Жалпы редакциясын басқарған Ғалымқайыр Мұтанов Жауапты редактор



Pdf көрінісі
бет1/15
Дата01.01.2017
өлшемі3,93 Mb.
#908
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Аманат
1
ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
АМАНАТ
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 
Ақсақалдар кеңесі  мү шелерінің мақалалар жинағы
Алматы 
«Қазақ университеті»
2013

2
ӘОЖ 378.4(574)
КБЖ 74.58(2к)
А 52
Баспаға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті  
Ақсақалдар кеңесі және  
Редакциялық-баспа кеңесі шешімімен ұсынылған 
Жалпы редакциясын басқарған
Ғалымқайыр Мұтанов
Жауапты редактор
Зұлқайыр Мансұров
Редакция алқасының мүшелері:
Шолпан Джаманбалаева
Меңдігүл Ноғайбаева
Шынар Канафьева
Әлия Тұрмаханбетова
 
А 52    Аманат: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универси те ті 
Ақсақалдар кеңесі  мү шелерінің мақалалар жинағы / жауапты 
редакторы З. Мансұров. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. 
– 271 б.
ISBN 978–601–247–886–0
Бұл  кітапқа  әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университеті  Ақса-
қалдар  кеңесі  мүшелерінің  мақалалар  жинағы  еніп  отыр.  Университет 
өмірінде  ғана  емес,  отандық,  сондай-ақ  әлемдік  ғылым  мен  білім  сала-
сында зор беделі бар, көргені мен түйгені мол, өмірдің небір қиын-қыстау 
кезеңдерінен өткен жандар ретінде танымал Ақсақалдар кеңесі мүшелері-
нің өмірлік тәжі рибесі, ой-толғамдары, болашақ жастарға деген ізгі тілек-
тері берілген.  «Аманат» болашақта дәстүрлі түрде шығып тұратын көп се-
риялы жинақтың алғашқы кітабы.
Жинақ студент жастар мен көпшілік оқырман қауымға арналған. 
ӘОЖ 378.4(574)
КБЖ 74.58(2к)
ISBN 978–601–247–886–0   
© Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2013

Аманат
НАЗАРБАЕВ 
Нұрсұлтан Әбішұлы
Қазақстан Республикасының  
Президенті
Қымбатты отандастар!
«Қазақстан 2050» Жаңа стратегиялық бағытын жүзеге асы-
руда бізге – қазақ халқына айрықша жауапкершілік жүктеледі.
Тағылымы мол тарихымызбен, ұлы бабалардың ұлағатты өмі-
рінен алар тәлімімізбен біз алдағы асулардан алқынбай асамыз.
Үдеудің сыры – бірлікте,
Жүдеудің сыры – алауыздықта.
Осыдан  3  ғасыр  бұрын  Аңырақайда  болған  ұлы  шайқаста 
ата-бабаларымыз бірліктің құдіреті қандай боларын өзіне де, 
өзгеге де дәлелдеген.
Сын сағатта туған елге деген перзенттік парызды бәрінен биік 
қоя білген.

Аманат
4
Сол шайқаста төгілген қан барша қазақтың тамырында 
бар. Бізді бір-бірімізбен біріктіретін де, бауыр ететін де бабалар-
дың бостандық жолында төгілген осы қаны деп білемін.
Елдік мұрат жолындағы ұлы ерлік әрқашан аталарымыздың 
бойынан табылған.
Бабаларымыз тірі болу үшін бір болса, біз әрдайым ірі болу 
үшін бір болуымыз керек.
Бейбіт  күндегі  белестерді  бағындырып,  алдағы  сындардан 
сүрін бей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге 
байланысты.
Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.
Бәріміздің  де  туған  жеріміз  біреу  –  ол  қасиетті  қазақ 
даласы.
Бұл  дүниеде  біздің  бір  ғана  Отанымыз  бар,  ол  –  тәуелсіз 
Қазақстан.
Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді 
мұрат  қылдық.
«Қазақстан-2050»  Стратегиясы  осынау  мәңгілік  жолдағы 
буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі.
Тәуелсіз елді өз қолымен құрған буыннан басталған ұлы істер-
ді кейінгі ұрпақтың лайықты жалғастыратынына кәміл сенемін.
Бабалардың  ерлігі,  бүгінгі  буынның  ерен  істері  және  жас 
ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз 
«Мәңгілік Ел» боламыз.
Сондықтан барлық буын өкілдеріне үн қатамын!
Алдымен, алдыңғы толқын – аға буын!
Сіздердің  көрегендіктеріңіз  бен  өмірлік  тәжірибелеріңіз  ке-
йін гі  буынның  ақиқат  жолынан  адаспай,  алға  басуына  септігін 
тигізеді.
Ортаңғы буын отандастарым!
Сіздердің  еншілеріңізге  алып  империяның  күйреп,  жас, 
тәуелсіз мемлекеттің түлеген кезеңі дөп келді.
Сіздердің  күрделі  де  қиын  шешімдер  арқылы  жинаған 
өлшеусіз тәжірибелеріңіз – қиындықтардан қыңбай өтуімізге қа-
жетті баға жетпес қазына.
Ал кейінгі толқын жастарға айтарым: Сендер – болашаққа 
деген үкілі үмітіміздің тірегісіңдер.

Аманат
Біздің бүгінгі атқарып жатқан қыруар шаруаларымыз тек сен-
дер үшін жасалуда.
Сендер тәуелсіз Қазақ елінің перзенттерісіңдер.
Тәуелсіз елде туып, тәуелсіз елде тәрбие алдыңдар.
Сендердің  азат  ойларың  мен  кемел  білімдерің  –  елімізді 
қазір бізге көз жетпес алыста, қол жетпес қиянда көрінетін тың 
мақсаттарға апаратын құдіретті күш.
Мен  барша  халқымды  жарқын  болашаққа  жол  бастайтын 
адамзат  баласының  мәңгілік  құндылықтары  –  ерік-жігер  мен 
ең бек сүйгіштік,  мақсаткерлік  қасиеттерді  бойға  сіңіруге  шақы-
рамын.
Мен  ХХІ  ғасыр  Қазақстанның  «алтын  ғасыры»  боларына 
сенемін.
Бұл  бейбітшіліктің,  тұрақтылық  пен  гүлденудің  ғасыры 
болады.
Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.
Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды 
болсын!
Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге 
жол ашсын!
Баршаларыңызға  бақ-береке,  отбасыларыңызға  амандық 
тілеймін.
«Қазақстан-2050» стратегиясы  
қалыптасқан мемлекеттің 
жаңа саяси бағыты»  
атты Қазақстан халқына Жолдауы
2012 жыл

Аманат
6
МҰТАНОВ 
Ғалымқайыр Мұтанұлы 
 
 
Әл-Фараби атындағы 
ҚазҰУ ректоры,  
академик
КІРІСПЕ СӨЗ 
ҚР  Президенті  «Қазақстан-2050»  стратегиясы 
қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты 
Қазақстан  халқына  Жолдауында  «Мәңгілік  Ел» 
болуға  шақырып  «Алдыңғы  толқын  –  аға  буын!  
Сіздердің  көрегендіктеріңіз  бен  өмірлік  тәжіри бе-
леріңіз  кейінгі  буынның  ақиқат  жолынан  адаспай, 
алға басуына септігін тигізеді» деп үн қатады.
Халқымыз  үлкенінің  қадірлісін  ақсақал  деп  әс-
пет теген.  Әдет-ғұрыптан  бастау  алатын  ақ са қалдар 
алқасының  қазақ  қоға мындағы  орны  етене  бөлек, 
маңызы ай рық ша еді. Төртеу түгел, бесеу бүтін бол-
сын  дейтін  халқымыздың  тарихында  ақсақалдар 
қоғамның  ұйымдық  қа жеті  үшiн  қызмет  атқарып, 
өмiр  заңды лы ғын,  ел  ішінде  болып  жататын  құбы-
лыс та рын жiтi байқап пайымдап отырған.

