%
|
NaCl
|
Na2CО3
|
BaCl2
|
1
|
1,005
|
1,009
|
-
|
12
|
1,086
|
1,124
|
1,113
|
2
|
1,013
|
1,019
|
1,016
|
14
|
1,101
|
1,146
|
1,134
|
3
|
1,027
|
1,040
|
1,034
|
16
|
1,116
|
-
|
1,156
|
4
|
1,041
|
1,061
|
1,058
|
18
|
1,132
|
-
|
1,179
|
5
|
1,056
|
1,082
|
1,072
|
20
|
1,148
|
-
|
1,203
|
6
|
1,071
|
1,103
|
1,092
|
22
|
1,164
|
-
|
1,228
|
Концентрлі ерітіндіден. Концентрлі ерітіндіден және судан 1,050 тығыздықты натрий гидроксидінің 100 мл ерітіндісін дайындау. Концентрлі ерітіндінің тығыздығын ареометрмен анықтау қажет. Кесте бойынша натрий гидроксидінің проценттік құрамын табыңыз. Дайындап жатқан ерітіндінің салмағын есептеңіз. Салмағын анықтап, одан кейін берілген ерітіндіні дайындау үшін қажет концентрлі ерітіндінің көлемін және су көлемін анықтау. Концентрлі ерітіндінің және судың есептелген көлемдерін цилиндрмен өлшеп алып, оларды бір колбаға құйып, бір-бірімен араластырып және салқындағаннан кейін ареометрмен алынған ерітіндінің тығыздығын анықтаңыз. Табылған және берілген тығыздықтардың ауытқуын анықтау. Дайындалған ерітіндінің молярлығын және нормальдығын есептеп шығарыңыз.
Әртүрлі концентрациялы екі ерітіндіні араластыру. 5%-ті және 20%-ті ерітінділерден натрий хлоридінің 10%-ті ерітіндісінің 200 г. дайындау. Араластыру ережесін қолдана отырып, бастапқы ерітінділердің қажетті салмақты мөлшерлерін табу. Олардың көлемдерін анықтау, бұл ерітінділердің тығыздықтарын анықтау. Цилиндрмен ерітінділердің есептелген көлемдерін өлшеп алып, оларды бір сосудқа құйып, араластыру қажет. Ареометрмен алынған ерітіндінің тығыздығын және ондағы натрий хлоридінің проценттік құрамын анықтау қажет. Табылған және берілген тығыздықтардың ауытқуын анықтау. Дайындалған ерітіндінің молярлығын және эквтвалентті концентрациясын (нормальдығын) есептеңіз.
Молярлы және нормальды концентрациялы ерітінділерін дайындау
Қатты заттардан. BaCl2·2H2O-дан және судан барий хлоридінің 0,5 н ерітіндісінің 250 г. дайындау. Бұл үшін BaCl2·2H2O-ның қандай мөлшері керек екенін анықтау. Тұздың бұл мөлшерін алдын ала салмағы өлшенген стақанның ішінде немесе бюксте өлшеу. Навесканы судың көп емес көлемінде еріту; ерітіндіні 250 мл-ді өлшеу колбасына жеткізу. Ерітіндіні колбаға құйып отырып, стақанды сумен бірнеше рет шайу керек. Ерітінді таңбаға жеткенше, оған су құю, мұқиятты түрде араластырыңыз. Ареометрмен алынған ерітіндінің тығыздығын анықтап алыңыз. Ондағы барий хлоридінің (кесте) проценттық құрамын анықтаңыз. Дайындалған ерітіндінің молярлығын және нормальдылығын есептеу қажет. Табылған және берілген концентрацияның ауытқуын анықтаң.
Концентрлі ерітіндіден. 250 мл 0,1 М немесе 0,1 н күкірт қышқылының ерітіндісін берілген ерітіндіден дайындау. Ареометрмен берілген ерітіндінің тығыздығын анықтап алыңыз. Оның проценттық концентрациясын анықтау. Алдымен навескасын, ал одан кейін берілген ерітіндіні дайындау үшін кажетті бұл ерітіндінің көлемін анықтау. Өлшеулі колбаның жартысына дейін су құю және оған воронка арқылы күкіртті қышқылын (өлшенген көлемін) құю. Воронкадағы қышқылын жуу, ерітіндіні шайқау, таңбаға дейін оны толтырып құю, тығынмен жабу және араластыру. Дайындалған ерітіндінің молярлы және эквивалентті (нормальды) концентрациясын есептеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |