Химия өнеркәсібіндегі су мен ауа. Фармацевтикалық өндірісте суды дайындау және тазарту жолдары



бет1/4
Дата08.10.2023
өлшемі268,72 Kb.
#113397
  1   2   3   4
Байланысты:
3-дәріс


3 – дәріс. Химия өнеркәсібіндегі су мен ауа. Фармацевтикалық өндірісте суды дайындау және тазарту жолдары


Ауа мен суды жиі тұтынушылардың бірі – химия өнеркәсібі болып табылады. Бұл шикізаттың ерекше түрлері, әртүрлі мақсаттарда барлық химия-технологиялық үрдістермен қолданылады. Кейбір химия зауыттарында тәулігіне 1 млн. м3-ке дейін су қолданылады. Суға бірнеше ерекше қасиеттер тән, олар:
- бағалы қасиеттерінің жиынтығы (жоғары жылусыйымдылық, төменгі тұтқырлық, қайнаудың төменгі температурасы);
- қол жетімді және арзандылығы (шығындар тек өндіруге және тазалауға кетеді);
- у емес;
- өндірісте және тасымалдауда пайдалану жағынан ыңғайлылығы.
Химиялық өнеркәсіпте су келесі бағыттарда қолданылады:
1. Технологиялық мақсаттар үшін:
- қатты, сұйық және газтәріздес заттарды еріткіш;
- физикалық және механикалық үрдістерді жүзеге асыру ортасы;
- газдарды шаю үшін сұйықтық;
- әртүрлі заттардың экстрагенті мен абсорбенті ретінде.
2. Жылутасымалдауыш (ыстық су және бу түрінде) және технологиялық аппаратураларын қыздыру мен суыту үшін суық агенті (хладагент).
3. Шикізат пен реагент ретінде әртүрлі химиялық өнімдерді өндіру үшін (сутек, ацетилен, күкірт және азот қышқылдары).
Судың химия өнеркәсібінде көп қолданылатындығын келесі мысалдан көруге болады. Азот қышқылды өндіргенде 200 м3/т, аммиакты өндіргенде – 1500 м3/т, ал синтетикалық каучук пен капрон талшықтар өндіргенде сәйкесінше – 1600 бен 2500 м3/т су жұмсалады.
Өндірістік іс-әрекетінде технологиялық судың көп шығындалуы, сонымен қатар, пайдаланылғаннан кейін шығатын ластанды сулардың көп көлемдері, химиялық және мұнай өнеркәсіптерінде су ресурстарын тиімді пайдалану мақсаттары алдыңғы қатарда тұр. Олар келесі жолдары арқылы шешіледі:
- технологиялық операцияларға түсетін су шығынының нормаларын анық табу;
- өндіріс қалдықтарды толық пайдалану және осыған байланысты тазартқыш ғимараттардың қажеттілігін төмендету;
- технологиялық аппараттардың су көмегімен жүретін салқындатуын ауа суытумен ауыстыру;
- өндірістерде ағынсыз және айналмалы сумен қамтамасыз етілген технологияларды ұйымдастыру.
Химиялық өндірісте айналмалы су циклі бар жүйесінің үш сұлбасын ажыратады:
- су ластанбайды, тек ысыйды. Мұндай жағдайда қолданылған суды салқындатады да (бассейндерде немесе градирняда) өндіріске қайтарады (1 сурет, а);
- су ысымай тек ластанады. Ластанған суды өндіріске қайтару үшін әртүрлі әдістерді (тұндырғыштарды, сүзгіштерді және т.б.) пайдалану арқылы тазалайды (сурет 1, б);
- су әрі ысыйды, әрі ластанады (сурет 1, в). Ондай жағдайда суды жүйелі түрде тазалайды да, салқындатады да.
Айналмалы су циклдің тиімділік критерийі – суды пайдалану коэффициенті КС болып табылады:
КС = (VА-VТ)/VА,
мұнда: VА – бұлақтан таза судың алынатын саны;
VТ – су қоймасына ағынды судың тасталыну саны.
Химиялық өндіріс орындарында қажет су осы кезде 85-90 % мөлшерінде «айналмалы сумен» қамтамасыздалынған.
Химиялық өндірістерді сумен қамтитын көздер. Планетамыздағы барлық судың салмағы 1,4·1018 тонна немесе 386·109 км3. Осы көлемнің үлкен бөлігі күннің жылу энергиясы мен жер қойнауы жылуының әсерінен тұрақты айналымда болып тұрады. Табиғи сулар – атмосфералық, жер бетіндегі және жер астындағы болып жіктеледі.
Атмосфералық сулар – жаңбыр және қар сулары құрамындағы қоспалар: оттек, көміртек оксиді (СО2), күкірт оксидтері, күкіртті сутек, кейбір органикалық заттар және шаң-тозаң.
Жер бетіндегі сулар – өзен, көлдер, теңіз, мұхит сулары. Су құрамында тұз, газ, негіз, қышқыл және т.б. қоспалар бар.
Жер асты сулары – минералды тұздардың біраз, органикалық заттардың аздаған мөлшері бар артезианды бұрғылау, құдық, бұлақ сулары.
Теңіз және мұхит сулары көптеген химиялық элементтерді өндірудің шикізаты болып табылады. Өнеркәсіп көлемінде судан натрий және магний хлоридінің, бром, йод т.б. өндіреді.
Табиғи сулар тұз мөлшеріне байланысты тұщы су – тұз құрамы 1 г/кг дейін; тұздылау (ащылау) – тұз құрамы 1 г-нан 10 г-ға дейін және тұзды (ащы) су – тұз құрамы 10 г-нан асады. Судың жалпы көлемінен ішуге жарамды тұщы су тек қана 0,3 %.
Химия өнеркәсібінде қолданылатын су (технологиялық су) сапа бойынша барлық өндірістердің белгіленген талаптарын қанағаттандыруы керек. Судың сапасы физикалық және химиялық көрсеткіштермен сипатталынады, олар: түсі, мөлдірлігі, иісі, жалпы тұз мөлшері, кермектілігі, жалпы сілтілігі, тотығу шамасы, су реакциясы рН. Өнеркәсіптік сулар үшін маңызды сипаттар кермектік, тотығу шамасы, су реакциясы және коллоидты қоспалардың болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет