, Алтай тауларындағы Үлкен Алматы, Кіші Алматы, Қаскелең, Есік, Талғар, Текелі, Сарқант, тағы басқа өзендердің алаптарында жиі болып тұратын табиғат құбылысы.
100. Минералды сулар, ыза суларының маңызы оларды рационалды пайдалану.
Минералды сулар – түрлі ауруларға шипа болатын табиғи сулар. Ол жер бетінен сіңген сулардан, шөгінділермен бірге көмілген теңіз суларынан, метаморфизм мен жанартау процестері нәтижесінде босаған сулардан қалыптасады. Тотығу реакциясы басым болатын жер бетіне таяу Минералды сулар құрамында азот, оттек, көмір қышқыл газы, ал тотықсыздану реакциясы басымырақ болатын тереңірек горизонттарда көміртек газдары, күкіртсутек көбірек болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет