2
Баспаға ҚРБҒМ-нің жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі
білім департаменті ұсынған
Пікір жазғандар:
Жауапты редакторы:
Оқулықта табиғаттың
өмірге берген ерекше сыйы,
асыраушы анамыз – Жердің беткі, майда ұнтақталған құнарлы
қабаты – топырақ, оның түзілуі, құрамы , қасиеттері,
топырақтану
ғылымының
даму
тарихы
мен
әртүрлі
топырақтардың Әлемде және
ТМД елдерінде географиялық
таралу заңдылықтары туралы нақтылы мәліметтер келтірілген.
Қазақстан топырақтары туралы толығырақ баяндалып, оларды
тиімді пайдалану, экологиялық жағдайларын бүлдірмей қорғап ,
жақсарту мәселелері баяндалған.
Соңғы бөлімде көкжиекке көз
жіберіп, Әлем және Қазақстан жер қорлары туралы мәліметтер
келтіріліп, ол жерлер қанша халықты асырай алу мүмкіндіктері
туралы болжам айтылған.
Оқулық негізінен география, биология және экология
салаларындағы студенттер
мен оқытушыларға және жалпы
табиғат сүйетін көпшілік қауымға арналған
АЛҒЫ СӨЗ
Топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы
пәндері жоғарғы оқу орындарының географиялық, биологиялық,
3
экологиялық, жалпы табиғаттану
факультеттерінде арнайы пән
ретінде өткізіледі, Бүл пәннен орыс тілінде бірнеше оқулықтар
бар. Олардың қатарында В.В.Ковда, Б.Г.Розанов, (1988,)
,М.А.Глазовская, (1981), А.А.Роде, В.Н.Смирнов (1972) т.б. айтуға
болады. Ауылшаруашылық оқу орындары үшін кезінде академик
В.Р.Вильямстің оқулығы 1927-1938
жылдары арасында бірнеше
рет шыққан. Қазіргі кезде бұл салада негізінен И.С.Кауричев
оқулыға бар (1988). Бұл оқулықтар мен бірнеше ұрпақатар оқып,
білім алып келеді.
Қазақстан
мемлекеті
тәуелсіз
болып,
қазақ
тілі
мемлекеттік мәртебе алғанда, оқу тәрбие жүмыстары қазақ тілінде
жүргізілген кезде, ұлттық тілде оқулықтар аса қажет. Осыған
орай біздер қазақ тілінде профессор А.Б.Биғалиевпен бірге 1995
жылы "Қазақстан топырағы және оның экологиясы" оқу құрал ын
шығардық. Ал 1997 жылы "Жалпы
топырақтану және топырақ
географиясы мен экологиясы" деген оқу құралы жарық көрді. 2000
жылы ол оқу құралы біршама толықтырылып екінші рет шықты.
Бірақ аз ғана данамен басылып, тез тарап кетті. Міне сондықтан
бұл оқу құралы көпшіліктің сұранысы бойынша біршама
толықтырылып "Қазақ университеті" баспасынан 2004 жылы
үшінші рет шығарылды.
Ал, университеттер бағдарламасына
сәйкес география,
биология, экология мамандықтары үшін мұндай оқулықтар
дайындауда бұл алғашқы қадам. Ұсынылып отырған оқулық бұл
саладан осы мамандықтар бойынша білім беруге лайықтап
жазылған.
Ескеретін тағы бір жағдай бұл оқулықта әлемдегі
топырақтану
саласында
қалыптасқан
заңдылықтарды
ғана
көрсетпей, Қазақстан топырақтарына көбірек көңіл бөлінген..
Топырақтану
ғылымының
Қазақстанда
даму
тарихын,
топырақтарын тиімді пайдалану, олардың географиясы мен
экологиясы, қорғау мәселелері толық баяндалған. Топырақтану
пәнінің барлық бөлімдері қаралған. Әр бөлімдерге бақылау
сұрақтары келтірілген, бағдарлама бойынша практикалық жүмыстар
ұсынылған. Бұл оқулық алғашқы
рет ұсынылып отырғандықтан
ешқандай кемістігі жоқ деп айтуға болмайды. Сондықтан
оқырмандар тарапынан сын ескертпелер болса, ризашылықпен
қабылданады.