7
Аманат
Әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университетінде  «Ақса-
қалдар  кеңесі»  2010  жылы  құрылды.  Ақсақалдар  кеңесінің 
құрамына  университеттің  Ардагерлер  кеңесінің  аса  белсенді 
мүшелері  және  беделді  әрі  тәжірибелі  ғалымдары,  білім  мен 
ғылым  саласына  айрықша  еңбек  сіңірген  тұлғалар  кірді.
 
Ақсақалдар  кеңесі  университеттің  ғылыми  және  қоғамдық 
өмірінің,  оқу  қызметінің  дамуына  бағытталған  қоғамдық 
маңызы  зор  мәселелерді  талқылау  мақсатындағы  қоғамдық-
кеңесші алқа ретінде қызмет атқарып отыр. «Ақсақалдар кеңесі» 
мәжілісінде  университеттегі  маңызды  мәселелер  талқыланып, 
осы мәселелерді шешу бойынша қарымды жұмыстар жүзеге асы-
рылып келеді.   
Бүгінгі  таңда  әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  универси-
тетіне  еліміздегі  көшбасшы  жоғарғы  оқу  орны  ретінде  үлкен 
мін деттер  жүктеліп  отыр.  Біздің  университет  сапалы  білім  мен 
отандық  ғылымның  қара  шаңырағы  ретінде  еліміздің  индус-
триалды-инновациялық  дамуына  өзіндік  үлесін  қосуы  тиіс.  Біз 
еліміздің  түрлі  саладағы  жетекші  ғалым-мамандарының  басын 
біріктіріп отырмыз. Күшті материалдық-техникалық базамыз да 
бар.  Сондай-ақ  ең  бастысы  университетімізде  еліміздің  білімге 
құштар,  ғылымға  бейімі  бар,  ертеңгі  ел  болашағын  жасайтын 
жастардың  ең  алдаңғы  қатарлы  буыны  білім  алуда.  Дегенмен, 
біз Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев белгілеп берген 
бүгінгі қазақ елінің дамуының негізгі бағыттарын жүзеге асыруда 
бұдан әрі серпінді, жаңа бағыттағы жұмыстарға көшуіміз қажет. 
Сол үшін университетімізде түбегейлі өзгерістер қолға алынып, 
әсіресе  ғылым  мен  білім  беру  ісін  үйлестіру  бағытында  үлкен 
жұмыстар легі басталып та кетті. 
Бүгінгі жас ұрпақ қаншалықты жаңашыл болғанымен өткен-
нің  мол  тәжірбиесі  мен  тағылымын  есепке  алмай  жүргізілген 
істің еш нәтиже бермейтінін тарихтың өзі дәлелдеп отыр. Ақса-
қалдар  кеңесінің  мүшелері  университет  өмірінде  ғана  емес, 
отандық,  сондай-ақ  әлемдік  ғылым  мен  білім  саласында  зор 
беделі бар, көргені мен түйгені мол, өмірдің небір қиын-қыстау  
кезеңдерінен өткен жандар ретінде танымал. Сондықтан бүгінгі 
таңда біздің университетіміздің дамуы мен жалпы қазақстандық 
ғылым  мен  білімнің,  еліміздің  әлеуметтік-экономикалық  және 

Аманат
8
мәдени дамуының мәселелерін шешуде олардың тәжірибесі аса 
қажет.
Құрметті оқырман! Қолыңызға тиіп отырған «Аманат» кітабы 
Ақсақалдар кеңесі мүшелерінің өмірлік тәжірибесі мен өзіндік ой-
толғаулары негізінде ертеңге деген сенімі мен арман-мұратының, 
жастарға деген ізгі тілектерінің жинағы.
Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясында тәуелсіз елеміздің 
мәңгілік ел болудағы жолындағы буындар бірлігінің, ұрпақтар 
сабақтастығының  маңызына  баса  мән  береді.  Тәуелсіз  елді  өз 
қолымен құрған буыннан басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың 
лайықты  жалғастыратынына  сенім  білдіре  отырып,  алдыңғы 
толқын – аға буынға зор жауапкершілік жүктеп отыр.
Сондықтан  бұл  жинақ  әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық 
университетінің  аға  буын  өкілдері  –  құрметті  ақсақалдарымыз-
дың  кейінгі  толқын  жастарға  ақиқат  жолын  адаспай  табуға 
бағыттайтын АМАНАТЫ.  
ЖАС ДОС! Егемен еліміздің бүгіні мен ертеңі үшін жауап-
кершілік  жүгін  арқалаған  бұл  кітап  өзіңізге  жол  тартты.  «Ама-
нат»  сендердің  әрқайсыларыңның  үшін  өмірлік  мұрат  пен 
құн ды лықтардың  мәнін  аша  түсетін  жақын  серіктеріңе  айнала-
тындығына сенемін. 

Аманат
9
ҚАРТТАРЫМ – АСЫЛ ҚАЗЫНАМ

Аманат
10
САРТАЕВ 
Сұлтан Сартайұлы  
 
Заң ғылымдарының докторы, 
профессор,  
ҚР ҰҒА академигі, 
ҚР ғылымына  
еңбек сіңірген қайраткері
Сартаев  Сұлтан  Сартайұлы  1927  жылы  Қызылорда  облысы 
Жаңақорған ауданы Жаңақорған ауылында дүниеге келген.
1949 жылы Алматы заң институтын, 1952 жылы Мәскеу заң 
институтының аспирантурасын бітірген.
1952  жылы  заң  ғылымынан  кандидаттық,  ал  1970  жылы 
М.В.Ломоносов  атындағы  ММУ-да  докторлық  диссертация 
қорғаған.
С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде 1955 
жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін: доцент, мемлекеттік құқық 
кафедрасының меңгерушісі, заң факультетінің деканы, мемлекет 
және  құқық  теориясы  мен  тарихы  кафедрасының  меңгерушісі, 
осы кафедраның профессоры болып қызмет атқарып келеді. 
1975 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент 
мүшесі,  1995  жылы  Гуманитарлық  ғылымдар  академиясының 
академигі, 1996 жылы ҚР әлеуметтік ғылымдар Академиясының 
академигі, 2003 жылы ҚР ҰҒА академигі болып сайланды. Қазіргі 
кезде Қазақстан заңгерлері қауымдастығының төрағасы.
«Құрмет  белгісі»  орденімен,  «Тың  және  тыңайған  жерлерді 
игергені  үшін»  медалімен,  «Білім»  Бүкілодақтық  қоғамының 
«Белсенді еңбегі үшін» медалімен, «Еңбек ардагері» медалімен, 
ҚазКСР  Жоғарғы  Кеңесінің  грамотасымен,  КСРО  Жоғары 
және  арнаулы  орта  білім  Министрлігінің  «Жұмыстағы  үздік 
табыстары үшін» медалімен, «Парасат» орденімен және өзге де 
наградалармен марапатталған.

Аманат
11
ОЙ ТОЛҒАУЫ...
Ә
рбір  оқымысты  адамның  өзінің  бір 
белгілі  тақырыбы  не  болмаса,  бірнеше 
тақырыптан  тұратын  ғылыми  жобасы 
болады.  Менің  ойымша,  ғылым  жолына  түскен 
әрбір  азаматтың  өзінің  ғылым  жолындағы 
белгілеген  бағыттары  болады.  Ғылым  жолына 
түскен  азаматтың  өсуі,  өркендеуі  оның  ғылыми 
жұмысының іске асуы, оның жоспарлаған ғылыми 
бағытында.  
Басшы адамдардың жастар үшін жауапкершілігі жоғары бо-
луы керек деген пікірді қолдаймын. Себебі аға буын жастардың 
кәсіби тұрғыдан қалыптасуы мен аяқтан тұрып кетуіне жауапты. 
Осы орайда өзіме ақылшы-ұстаз болған басшы адамдар туралы 
ойлаймын.  Олар  туралы  естеліктер  менің  жүрегімде мәңгілікке 
сақталады. Мен 15 жасымнан бастап жұмыс істедім және Горь-
кий қаласы маңындағы Ащы металлургиялық  заводында маши-
нист  мамандығын  игердім.  Бұл  заводта  Қызылорда  облысынан 
келген  мен  сияқты  ондаған  жасөспірім  бозбалалар  еңбек  жо-
лын  бастаған  еді.  Соғыс  жүріп  жатты.  1944  жыл.  Жұмыс  істеу 
өте қиын еді, цехтағы ауа температурасы 50-60 градустан асып 
түсетін. Мен құймалы кранда жұмыс істедім. Көз алдыларыңызға 
елестетіңдерші,  орасан  зор  шөміш  және  оған  балқытылған 
металл  құйылады.  Ал,  менің  краным  осы  шөмішті  жоғарыға 
көтереді.  Мен  жиырма  метрлік  биіктіктегі  кабинада  отырамын 
және  қасымда  үнемі  менің  ұстазым  болатын.  Ол  менің  әрбір 
қимылымды қадағалап отыратын және керек кезінде өзінің ақыл-
кеңестерін  беретін.  Кабинадағы  еденге  ыстықтан  қорғау  үшін 
өте қалың тақтайлар төселетін еді, дегенмен біз аяқ-киіміміздің 
үстінен тағы да ағаш аяқ-киім киетінбіз. 
Дәл  осылай  бір,  бір  жарым  сағат  жұмыс  жасап,  краннан 
түскен  кезде  аузымызға  металл  тозаңы  толып,  оның  үлкен 
қалдықтарын түкіре беретінбіз. Заводтағы жастар ісін басқаратын 
тұлға  директордың  орынбасары,  соғыс  кезінде  екі  қолындағы 

Аманат
12
саусақтарын  түгел  жұлып  түскен  Кушнер  (атын  ұмытып 
қалыппын) деген тамаша адам еді. Ол мен еркелетіп Сула деп ата-
ушы еді. Біз танктер үшін металл дайындайтынбыз. Осы арқылы 
біз өз танкілеріміздің оқ өтпестей мықты болуына өз үлесімізді 
қосқан  едік.  Бізге  бұл  туралы  Кушнер  жиі-жиі  айтатын,  оның 
әңгімелері біздің кеудемізде отансүйгіштік сезімін күшейтіп, өз 
еліміз үшін мақтаныш сезіміне бөленуші едік. 
Заводта  соғысқа  алынбаған  қарақалпақ  шалдар  жұмыс 
істейтін  еді.  Олар  бізге  өз  балаларындай  қарап,  өмірдің  түрлі 
жағдайларына қатысты өз тәжірбиелерімен бөлісіп, жөн сілтейтін. 
Пештің  артында  үнемі  ыстық  құм  жататын.  Таң  атысымен  біз 
әрдайым осы құмға ақсақалдардың кеңесімен екі тал картоп пен 
бір бөтелке сүтті көміп қоятынбыз. Түске дейін біз еңбек жасап 
жатқанда картоп құмда пісіп тұратын. Түскі ас кезінде уылжып 
піскен картопты ыстық сүтке араластырып жегеннен артық дәмді 
тағам болмайтын. 
Бірақ  мен  әрдайым  оқысам  деген  арманымнан  бас  тартпа-
дым. Сонымен «ыстық» цехта бір жыл жұмыс істегеннен кейін 
мен генералиссимус Иосиф Сталинге өзімнің оқығым келетінін, 
маталлургиялық  заводта  жұмыс  істегім  келмейтіндігін,  заңгер 
болғым  келетіндігі  туралы  хат  жаздым.  Бір  қызығы  менің  ха-
тымды сол кездегі қара және түсті металл министрі Тимашков-
сковскийге  жіберіпті.  Ал,  министер  маған  «Жолдас  Сартаев, 
сізді  аталған  өнеркәсіп  орнына  металлургиялық  заводты  жаңа 
кадрлармен толықтыру үшін жіберген. Сіз өз біліміңізді қазіргі 
металлург мамандығыңыз бойынша жетілдіра аласыз» деп жауап 
қайтарған еді. 
Дегенмен, мен өз арманымнан бас тартпай, қайтадан Кушнер-
ге бардым. Ол: 
–  Сұлтан  мен  саған  демалас  беремін,  Алматыға  бар.  Егер 
оқуға түсіп кетсең, барлық қиыншылықтарға қарамастан мен сені 
босатамын.
Бұл  аса  күрделі  шешім  еді.  Себебі  мен  бұл  кезеңде  оқу 
мерзімін аяқтаған, білікті маман ретінде саналатынмын. Ол мені 
жібермей  қойса  да  болатын  еді.  Соғыс  аяқталғанымен,  бұл  өте 
жауапты кезең еді. 

Аманат
13
Мен Алматыға құстай ұшып барғандай болдым. Бірден Алма-
ты заң институтына (АЮГИ) құжат тапсырдым. Менімен атақты 
заңгер,  мықты  педагог  Сергей  Яковлевич  Булатов  әңгімелесу 
жүргізді. Ол маған «жас жігіт сіз оқуға қабылдандыңыз» деп ха-
барлады. 
Булатовты бәріміз жақсы көретінбіз. Ол дәрісін сондай жыл-
дам, әрі соншалықты эмоциямен, қызғылықты оқитын. Біз жазуға 
үлгере бермейтінбіз. Оның дәрістерін тыңдауға басқа да факуль-
теттерден келіп қатысатын. Ол жетім-студенттерге материалдық 
тұрғыдан қамқорлық жасайтын. Мен бұл туралы кейін өзім сабақ 
бере бастағанда білдім. 
Қазір  Кушнер,  Булатов  және  қарақалпақ  ақсақалдарды  еске 
алып  отырып,  олардың  жастарға  деген  зор  жауапкершілігі  мен 
қамқорлығын барынша терең түсінемін. 
Мен  біріншіден  өзімнің  негізгі  білімім  заң  ғылымына  бай-
ланысты  қалыптасқаннан  кейінгі  бар  өткен  өмір  жолымда 
көздегенімде,  ойлағанымда  заң  ғылымының  келелі  мәселелері 
болды.  Бірақ  осы  мәселелерді  қараудан  бұрын  көп  елдердің 
өркендеу жолын, қалыптасу жолын түсінуге тырыстым. Ол үшін 
мен  соңғы  35  жыл  ішінде  47  өркендеген  және  өркендеу  жолы-
на  түскен  мемлекеттердің  тарихын,  олардың  қалыптасу  жолын 
іздестіре бастадым. Міне, сондықтан да болар менің көп елдерде 
болып,  халықаралық  конференцияларға,  симпозиумдарға,  пікір 
алысу жиналыстарына қатысуым. Әрбір мемлекеттің қалыптасу 
тарихын білу, өркендеу жолын іздестіру ол әрбір ізденушіге сөз 
жоқ көлемді, бағалы материалдар береді. 
Мен,  Әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университетінде 
1955 жылдан бастап жұмыс жасаймын. 
Ал енді осы университет жөнінен айтатын болсақ, ол өзінің 
республика көлеміндегі оқу орындарының ішінде ең жоғары үздік 
денгейдегі, үлкен шаңырақ десек және өзінің осы атағын орынды 
және жақсы атап жүре берсін десек, университеттің басшылары 
ғана  емес,  сонымен  қатар  студенттері  мен  профессорларымен 
оқытушылар  құрамы  да  ат  салысуы  қажет.  Университетіміздің 
беделін сақтап қаламыз десек, әрқайсысымыз өзіміздің орнымыз-
ды, ісімізді де, жігерімізді осыған бағыттауымыз керек. 

Аманат
14
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің респуб-
лика көлемінде ғана емес, өркендеген мемлекеттер университет-
терімен  белгілі  бір  жағдайларда  көп  мәселелер  бойынша  тала-
са алатын өзіне тән ғана өркендеу жолы бар. Міне, бүгінгі күні 
біздің университетіміз жетпіс тоғыз жыл қалыптасқан Қазақстан 
Республикасына  кадрлар  даяндаумен  келе  жатыр,    осы  жетпіс 
тоғыз жылдың ішінде мен университеттің он екінші ректорымен 
қызметтес болып отырмын. 
Мен бүгінгі күні ана кісі көп істеді, мына кісі аз істеді, мына кісі 
дұрыс басқарды деп айтудан аулақпын. Өйткені университеттің 
ректорлығына  жай  кездескен  азаматты  қоймайды,  әрбір 
ректорлыққа кандидат адам кезінде белгілі өзіміздің Білім және 
ғылым министрлігінде бұлар көптеген талқылаулардан өтіп ба-
рып болғандар. Дегенмен, осы ректорлардың ішінен әсіресе, төрт 
ректорды аса бөліп айтқан болар едім. Олар (1955-1961жылдар 
аралығында  ректор  болған)  биология  ғылымдарының  докторы 
Дарқанбаев Темірбай Байбосынұлы, Закарин Асқар Закарияұлы 
(1953-1955  және  1961-1970  ж.ж),  Жолдасбеков  Өмірбек  (1970-
1986 ж.ж) және Бақытжан Жұмағұлов (2008-2010 ж.ж). 
Енді осы ректорлар жөнінен ойымда қалғаны олардың белгілі 
іздерін, істерін еске алып көрейік. 
1959  жыл  болатын  мен  ол  жылы  ҚазҰУ-де  және  КССР-дің 
жоғарғы  оқу  орындарына  қабылдайтын  комиссияның  жауапты 
хатшысы  болып  тағайындалдым.  Осы  комиссияның  төрағасы 
болып  Министрлер  кеңесінің  төраға  орынбасары  Асқар  Зака-
рин болатын. Қабылдау комиссиясының жұмысы енді басталған 
кезі. Сол кездегі біздің университетіміздің ректоры Дарханбаев 
Темірбай Байбосынұлы болатын. 
Бір күні мені шақырып алды да былай деді: Сұлтан, ертең 
бізге  Америка  Құрама  Штаттарының  он  университетінің  рек-
торлары  бізге  келмекші.  Мә,  саған  50  сом  (ол  кезде  50  сом 
үлкен ақша болатын) уылдырықтың (икра) киллограмы 12 сом, 
майдыкі 3 сом 60 тиын болатын. Темірбай Байбосынович маған 
қарап тұрды да былай деді: – Сұлтан, біз оларға шәй беруіміз ке-
рек, сондықтан дастарханымыздағы заттарға біз ұялмайтындай 
болайық – деді. 

Аманат
15
Мен тездеп 1 килограмм уылдырық, 1 килограмм май алдым, 
1 бөлке ақ нан, 1 бөлке қара нан және 12 қасық алдым. 
Темірбай  Байбосынович:  –  Сұлтан,  кешегі  менің  тапсыр-
мамды  орындадын  ба  деді?  Орындадым  дедім.  Меніңше  олар 
ертең  өмірлерінде  көрмеген  ректораттың  қабылдауында  ғана 
емес,  Министрліктің  қабылдауында  да  кездеспеген  дастархан-
ды  көреді.  Олардың  келуіне  10  минут  қалған  кезде  ректордың 
кабинетінде үлкен үстелді ақ дастарханмен жарқыратып қойдық. 
Соны АҚШ университетінің ректорлары кіріп келгенде үстелдің 
үстіндегі  уылдырықты  көргенде  олардың  рахаттанып  үстелге 
қарап күлгеніне, бізде мәз болдық. Олар ағылшынша бірдеме айт-
ты біздің түсінгеніміз оларға жайылған дастархан ұнады. 
Темірбай  Байбосынович  келген  қонақтарды  құттықтап, 
алдарындағы дәмнен алып отыруын айтты, бұлар бұл дастарханға 
өте риза болды. Оның ішінде біреуі былай деді: Талай қонақта 
болдық қой,  бірақ бірде біреуі алдымызға осындай 1 килограмм 
уылдырық  қойған  емес  еді.  Мынау  біздің  өміріміздегі  ұмтыл-
майтын көңілге жағатын, әрі көңілді көтеретін бірегейі болды. 
Сол кездегі ректорымыз Дарқанбаев Темірбай Байбосынович 
менімен кездесіп қалған сайын тоқтатып қойып: – Әй, Сұлтан, біз 
дегенменен ол американдықтардың есінен шықпайтын қабылдау 
жасадық, деп ылғи айтып отыратын. 
Әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университетінің  әрбір 
ректоры университеттің тарихында өздерінің белгілі орындарын 
алғандығында, ал келешек ректорлары өзінің белгілі орындарын 
алатындығында  сөз  жоқ.  Өйткені,  әрбір  ректор  өзіне  лайықты 
тепкішекте тұрды. 
Бірінші ректор бірінші тепкішекте тұрса, екінші ректор екінші 
тепкішекте тұрады. Демек, әрбір ректор өзінің соңғы ректорынан 
бір тепкішек жоғары тұрады. Демек, болып кеткен ректор келе-
шек ректорға жаңа тепкішек дайындайды және әрбір ректордың 
тепкішегі келешек ректорды бір тепкішекке жоғары көтеріп отыр-
ды. Міне, сондықтан олардың әрқайсысы университет тарихында 
оның күнделікті өмірінде өзінің университет тарих көлеміндегі 
орнын  алады.  Осы  ректорлардың  ішінен  болып  өткен  екі  үш 
ректордың атын атап өтейін: 

Аманат
16
1)  Закарин  Асқар  бұл  кісі  көп  оқыған  азамат  болатын.  Мен 
ол  кезде  заң  факультетінің  деканы  болатынмын.  Мені  өзінің 
кабинетіне жиі-жиі шақырып: – Сұлтан, сен соңғы кезде қандай 
кітаптар  оқыдың  дейтін?  Мен  оған  заң  саласына  байланысты 
кітаптарды  оқыдым  дейтінмін.  Ол  кісі  әрине,  бұл  дұрыс  қой, 
бірақ сен Эйнштейн туралы кітаптарды көп оқы дейтін. 
2)  Жолдасбеков  пен  Жұмағұлов  бұл  екі  ректор  бөтен 
ректорларға  қарағанда  университет  тарихына  құрылысшы  рек-
торлар  болып  кірді  және  университетті  білім  мен  ғылымның 
ордасына  айналуды  көздеді.  Жолдасбеков  бұл  кісі  осы 
университеттің негізгі құрылысының басы қасында болды және 
барлық құрылыстың көтерілуіне жігерін салды. Ал, екінші рек-
тор  Бақытжан  Жұмағұлов  бұл  кісі  бітпеген  құрылыстың  бәрін 
бітірді.  Соңғы  жиырма  тоғыз  жылда  жасалмаған  барлық  оқу 
ғимараттарына  күрделі  жөндеу  жұмыстарын  жүргізді.  Қорыта 
айтсам, соңғы жиырма тоғыз жылда жасалмаған күрделі жөндеу 
жұмыстарын  іске  асырды.  Университет  жаңа  көрікті  қалпына 
келді.
Менің өмірімнің ең маңызды, жарқын белесі маман ретінде 
де, адам ретінде де еліміздің тәуелсіздігінің қалыптасу тарихына 
өз үлесімді қоса алғандығым деп есептеймін. 
Тәуелсіздік  халықтың  намысын  жанып,  жүрегін  сілкініске 
түсіретін  түсінік.  Мен  үнемі  ойланамын.  Біз  бодандықтан 
бостандыққа қалай жеттік? Өздеріңіз де біздің тар жол, тайғақ кеш-
кен жолымызға бір мезгіл ой жіберіп қараңыздаршы. Тым алысқа 
бармай-ақ,  ХVІІІ-ХІХ  ғасырларға  бір  ғана  көздің  қиығымен 
қарасақ,  қалмақтардан,  қоқандықтардан,  орыс  патшалығынан 
қазақ еліне, оның мекендеген жеріне ойран салған басқыншылық 
шабуылдарды  көреміз.  Біздің  халық,  тарихымыздың  айтуы-
на  қарағанда,  өздігінше  бөтен  халықтарға  тиісіп,  оның  жеріне 
басқыншылық ниетпен шабуыл жасаған емес. Біздердің ата-ба-
баларымыз шамасы жеткенше тек қана өз елін қорғаумен, қазақ 
мемлекетін  қалыптастыру  әрекетімен  болды.  Осы  тұрғыдан 
алғанда қазақ тарихында Абылай ханның іс-әрекеті, саяси қызметі 
қазақ мемлекетін қалыптастыруға бағышталғанын көреміз, оны 
ұлттық  батыр  ретінде  бағалаймыз.  Бурабайдағы  Абылай  хан 

Аманат
17
алаңы,  онымен  жапсарлас  тарихи-танымдық  кешендер  батыр 
бабаға  ғана  емес,  бодандық  бұғауын  бұзған  халықтық  ерлікке 
арналған тағзым ескерткіш деп білеміз.
Өмірінің  аяғына  дейін,  туралап  айтсақ  ХІХ  ғасырдың  20-
шы,  40-шы  жылдары  патшалық  Россияның  бөтен  елдерді  бо-
дандау саясатына қарсы, қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күрескен 
қазақтың  ең  соңғы  ханы  Кенесары  Қасымұлы  болды.  Бұл 
қасіретті ғасыр еді. Бірақ, қазақтың қай ғасыры қасіретті болма-
ды.  ХV  ғасырдың  басында  Жәнібек  хан  мен  Керей  хан  құрған 
қазақ  хандығынан  бастап  халқымыздың  ғасырлар  бойы  төккен 
тері мен қаны сел болып ақса да бостандық бұлбұлы бағымызда 
сайрай қоймады. Оған көптеген әлеуметтік, экономикалық, сая-
си себептермен қатар, біздің ата-бабаларымыздың қолында тек 
қана  найза,  шоқпар,  қамыс  оқ,  қайың  оқ,  қозыжауырын  жебе, 
көбе бұзар жебе, білтелі мылтық сияқты қарулар ғана болғаны 
себеп.  Олардың  сауыт  бұзар,  қамал  алар  қуатты  құралдары  да 
жоқ еді.
Осындай  қантөгіс  пен  колониялық  жағдайда  1917  жылғы 
Қазан төңкерісіне де жеттік. Оның дем берушілері халықтар өз 
бостандығын, ел тағдырын өздері шешеді деп бүкіл дүние жүзіне 
жариялады. Бірақ, жарияланған бостандықтар, халықтар теңдігі 
социалистік құрылыстың барысында халықтың көксеген көңілін, 
бостандыққа  талпынған  ойын  тауып,  демократиялық  мемле-
кет  құрудың  орнына  өте  қатыгез  репрессиялық  әрекеті  күшті, 
халықты бұғауда ұстайтын тоталитарлық жүйені қалыптастырды. 
Мемлекет  басшылығында  өз  диктатурасын  бірде  ашық,  бірде 
жасырын жариялған коммунистік партия отырды. Оның жаңсақ 
саясаты көп ұлтты КСРО-ны тоқырау заманына алып келді. Бұл 
барлық тоталитарлық жүйеге тән заңдылық еді.
1991  жылы  желтоқсан  айының  8-інде  Белоруссияда  болған 
тарихи  оқиғаның  негізінде  70  жылдан  астам  халықтың  көз  жа-
сына боялған жүйе күйреп, шын мәнінде колониялық құрсаудағы 
одақтас  республикалар  егеменді,  тәуелсіз  мемлекеттерді 
қалыптастыруға  мүмкіндік  алды.  Қазақстанда  1986  жылғы 
желтоқсандағы  бұрқ  еткен  халықтық  қозғалыс  бұрынғы  КСРО 
шеңберінде  осы  мүмкіншілікті  тудырған  негізгі  әрі  шешуші 

Аманат
18
себептердің  бірі  болды.  Қазақ  жастарының  бас  көтеруі  халық 
қозғалса,  ол  өз  мақсатына  жететінін  көрсетіп,  төрткүл  дүниеге 
біздің бодандық ұйқыдан оянғанымызды жария етті.
1991жылы 16 желтоқсанда Қазақ елі өзінің тәуелсіздігін жа-
риялап,  оны  әлем  жұртшылығына  паш  еткен  еді.  Тарих  үшін 
әрине,  20  жыл  соншалықты  көп  уақыт  емес.  Бірақ  Қазақстан 
дүниежүзінің дамыған елдерімен терезесін теңестіре білді. Бұл ұлт 
Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың кемеңгер көрегендігінің 
нәтижесінде мүмкін болды. Елбасы Тәуелсіздіктің 20 жылында 
ерекше ерлік жасады. «Ол қандай ерлік?..» – дейтін болсаңыз, ай-
тайын. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында біз бір топ азаматтар, 
(Мұхтар Шаханов, сол кездегі Сыртқы істер министрі Төлеутай 
Сүлейменов  және  мен)  Президентпен  бірге  Хельсинкиге  ұшып 
бара  жатқанбыз.  Сонда  бір  сәт  Елбасы  бізге  келіп:  –  Жігіттер 
баспасөз  беттерінде  «Астананы  көшіру  керек»  деген  пікірлер 
жиі жазылуда, осыған қалай қарайсыңдар? Көшірген жөн бе? – 
деп сауал тастаған еді. Сонда барлығымыз мұның орынды пікір 
екенін айтып, қолдау білдіргенбіз. Ақыры, Назарбаев ел ішінде 
айтылған  сенімсіз  сөздерге  қарамастан,  Тәуелсіз  Қазақ  елінің 
астанасын Сарыарқаға көшірді. Жай көшіріп ғана қоймай, «Аста-
на» атты ғажайып қала салды. Әрине, Астана салу оңай емес еді. 
Бірақ Елбасы халқымыздың болашағы үшін осынау жауапты істі 
қолға  алды  және  ойдағыдай  жүзеге  асырды.  Бұл  баға  жетпес, 
үлкен  ерлік!..  Елбасының  ерлігіне  туған  халқы  ғана  емес,  әлем 
елдері де қатты сүйсінуде. 
Тәуелсіздік  туралы  Конституциялық  заңның  жобасын  мен, 
Еркеш  Нұрпейісов,  Талғат  Данақов  үшеуміз  өз  бастамамызбен 
жасап, 1991 жылдың шілде айында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 
Президиумына тапсырдық. Бірақ, бұл құжат көпке дейін қараусыз 
жата берді. Кейбіреулердің “онсыз да тәуелсізбіз ғой, осы заңның 
қажеті қанша” деген сөздері де құлағымызға жетіп жатты.
Ақырында,  осы  жылдың  9  желтоқсаны  күні  Қазақ  КСР  Жо-
ғарғы  Кеңесінің  Президиумының  мәжілісінде  депутат  Манаш 
Қозыбаев  және  мен  тәуелсіздік  туралы  Конституциялық  заңды 
қабылдау қажет екендігі туралы мәселе көтердік. Бұл жағдай де-
путаттарды  да  мазалап  жүрген  болуы  керек.  Өйткені,  ұсынысты 

Аманат
19
Президиум мүшелері бірауыздан қолдап, мен баяндамашы болып 
бекітілдім.
Араға  жеті  күн  салып  мен  Жоғарғы  Кеңестің  мінбесіне 
кеудемді  кернеген  үлкен  ұлттық-патриоттық  сезіммен  шығып, 
Қазақстан  Республикасының  тәуелсіздігі,  Конституциялық 
заңның  жобасы  туралы  баяндама  жасауға  кірістім.  Байқаймын, 
залда отырған депутаттардың басым бөлігі тоталитарлық жүйенің 
атына  айтқан  зілді  ойларымды  қолдағанымен,  әр  жерде  күбір-
күбір  сөйлеп,  айыптау  сөздерімді  артық  санайтындардың  бар 
екендігі  сезіліп  тұрды.  Мен  депутаттардың  көңілі  мен  назарын 
әлемге айбынын шашқан күшті де мызғымас, қатал орталықтан-
дырылған  империялық  Кеңес  Одағының  күйрей  бастағанына, 
бірнеше республиканың оның құрамынан шығып, тәуелсіз мем-
лекеттер  ретінде  өркендейтінін,  қиын  да  болса  болашағы  зор, 
қуанышты бостандық жолына түскендігін шамамның жеткенінше 
дәлелдеп бақтым.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі бірнеше сағатқа 
созылған талқылаудан кейін, Тәуелсіздік туралы Конституциялық 
заңды 1991 жылғы 16 желтоқсанда, кешкі сағат алтыдан он төрт 
минөт өткенде басым көпшілік дауыспен қабылдады. Бұл келешек 
егемен  елдің  өз  Конституциясына  кірпіш  болып  қаланған  заңы 
еді. Заң қабылданғаннан соң тура 30 минөтте Түркия Қазақстанды 
тәуелсіз мемлекет ретінде таныды. Әлемдік дипломатияның та-
рихында бұрын-соңды мұндай жағдай болмаған.
Сонымен, ғасырларға созылған мемлекеттік арманымыз орын-
далды.  Республика  Президентінің  Жарлығымен  16  желтоқсан 
ресми Тәуелсіздік күні және жалпы халықтық салтанатты мейрам 
болып  жарияланды.  Қазақстан  Республикасы  бүгінде  тәуелсіз 
демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде қалыптасты. Оның 
қазіргі  кездегі  аумағы  біртұтас  және  оған  ешкімнің  қол  сұғуға 
қақысы  жоқ.  Қазақстанның  дүниежүзілік  қоғамдастықпен 
өзара  қарым-қатынасы,  мемлекеттік  тәуелсіздікті  қорғау  және 
республиканың  елдік  нышандары  тәуелсіздіктің  мызғымас 
арқауы болып табылады.
Ел тәуелсіздігінің заңдық базасы Конституцияны, біздің 1990 
жылдан бастап қабылдаған аса ауқымды құқықтық құжаттарды 

Аманат
20
тірек ететінін айрықша атап өткім келеді. Егемен Қазақстанның 
жаңа  конституциялық  заңдылығы  осы  сәттен  басталды.  Жаңа 
Конституцияның  жобасын  жасамастан  бұрын  біз  елімізді 
басқару формасын анықтап алуымыз керек болды. Сөйтіп, Қазақ 
КСР  Жоғарғы  Кеңесі  Президиумы  мәжілістерінің  бірінде  мен 
Қазақстанда Президент қызметін тағайындау туралы ұсыныс жа-
садым. Ол кезде бұл көптеген факторларға байланысты еді. Қоғам 
көп ұлтты елде конфедерацияның тиімсіздігін сезіне де, түсіне де 
білді. Ұсыныс депутаттар тарапынан қолдау тауып, 1990 жылдың 
24 сәуірінде Қазақстанда Президент қызметін тағайындау туралы 
заң қабылданып, біздің Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назар-
баев сайланды.
Осы  заңның  негізінде  республиканың  мемлекеттік  және 
қоғамдық  құрылысына  түбегейлі  өзгерістер  енгізілді.  Өйткені, 
Президент қызметін тағайындау Жоғарғы Кеңестің монополиялық 
билігін  жоюға  жетелеп,  мемлекеттік  құрылыс  практикасында 
билікті  бөлісу  принципінің  алғашқы  қадамдарын  бекітуге  ба-
стады.  Қазақстанның  егемендігін  баянды  ету  процесінің  келесі 
логикалық  жалғасы  “Қазақ  КСР-нің  мемлекеттік  егемендігі  ту-
ралы”  Декларация  болды.  Оның  жобасын  мен  жасап,  бірнеше 
депутаттың  қолымен  “Социалистік  Қазақстан”  және  “Казах-
станская  правда”  газеттерінде  жарияладық.  Ұзаққа  созылған 
пікірталастан соң, жаңартылған одақтық шарт жасасу мүмкіндігі 
пайда  болған  аса  күрделі  саяси  жағдайда,  1990  жылдың  25 
қазанында Декларация қабылданды. 25 қазан – Республика күні 
болып аталды.
Еліміздің  өткен  даму  жолы  қазір  Қазақстанда  қолданылып 
отырған  конституциялық  оңтайлы  үлгіні  дұрыс  таңдай 
білгенімізді айғақтайды. Оның бір тармағы қуатты мемлекеттік 
биліктің кепілі ретіндегі президенттік басқару дер едім. Осыған 
қатысты  бір  ғана  мысал  келтірейін.  Құқықтық  мемлекет 
құрылысын үздіксіз жалғастыра беретін елімізде конституциялық 
тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету басты ұстаным санала-
ды. 1993 жылы өзін-өзі таратқан Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі жаңа 
Парламенттің  жұмысы  басталғанға  дейін  Президентке  заңдар 
шығару өкілеттігін беру туралы заң қабылдады.

Аманат
21
Аталған  кезең  аралығында  мемлекет  өмірінің  барлық 
негізгі  бағыттары  бойынша  заң  күші  бар,  жалпы  саны  136 
президенттік  жарлық  шығарылды.  Нақ  осы  заңдар  елімізде  ре-
формалар  қарқынын  жеделдетуге  және  даму  бағытын  нақты 
айқындауға көмектесті. Конституциялық заңдармен бір мезгілде 
экономикалық  және  әлеуметтік  реформалар,  қаржы,  банк  және 
басқа  да  шаруашылық  қызметі  мәселелеріне  арналған  идеоло-
гиясы  жағынан  нарықтық  заңдардың  үлкен  тобы  жұмыс  істей 
бастады.  Елге  ірі  шетелдік  капитал  тартуға  жағдай  жасалды. 
Қазақстандық  тартымдылық  өндірісті  күрт  өрістетумен  қатар, 
миллиондаған  азаматтарға  жұмыс  беріп,  бюджет  қаражатын 
молайтты.  Ең  бастысы,  президенттік  институт  қос  палаталы 
кәсіби Парламенттің біліктілігі мен белсенділігін нығайтты деп 
тұжырымдай аламыз.
Мен  біз  бүгін  қоғамымыздың  рухани  саламаттылығын 
(ден сау лығын)  сақтауға  баса  назар  аударуымыз  керек  деп 
есептеймін.  Мен  мұны  бұрынырақта  да  айтып  келгенмін. 
Экономикалық  реформа  мәселесімен  тікелей  айналысып  кет-
кен  жағдайда  мемлекетіміздің  идеологиялық,  насихаттық  және 
тәрбиелік жұмыстары әлсірейтіні белгілі. Оны көзіміз көрді. Ал, 
қазір  жағдай  оң  арнаға  түсті.  Халықтың  бөлініп-жарылуына, 
жіктелуіне  жол  бермейтін,  қоғамның  ауызбірлігін  қамтамасыз 
ететін,  оны  жаңа  жетістіктерге  бастайтын,  бұқарадан,  адам-
дар тобынан жеке тұлғалар, азаматтар жасауды мұрат санайтын 
ұлттық-мемлекеттік идеология нығайып келеді. Дәл қазіргі сәтте 
жалпыхалықтық талқылау жүріп жатқан мемлекеттік тілді дамы-
ту, білім мәселесін өркендету бағдарламалары өркенімізді өсіре 
түсетініне сенімдімін.
Егер тарихқа жүгінсек, Қазақ елі 500 жылдан кейін егеменді 
ел  болуға  қол  жеткізді.  Мұның  өзі  Тәуелсіздіктің  қаншалықты 
қымбат  екендігін  айқындай  түседі  және  мұны  қазақ  халқы  өте 
жақсы түсінеді деп ойлаймын. Мен «Қазақстан Республикасының 
Тәуелсіздігі  туралы»  декларацияны  талдап-жасауға  қатысқан 
адаммын.  Міне,  сол  декларацияның  жобасы  бойынша  1991 
жылы 16 желтоқсанда арнайы баяндама да жасадым. Сондықтан 
жастарға  «Тәуелсіздікті  қолдан  шығармаңдар,  оның  қадір-

Профессор С.С. Сартаев, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев, 
С.А. Назарбаева. Желтоқсан, 2001 ж.
Қ. Мәми және С.С. Сартаев

Академиктер: С.З. Зиманов және С.С. Сартаев
Университет студенттеріне білім кілтін тапсыру салтанаты

Аманат
22
қасиетін терең түсініп, алдыңғы буын ағалар салып берген сара 
жолдан  таймаңдар!»  –  дегім  келеді.  Өйткені  Тәуелсіздік  бізге 
оңайлықпен келген жоқ! Мен өміріме өте ризамын! Өйткені ел 
Тәуелсіздігі  туралы  басты  құжат  Тәуелсіздік  декларациясын 
жасау  бақыты  маған  бұйырды!  Қазақстанның  Конституция-
сын  жасауға  қатысқаным  үшін  де  өзімді  бақытты  деп  санай-
мын.  Өйткені  мұндай  баға  жетпес  бақыт  кез  келген  адамның 
пешенесіне жазылмаған болар!
Мемлекеттің  байлығын  халықтың  игілігі  үшін  жарататын 
болсақ,  халқымыздың  әл-ауқатын  көтеріп  қоймай,  бәсекеге 
қабілетті  елуліктің  қатарынан  ойып  тұрып  орын  аларымызға 
күмәнім  жоқ.  Өйткені  мемлекеттің  келешегін  кемел  ететін  үш 
діңгек  бар:  білім,  ғылым  және  денсаулық  саласы.  Біз  осы  үш 
діңгекке көп көңіл бөле бастадық. 
Біздің әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті респу-
бликада оқу орындарының ішіндегі ең үлкен қара шаңырағы. Уни-
верситетте жасалған жұмыстар, жұмысты ұйымдастыру қабілеті 
Қазақстандағы жоғары оқу орындарының бәріне үлгі бола алады. 
Ал  енді  бүгінгі  күннің  оқуға  деген  талабы  қандай  деген 
сұрақ туады? Бұл сұраққа бір қалыпты жауап беру қиын. Қазіргі 
жастардың ішінде керемет жақсы студенттер бар, тек қана жақсы 
емес, өздігінше көп ізденетін жастар жеткілікті. Бірақ осылардың 
арасында,  қітапқа  қызықпайтындары,  кітапты  оқымайтындары 
жеткілікті.  Мен  студенттік  аудиторияларға  кірген  сайын 
кейбіреулерін  орнынан  тұрғызып:  соңғы  кезде  қандай  кітап, 
қандай  газет  оқидың  деймін?  Көбісі  жауап  бере  алмайды.  Бұл 
тәрбие мектептен басталуы керек. Көп білу үшін көп оқу керек. 
Мен жастарға үлкен тілек айтар едім: Тарихыңды білгін кел-
се, әуелі Мұхтар Әуезовтың «Абай жолын», Ілияс Есенберлиннің 
«Көшпенділерін»,  Ермұхан  Бекмахановтың  «Казахстан  в  20-40 
годах ХІХ века» деген шығармаларын оқы деп айтқан болар едім.  
Сонда тарихыңыздан көп мағлұмат аласыңдар. Жұртқа ақыл ай-
татын боласыз, ал оқымаған адам ақыл айтып жарытпайды. 
Бүгінгі  жастарды  осыдан  он  жыл  бұрынғы  жастармен  са-
лыстыру  қиын.  Бұрын  жастар  көп  оқитын.  Қазіргілердің  пай-
даланатыны  интернет.  Мен  студенттерге  дәрісімді  бастамас 

Аманат
23
бұрын,  «қандай  кітап  оқып  жатырсыңдар,  қандай  мерзімді  ба-
сылымдарды  қарайсыңдар,  олардан  қандай  ой  түйдіңдер»  деп 
сұраймын,  ешқандай  жауап  естімеймін.  Ондайда  мен  қатты 
қорқамын. Жастар ешнәрсе оқымаса сана сезімі өспейді. Өзінің 
сана  сезімі  өспесе,  өркендемесе  жұртты  қалай  тәрбиелейді? 
Сондықтан мен кездескен сайын жастарға көп оқыңдар деп айту-
дан жалықпаймын. Оқыған кітаптан не алдым,  неден жирендім 
деп  ойлану  керек.  Осылай  ойланбайынша  жастардың  ой  өрісі 
кеңеймейді. Сана сезімді тарихи, көркем әдебиеттер өсіреді. Ке-
лешек жастарды тәрбиелеу үшін өзің білімді болуың шарт. 
Бұрынғыдай  қазіргі  жастар  да  ат  құлағында  ойнайтындай 
жігіт  болса  жаман  болмайды.  Ол  біздің  қазақтың  көне  заман-
нан  келе  жатқан  дәстүрі.  Ең  алдымен,  кішкентай  баланы  тайға 
тоқымдап  мінгізеді,  жүргізіп    сосын  шауып  үйретеді.  Ал  қазір 
ат  емес  машина  көп.  Университеттің  үш  автотұрағы  бар.  Онда 
тұрғанның  бәрі  дерлік  студенттердің  машинасы.  Яғни  олардың 
әке-шешелерінің  жағдайы  жақсы.  Бірақ  сол  балалар  әкелерінің 
жасаған еңбегін дұрыс түсінетін болса, тура жолдан таймасы хақ. 
Қазіргі жастар үлкенге жол беру, танысын-танымасын амандасу 
сынды қазақы әдепті ұмытып барады. 
Қазіргі  қыздардың  білместігіне  қарным  ашады.  Қыздар 
шашты  жалбыратуды  сәнге  айналдырып  алған.  Қазақта  шашты 
жаю  деген  болмаған.  Тек  ері  қайтыс  болған  әйелдер  бір  жұма 
бойы шашын жинамаған. Бүгін қыздар темекі шегеді. Темекінің 
түтінін  бұрқыратып  тұрғанын  көргенде  жұлып  алып  танауына 
тыққым келеді. Темекі шеккен адамның аузынан сасық ауыз жоқ. 
Сондықтан оның жағымсыз исінен қашу керек. Қыз бала әдепті 
болуы керек. Университет алдында темекі шегіп тұрған жігіттерге 
қарағанда қыздар көп қазір. Оларды мен әдепті деп айта алмас 
едім.  Олар келешек ана, біреудің жары ғой. Ана, жұбай, келін де-
ген әдепті емес, әдептің өзі болу тиіс. Өйткені табиғат солай етіп 
жаратқан. Сондықтан қыздарға темекі шекпеңдер, шашты босқа 
жалбыратып жүрмеңдер дегім келеді. Ал кітап оқитын қыздарды 
көрсем жүрегім елжіреп кетеді. Олар өздерінің келешегін ойлай-
тын қыздар. 
Жастар білмегенін үлкендерден сұрауға ұялмаса, түсінбегенін 

Аманат
24
әдебиеттен  іздеп  тауып  алып  отырса  деймін.  Менің  студент 
кезімде Воксберг Матвей Абрамович деген кісі болды. Өте көп 
оқыған,  есте  сақтау  қабілеті  жоғары  еді.  «Матвей  Абрамович,   
есіңізде ме мынандай мақала қай газетке шыққан еді»  десеңіз, сәл 
ойланып қай газетте қай айда басылып шыққанын айтып беретін. 
Мұны тегін айтып отырған жоқпын, оқыған материал қай жерде 
жарияланған,  авторы  кім,  қандай  идеяларды  көтерді  соны  есте 
сақтауға  тырысу  керек.  Себебі  әрбір  жас  –  болашақ  тәрбиеші. 
Тәрбиеші  болып  істеу  міндетті  емес,  ол  өзінің  баласының, 
інісінің, қарындасының табиғи тәрбиешісі. Сондықтан оқығанын 
өмірде орынды пайдалану керек. 
Қанша жасасаң да адамның өмірі қамшының сабындай ғана 
қысқа деп ата бабамыз ашып айтқан. Бірде елге бара қалсам жүз 
жасаған атам көлеңкедегі кереуетте тәспісін аударып қалың ойға 
батып  отыр  екен.  «Неге  мұнша  ойға  шомып  отырсыз»  десем, 
«осы өмірде не көрдім, соны ойлап отырмын» деп жауап берді. 
«Не көріпсіз?»  дегенде айтқаны: «Балам, аз жасағаным жоқ, көп 
жасадым,  аз  көргенім  жоқ,  көп  көрдім.  Бірақ  енді  алдымдағы 
көкжиектен  ешнәрсе  көрінбей  тұрғаннан  кейін  өткен  өмірім 
көп болып көрінбей тұр. Мен қазір жүзге келіп отырсам да мы-
нау  есіктен  кіріп,  анау  есіктен  шығып  бара  жатқандаймын», 
деп  қоржын  үйдің  екі  есігін  көрсетті.  Бұл  жүзге  келіп  отырған 
адамның  айтқан  сөзі.  Бұнда  үлкен  фальсафалық  маңыз  жатыр. 
Адам қанша жасаса да көп болып көрінбейді. Өйткені көкжиекте 
оны күтіп тұрған ешнәрсе жоқ. Бәрі артта қалды. Соған өкінеді. 
Бірақ дана халқымыз Алланың берген жасына әр уақытта қанағат 
қылып отырады. Сондықтан қысқа ғана өмірді мәнді, мағыналы 
өткізуге тырысу керек. 
Жастарға айтарым, студенттік жылдар өмірлеріңіздің ішіндегі 
ең  бақытты  кезең.  Неге  десеңіз,  бөтен  жұмыс  істеп  жалығып 
жатқан жоқсыздар. Шаршасаңыз тек оқудан шаршайсыз. Оқудан 
шаршау деген адамға ұнамды шаршау. Жақсы кітап оқып, ақыл 
кеңес  тыңдап  шаршасаңыз,  ол  сіздің  бар  өміріңізді  көтеретін 
шаршау. Осындай шаршаулардан ешуақытта Алла алас етпесін. 
Жақсы шаршауға, оқып шаршауға тырысуларыңыз керек деп ой-
лаймын.  

Аманат
Тарихқа үзбей көз салыңыз, оқыған кітаптарыңыз туралы ой-
ланып,  қандай  идеяларды  қабылдай  аласыз,  қандай  келісімсіз, 
өмірге қайшы келетін ойлардан бас тартасыз, осыны ойланыңыз» 
жастарға айтатын тілегім осы. Кем дегенде бір ай өткен сайын 
не жақсылық жасадым, қандай істі іске асыра алмадым, олардың 
орнын қалай толтыруым керек деп, соңы ойлауы керек. 
Демек,  ой  толғауы  сіздің  өмір  бойы  жол  сілтеушіңіз  болуы 
керек. 

Аманат
26


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет