Жалпы редакциясын басқарған Ғалымқайыр Мұтанов Жауапты редактор


АҒЫБАЕВ  Арықбай Нүсіпәліұлы



Pdf көрінісі
бет2/15
Дата01.01.2017
өлшемі3,93 Mb.
#908
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

АҒЫБАЕВ 
Арықбай Нүсіпәліұлы 
 
заң ғылымдарының докторы,  
профессор, 
Қазақстанның еңбек сіңірген 
қайраткері
1941 жылы 15 маусымда Алматы облысының Жамбыл ауда-
нын дағы Қастек ауылында дүниеге келген. 
1962  жылы  С.М.  Киров  атындағы  ҚазМУ  заң  факультетін 
бітірген. 
1973 ж. заң ғылымынан кандидаттық, ал 1997 ж. «Лауазымды 
тұлғалардың  қызмет  жөніндегі  қылмыс тары  үшін  жауаптылық-
тың  теориялық  проблемалары»  атты  тақырыпта  докторлық 
диссертация қорғаған. 
1995  жылдан  бері  А.Н.  Ағыбаев  Қазақстан  Республикасы 
Жо ғарғы  Соты  жанындағы  Ғылыми  Консультативтік  кеңестің 
мүшесі. 
2003  жылдың  8  желтоқсанындағы  Қазақстан  Республика-
сы  Президентінің  жарлығымен  «Қазақстан  еңбек  сіңірген  қай-
раткері»  атағы  берілді.  Ол  ҚР  Президентінің  2005  жылғы  25 
тамыздағы  жарлығымен  «Қазақстан  Республикасының  Консти-
туциясына  10  жыл»  медалімен  марапатталды.  2003  жылдан 
Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы  мектебі,  Ұлтттық  Ғылым 
академиясының  академигі,  2005  жылдан  Республикасы  Заң 
ғылымдары Академиясының академигі. 
Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Жоғары  мектеп  Ғылым 
академиясының  және  Қазақстан  Республикасы  Заң  ғылымдары 
Академиясының  академигі,  халықаралық  Жамбыл  атындағы 
сыйлықтың лауреаты.

Аманат
27
БІЛІМДІ ШӘКІРТ –  
УНИВЕРСИТЕТІМІЗДІҢ БЕДЕЛІ
К
ез  келген  адам  баласы  бақытты  болғысы 
келеді,  әрі  сол  үшін  өзінің  күш  жігерін 
аямайды.  Адамдардан  «өмірдің  мәні  не, 
қалай бақытқа жетем?» деп сұрасаңыз, әркімнен 
әртүрлі жауап естисіз. 
Бұл  жауаптардың  барлығы    орынды.  Дәлелдері  бар,  дұрыс 
айтылған дана сөздер сияқты болып көрінеді. Бірақ ақылға салып 
қарасақ,  егер  тек  ақша  бақытты  қылатын  болса,  онда  барлығы 
ғылым-білімді тастап, ақша табудың жолын ойлаcтырса (соңғы 
кезде  Бразилияда  жастар  бас  ауыртып  оқығаннан  гөрі  футбол-
ды  жақсы  үйреніп,  ақша  табуды    дұрыс  деп  санайды  екен.)  не 
болмақ. Адамдарда ақшаға табыну басталады ғой. Алайда, өмірде 
бай  адамдардың  да  басы  қатып,  ұрыс-керіске  белшеден  арала-
сып,  әртүрлі  ақшамен  шешілмейтін  машақаттарға  тап  болып, 
жатқанын көзіміз көріп жүр. Ақша көп мәселелерді шешкенімен, 
адамды бақытты қыла алмайды екен.
Егер билік адамды бақытты қылады десек, онда барлығымыз 
билікке  жүгіріп,  таласуымыз  керек  болады.  Себебі  бәріміз 
бақытты  болуға  құқығымыз  бар.  Бірақ  бәріміз  билікке  лайық 
емеспіз, әрі барлығы бастық болса, онда кім жай адам болады. 
Сауд Арабиясының  патшасынан Ресей журналисі «биліктің дәмі 
қандай?»  деп  сұрағанда,  ол  кісі:  «билік  алыстан  тәтті  көрінеді, 
бірақ  оған  жақындаған  сайын  ащы  бола  бастайды»  деп  жауап 
беріпті.
Өмірдің  мәні  –  қарапайым  адам  бола  білуде,  әрбір  сәттен 
ләззат алуда, талпыныс жасауда, әрбір нәрсенің байыбына жетіп 
қастерлеуде.  Бұл  негізінде  мынадай  деп  қадап,  пішіп,  кесіп, 
қатып қалатын нәрсе емес. Әр адам үшін әр түрлі. Мен үшін ең 
бастысы өміріңнің белгілі бер кезеңіне аяқ басқан сәтте артқа көз 
тастап, өткен өмірің үшін өкініш пен опық сезімі емес, керсінше 
кеудеңізде қуаныш пен қанағат сезімі орын алар болса – өмірдің 
мәні осы деп білемін. 
Мен,  1941  жылы  15  маусымда  Алматы  облысының  Жам-

Аманат
28
был ауданындағы Қастек ауылында дүниеге келдім. Алматы об-
лысы  Жамбыл  ауданы  Қарақастек  ауылындағы  орта  мектепті 
үздік  аяқтағаннан  кейін,  комсомолдық  жолдамамен  Аманкелді 
атындағы кеңшарда шопан болып еңбек жолын бастадым. 
Әл-Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық  университетінің  заң 
факультетін 1967 жылы үздік бітірдм. Университет басшылығы 
ғылымға  бейімділігімді  бағалап,  Республика  Ғылым  Ака-
демиясынан  филосоофия  және  құқық  институтына  ғылыми 
жұмыспен  айналысуға  қалдырды.  Ол  кезде  институт  директо-
ры, атақты ғалым-академик Салық Заманов аға еді. Ол кісі мені 
жылы  қабылдап,  ақыл  кеңесін  айтып,  институтқа  кіші  ғылыми 
қызметкер етіп қабылдады. Сол уақыттан бастап менің ғылымға 
жолым ашылды. ҚР Ғылым Академиясының корреспондент мү-
шесі,  профессор  Әбдуали  Ереновтің  басшылығымен  Қазақстан 
Республикасының  аграрлық-құқықтық  проблемасын  зерттеу-
ге  кірістік.  Осы  тақырып  бойынша  Ташкенттегі,  Ашхабаттағы, 
Душанбедегі,  Астрахан,  Омбы  қалаларындағы  мемлекеттік 
орталықтардан том, том тарихи құжаттар жинағына атсалыс тым. 
Осының  нәтижесінде  Ғылым  Академиясы  баспасынан  ғылы-
ми  еңбектер  шығарылды.  Ол  еңбектердің  авторы,  профессор, 
Ә. Еренов, профессор С. Байсалов, ғалым М.С. Сахипов болды. 
Одан кейін 1970 жылы СССР Ғылым Академиясының мемлекет 
және құқық институтына қылмыстық құқық мамандығы бойынша 
аспирантураға  жіберді.  Сол  жерде  1973  жылы  23  наурызда 
кондидаттық  диссертация  қорғадым.  Осы  уақытқа  бері  үнемі 
ғылыммен, студенттерге заң саласында білім берумен айналысып 
келемін. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті білім 
беріп, мені адам қатарына қосты. Осы университетте ұстаздық етіп, 
өзімнің азаматтық парызымды өтесем деген тілегім 1991 жылы 
орындалып,  заң  факультетіне  доценттік  қызметке  орналастым. 
Осы  уақытқа  дейін  ұстаздық  қызметті  Қарағанды  мемлекеттік 
университетінің  заң  факультетінде,  Қазақ  мемлекеттік  қыздар 
педагогикалық институтында атқарған едім. Өзімнің білім алған, 
тәрбие  алған  университетіме  келгеннен  бастап  үнемі  ғылыми 
жұмыстармен айналыстым, 1997 жылы осы әл-Фараби атындағы 
ҚазҰУ-нің  ғылыми  кеңесінде  докторлық  диссертация  қорғап, 
1998  жылы  профессор  атағын  алдым.  1998  жылы  Қылмыстық 

Аманат
29
құқық  кафедрасының  меңгерушісі  болып,  2008  жылы  кофедра 
профессорына ауыстым. 
Қазіргі жастарға айтар тілегіміз. Біздің Қазақстанның егеменді 
ел  болғанын  көріп,  қатты  қуандық,  арманымыз  орындалып, 
тәуелсіз ел болдық, қазақ деген халықты дүние жүзі таныды. Заң 
факультетінің  студенттері  тәуелсіздік  алғаннан  кейінгі  дүниеге 
келген  жастар.  Бұл  азаматтарға  ғылымды,  білімді  дамытуға 
ерекше үлес қосуға толық мүмкіндіктер жасалды. Университетте 
керемет бай кітапхана, компьютерлік техника, оқу залдары бар. 
Оқуға  қажетті  барлық  жағдайлар  жасалған.  Сонымен  бірге 
университетте  заң  саласында  тәжірибелі,  білікті  ұстаздар  дәріс 
береді. Студенттердің атақты заңгер ғылымдарымен, сот, тергеу, 
құқық  қорғау  органдары  қызметкерлерімен  кездесуі  өткізіліп 
тұрады.  Студенттердің  ғылыми  шығармашылық  еңбектерінің 
жарық  көрінуіне  қажетті  заң  басылымдары  Республикада 
жетерлік. Міне осы мүмкіндіктерді пайдаланып, студенттер заң 
саласындағы  ғылыми  ізденістермен  белсенді  шұғылданып,  өз 
білімдерін  биікке  көтерілуі  қажет.  Сондай-ақ  әрбір  студент  бос 
уақыттында  оқуды  тәжірибемен  үштастыруы  қажет.  Қоғамдық 
негізде сот, пракуратура, ішкі істер органдары қызметіне арласып, 
теориялық білімдерін биік деңгейге жетілдіруі қажет. 
Университетте  студент  жастарға  өз  білімдерін  жетілдіруге 
барлық мүмкіндіктер жасалғанын пайдалана білу керек. Қазір ең 
қажетті  100  кітапты  оқу  міндеті  әрбір  студентке  жіктелуде.  Ол 
кітаптардың  барлығы  біздің  университетте  жеткілікті,  осыны 
оқып білу, әрбір студенттердің өмірге деген көзқарасын ерекше 
сатыға көтеретінінде дау жоқ.
Мемлекетімізде латын алфавитіне көшу, үш тұғырлы тілдерді 
меңгеру  бастамалары  кең  қолданыс  табуда.  Қазіргі  студенттер 
осы  игі  бастамаларды  бүгіннен  бастап-ақ  қолға  алып,  уақыт 
өткізбей іске кіріскендері өте дұрыс. Көп тілді білу, көп салалы 
ғылым мен білімді игерудің айқын көзі. 
Заң  мамандығын  алған  студенттерді  ғылыми  кружокқа 
тартып, олардың баяндамаларын тыңдап, озық ойларын баспасөз 
беттерінде  жариялауға  ұсыныстар  жасап,  болашақ  заңгер 
ғылымдарды  ерте  бастан  анықтауымыз  дұрыс  сияқты.  Өйткені 
болашақ – бүгіннен басталады. 

Аманат
30
Сонымен  бірге  студенттерді  тәжірибелі  ғалым  ұстаздармен, 
сот, тергеу қызметкерлерімен кездестіріп, олардың өмірлік тәжіри-
белерімен  үлгі  алатын  жақтарында  ойлатырған  жөн  болар  еді. 
Жалпы  алғанда  болашақ  білімді,  әділ  заңгерлерді  дайындауға 
ұстаздар  қауымы  белсене  араласуы  керек.  Білімді  шәкірт  – 
университеттің  беделі,  болашағы.  Осыған  байланысты  біздің 
заң  факультетінің  профессор-оқытушылар  құрамы  осы  бағытта 
жұмылып еңбек етулерін жалғастыра берсе деген тілек білдіремін. 
Өткен  2012  жылы  Қазақстан  Республикасының  Президенті 
–  Ұлт  көшбасшысы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаетың  «Назар-
баев Университетіндегі Қазақстан білім қоғамы жолында» атты 
интерактивті дәрісін барлық жастар, студенттер, ұстаздар қауымы 
зор ықыласпен тыңдады. Бұл дәріс-тыңдаушылардың барлығына 
да  үлкен  серпін  беріп,  келешекке  деген  зор  сенімді  ұялатты, 
жастардың  болашағына  жол  ашты.  Дүниенің  кілті,  жетістіктің 
негізі  білім,  ғылым  екендігін  айғақтай  отырып,  Ел  Президенті 
жастарға, алдағы уақытта олардың атқаратын міндеттерін де са-
ралап берді.
Қазақстанның  өсіп-өркендеуінің  кілті  жастарда.  Ел  дамуы-
ның жаңа кезені мен тәуелсіздігіміздің үшінші он жылдығында 
білімді, тәрбиелі, өнегелі жастарды қалыптастыру тәуелсіз мем-
ле кетіміздің өркен жаюының негізі екндігін де Елбасы баса айт-
ты.  Президент  дәрісінде  елімізде  құқықтық  білімді,  құқықтық 
білімді, құқықтық сана мен тәрбиені, одан әрі өмір талабына сай 
жетілдіру қажеттілігі баса айтылды.
Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы демократия-
лық зайырлы, әлеуметтік, құқықтық мемлекет.
Құқықтық  мемлекеттің  негізі  атқаратын  қызметі  қоғамдық 
өмірдің барлық салаларын заң, әділетті құқық нормасымен рет-
ке келтіру, басқару, қызмет көрсету салаларында заң талаптарын 
басты басшылыққа ала отырып, адам, қоғам, мемлекет мүддесіне 
адал қызмет атқару болып табылады.
Өйткені,  құқықтық  норма-әділет  жолы,  адам,  қоғам,  мем-
лекет  мүддесінің  үйлестірушісі,  заңдылық  пен  демократияның 
даму  негізі.  Осыған  орай,  Президент  дәрісінде  Қазақстанның 
өркендеуі,  гүлденуі,  дүние  жүзінде  алдыңғы  қатарлы  мемлекет 
санатында  көрініу  үшін  құқықтық  сауаттылықты,  тәрбиені,  са-

Аманат
31
наны жетілдіру қажеттілігіне басты назар аударылғаны баршаға 
аян.  Еліміздің  әрбір  азаматы  өз  құқығын,  бостандықтарын, 
міндеттерін білуі тиіс, әрбір азамат құқық нормаларын, заңдылық 
талаптарын берік ұстануы керек. Сонда ғана мемлекетіміз саяси, 
экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан дамып, тәртіп нығаяды. 
Құқықтық  сана,  құқықтық  мәдениет  және  құқықтық  тәрбие 
әрбір азаматтың қалыптасуының, өсіп-жетілуінің басты қағида-
сына айналуы тиіс.
Құқықтық  сана  дегеніміз-тұлғаның  қолданыстағы  немесе 
қабылданатын  құқық  нормаларына  деген  көзқарастары  мен  се-
зімдерінен,  оларға  тиісінше  баға  беру  мүмкіндіктерінің  жиын-
тығы болып табылады.
Бұдан құқықтық сананың негізінен құқықтық психология және 
идея жиынтығынан құралатынын көреміз. Құқықтық психо логия 
қолданыстағы  құқық  нормаларын  жетілдіруге,  жаңа  құқық тық 
нормаларды  қабылдау  қажеттілігінің  денгейін,  сезімін  білдірсе, 
құқықтық  идея  құқықтық  сананың  өз  дәрежесіне  көтерілуінің 
нәтижесінде адам, қоғам, мемлекет мүддесі үшін қажетті құқық 
нормаларының қабылдану қажеттілігін білдіреді.
Құқықтық  сана  сезімнің  басты  мақсаты-адам,  азамат,  қоғам 
мүддесіне сәйкес келетін, олардың мүдделерін қанағаттандыратын 
құқықтық нормаларды ортақ игілік үшін қабылдау қажеттілігінің 
негізгі  бастамашысы  болып  табылатындығында.  Құқықтық 
мәдениет  боса  құқық  нормаларын  білу,  толық  түсіну,  оларды 
басшылыққа  ала  отырып  адамзаттың  ортақ  мүддесіне  қызмет 
істеуді білдіреді.
Құқықтық  мәдениет  құқықтық  сана  сезіммен  тығыз  бай-
ланысты  және  содан  негіз  алып  дамиды,  жетіледі.  Субъектінің 
өзінін іс-әрекетінде құқық нормаларын басшылыққа алуы оның 
құқықтық мәдениеттінің ерекшелігін, дәрежесін білдіреді.
Құқықтық  тәрбие-қоғам  мүшелерінің  құқықтық  санасы  мен 
құқықтық  мәдениетін  қалыптастырудағы  мемлекеттік  органдар 
мен  қоғамдық  ұйымдардың  іс-әрекетінің  көрінісі  болып  табы-
лады. Мемлекет неғұрлым құқықтық тәрбиеге ерекше мән бер-
се  –  құқықтық  сана,  құқықтық  мәдениет,  құқықтық  білім  биік 
дәрежеден  көрініс  табады.  Өйткені  құқықтық  сана,  мәдениет, 
құқықтық ғылым – тәртіптің қайнар көзі, бастауы.

