Жалпы патофизиология



Pdf көрінісі
бет14/39
Дата17.09.2023
өлшемі334,67 Kb.
#108297
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39
Байланысты:
терминдік сөздік ПФ-1 2

Гаплоидты құрам 
(гр. gaplos-қарапайым, бiр ғана)
 
– жыныс жасушасындағы 
хромосомалардың жинағы. Онда осы түрге тән әр хромосомалар жұбынан бiр ғана 
хромосома бар (адамда 22 аутосома+1 жыныстық хромосома). 
Диплоидты құрам
(гр. diplos- екi еселенген)

– барлық хромосомалардың 


жұптық жинағы немесе 2 гаплоидтық құрам. 
Кариотип
(гр. carion-ядроға қатысы бар+typos-үлгi)
 
– бiр биологиялық түрге 
жататын организмнiң соматикалық жасушаларындағы хромосомдық құрамның 
морфологиялық ерекшелiктерiнiң жинағы. 
Код 
– ақуыз молекуласында аминқышқылдарының орналасу ретiн анықтайтын 
ДНҚ молекуласындағы нуклеотидтердiң орналасу ретi. 
Кодон 
– белгiлi аминқышқылының полипептидтi тiзбекке енуiн реттейтiн ДНҚ 
немесе РНҚ молекуласындағы 3 азот негiзiнен тұратын генетикалық кодтың
бiрлiгi. 
Фенокопия 
(гр. phaino-көрсету+копия)
 
– организмнiң кейбір белгілерінің сыртқы 
орта әсерлерiнен пайда болған, тұқым қумайтын өзгерiстерiнiң тектiк мутацияға 
ұқсас болуы. 
Фенотип 
– генотип және сыртқы орта арасындағы қатынастың негiзiнде құралған 
организмдегi барлық белгiлер мен касиеттердiң жиынтығы. 
Пенетранттық 
(лат. penetrans- өтетiн)
 
– тасушының фенотипiнде геннiң көрiну 
жиiлiгi. 
Экспрессивтiк 
(лат. expressus- дәл, айқын)
 

 
сол немесе басқа геннiң фенотиптiк 
көрiнiсi.
Мутация
(лат. mutatio- өзгерiс)
 
– генетикалық аппараттың тұрақты өзгеруi. 
Мутаген 
(лат. mutatio- өзгерiс+ genos- туындатушы, тегi)
 
мутацияны 
шақыратын фактор. 
Гендiк мутация 
– бiр аллельдердiң басқасына ауысуын анықтайтын бөлек 
гендердiң iшкi құрылымының өзгеруi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет