101
Балл қою кестесі
№
Жауап
Балл
Қосымша
ақпараттар
1
А
1
5
2
В
1
3
А
1
4
А
1
5
С
1
6
Үзіндінің мағынасын түсінеді;
2
15
Өз ойымен байланыстырып талдайды;
2
Өзіндік тұжырым жасайды;
1
7
Автор бейнесін анықтап, талдайды;
2
Кейіпкермен қарым-қатынасының тілдік көрінісін
талдайды;
2
Өз пікірін білдіреді;
1
8
2
Автор бейнесін талдайды;
2
Өз пікірін жеткізеді.
1
9
Шығарманыңкөркемдік-
идеялыққұндылығынгуманистіктұрғыданталдайды;
2
10
Әдеби эссе жазады;
2
Өзіндік көзқарасын, ой-пікірін танытады;
2
Логикалық қорытынды жасайды;
2
Эссе құрылымын сақтайды.
2
102
ҚОРЫТЫНДЫ
«Жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағының» мақсаты – жаңартылған
білім беру мазмұны аясында оқушыларды әдебиетті креативті қолдануға бағыттау.
Сондай-ақ сана әлеуетіжоғары дамыған, сын тұрғысынан және жаңашыл ойлай білетін,
рухы мықты, өз білімін қоғамның алға басуына жұмсай алатын ұрпақ тәрбиелеу.
Жиынтық бағалау тапсырмалары жаңа ғасырдың мақсаттарын көздейді.Оларға
ойларын еркін ауызша жеткізуде және жаза білуде қолдау көрсету, дәлелдер келтіру,
салыстыру және анализ жасау дағдыларын қалыптастырады.
Жиынтық бағалаудың критерийлері мен дескрипторлары арқылы оқушылардың
ақыл-ой қабілеті мен тілдік эстетикалық талғамдарының дамуына, тұлғалық
қасиеттерінің қалыптасуына, коммуникативтік құзыреттіліктерінің жетілдірілуіне
іргетас қалап, өмірлік дағдыларын шыңдауына, өздігінен білім алуларына мүмкіндік
туғызу. Сонымен қатар, оқушыларды ұлттық мәдениет пен әдеби мұраларды түсінуге,
қазіргі заманғы әдебиетті бағалай білуге үйретеді. Оларға ойларын еркін ауызша
жеткізуде және жаза білуде қолдау көрсету, дәлелдер келтіру, салыстыру және анализ
жасау дағдылары қалыптасады. Сондай-ақ әдеби талдау, сыни ойлау қабілеттеріне ие
болып, шығармашылдық ізденіске қадам басады.
Әдебиет адамтану қралы ретінде оқушыларды жан-жақты тәрбиелеуге жол ашады.
Әдебиет пәнінің оқу пәні ретіндегі құрылымы күрделі болып саналады. Себебі оның
ішкі мазмұнына көркем әдебиет шығармалары, олардың тарихы мен теориясына
қатысты ұғымдар, әдебиеттен ауызша, жазбаша тіл дамыту жұмыстарының жүйесі,
оқушының оқырмандық мәдениетін қалыптастыру мәселесі қоса қамтылады.
Жиынтық бағалау тапсырмалары арқылы оқушылар халықтың ұлттық рухын,
дүниетанымын, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін мәдени мұра ретінде танып біледі.
Әдебиет пәнін оқып - үйрену оқушының рухани жетілген әлеуметтік тұлға ретінде
қалыптасуына, халқының өткені мен бүгінін салыстырып, шығармадағы материалдық
және рухани құныдылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға
беріп, ой елегінен өткізуіне жәрдемдеседі.
Оқу мақсаттарына сай әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік
желілерін, эпилог, прологтарды анықтап, автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-
қатынасының тілдік көрінісін талдайды. Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда
тура және жанама мінездеулерді жіктеп, шығармадан алған үзінділерді өз көзқарасын
дәлелдеу үшін орынды қолдана алады. Сонымен қатар шығарманың көркемдік-идеялық
құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазады. Шығармадан алған
үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдана алады және шығармадан
алған үзінділерді қайта өңдеп, креативті жазуға үйренеді. Шығарманың тақырыбы мен
идеясын анықтап, басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік
құндылығына баға беруде ойын еркін жеткізе алады. Көркем шығармадағы көркемдегіш
құралдардың (психологиялық паралелизм, перифраз, сатира, ирония, гротекс, эллипсис)
қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтайды.
Әдеби мәтіндерге талғаммен қарау, шығармада көтерілген мәселеге азаматтық
ұстанымын білдіру, кейіпкерлер әлемін тануда типтік бейне, шынайы өмірмен байланыс
тұрғысында баға беру басым болғаны абзал.
Оқушының ізденімпаздығын, белсенділігін, өз бетімен жұмыс істеу қабілетін,
шығармашылық
ойлауын
қалыптастыруда
олардың
өзіндік
ерекшеліктері,
қабілетқарымдары ескеріледі.
103
Достарыңызбен бөлісу: |