Жамалбеков Е.Ү


І бөлім. ТОПЫРАҚ ТҮЗІЛУі ЖӘНЕ ТОПЫРАҚТЫҢ



Pdf көрінісі
бет9/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   104
І бөлім. ТОПЫРАҚ ТҮЗІЛУі ЖӘНЕ ТОПЫРАҚТЫҢ
ҚҰРАМЫ 
 
1-тарау. ТОПЫРАҚ ТҮЗІЛУ ПРОЦЕСІ ЖӘНЕ 
ТОПЫРАҚТЫҢ ҚҰРАМЫ 
 
1.1. Топырақ түзілу процесі 
Топырақ - табиғат туындысы, табиғи әрі тарихи дене. 
Бір кездерде жер беті қазіргі ай планетасының ландшафты 
сияқты топырақсыз, өсімдіктерсіз, ауасыз, тіршіліксіз тып -
типыл, мүлгіген дүние болған. Жер бетінің жамылғысы 
бастапқыда тығыз қатты тау жыныстарынан тұрды. Бұл тау 
жыныстары алғаш өздері пайда бола бастасымен-ақ, үздіксіз 
үгілу құбылыстарына ұшырады. Қатты тау жынысының үстіне 
топырақ түзіле алмайды. Топырақтың түзілуі үшін, ең алдымен, 
қатты тау жыныстары майда ұнтақталған, кеуекті тау 
жыныстарына айналуы керек. Жер бетіндегі қатайған тау 
жыныстары табиғат күштерінің ғасырлар бойы үздіксіз әсерінен 
бірте-бірте қирап, бұзылып, қопсыған жыныстарға айналды. 
Бұл құбылысты геологияда үгілу (выветривание) деп атайды. 
Үгілу құбылысы тарихи топырақ түзілуден бұрын болған, 
сөйтіп ол топырақтың түзілуіне жағдай жасады.
Бүл 
құбылысқа 
табиғат 
күштерінің, 
әсіресе 
температураның, судың, желдің, күн сәулесінің, көшпелі 
мұздардың әсері ерекше. 
Тау жыныстарының үгілуінің физикалық, химиялық 
және биологиялық түрлері бар. Физикалық жолмен үгілуі деп -
тау жыныстарының химиялық құрамы өзгермей, тек әр түрлі 
механикалық 
бөлшектерге 
бөлінуін 
айтады. 
Физикалық 
үгілулерге қатысатын негізгі күштер - температура, жел күші, 
тасқын сулар мен көшпелі мұздар. Физикалық үгілудің 
қарапайым мысалын келтірейік. Мәселен, әр түрлі температура 
әсерінен тау жынысында жарылған сызат пайда болды делік. 
Уақыт өте келе оған ауадан ылғал кіріп, қыста мұзға айналып, 
ісінеді де әлгі сызат үлкен жарықшаққа айналып, қатты тау 
жынысын әрі қарай бұзады. Таулы аймақтарда жиі-жиі жауған 
жаңбырдан немесе қар қабаттарының көктемде бір мезгілде тез 
еруінен сел тасқындары болмай тұрмайды. Оның күшімен тіпті 


21 
ірі-ірі тастар да допша домалайды. Бір-біріне соғылған тастар 
жаңғақша шағылып, майда жыныстарға айналады.
Химиялық үгілу - тау жыныстары құрамындағы әр түрлі 
тұздардың немесе басқа қосылыстардың суда, қышқыл мен 
сілтіде еруінен және ауадағы оттегімен тотығуынан пайда 
болатын құбылыс. Мұның нәтижесінде химиялық құрамы 
жағынан жаңадан минералдық заттар пайда болады. Бұл заттар 
өздерінің суда ерігіштік қасиетіне, өзіндік салмағына қарай әр 
жерлерге түрліше шөгеді. Физикалық және химиялық үгілу 
процестері, 
әдетте, 
қосарласа 
жүреді. 
Бұлардың 
өту 
жылдамдығы табиғи ортаның климат жағдайларына тікелей 
байланысты. Алайда, әр аймақтың климат жағдайларына қарай 
оның бір түрі екіншісіне қарағанда басым болады. Мысалы, 
ылғалы мол, әрі күні жылы тропиктерде химиялық үгілу 
құбылысы белсендірек өтеді. Ал ауа райы аса суық тундра 
немесе күні аса ыстық, ылғалы өте аз шөлді аймақтарда 
физикалық үгілу құбылыстары басымырақ жүреді.
Физикалық және химиялық үгілулердің нәтижесінде 
таулар бұзылып, шыңдар мүжіледі. Құм мен балшық суға 
жуылып-шайылып, су күшінің кемуіне және жер бедерінің 
ыңғайына қарай шөгеді. Жел күшімен ауаға ұшады, шаңданады. 
Бұл ғасырлар бойы үздіксіз құбылысты ештеңе де тоқтата 
алмайды. Нөсерлетіп құйған жаңбырдан қатты соққан желден 
жер беті шамалы өзгеріске түседі. Ескі дәуірде тірі жәндіктер 
мен өсімдіктер болмаған кезде майда ұнтақталған жыныстарды 
біріктіріп, желімше ұстап тұратын ештеңе болмаған, топырақ 
шіріндісы түзілмеген. Сондықтан топырақ та пайда болмады. 
Физикалық үгілу болсын, химиялық үгілу болсын өзінше 
топырақ түзе алмайды. Топырақ түзілу құбылысы - физикалық 
та емес, химиялық та емес, биологиялық құбылыс.
Биологиялық 
үгілу 
нәтижесінде 
қатты 
тау 
жыныстарынан қопсыған, ылғал сіңіргіштік, су өткізгіштік 
қасиеті бар ұнтақталған жыныстар пайда болады. Әдетте, 
физикалық және химиялық үгілу кезінде босаған, суға ерігіш
өсімдіктерге қоректік минерал заттар ауқымды геологиялық 
заттар айналымына түседі де әр түрлі су ағыстарымен, 
өзендерге, теңіздерге, тіпті мұхиттарға қосылып, шөгінді 
жыныстарға айналады. Осы қопсыған, ұнтақталған жыныстарғ а 
тірі организмдер қоныстана бастаған уақыттан бастап олардың 
денесіне керекті заттар өсімдіктер мен микроорганизмдердің 
таңдамалы сіңірулерінің нәтижесінде көлемді геологиялық 


22 
айналымнан келіп түседі, яғни ауқымды геологиялық зат 
айналымынан кіші биологиялық зат айналымына көшеді. 
Органикалық заттар суда ерімейтін болғандықтан, бұл 
заттардың қоры жыл санап молая береді. Сонымен құрамында 
қоректік заттары жоқ тау жынысы тірі организмдер 
мекендегеннен кейін қоректік биофильді минералды және 
органикалық азотты заттардың қорына айналады. Басқаша 
айтқанда, құнарсыз тау жынысының орнына құнарлы топырақ 
пайда бола бастайды. 
Үгітілген тау жыныстарында өсімдіктердің өсе бастауы 
- топырақ түзілу құбылысының бастамасы. Қопсыған тау 
жынысында өсімдіктердің мекендей бастауы жалпы физикалық, 
химиялық үгілулерді шапшаңдатып, топырақ түзілу құбылысын 
тездетеді. Ең негізгісі өсімдіктер өсе бастағаннан кейін олар 
тау жыныстарынан көптеген биофильді элементтерді өз 
денелеріне жинап, ал күн сәулесінің күшімен жапырақтары 
арқылы (фотосинтез) көптеген органикалық заттар түзіп, жер 
бетіне, өзінің тамырлары тараған жер қабатына, олардың 
қорларын жинайды. Ал ол органикалық заттар ыдырап, шіріп 
алғашқы топырақ шіріндісін (гумусты) түзеді. Бұл құбылыс - 
топырақ түзілуінің алғы шарты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет