269
Қазір еліміздегі орта мектептердің саны басым. Олар жекеленген
міндеттерді тереңдетіп оқытатын арнаулы мектептерге қарағанда көп. Ал,
мектептен соң колледждерге түскен оқушы белгілі бір мамандық бойынша
білім алады, ары қарай ЖОО-на түсуге дайындалады. Демек, жекелеген
пәндерді
ғана емес, барлық пәндерді терең игерту орта мектеп, лицей т.б. оқу
орындарының міндетіне жатады.
Дегенмен, осы ғылыми-зерттеуге баулу жұмысы әр мұғалім құзіретінде
немесе қабілетінде болатыны анық. Егер оқушының бастауыш мектептегі
мұғалімі ғылыми-зерттеу жұмысымен тығыз – толық - нақты білім бастауына
жол салып негізін қалап жіберсе, ол оқушы орта буынға барған кезде орта
буындағы қазақ әдебиеті пәні мұғалімі ол негізі бар, ғылыми-жоба зерттеуге
негіз салған оқушыны одан әрі жетелеп, оқушыны қызықтырған мәселе немесе
таңдаған тақырыбын одан әрі тәрбиелеп, терең
әрі мазмұнды ғылыми салаға
жол көрсетіп кетсе, жоғарғы үшінші сатыға оқуға көшкен әр оқушы өзіндік бір
үлкен де ауқымды мәселелерге назар аударып, өзіндік жол тауып кетер еді-ау
деген түйіндемеміз бар.
Өз тәжірибеміз бойынша нақты мысалдарға жүгінсек, төменгі сыныптарда
әдебиеттік оқу кітабы, жоғарғы сыныптарда қазақ әдебиеті деп аталатын пән
барлық мектептерде жүреді. Осы пән бойынша оқушы төмендегі аса өзекті
мәселелерге қатысты ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізе алар еді.
-
Қазақ фольклоры үлгілері басқа халықтарға қарағанда бізде өте мол.
Осының себеп-салдары неде деп ойлайсыз?
Осы сауал бойынша мыналарды айтар едік. Сонау 70-ші жылдары
Б.Қазыханова деген адам қазақ мәдениеті туралы кандидаттық диссертация
қорғаған, « . . . советтік Қазақстан жерінен жиналған көне мұра, фольклорлар
үлгілерін оқып отырғанда, мынадай ой басыңа еріксіз келеді:
егер осынау мол
мұраны қазақтардың жан басына бөлсек, онда әрбір қазақ не мақал, не мәтел, не
жыр, не жұмбақ т.б., әйтеуір, бір мұраның авторы боп шыға келер еді» деген
құнды пікір айтады.
Ал, осынша мол рухани мұра, байлығымыз бар екен, тіпті О.Сүлейменов
«АзиЯ» кітабында орыстардың мақтанышы боп табылатын «Игорь жасағы
туралы сөз» поэмасын ұлты орыс адамы емес, қазақ немесе түркі тілдес
халықтың өкілі жазды деп пікір айтқаны үшін кезінде сотталып кете жаздаған
адам да әзер құтылды ғой, ендеше, қазіргі тәуелсіздік жағдайында осы мәселе
яғни қазақтың бай, мол, төл мұрасы туралы зерттеуді мектептен бастамаймыз?
Осыншама ғажайып, мол мұра тыңғылықты зерттеліп,
лайықты
насихатталса, жалпыадамзаттық құндылықтар қатарына ойып тұрып орын
алмай ма?
Енді ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысатын оқушы танымына тамызық
тастайтын ойларымызға кезек берейік. Бұл орайда бірер жайтқа ден қойған
абзал және ол жайттар ірі жаңалық дер едік . . .
Біріншіден, қазіргі заманда әлемдегі өркениетті елдерден шыққан
оқымысты, ғалымдардың шамалы бөлігі болмаса, көпшілігі сонау 2-3 мың
жылдық уақытты қамтитын көшпенділер туралы, олар әкелген мәдениет пен
270
өркениет туралы (шешендік өнер; жеті атаға толмай қыз беріп, қыз алыспау;
қамшының сабындай келте ғұмырда сыйласып, қауымдаса ғұмыр кешу; жақсы
ұрпақ өрбіту; қысқасы, қазірде талай елді тамсандырып отырған ұлттық
болмыс) бертінге дейін жұмған ауыздарын ашпады.
Еуропа ғаламат мәдениет
пен өркениеттің, ал, Азия тағылық пен жабайылықтың мекені деп есептелінді.
Отырықшылыққа ертерек көшкен олар көшпелі ғұмыр кешкендерді өркениет
көшіне ілесе алмаған сорлылар деп есептеді. Тіпті әйгілі Орхон-Енисей жазба
ескерткіштері түркі халқының туындысы дегенде көп уақыт бойы сенбей келді.
Ағылшын Кимплинг (танымал «Маугли» шығармасының авторы) Батысты
Шығыстан әлдеқайда жоғары деп жар салды. Еуропаментизм деген ағым (әлі
бар) пайда болды. Бәрі де шығыста мәдениет жоқ деп айқай-шу көтерді. Бұл
жайтты әр оқушы білуі шарт.
Екіншіден, біздің ойымызша, рас, ерте ме, кеш пе, көшпелі өмір сүру
салты тоқтайтыны анық еді, жұрттың материкте болсын, отырықшы өмір
салтына көшетіні анық еді. Демек, отырықшы өмірге көшудің арқасында
Еуропа қалалар салды, театр,
оқу орындарын, кітапхана, аурухана т.б.салды.
Бұл жағынан оларды құптап, оң бағасын берген орынды. Алайда олар
мәдениетсіз деп есептеген шығыс халқының, әсіресе, көшпелі ғұмыр кешкен
түркілердің, әсіресе, қазақтардың жалпыадамзаттық асыл құндылықтарға
қосқан үлесі зор еді. Ол үлес – бай ауыз әдебиеті үлгілері, көне мұралар,
ғаламат әдет-ғұрып, салт-дәстүр еді. Жабайы жылқыны адамзат тарихында
бірінші рет қолға үйретуі еді. Абыройын жауып жүретін әдеті еді.
Табиғатты
бағындырамыз деп өктемсімей, сол табиғатты аялауы еді. Өздерін сол
табиғаттың бір мүшесіміз деп есептеуі еді. Ал, үнемі бір жерде отырмай,
Еуразия сияқты қос құрлық төсінде ылғи көшіп жүру (мал шаруашылығын
дамытуға орай) басқа елді, жерді, кеңістікті көруге мүмкіндік туғызды. Осының
нәтижесінде көшпелі елдің таным көкжиегі кеңейді, өмірдегі әр кеңістікте
болған жағдайлар, табиғат құбылыстары адам-табиғат-қоғам үштағының берік
байланысына айналып келді. Осы үштағандық сипат, көкжиегі кең таным
ғаламат мол әрі санасы рухани мұраны туғызды.
Жай ғана мысал. Оқушы үйінде және мектепте ғана болады.
Басқа жерде
(театрда, кіітапханада, мұражай, көрмелерде) сирек болады дейік. Ал, ол
жоғарыда айтылған жерлерде көп боп қана қоймай, басқа қалаларда, тіпті шет
елдерде болып тұрса, ондағы руханият орындарында болса, қандай ғажап болар
еді?! Яғни бүгінгі отырықшылықты қанша дәріптесек те, адамзат өркениетіне
кешегі уақыттағы көшпелілердің қаншалықты құндылықтар қосқанын
айтпақшы едік. Және оны өскелен ұрпағымыз түсініп, талдап, атам қазақтың
мәдениеті мен тарихын ғылыми-зерттеулері арқылы бойларына сіңіріп, өз еліне
деген мақтанышы мен патриоттық рухының мығым болуына себепкер болар еді
деген ойдамыз.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.
Казахская народная поэзия, Алма-Ата, 1964; Казахский фольклор в
собрании Г. II. Потанина, Алма-Ата, 1972.
2.
https://adebiportal.kz/kz/authors/view/1093