Деструкция (лат. destruction- ыдырау) – жасушалардың, тіндердің қалыпты
құрылысының бұзылуы, ыдырауы.
Детрит (лат. de- алып тастау, жоққа шығару, detero- ,tritum- қажау) – тіндер
ыдырауының ботқа тәріздес өнімі.
Кариолизис (гр.cario- ядроға қатысты, lysis- ыдырау ) – жасушада дистрофиялық
өзгерістерде ядроның толық ыдырауы.
Кариорексис (гр.cario- ядроға қатысты, rhexis-ажырау, үзу) – жасушадағы
дистрофиялық процестер барысында ядроның бөлшектерге дейін ыдырауы.
Пикноз (гр. pycnos- тығыз, қатты) – жасушаның немесе ядроның жиырылуы,
нығыздалуы, өлшемінің тез арада азаюы.
Стресс (ағылш. stress- кернеу) – жалпы бейімделу синдромы – табиғаты әртүрлі
тітіркендіргіштердің әсерлеріне организмнің ерекше, стереотипті, жалпы жауабы
реакцияларының жиынтығы.
Жедел фаза жауабы – аурудың жіті кезеңіндегі зақымдануларда дамитын
организмнің жалпы реакциясы. Жеедел фаза жауабы жиі қабыну дамуына,
иммундық жүйе және фагоциттейтін мононуклеарлардың жүйесі белсенуіне
әкелетін зақымдануларда байқалады. Бір топ қабынуды күшейтетін
цитокиндердің (1, 6, 8 интерлейкиндері, ісіктерді жоятын факторы альфа) пайда
болуы мен босауы кушеюімен сипатталады.
Жедел фаза ақуыздары – бауырда түзілетін және жедел фазаға жауап дамығанда
қанға түсетін ақуыздар (С-реактивті ақуыз, гаптоглобин, комплементтің бөліктері,
церулоплазмин, фибриноген және т.б.).
Төтенше (экстремальді) жағдайлар – адам өміріне өте қауіпті жағдайлар,
белсенді түрде өткізілетін емдік шараларды қажет етеді. Организмге қоршаған
ортаның өте зиян факторларының әсерінде немесе өмір сүруге маңызды
физиологиялық функциялардың және метаболизмнің өте ауыр бұзылыстарына
әкелетін ауыртпалық процестер жағымсыз бағытта өзгергенде дамиды.