Азот қышқылын аммиактан алу технологиясы: сұйытылған және концентрлі азот қышқылы.
Азот қышқылы маңызды минералды қышқылдардың бірі. Сусыз азот қышқылы түссіз сұйық, ауада буланады. Өте күшті тотықтырғыш. Өнеркәсіпте азот қышқылы 2 түрде шығарылады: 50-60%-тік сұйытылған азот қышқылы(құрамында азот бар минералды тыңайтқыштарды өндіру үшін қолданылады); 96-98%-тік концентрленген азот қышқылы(жарылғыш заттарды, бояғыштарды, пластмассаларды, нитроланттарды өндіруде қолданылады).
Азот қышқылын алу әдістері:
Селитрадан алу ( Глаубер əдісі). XVII ғасырдың ортасынан бастап, ХХ ғасырдың басына дейін осы əдісті қолданды.
Бұл əдіс селитраның қоры көп жерде қолданылды.
Ауадан алу. Азот пен оттек 1200 С реакцияласа бастап (электр ұшқынында) 3000 С-та тепе-теңдік оңға қарай ығысады. Доға əдісі плазма үдерістерін қолдану нəтижесінде қайта жаңаруда.
Азот диоксиді сумен реакцияласып азот қышқылын түзеді:
Бұл əдіс электр энергиясы арзан жерде болмаса, өте қымбат əдіс болғандықтан, қолданудан қалып келеді.
Азот қышқылын аммиактан алудың негізін қалаған инженер И. И. Андреев 1914 жылы Донбаста көмір кокстегенде шығатын аммиакты тотықтырып, азот қышқылын алуға болатындығын дəлелдеп, 1917 жылы Донбаста бірінші зауыт салды. Синтетикалық жолмен алынатын аммиактың 35%-ы азот қышқылын алуға кетеді. Өндірісте негізінен сұйытылған азот қышқылы алынады.
Сұйытылған азот қышқылын алғанда аммиакты атмосфера қысымында, азот оксидін жоғары қысымда тотықтырады да, түзілген азот диоксидін сол қысымда сумен абсорбциялайды. Аммиактан азот қышқылын өндірудің принципиалдық сызбанұсқасы негізгі алты операциядан тұрады.
Азот қышқылын өндірудің принципиалдық сызбанұсқасы: 1 – ауа мен аммиакты тазарту, 2 – катализаторда аммиакты тотықтыру, 3, 4 – нитрозды газдарды суыту, 5 – азот оксидін тотықтыру жəне азот қышқылының түзілуі, 6 – газдарды тазарту.