Аманат
32
Тәртіп  барлық  жетістіктердің  қайнар  көзі,  негізі  Прези-
дент дәрісіндегі осы айтылған идеяларды жүзеге асыру үшін не 
істеуіміз керек деген сұрақ тұындайды. Ол үшін – отбасында, бала 
бақшада,  орта  мектепте,  жоғарғы  оқу  орындарында  құқықтық 
тәрбие, білім беруді заман талабына сай жетілдіру қажет. Әрбір 
отбасы бала тәрбиесінде дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының тиімді 
жақтарын ұрпақтар санасына сіңіріп, оларды заңды құрметтеуге, 
әділеттілікке,  туращылдық  жолға  түсетіндей  етіп  тәрбиелеуі 
қажет.
Балабақшаларда  еліміздің  Ата  Заңы  Конституцияда  көрсе-
тілген – адамның, азаматтың басты құндылықтары – құқықтары 
мен бостандықтары туралы айқындалған түсініктердің мазмұнын 
мемлекеттің,  мемлекетіміздің  рәміздерін  маңызын,  мемлекеттік 
құрылысының негізгі ұғымдарын түсіндіру қажет. Орта мектепте 
оқылатын  құқық  негіздері  пәнін  қайта  сапалы  түрде  дайындап, 
Қазақстанның  негізгі  заңы  Конституциясына  негіздеп  шығару 
керек, осы пәнге бөлінген сағат санын көбейтіп, бір жүктемеге 
толтырып,  дәріс  беретін  пән  мұғалімінің  арнаулы  заң  білімі 
болуына  талап  қойған  жөн.  Өйткені,  білім  сапасы  ұстаздың 
мамандығына, білгірлігіне тікелей байланысты. 
Жоғарғы  оқу  орындарында  қазіргі  кезде  «Мемлекет  және 
құқық  негіздері  пәні  балама  пән  ретінде  оқытылады.  Яғни, 
студенттердің  қалау  бойынша  оқу  жоспарына  енгізіледі.  Бұл 
дұрыс  емес.  Мемлекет  және  құқық  негіздері  пәні  барлық 
жоғары оқу орындарының оқу бағдарламасында міндетті түрде 
оқытылатын  пән  болуы  қажет.  Президент  дәрісінде,  сондай-ақ, 
Президенттің  жалпыға  бірдей  еңбек  қоғамның  20  қағидалары 
атты мақаласында да құқық негіздері оқулығын даярлау, жоғарғы 
білімді  оқу  орындарын  бітірген  жастардың  құқықтық  білімді 
меңгеру қажеттілігі нақты көрсетілген. Осыған, орай осы аталған 
пән  бойынша  жаңа  оқулық  дайындау  қажеттілігі  өзінен-өзі 
туындап отыр. Құқықтық білімді жетілдіру саласында бұқаралық 
ақпарат құралдарының маңызы да ерекше. Осыған орай құқықтық 
сауаттылықты  насихаттайтын  арнаулы  телехабар  арнасы  да 
қажет. Бұқаралық ақпарат саласында құқықтық насихат, тәрбие 
беру мен жұмыс істейтін журналистердің құқықтық білі болғаны 
жөн.  Осыған  орай  университеттерде  журналист  кадрларын 

Аманат
даярлайтын  факультеттерде  –  құқықтық  журналистика  деген 
мамандық  ашып,  болашақ  журналистерге  заң  мамандығы 
бойынша  қосымша  пәндерді  оқытуды  енгізіп,  сауатты,  білімді 
журналист – заңгерлерді дайындауды жүзеге асырған дұрыс болар 
еді, өркениетті елдердің журналистерінің құқықтық сауаттылығы 
осындай талаптарға негізделген. 
Құқықтық  білімді,  сананы,  тәрбиені  жетілдіру  –  кең  байтақ 
Қазақстанның  барлық  жерінде  үздіксіз,  біркелкі,  биік  дәрежеде 
жүзеге асырылуы керек. 
Білім  берудің  негізгі  көзі  –  білікті  ұстаз  екені  ақиқат  және 
осыған  орай  заң  оқу  орындарында  ұстаздық  қызметке  алғанда 
ең алдымен олардың өзі оқытатын пәннің шын мәніндегі білгері 
екендігі  сот,  тергеу,  құқық  қорғау  қызметіндегі  тәжірибесі, 
болашақ  заңгерлерді  әділеттілікке  тәрбиелейтін  өзіндік  адами 
қасиеттері, дәріс берудегі шешендік ерекшеліктері басты назарға 
алынуы  керек.  Оқытушыларды  конкурстық  қызметке  алғанда 
оларды ең алдымен студенттерге дәріс оқытып, білім деңгейі ту-
ралы студенттердің де пікірі басшылыққа алынғаны жөн. Өйткені 
қазір  ғылыми  дәрежесі  барлар  көп,  ал  студенттерге  дәріс  беру, 
шынайы ұстаз болу өте жауапты іс. Жоғары білімді заңгерлердің 
білім  саласы  тиісті  дәрежеде  болса,  мемлекетімізде  заңдылық 
пен құқық тәртібі де биік деңгейде болады заңдылық пен құқық 
тәртібі  биік  деңгейде  болады.  Сонда  ғана  біз  алдыңғы  қатарлы 
30-мемлекеттің қатарында боламыз.

Аманат
34
ӘБДІЛДИН  
Мейірхан Мүбәракұлы
(1938-2012)
Физика-математика  
ғылымдарының докторы, 
профессор, 
ҚР ҰҒА академигі
1938  жылы  16  наурызда  Алтай  өлкесі,  Троицк  ауданында, 
Зигаиново  ауылында  дүниеге  келген.  1959  жылы  С.М.  Киров 
атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің физика факультетін 
бітірген.
Еңбек жолы: ҚазКСР ҒА Ядролық физика институтында инже-
нер-лаборант; А.А. Жданов атындағы Ленинград университетінің 
аспиранты  (1961-1965  жж.),  кіші  ғылыми  қызметкер  (1966  ж.); 
ҚазКСР ҒА Астрофизика институтының аға ғылыми қызметкері 
(1967-1979 жж.). 1966 ж. физика-математика ғылымдарының кан-
дидаты дәрежесін алу үшін диссертация қорғады, 1985 жылы – 
«Теориялық және математикалық физика» мамандығы бойынша 
докторлық диссертация қорғады.
1970 жылдан бастап, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жұмыс 
істейді. 1970-1981 жж. және 1986 жылдан теориялық физика ка-
фе драсының меңгерушісі. 1988-1991 жылдары ҚазМУ ректоры.
«Қазақстан Республикасы ғылымының дамуына қосқан үлесі 
үшін» төс белгісімен, мерейтойлық медальмен, жаратылыстану-
техникалық  ғылымдар  саласындағы  іргелі  зерттеулері  үшін 
«2001  жылғы  үздік  ғылыми-зерттеу  жұмыстары  үшін»  дипло-
мымен,  ғылым  мен  мәдениеттің  дамуына  қосқан  үлесі  үшін 
Халықаралық шығармашылық академиясының Құрмет белгісімен 
марапатталған.
2003 жылдың қазан айында ҚР Ұлттық Ғылым академиясы-
ның академигі болып сайланды.

Аманат
35
ӨЗІНДІК ОЙМЕН ӨРНЕКТЕЛГЕН  
ӨМІР СЫРЫ
Б
іздің  ата-мекеніміз  Павлодар  облысының 
Май  ауданы.  1928  жылғы  ұлы  конфис
-
кацияның  және  одан  кейінгі  1932  жылғы 
аштық  кезінде  біздің  отбасы  Ресейді  паналаған. 
Осы Ресейде, Алтай өлкесі, Троицк ауданының, За-
гайново  деген  селосында  1938  жылы  16  наурызда 
мен дүниеге келіппін.
Әкемнің  айтуына  қарағанда  менің  атам  Әбілдә  біздің 
тұқымдағы ең белгілі адам болған екен және біздің тұқымдағы 
алғырлық,  тілге  бейімділік  осы  атамыздан  тараған  болуы  ке-
рек.  Бұл  кісі  1933  жылы  56  жасында  дүние  салған  екен.  Ата-
мызды  көрмесек  те  біздер  әкемнің  әкесіне  деген  сонша  үлкен 
сүйіспеншілігін көріп, естіп өстік және атамызды жақсы көріп, 
мақтаныш тұтатынбыз.
Атамыздын өмірінен бір жәйт айтайын. Атамыз он үшке кел-
генде үйленемін дегенді шығарады. Оған біздің арғы атамыз Арал-
бай,  яғни  әкесі:  «шырғым,  біраз  толастай  тұр,  шаруашылықты 
аз-да  болса  жөндейік»  –  дейді.  Соған  атамыз  өкпелеп,  үйден 
кетіп,Ресейден  бірақ  шығады.  Әуелде  темір  жол  салып  жатқан 
жұмысшыларға  қосылады,содан  кейін  Емельянов  деген  орыс 
көпесінің  атқосшысы  болады  және  көпеске  ұнайды.  Ұнағаны 
соншалықты,  көпес  бұл  балаға  орысша  хат  тануына,тіпті  еп-
теп білім алуына көмектеседі. Ешкімі жоқ жетім баладан өзіне 
берілген көмекші дайындамақ екен. Не керек, біздің тұқымдағы 
кейбір батылдық, өзінше жол іздеу қасиеті осы атамыздан болуы 
керек.
1944  жылы,  алты  жасымда,  мені  мектепке  берді.  Ол  кезде 
мектепке негізі 8 жастан алушы еді. Бұл жағдайдың өзінше сыры 
бар. Ол менің тентектігім. Расында, бұл кез соғыс жылдары еді. 
Мен  бес-алты  жасар  бала  екенмін,  ішім  пысып,  үйде  асық  ой-
нап, үйдің терезелерін сындырып қояды екенмін. Соғыс кезінде, 

Аманат
36
әсіресе қыс кезінде терезенің шынысын табу бұл бір қиын жағдай 
болатын.  Сондықтан,  не  керек,  әке-шешем  (Мүбарак,  Бағытай)
мені  мектепке  беріп  құтылады.  Соның  арқасында  мен  бірінші 
және екінші кластарды қалай оқығаным туралы еш нәрсе есімде 
қалмады.  Мен  тек,  Май  ауданының  Қазақстан  орта  мектебінің 
үшінші класының оқушысы болғаным ғана есімде. Сондықтан да 
Кеңес өкіметінде баланы бірінші класқа 8 жастан алғаны дұрыс 
па деп ойлаймын.
Осы мектепте мен 3 кластан 8 класқа дейін оқыдым және ең 
үздік оқушы болмасам да, әр уақытта үздік үш оқушының ішіне 
енетінмін. Бұл жағдайдың өзінше сыры болатын. Әкеміздің бар 
арманы:  балаларым  жақсы  оқыса  дейтін.  Өзі  Май  ауданының 
қырдағы малының мал дәрігері болатын. Айына үйге екі-үш күнге 
ғана  келуге  уақыты  болатын.  Сонда  бірінші  сұрайтыныбіздің 
оқуымыз  жайында  болатын.  Сондықтан  әкемізді  ренжітпейік 
деп біз жақсы оқуға тырысатынбыз. Анамыз да әкеміздің беделін 
жоғары  ұстауға  тырысатын  еді.  Әкеміз  анамызға:  «оқу  деген 
балаларға үлкен  сын,  үлкен  жұмыс. Бұлар  болса жақсы оқиды. 
Сол  себептен,  сен  балаларды  анау  мынау  үйдің  жұмыстарына 
жұмсай берме. Үй жұмысы, мал жағдайы бұл екеуміздің ісіміз. Ба-
лалар дем алсын»  дейтін. Осы сөзді жақсы ұғып алған мен, оқуды 
жақсы оқуға тырысып, қалған жағдайларда үй шаруашылығымен 
айналыспай,  көп  бос  жүргенді  ұнататынмын.  Біздің  ауылдың 
алды өзен мен тоғай болатын, сондықтан мен үшін бос уақыт ау-
адай қажет болатын.
Анамыз  болса  оқымаған  адам  еді.  Сондықтан  да  біздің 
оқуымызға мүлде басқаша қарайтын. Бұл кісінің ойынша, миды 
шірітіп  кітап  оқығанша,  үйде  пайдасын  тигізген  дұрыс  дейтін. 
Бірақ  мен  шіркін,  әкемнің  айтқаны  есімде  және  әжемнің  бауы-
рында тәрбиеленген ерке едім де, анамызды онша тыңдамайтын 
едім. Біздің анамыз жақсы әнші болатын. Қыс кезінде, кеште, маз-
дап жанған пештің алдында отырып ән салатын. Мен бұлардың 
әніне киіп кетіп, кейде бұзып, сөгіс еститінмін.
Қазір  жас  ұлғайып,63-ке  келгенде,  кеште  болса,  қайран 
анамның  маған  дауысы  мен  әнін  сыйлағанына  рахмет  айтқым 
келеді.

Аманат
37
Анамыздың  тағы  да  бір  қасиетін  айтайын.  Бұл  кісіде  көре 
алмаушылық  жоқ  еді,  біреудің  қуанышына  қуана  білетін.  Осы 
қасиеттерін  де  ағамыз  екеумізге  берген  сияқты.  Ғылымда  жа-
рыс, бақ сынау кездесіп тұрады. Осы жағдайда адам жеңіске ие 
болу үшін көре алмаушылықтан аулақ болуы керек. Әке-шешеміз 
қиындыққа төзе де және жеңе де білетін адамдар еді. Екі баласын 
да осы жолда тәрбиелеуге тырысты.
1952 жылы мен Май ауданы Қазақстан орта мектебінің 8 кла-
сын  бітірдім.  Жазда  ауылға  С.М.  Киров  атындағы  ҚазМУдың 
философия  факультетінің  3  курс  студенті  ағам  Жабайхан 
демалысқа  келді.  Келе  ол  менен:  «Кім  болғың  келеді?»    деп 
сұрады. Мен оқуды жақсы оқушы едім, сондықтан, әжептеуір бо-
лып маңғазданып: «Мен ақын немесе тарихшы болғым келеді» 
-деп, өзімнің жазған кейбір өлеңдерімді көрсеттім. Бір мезгілде 
ойламаған жерден: «Ой, боқмұрын, сенің мына жазған өлеңдерің 
түкке тұрмайды. Ақын боламын, тарихшы боламын деу сандырақ. 
Біле білсең: ғылымның тұзы физика, қалғандары нөл»- деп, менің 
быт-шытымды  шығарды.  Әкем  болса  осы  үлкен  ұлын  жақтап, 
Мейірхан, бос сөзді қойып, физик болу керек деп ағам екеуі шешім 
қабылдады. Бұл бұл ма, мені өзімнің үйреншікті мектебімнен ай-
ырып,  мұғалімдері  жақсы  деп,  Ертістің  арғы  жағындағы  басқа 
аудандағы он жылдық мектепке жіберетін болды.
Мен үшін бұл бір үлкен пәле болды. Себебі мен оқу озаты бол-
сам да, менің ең жек көретін қорқақтау соғатын сабақтарым осы 
физика мен математика болатын да, ал жақсы көретін сабақтарым 
әдебиет,  тарих  және  география  болатын.Амал  не,  ағамызыдың 
жасаған  зорлығына  көнуге  тура  келді.  Үйде  Жабайханның 
беделі  өте  жоғары  болатын.  Бұған  кейбір  негіздер  болушы  еді: 
Бірінші  –  бұл  жігіт,  мен  ес  білгелі  бастық  болып  жүретін:  оқу 
комитетінің бастығы және т.б., ал мен жазғанды класс бастығы 
етіп те сайламайтын. Екінші – менің ағам асықты жақсы ойнай-
тын  мерген  еді.  Ауыл  балалары  өте  сыйлайтын.  Үшінші  –  бұл 
жігіт  біздің  колхоздағы,  аудандағы,  тіпті  облыстағы  ең  жүйрік 
деген  аттарға  мініп,  бәйгелерге  шауып  еді.  Осы  жағдайларға 
ауылдағы  балалар  қызығатын.  Не  керек,  осының  бәрі  менің 
ағамды  ерекше  қылып  көрсететін.  Керісінше,  мен  болсам 

