«Жалпы химия» пәні бойынша зертханалық ЖҰмыстарғА Әдістемелік нұСҚаулар



бет22/31
Дата08.01.2023
өлшемі497,69 Kb.
#60658
түріНұсқаулар
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31
Бақылау сұрақтар

1 Ерітінді концентрациясы деп нені атайды? Ерітінділер концентрациясын қандай тәсілдемен белгілейді? Формулаларды келтіріңіз.


2. Қаныққан, қанықпаған және өте қаныққан ерітінділердін алу тәсілдері.
3. Еру процесс кезінде қандай құбылыстар байқалады? Мысалдар келтіріңіз?
4. HCl ерітіндісінің 24 мл 0,2 н бейтараптану үшін, күйдіргіш калийдің 0,8 н еретіндісің қандай көлемін алады (мл) ? :
5. Құрамында 0,49 г қышқылы бар. 100мл күкірт қышқылының ерітіндісін бейтараптандыру үшін қанша мл 0,5н NаОН ерітіндісі қажет?
6. 100 мл ерітіндінің құрамында 0,4г NаОН бар. Осы ерітіндінің молярлық концентрациясын есептеңіздер.
7. 100 грамм 15%-ті BaCl2 ерітіндісінен толық түрде BaSO4 түсіру үшін Н2SO4 –тің 14,4 мл жұмсалды. Н2SO4-ерітіндісінің нормальді концентрациясын есептеңіз:


  1. зертханалық жұмыс.

Тақырып «Электролиттік диссоциация»




Жұмыстың мақсаты. Әлсіз электролиттердің қасиеттерін зерттеп, диссоциациялану процесінің ерекшеліктерімен танысу; ион алмастыру реакциясының тендеулер құрамын меңгеру.
Теориялық кіріспе. Электролиттік диссоциация – заттардың еріткенде немесе балқытқанда иондарға ыдырау процесі. Электролиттік диссоциация- қайтымды процесс.
Электролиттер деп - ерітінділері мен балқымалары электр токты өткізетін заттарды атаймыз. Электролиттер күші бойынша 3 топка бөлінеді: әлсіз (α < 3%), орташа (3%< α < 30%), күшті (α > 30%). Әлсіз электролиттерге жатады: а) әлсіз қышқылдар, мысалы: H2S, H2CO3 б) әлсіз негіздер, мысалы, Cu(OH)2 , Fe(OH)2; в) кейбір тұздар – мысалы, SnCl2, HgCl2. Күшті электролиттерге жатады: а)күшті қышқылдар, мысалы: H2SO4, HCl , HBr; б)сілтілер - NaOH, KOH, LiOH, т.б.; в) тұздар, мысалы - CuSO4, NaCl, FeCl3. Орташа электролиттер жатады, мысалы H3PO4.
Сан жағынан электролиттік диссоциацияны екі параметрмен сипаттауға болады: электролиттік диссоциация дәрежесі мен диссоциациялану тұрақтысы.

α ═ *100% (39)

мұндағы α – электролиттік диссоциацияның дәрежесі; n – диссоциацияланатын молекулалар саны; N – молекулалардың жалпы саны
Kдис.= (40)

мұндағы Kдис– диссоциация тұрақтысы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет