2. Жұмыстың ғылыми-әдістемелік деңгейі: Әдістемелік жинақта тақырыптардың ғылыми-әдістемелік сарапталуы жан-жақты, ашық берілген. Жиынтық бағалау тапсырмалары бойынша ғылыми-әдістемелік деңгейі жоғары.
3. Жұмыстың жаңашылдық дәрежесі, білім беру жүйесінде (қала /аудан, аймақ, республика, шетелде) үйлесімділіктің болуы немесе болмауы): Әдістемелік жинақ «Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта,жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына», «Оқу бағдарламасына», «Оқу жоспарына», «Негізгі орта және жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулыққа», «Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағына», «Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстарға» негізделіп дайындалған.
4. Жұмыстың ғылымилығы: Бұл жинақта 6 сынып оқушыларының жаратылыстану пәні бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары ғылыми-әдістемелік мазмұнда берілген.
5. Ішкі бірлікті бағалау және жұмыстың әдіснамалық негізінің сипаттамасы (логикалық, нәтижелердің әдіснамалық негіздермен өзара байланысы, қарама-қайшы еместігі): Әдістемелік жинақ мектеп бағдарламасы негізінде, жалпы әдіснамалық тұғырлармен байланысты әзірленген.
6. Әрбір нәтиженің, ғылыми жағдайдың, жұмыстың тұжырымдары мен қорытындыларының негізділігі мен дәйектілігінің дәрежесі: «Жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы» әдістемелік жинағы мұғалімге 6 сынып білім алушыларына «Жаратылыстану» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік нұсқауда тұжырымдалған әрбір нәтижелер мен қорытындылар дәйекті, білім алушының ойлау қабілеті мен жас ерекшелігіне сай жасалған.
7. Жұмыстың практикалық маңыздылығы:Әдістемелік жинақ жаңартылған білім мазмұны негізінде оқытылатын орта мектептің
6 сынып оқушыларына арналған.
8. Жұмыстың аралық және қорытынды нәтижелерін ұсыну формалары мен тәсілдері: Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен Блум таксономиясының ойлау дағдыларына сәйкес ашық және жабық тапсырмалар негізінде жасалған.
Білім алушының әрбір тоқсан бойынша меңгерген білім деңгейі мен жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауда жиынтық бағалау тапсырмалары мәтіндік негізде құрастырылып, оны бағалау критерийлері арнайы рубрикалармен берілген.