Аманат
38
балық  аулағанды,  ит  асырағанды,  карта  ойнағанды,  тіпті  ауыл 
балаларының арасындағы көпшілік шатақтарға араласатын жан 
едім.  Сөйтіп  мен  1952  жылдың  күзінде  Павлодар  облысының 
Лебяжі  ауданындағы  Қызыл  әскер  онжылдық  мектебінің  9 
класс  оқушысы  болып  шыға  келдім.  Әкемнің  қарындасы  апам 
Балшекердің  қолында  тұрдым.  Бұл  үйде  жиырма  шақты  жан 
тұратын.  Оқу  оқуға  мүмкіншілік  аз  болатын  еді.  Сондықтан 
мен ауызша сабақтарды дайындау үшін кітаптарымды алып мал 
қораға баратынмын. Барлық сабақтарымды оқып, оны шөп жеп 
тұрған сиырларға дауыстап айтып беретінмін. Менің бұл әдісімнің 
баяғы кезде, көне ғасырларда Демосфеннің ашқанын мен ол кез-
де  білмеуші  едім.  Физика  мен  математиканың  есептерін  түнде 
дайындайтынмын және шығармасам ұйықтамаймын деп, өзімді 
өзім  жігерлендіретінмін.  Осының  арқасында  мен  бірте-бірте 
класстың ең үздік оқушыларының бірі болдым. Шынымды толық 
айтсам, физика мен математикадағы жетістіктерімнің тағы да бір 
себепшісі бар еді: ол менің физика мен математика сабақтарының 
мұғалімі  Нұрмағамбетов  Зүпар  болатын.  Бұл  кісі  өте  дарынды, 
жаңалықшыл және өте қатты талап ететін мұғалім еді. Осы кісінің 
басшылығымен «Евклидті емес геометрия» деген қабырға газетін 
шығаратынбыз. Қазір қарасам оқушылар да, мұғалімнің өзіде ол 
кезде евклидті емес геометрияны қайдан білсін, бірақта балалар-
ды осындай жоғары ұғымға итермелеу дұрыста екен. Бір қызығы 
– менің бүкіл болашақ өмірім осы евклидтік емес геометрияның 
бір түрі – риман геометриясымен байланысты болды. Қазір менің 
осы оқытушым Көкшетауда тұрады.
Оныншы класта балалардың алды болып, ең қызығы әлгі фи-
зика  мен  математика  ұнайтын  болды,  тіпті  ММУ  не  ҚазМУдің 
физика  не  математика  факультетіне  түссем  деген  ойда  келетін 
болды.
Арада  уақыт  өтіп  1954  жылдың  1  қыркүйегінде  ҚазМУдің 
физика-  матматика  факультетінің  физика  бөліміне  түстім.  Мен 
16 жаста болатынмын. Мектептің физикасы мен математикасын 
толық білгендіктен бірден курстастарымның алды болып кеттім.
Өзімнің  бірінші  курстық  жұмысымды  мен  3  курста  өз 
тақырыбыма  жазған  едім.  Жұмыстың  аты  «Дербес  туын-

Аманат
39
дылы  дифференциалдық  теңдеуді  канондық  түрге  келтіру». 
Бұл  жұмысты  менің  оқытушыларым  ҚазССР  ҒА  академигі 
К.П.Персидскийге көрсету керек деп ұйғарды. Менің жұмысымды 
көріп  шығып  осы  академиктің  маған  айтқаны:  «Бала  жақсы 
есептейді  екенсің,  бірақ  сенің  жұмысың,  есебің  тіпті  сонау 
30  жылдардың  басында,  сен  тумай  тұрыпКСРО  ҒА  академигі  
Г.И. Петровскиймен жасалған, шешілген. Ол кісі ММУдің ректо-
ры. Ренжіме,мұндай жағдайлар болып тұрады. Сен физика бөлімін 
тастап  математика  бөліміне  ауыс.  Н.Н.Лобочевскийден  қалған 
бірнеше интеграл бар, соның бірімен шұғылдан». Теориялық фи-
зика кафедрасының меңгерушісі доцент Н.М. Петрова керісінше 
кеңес берді. «Ешқайда ауыспа, болашақ теориялық физика мама-
нына математика өте қажет» дегені. Сонымен мен осы теориялық 
физика кафедрасында қала бердім.
5  курстағы  дипломдық  жұмыстың  тақырыбын  осы  Н.М. 
Петровадан  алдым.  Бұл  кісі  КСРО  ҒА  академигі  В.А.  Фоктың 
оқушысы  болатын.  Тақырыптың  аты:  «Орталық  симметрия-
лы өз өсінен айналып тұрған дененің гравитациялық өрісіндегі 
қозғалыс».  Бұл  тақырыптың  шығуының  өзінше  бір  тарихы 
бар. 1957 жылы «Доклады АН СССР» деген орталық журналда 
Г.В.  Скроцкийдің  «Өз  өсінен  айналып  тұрған  дененің  ауырлық 
күшіөрісінің жарықтың таралуына әсері» деген мақаласы шықты. 
Бұл мақаланы шығару үшін редакцияға жолдама берген Академик 
В.А. Фок. Н.М.Петрова маған ең әуелі осы жұмыспен танысыңыз 
деді.  Кейін  осы  таныстықтан  жоғары  айтылған  дипломдық 
жұмыстың тақырыбы шықты. Біздің есебімізде жарықтың орны-
на массасы бар материалдық нүктенің қозғалысын зерттеу керек 
болды.  Мен  бұл  есепті  төтенше,  өте  қысқа  жолмен  –  Гамель-
тон-Якоби теңдеуін пайдаланып шешпек болдым. Бізден бұрын 
осы  теңдеу  Шварцшильдің  «Материялық  нүктенің  орталық 
дененің  гравитациялық  өрісіндегі  қозғалысы»  деген  есебінде 
пайдаланылған.  Біздің  есебімізде  осы  орталық  дене  өз  өсімен 
айналады.  Бұндай  есеп  жаңа  және  қызық  та  еді.  Жолымыз  бо-
лып  осы  есепті  шештік.  Гамильтон-Якоби  теңдеуіне  айныма-
лыларды  ажырату  әдісін  пайдаландық.  Осы  кезде  қуанғаным-
ай!  Менің  қуанышымды  ғылыми  жетекшім  Н.М.Петрова  және 

Аманат
40
дипломдық жұмсымның рецензенті ҚазССР ҒА астрофизикалық 
институтының  директорының  орынбасары  профессор  Г.М.  Ид-
лис те бөлісті. Не керек, дипломдық жұмысты беске қорғадым. 
Оның үстіне ҚазССР ҒА астрофизикалық институтының дирек-
торы, КСРО ҒА академигі В.Г. Фесенковқа аспирантураға түсуге 
жолдама  алдым.  Алда  физикадан  мемлекеттік  емтихан  қалған. 
Бұл  1959  жылдың  мамыр  айы  еді.  Осы  кезде  кенеттен  мен  бір 
пәлеге  ұшырадым.  Мені  ұлтшыл  деп  айыпқа  тартты.  Істің  мән 
жайы былай. 1958 жылы күзде менімен жатақханада бірге жатқан 
қазақбаласы  жасы  үлкен,  бірақ  менімен  бірге  оқитын  орыс  ба-
ласымен  айтысып  қалады.  Айтыстың  басы  орыс  баласының: 
«Қазақтардың  физикаға  таланты  жоқ»  деген  сөзінен  шығады. 
Айтыс  қызады,  басқа  студентер  де  жиналады.  «Желсіз  шөптің 
басы  қимылдамайды»  дегендей,  орыс  баласының  солай  айтып 
отырғаны,  бізде,  физика  бөлімінде,  жоғарғы  курстарда  қазақ 
балаларының саны өте аз болатын.Бірінші курсқа қабылдайтын 
барлық баланың саны 75 болса, оның ішінде тек оны ғана қазақ 
еді.
Меніңше бұның себебі мынада болуы керек. Ол кезде физи-
ка-математика факультетінің физика бөлімі тек орысша болатын, 
қазақ бөлімі болмайтын. Оқуға түсерде біз сегіз емтихан тапсы-
ратынбыз. Оның үшеуі орыс тілі – әдебиет, тіл, шығарма. Орыс, 
қазақ деп бөлінбейтін. Сондықтан, қазақ ауылдарынан, қазақша 
мектеп бітіріп келген біз сияқты балаларға орыс тілінен үш ем-
тихан  тапсырып,  орыс  балаларымен  конкурсқа  түсу  өте  ауыр 
да, әділетсіз де жағдай болатын. Оны ойламайтын орыс баласы 
жазған  қазақтарды  физикаға  таланттары  жоқ  деп  айыптайды.
Айтыс  қызады.  Бір  мезгілде  қазақ  баласы  өз  бөлмемде  тып-
тыныш  ұйықтап  жатқан  мені  оятып,  қоярда-қоймай,  дедектетіп 
айтыс болып жатқан жерге алып келсін. Менде бұл айтысқа бел-
сене  кірістім,  бір  мезгілде,  қызып  алғаным  ғой,  біздегі  оқуға 
түсер  алдындағы  алатын  емтихандар  тәртібі  дұрыс  емес,  әділ 
емес, бұндай бостандық – буржуазиялы бостандық деппін. Тағы 
да  біраз  нәрселер  айтқаным  болуы  керек,  әйтеуір  осы  әңгімені 
мемлекеттік  қауіпсіздік  комитетіне  жеткізеді.  Бұлар  менің  сыр-
тымнан  тоғыз  айдай  бақылау  жасаған  көрінеді.  Әйтеуір,  құдай 

Аманат
41
сақтап,  басқа  мұндай  әңгіме  болмағанға  ұқсайды.  Екінші  бір 
жақсы  болғаны,  бұдан  біраз  жылдар  бұрын  КОКП-ның  20-шы 
съезінен  кейін,  19-ға  дейінгі  жастарды  саяси  мәселелерге  бай-
ланысты түрмеге жабуға болмайды деген өкіметтің қаулысы бар 
екен. Сөйтіп, не керек, менің жеке мәселем курстың кеңейтілген 
комсомол  жиналысында  қаралатын  болды.  Бұл  жиналысқа 
қауіпсіздік комитетінің адамдары да қатынасты. Үлкен жиналыс 
болды, студенттер қыза-қыза сөйледі, соңында не керек, тамаша 
орыс  достарым  –  С.П.  Пивоваровтың,  Э.Я.  Вильковискийдің, 
Е.М. Якушевтің, т.б. студенттердің арқасында бұл жиналыс мен 
үшін дұрыс бітті.
Бірақ,  жиналыстан  кейінгі  жағдайдамен  біраз  опық  жедім. 
Бірінші – маған: «Жолдас Абдильдиннен 5-курста оқыған кезінде 
ұлтшылдық байқалды.Бұл жағдай 5-курстың комсомол жиналы-
сында қаралды» деп мінездеме берілді. Екінші – қызыл диплом-
нан айырылдым. Жоғарыда айттым ғой дипломдық жұмысты бес-
ке қорғап, алда физикадан мемлекеттік емтихан ғана қалған деп. 
Дәл осы екі арада әлгі ұлтшыл деген пәле басталды, қайта-қайта 
қауіпсіздік комитетіне шақырады, «байтал түгіл бас қайғы» – де-
гендей, емтиханға дайындалуға мүмкіншілік болмады. Басқа топ-
пен тапсырайын деп рұқсат сұрап көріп едім, ешкім тыңдамады, 
не  керек,  дайындалмай  физикадан  болатын  мемлекеттік 
емтиханға баруға тура келді. Емтихан билеттерінде үш сұрақ бар: 
біреуі – теориялық физикадан, екіншісі – атомдық физикадан, ал 
үшіншісі – ядролық физикадан. Жауап бердім.Теориялық физика-
дан (кафедра меңгерушісі доцент Н.М. Петрова) – бес, атомдық 
физикадан (каедра меңгерушісі доцент П.П.  Полатбеков)  – бес, 
ал ядролық физикадан (кафедра мңгеруші профессор В.В. Чер-
дынцев)  –  үш.  Бұл  профессор  мен  жауап  берген  кезде:  «Саған 
орыстар  не  істеді»  -  деп,  маған  тап-тап  берді.  Ақыры  не  керек 
жалпыбаға төрт болып, менің бес жылғы оқуым далаға кетті де, 
мен  қызыл  дипломсыз  қалдым.  Үшінші  –  жоғарыда  айтқандай 
мені  аспирантураға  қалдырған,  енді  осының  бәрін  жойып,  мен 
Краснояр өлкесіне үш жылға бір мектепке мұғалім болып бара-
тын болдым. Көнбеуге шама жоқ, бұның бәрінің осылай тыныш 
біткеніне шүкіршілік қылып жүрмін.

Сабынды-коль. Летняя физическая школа ПГУ. С профессором МГУ 
В. Денисовым и профессором С. Тлеукеновым
Ученый совет физического факультета, посвященный 70-летию 
академика М.М. Абдильдина

С академиками: Н. Блиевым, М. Журиновым, К. Касымовым 
и  Г. Уалиевым
70-летие М.М. Абдильдина 

Аманат
42
Бір күні, ҚазССР ҒА академигі, біздің ҚазМУ-дың ректоры 
Т.Д. Дарқанбаевқа кірдім. Керемет жақсы адам екен: «Айналайын, 
бұл  саяси  нәрседен  арылып  шықпасан,  ертең  алдыңан  шығады 
да тұрады» – деп, маған қалалық партия комитетіне, тіпті болма-
са облыстық партия комитетіне бар деп, өзі сол жақтарға теле-
фон соға бастады. Әйтеуір не керек, біраз уақыттан кейін, Т.Д. 
Дарқанбаевтың арқасында ҚазССР ҒА ядролық институтына кіші 
ғылыми қызметкер болып баратын болдым.Бұл жерде, тағы да бір 
қол ұшын берген адам бар – ол ядролық институт директорының 
орынбасары, кейін ҚазССР ҒА мүше-корреспонденті болған, тама-
ша ғалым, жақсы адам Д.К. Каипов. Осы ағай радиоактивтік сәуле 
шығару лабораториясының меңгерушісі еді. Осы лабораторияға 
ең  алғаш  жұмысқа  келдім.  Бір-екі  айдан  кейін  мені  Каипов  
Д.К.  Ленинградтағы  КСРО  ҒА  А.Ф.  Иоффе    атындағы  физика-
техника институтына ұзақ командировкаға жіберді. Бұл институт 
Кеңес Одағының ҒА ең бір таңдаулы институты еді. Мұнда за-
манында В.А. Фок, Л.Д. Ландау, П.Л. Капица, Н.Н. Семенов т.б. 
данышпан ғалымдар жұмыс істеген. Менің келген бөлімім – ядро 
теориясы  бөлімі  болатын,  оның  бастығы  профессор  Л.А.  Слив 
еді. Ол өзі бір жуас, адамға жаны ашитын тәуір адам. Келе сала 
физиктерге тән «Ландау минимумы» дегенді тапсыра бастадым. 
Бірте-бірте Ландаудың барлық томдарын тапсырып, 1961 жылдың 
1 қыркүйегінен аспирантураға түстім де, ғылыми жетекшім про-
фессор Л.А. Слив болып тағайындалды. Менің диссертациялық 
жұмысымның  тақырыбы  «Ядродағы  нуклондардың  арасыдағы 
қалдық  күштердің  маңызын  зерттеу»  болып  бекітілді.  Бұл  кез-
де  мен  23  жастамын.  Менің  құрдастарым  әлі  институт  бітіріп 
жатқан,  мен  болсам  Ленинградта,  атақты  физтехте  екі  жыл 
жұмыс  жасап  үлгердім.  Жағдайым  сондай  жақсы  сияқты  еді.
Аяқ астынан тағы бір пәлеге ұшырадым. Істің мәні былай. Мен 
айттым  ғой:  Ленинградта  екі  жыл  жұмыс  істеп  үлгердім  деп. 
Осы  кезде,  бос  уақыт  көп  болған  соң,  мен  өзімнің  дипломдық 
жұмысымды ары қарай жалғастырайын. Осы жалғастыру кезінде 
менің басыма екі идея келсін. Бұл екі идея менің бүкіл ғылыми 
өмірімнің арқауы болды. Бірінші идея – Эйнштейннің жалпы са-
лыстырмалы теориясын (ЖСТ) Күн системасынаның космогони-

Аманат
43
ясына  қолдану.  Менің  ойымша  Күн  системасындағы  Кеплердің 
үш заңы Ньютонның гравитациялық теориясымен түсіндіріледі, 
ал  Күн  системасындағы  күрделі  заңдылықтарды  Эйнштейннің 
гравитациялық  теориясымен,  басқа  сөзбен  айтқанда  ЖСТмен 
түсіндіру керек деген идея. Екінші идея – бұл гравимагнетизм. 
Белгілі  ғалымдар  Блэкет  пен  Вильсонның  аспан  денелерінің 
магнтизмі туралы айтқан гипотезаларын қарастыра отырып және 
осы  мәселе  туралы  айтқан  Эйнштейннің  кейбір  пікірлерін  еске 
түсіре  отырып  маған  мынандай  ой  келді.  ЭйнштейнніңЖСТ 
бойынша:  егер  гравитациялық  өріс  уақыт  бойынша  өзгеретін 
болса, онда құйынды гравитациялық өріс пайда болады. Менің 
ойымша  бұл  олай  емес.  Егер  гравитациялық  өріс  уақыт  бой-
ынша  өзгеретін  болса,  онда  магниттік  өріс  пайда  болу  керек. 
Расында  біз  электродинамикадан  көреміз:  электр  өрісі  уақыт 
бойнынша өзгерсе онда құйынды магниттік өріс пайда болады. 
Кванттық механикадада осындай болу керек. Меніңшемагниттік 
өріс  ерекше  қасиеті  бар  өріс.  Электр  өрісінің,  ядролық  өрістің, 
гравитациялық өрістің өзінше жекеленген зарядтары бар, ал маг-
нит өрісінің жекешеленген магнит заряды жоқ. Магнит өрісі басқа 
өрістердің уақыт бойынша өзгергенінде туатын ерекшеқосымша 
өріс.  Осы  идеяға  сүйене  отырып,  мен  айдың  магнит  өрісі  болу 
керекжәне  оның  шамасын  10  -5эрстед  болады  деген  болжау 
айтқанмын.  Менің  «К  единой  теории  магнитного  поля  враща-
ющихся  тел»  деген  мақалам  академик  В.Г.  Феснков  жолдама 
беріп,«Доклады  АНСССР»  деген  журналға  жіберілді.  Мақала 
журналдың редакциясына 13.10.1962 жылы келіп түсті. Біраздан 
кейін космостықракетаайда магнит өрісі жоқ деген хабар әкелді 
де, менің мақаламды кері қайтарды. Арада бірнеше жылдар өткен 
соң  американдықракеталардың  магнит  өрісін  өлшегіштері  айда 
магнит өрісі барлығын дәлелдеді жәнеол біз болжағандай 10 -5 
эрстед екен. Сөйтсе Кеңес Одағының 2-ші ракетасындағы магнит 
өрісін өлшегіштер тым дөрекі екен де, 10-5 эрстед магнит өрісін 
анықтай алмайды екен. Өкініші сол, менің мақалам далада қалды.
Менің  осылайша  ЖСТ  мәселелерімен  қызыға-қызыға 
шұғылданып  жүргенімде,  аспирантураның  бірінші  курсының 
қалай өтіп кеткенін де байқамай қалыппын.

Аманат
44
Жылдың  аяғында  институтта  аспиранттарды  аттестациялау 
комиссясының жұмысы басталды. Комиссияның бастығы УССР 
ҒА академигі А.П. Комар деген шал мынадай екі шешім қабылдау 
керек  деді.  Бірінші  –  Абдильдинді  физтехтың  аспирантурасы-
нан шығару керек. Себебі, бұл аспирант бір жыл бойы ғылыми 
жетекшісінің  берген  тақырыбымен  шұғылданбай,  басқа,  ЖСТ 
мәселелерімен шұғылданған. Екінші – Абдильдиннің болашақта 
өзіне ұнайтын ЖСТ мәселелерімен шұғылданғаны дұрыс болар.
Менің алдыма қиын Гамлет сұрағы пайда болды: бүк не шік?
Осы  қиын  кезде  менің  ғылыми  жетекшім  профессор  Л.А. 
Слив  үлкен  адамгершілік  жасады:  «Сенің  ЖСТдағы  жасаған 
жұмыстарыңды,  ойларыңды  университеттегі  академик  Фокқа 
көрсетейік,  айтайық»  –  дегені.  Сөйтсе  профессорЛ.А.  Слив 
кезінде кандидаттық диссертацияны осы Фоктан қорғаған екен. 
Ал, Фокпен дұрыстап танысайық. Атақты Капица Сталинге жазған 
хатында: «Фок және Ландау Кеңес Одағының ең ірі физиктері» 
–  дейді.  Кезінде  Геттингенде  –  математиканың  Меккесінде  – 
Фокты «Орыстың математикалық зеңбірегі» – деген. Мәскеудің 
мемлекеттік  университеттерінің  студенттеріне  арналған  «Кван-
товая механика» деген оқулығына УССР ҒА-ның академигі А.С. 
Давыдов  былай  дейді:  «Атомдық  және  ядролық  құбылыстарды 
түсіндіретін ғылымды кванттық механика дейді. Осы ғылымның 
негізін салғандар: Бор, Шредингер, Гейзенберг, Дирак, Фок және 
Паули» – делінген. 1937 жылы 18 ақпанда Ленинградта талант-
ты жас ғалым Фок тұтқынға алынады. Келесі күні Капица Ста-
линге мынадай хат жазады: «Фокты осылай қорлау біздің елдің 
және  шет  елдердің  ғалымдарының  арасында  үлкен  наразылық 
тудырады. Осы жағдайды Эйнштейнді Германиядан қуумен ғана 
салыстыруға болады». Осындай хаттан кейін, бір ғажабы, Сталин 
Фокты қолма-қол босаттырып жібереді.
Ал ЖСТ-ға келсек Кеңес Одағында бұл салада Ленинградтық 
Фок пен Фридманнан асқан оқымыстылар болған жоқ.
Сонымен не керек, бір күні біз профессор Л.А. Слив екеуміз 
данышпан Фокқа келдік. Мен жүрегім лүпілдеп, қысылып, сасып 
әзер дегенде ойымды Фокқа айтып шықтым. Мәссаған ғажап, бір 
мезгілде ұлы ғалым өзімен өзі күбірлеп: «Менің де жас кезімде 

Аманат
45
осыған ұқсас ойларым болып еді. Бірақ оларды зерттеуге қолым 
тимеп еді. Мынау жас жолдас аспирантураны менде өтсін. Мен 
ғылыми  жетекші  болуға  келісім  беремін»  –  дегені.  Менің  де, 
Сливтің де ауыздарымыз ашылып қапты. Әп-сәтте, аяқ астынан 
мен Фоктың оқушысы болып шыға келдім. Ғажайып! Фантасти-
ка!
Бір  жақсы  жері  математиканы  тәп-тәуір  білуші  едім.  Бұған 
себеп  ҚазМУда  жүргенімізде  бізге  жоғары  математиканы  Б.Т. 
Төлегенов деген доцент, өте талантты педагог берген еді, екінші 
– өз бетіммен ізденудің арқасы.
1966  жылы  14  сәуірде  Ленинград  университетінң  физика 
факультетінің  ғылыми  кеңесінде  «Эйнштейннің  гравитациялық 
теориясынан космогония үшін шығатын кейбір салдар» – деген 
тақырыпта кандидаттық диссертация қорғадым. Өзінің 2 желтоқсан 
1965 жылы, ғылыми жетекші ретіндеменің диссертацияма берген 
бағасында Фок былай деп жазады: «Абдильдиннің жұмысы бүкіл 
Одақтық  Тбилисидегі(сәуір,1965  жылы)болған  гравитациялық 
конференцияда  баяндалды  және  менің  дүние  жүзілік  Лондонда 
болған  гравитациялық  конференциядағы  (шілде,1965)баянда-
мам  бойынша  талқыланды.  Барлық  жағдайларда  бұл  жұмысқа 
жоғары баға берілді. Абдильдин диссертациялық жұмысын басы-
нан аяғына дейін(мәселені қоюдан соңғы нәтижені алғанға дейін)
бір өзі жасады. Шындап айтқанда бұл жұмыс деңгейі қатардағы 
кандидаттық жұмыстардан әлдеқайда жоғары».
1966 жылы шілде айында Алматыға қайтып, Астрофизикалық 
институттағы  қызметімді  жалғастырдым.  1967  жылы,  қазан 
революциясының  50  жылдығына  байланысты  ҚазССР  ҒА-да 
бірінші рет жас ғылымдардың ғылыми конференциясы және кон-
курс болды. Осында мен де қатыстым. Жұмыстың аты: «Жалпы 
салыстырмалық теориясының тағы бір интерпретациясы». Кон-
курс  нәтижесінде  бірінші  орынды  биолог  М.Айтхожин(кейін 
академик,  ҒА-ның  президенті)алды,  екінші  орынды  физик  мен 
(кейін  ҒАмүше-  корреспонденті,  ҚазМУ-дың  ректоры)алдым, 
үшінші  орынды  химик  Е.Е.  Ерғожин  (кейін  академик,  ҚазМУ-
дың ректоры) алды.
1970  жылы  ҚазМУдың  физика  факультетінің  деканы 

Аманат
46
С.И.Исатаевтың шақыруымен теориялық физика кафедрасының 
менгерушісіболып  ҚазМУге  ауыстым.Үзіліс  кезінде,  1981-
1986  жылдары,  кафедраны  профессорЛ.А.Сливтің  шәкірті, 
бертін  келе  Кеңесүкіметінің  атақты  физиктерінің  бірі  акаде-
мик  А.Б.  Мигдалдың  оқушысы  болған,  жас  талантты  физик 
Т.А.Қожамқұлов басқарды. Қазір осы жігіт ҚазҰУ-дың ректоры.
Ғылым  жағына  келгендемен  кафедраның  бұрыннан  келе 
жатқан  тақырыбы  «Жалпы  салыстырмалық  теориясындағы 
денелер  қозғалысының  мәселелері»  –деген  бағытқа  ғылыми 
жетекшілік  еттім.  Бұл  мәселеЖСТ-ның  өзекті  мәселелерінің 
бірі, онымен Эйнштейн және Фок шұғылданған. Біраздан кейін 
мен  КСРО-ның  Жоғарғы  Оқу  Министрлігінің  жанындағы 
кеңестің  гравитациялық  секциясының  мүшесі  болып  сай-
ландым.  Теориялық  физика  кафедрасы  «ЖСТ-дағы  денелер 
қозалысының  күрделі  мәселелері»  деген  тақырыпты  зерттеуде 
одақ бойынша басшылық жасайтын болды (КСРО Жоғарғы Оқу 
Министрлігінің№1278,21.12.1982 жылғы бұйрығы).
1985  жылдың  12  маусымында  БССР-дыңҒА  физика 
институтының Д.006.001.002 – арнаулы кеңесінде «ЖСТдағы де-
нелер қозғалысының күрделі мәселелерін Фок әдісімен зерттеу» 
деген  тақырыпта01.04.02  –  «Теориялық  және  математикалық 
физика» мамандығы бойынша докторлық дисертация қорғадым. 
Осы кездеБелоруссияда салыстырмалық теориясы және гравита-
циядан  үлкен  ғылыми  мектеп  бар  еді.  Оның  басында  академик 
В.А. Фоктың оқушысы, үлкен ғалым, жақсы адам – БСССР-дың 
акдемигі Ф.И. Федоров болатын. Сөйтіп жүргенде мен теориялық 
физикадан Қазақстанда бірінші доктор, бірінші профессор (1987), 
бірінші ҚазССР-ның ҒА мүше-корреспонденті, қазақтан бірінші 
ҚазМУдың теориялық физика кафедрасының меңгерушісі болып-
пын.
Тағы бір жәйт. 1988 жылы жазда мен қазіргі белгілі хирург –
академикМ.А. Алиевпен Кисловодскіде дем алып, енді Алматыға 
келсем,  қалада  ҚазМУдың  ректорын  сайлау  өтіп  жатыр  екен. 
Мұндай демократиялық сайлауға дүмпу болған М.С. Горбачевтың 
демократия және жариялылық деген саясаты себеп болса керек. 
Үміткерлердің (кандидаттардың) ішіне мені де қосып қойыпты. 

Аманат
47
Ол  кезде  ректордың,  проректордың  және  деканның  орнына  ре-
зерв дайындайтын тәртіп болатын. Мен сол ректордың қызметіне 
бірінші  болып  резервте  тұрғанмын.  Демократияны  сақтау  үшін 
мені  кіргізбесе  болмайды  екен.  Сонымен  не  керек  ректордың 
орнына  10  үміткер  жиналдық.  Біраз  сынақтардан  өттік.  Ақыры 
ҚазМУдың кеңейтілген үлкен ғылыми кеңесіне төрт адам түстік. 
Ойламаған  жерде,  тіпті  бірінші  турда,  үлкен  басымдылықпен 
ҚазМУдың  ректоры  болып  сайландым.  Халықтың  көзқарасы 
осылай болды, ал бастықтардың өкілдері (Орталық комитеттің, 
обкомның және жоғары білім беру министрлігінің) бірі де мені 
құттықтамады.  Мұның  себебі,  олардың  өздерінің  өткіземіз  деп 
жүрген адамдары болған екен.
Менің  негізгі  ғылыми  еңбектерім,  жоғарыда  айтылғандай, 
ЖСТ-дағы  денелердің  қозғалысының  күрделі  мәселелері. 
Біз  осы  теориядағыденелердің  ілгерілемелі  және  айналмалы 
қозғалыстарының релятивтік теңдеулерін негіздедік. Эйнштейннің 
гравитациялық  теориясының  механикасының  меселелерін 
зерттеудің  жаңа  әдістерін  бердік.  Жалпы  салыстырмалық 
теориясындағы  денелер  қозғалысының  адиабаттық  теориясын 
құрдық.  Дененің  өз  өсінен  айналысы  жөніндегі  мәселені  зерт-
теуде  гидродинамикалық  аналогияны  пайдалануға  болатынын 
көрсеттік.  Эйнштейннің  жалпы  салыстырмалық  теориясының 
негізгі күрделі мәселелерінің бірі: өз өсінен айналатын екі дене-
ден тұратынжүйенің қозғалысы туралы есепті шештік. Бұл жолда 
белгілі асимптоталық жуықтау теориясын кеңінен пайдаландық. 
Гравимагнетизм  гипотезасын  кіргізіп,  жалпы  салыстырмалы 
теориясындағы Эйнштейннің белгілі теңдеуінің интерпретация-
сын өзгерттік «On Interpretation of the Einstein Equations in General 
Relativity» (Gravitation & Cosmology6 Vol.5 (1999),No.3 (19). Pp. 
219-221).
200 астам ғылыми мақалалар және үш монография жаздым. 
«Эйнштейннің гравитациялық теориясының механикасы» деген 
алғаш монография (Ғылым баспасы, 1988) ЖСТдағы қозғалыстың 
күрделі мәселесіне арналған Қазақстандағы бірінші кітап.
Республикамыз  үшін  приоритетті  «Теориялық  физика»  де-
ген  фундаменталды  ғылыми-зерттеу  бағытын  ұйымдастырдық. 

Аманат
48
«Гравитациялық, электромагниттік, күшті және әлсіз әсерлесулерді 
теориялық зерттеу» деген ғылыми бағдарламаға ғылыми жетекші 
болдым.Алынған ғылыми нәтижелер біздің (авторлар: М.М. Аб-
дильдин, Ф.Б. Баимбетов, М.А. Жүсіпов, Т.А. Қожамқұлов, Т.С. 
Рамазанов,  М.С.  Омаров)  «Теориялық  физикадағы  фундамен-
талды әсерлесулерді зерттеудің күрделі мәселелері» деген моно-
графиямызда  келтірілген  (Қазақ  университеті  баспасы,  1997). 
2006 жылы «Жалпы салыстырмалық теориясындағы денелердің 
қозғалыс  мәселесі»  атты  монография  жарық  көрді  («Қазақ 
университеті», 2006 ж.).
Қазақстандағы  «Теориялық  физика  және  жылу  физи-
касы»  мамандықтары  бойынша  докторлық  диссертация 
қорғайтын  арнаулы  ғылыми  кеңестің  бірінші  төрағасы  бол-
дым.  ҚазМУ-дың  жанындағы  біріншілер  қатарында  ашылған 
«Эксперменттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу инсти-
тутын»  құрастырғандардың  бірімін.  Ресейдің  гравитациялық 
ассоциациясының  президиумының  мүшесімін.  Ресейдің  9-шы 
(Новогород,  1996),  10-шы  (Владимир,  1999)  гравитациялық 
конференцияларының ұйымдастыру комитетінің мүшесімін және 
2-ші халықаралық «Өрістің кванттық теорияы және гравитация» 
(Томск, 1997) деген конференцияларының, салыстырмалық тео-
риясы мен гравитацияға арналған (Иерусалим, 1997; Рим, 2000; 
Рио-де-Жанейро,  2003;  Берлин,  2006)  халықаралық  конферен-
циялардың координациялық комитеттерінің мүшесі болдым.
Біздің  ғылымда  жеткен  жетістіктеріміз  жайлы  америка 
ғалымы  А.Траутманның  (Успехи  физических  наук,  АН  СССР, 
89 том, 1 шығарылым, 1966май, 30 бет) жалпы салыстырмалық 
теориясының 50 жылдығына байланысты айтқан пікірі бар. Біз 
туралы  А.Эйнштейннің  100-жылдығына  байланысты  Берлин-
де  болған  конференцияда  да  айтылған  (Проблемы  физики,  М, 
Мир, 1982, 150 бет). Біздің ғылым жолында алған нәтижелеріміз 
жалпы  салыстырмалық  теорияға  арналған  15-ші  халықаралық 
конференциясының материалдарында бар (Пуна, Индия, 1997).
Теориялық  физикадан  10  ғылым  кандидатын  дайындадым. 
Соның біреуі (Чечин Л.М.) кейін докторлық диссертация қорғады.
Сөз  соңында,  маған  өмірімде  қол  ұшын  берген,  қызметте 

Аманат
бірге болып, сыйласқан, пікірлес болған асыл азаматтары ҚазҰУ-
дың А.З. Закарин және Ө.А. Жолдасбеков деген екі ректорын еске 
түсіріп отырмын. Осы жерде менің ескі досым Г.Г. Гладышевтың, 
қызым Әсияның, әйелім Р.З. Бурнашеваның маған өмір жолында, 
ғылым жолында тірек болғандарын айта кетуім керек.
Қазір  Халықаралық  Творчество  Академиясының  академи-
гімін  (Мәскеу,  1992),  Халықаралық  Жоғары  мектеп  Ғылым 
Академиясының  құрметті  академигімін  (Мәскеу,  1992)  және 
Халықаралық  Ғылым  Академиясыныңакадемигімін  (Ресей  сек-
циясы, 1998).
Фраңцуз  ағартушысы  Вольтер:  «Мемлекет  ақшаның 
жоқтығынан емес, ғылым мен дарынды адамдардың жоқтығынан 
әлсіз болады» деген екен. Менің Отанымда ғылым да, дарынды 
адамдар да болса екен деймін. 

Аманат
50

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет