Жанат Ахмади Әдебиет – жан нұРЫ



Pdf көрінісі
бет19/20
Дата21.01.2017
өлшемі0,96 Mb.
#2333
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

* * *
Ал ендi әйгiлi күйші Секен Тұрысбековке арналған «Күй 
қанатында» атты өлеңге ат шалдырып өтер болсақ, автор 
сiздi Секеннiң буына мас етiп тастайды. Сөзiмiз дәлелдi болу 
үшiн, бар-жоғы жетi-сегiз шумақ өлең толық берілсе артық 
болмас. 
Мен сенi мақтан етем сүйем сенi, 
Сыймайды сөзге бiрақ Күй өлшемi, 
Наз жаңбыр домбыраның үні жауған, 
Тұншығып үзіледі үзік арман. 
Өмірдің жапырағын жапырасың,
Өзіңді-өзің іздеп шыңыраудан. 

286
Жанат Ахмади
Түйіліп қабағың мен қалды қасың,
Қамығып, қасіреттен қан жұтасың.
Тып-тыныш өмір сүріп жүрген көппен,
Адамды айдалаға қаңғытасың.
Саусағың сағада ойнап ақ тиындай,
Тақуаның тарсылдайды тасбиғындай.
Таусылып тарихты ойлап, хадисті ойлап,
Заманды аңсады екен қарт биім қай?
Қамығып қарт би отыр сөз бiлетiн, 
Сөз мұңын ыммен ғана сездіретін. 
Фәнидiң мәнi қайда, мәнiсi не? 
Бiр бiлсе оны дағы сен бiлесiң.
Теңселiп жел тербеген қарағайдай, 
Тербелiп кейде шанақ салады ойбай. 
Сап тиып, сосын сараң отырғаның –
Баянды суға сатқан Қарабайдай (ғажап-ақ!)
Қан қақсап өкiнiшпен өкшелерi, 
Сүйретiп шаңырағын көш келедi. 
Қалдырып Қаратау мен Ұлытауды, 
Күйменен қазағымның көшкен елі.
Сең, сең күй сел боп ақса тыңдаған ел,
Секеннен селт етуге сескенеді. 
Өмiрiн сағынышпен наз арытқан, 
Естiліп еміс-еміс сөз алыстан,
Селк етіп оянғанда Секен абыз,
Серпiлiп қоя берер Қазақстан! 
Мен сенi мақтан етем!
 
  Сүйем 
сені!
Сыймайды сөзге бiрақ күй өлшемi, 

287
 Әдебиет – жан нұры 
Осынау күй сазының құдiретiн 
Сыйдырып өлең сөзге жiберсе едi... 
Поэзия киесi осыдан артық қандай болар екен?!
(Бұл сөз шiренгенде шап тартпасы үзiле жаздайтын, 
өзіне ешкімді теңгермейтіндер үшiн емес, қызыл тіл жанның 
мияты, рухани дүниеміздің қуаты дейтіндер үшін.) 
... «Мендей ғарiп кез болса,
Кiм таныса сол алсын» деп Абай айтқан, иман-таразы, 
тектiлер үшiн...

288
Жанат Ахмади
ОЙ ҚАМБАСЫ
Ақын Бауыржан Қарабектің «Жазушы» баспасынан 
жа рық көрген «Қызылдың ауыл құмында» атты жыр жи-
нағында жұрттың барлығы біле бермейтін бір дәйектеме 
«Шәкәрім қажының Қызылқұмға келуі» деген дастан бар. 
Бұрын ойға келмеген, тосын сыры бар дастанның басталар 
алдындағы шекесіне берілген жеке шумақ: 
Тұңғышы Құнанбайдың Құдайберді, 
Жалғанға жарқын ұлы шырай берді. 
Әкеден ерте айырылған Шәкәрім ұл, 
Бауырына бала Абайдың құлай берді, – 
деп ашылған. Бұған көзі түскен кісі біріншіден бұрын 
білмеген өзіндік құпияға таңырқай қараса, екіншіден бұл 
дастаннан «Абай» романындағы ауырып жатқан Құдайбер-
ді ағасының көңілін сұрай келген Абай көріністері елес 
береді... Жас Құдайберді қыршын өмірінің соңғы ақтық 
сәтінде Абайға үлкен сенім артқаны, артында қалып бара 
жатқан балаларына қамқор болуын табыстайтыны. Басқа 
әйелден (Құнанбайдың бәйбішесі Күнкеден) туған ағасына 
Абай ет жүрегі езіле отырып, ант-сертіндей уәде беруі. Кейін 
Құдайбердінің Шәкәрім бастаған кішкене балалары Абай 
келсе болды, қасынан шықпай, тіпті мойнына асыла ерке-
леп, қайран әкенің орнын аңсайтыны. Сонымен қоса Бөжей 
қайтыс болып, Құнанбай бастаған топ бауырым салып бара 
жатқанда Абай өз қасындағы Құдайберді ағасы не істесе,  
соны істеп, соның ықпалына бағынып бара жатқаны 
бәрі-бәрі кино лентасындай көз алдыңнан өтіп шығады. 
Әсіресе, дастанды оқи келе ақын Бауыржан Қарабек Абай 
романын бүге-шігесіне дейін көңіл тереңіне сіңіріп ал-
ғанын аңғарғандай боласың. Тобықты елінің жер-суы, ру-
лары Бауыржанның Қызылқұмдағы өз ауылындай анық. 
Аталмыш «Шәкәрім қажының Қызылқұмға келуі» атал-
ған үлкен тақырыптан былай қарай: «Көкшелердің көші», 
«Құмның Көкшелері», «Бала Шәкәрім», «Сырға сапар», «Қа-
жының Қызылқұмдағы күндері», «Ой», «Дана Шәкәрім», 

289
 Әдебиет – жан нұры 
«Түйін» деген бір шоғыр тақырып бас құрап, үлкен бір 
оқиға суретінің бетін ашады. Ең алдымен басын ашып айтып 
алатын бір нәрсе, мейлі, қандай бейтарап сыншы оқыса да, 
әр тақырыптың дастанды толықтырып тұрған айтар ойы 
ғана емес, жырдың сұлулық сымбатына шөге мән берген 
авторды тани түсетіні даусыз. Ал ғашқы үлкен тақырып бір 
дарияның күре тамыр арнасы десек, қалғандары соған тұс-
тұстан жамырап келіп құйып, арнасынан асырып жатқан 
әр салалы өзендер тәрізді. Оқып көріңіз; шағын мақалада  
қай тақырыптан, қай шумақты бөліп алып көрсетеріңді 
білмейсің. Өйткені сағатты сағат етіп құрап тұратын оның 
тұтасқан «шестеренка» тетіктері болса, бұл дастанның 
 
бө 
лек-бөлек алынған аталмыш тақырыптары сол тектес. 
Дастанның желі – арқауындағы ой үйірімдері, ішкі-сыртқы 
ұйқас бітімі және оқырманды алға жетелеп отыратын шы-
ғарманың жалпы діңі Бауыржан Қарабек жайлы оқырманды 
ойға қалдырады. Шәкәрімнің Қызылқұмға сапары әрі егжей-
тегжейлі, әрі көркем суреттелгеніне куә боласыз. Алғашқы 
бастама жырының соңына «Шыңғыстау, 1992 жыл» деп 
қойғанына қарағанда, автор Абай елінің – Тобықты елінің 
жерін көріп қайтқаны білінеді. Және өзі құмды далада туған 
Бауыржан Шыңғыстау жерінің жақпартасты табиғатын 
көріп, шексіз әсерге бөленгені де осы дастаннан анық бай-
қалады. 
Қорыта айтқанда, бұл дастан үшін Бауыржан Қарабек 
көз майын тауыса сарылып, еңбек еткенін, шығармасы-
ның ұзын-ырғасынан аңдау қиын емес. Әрі бұл туындының 
ұтып тұрған жері екінің бірі біле бермейтін «Шәкәрімнің 
Қызылқұмға келуі» дейміз. 
* * *
Кітаптың алғы сөзінде Бауыржан Қарабек жайлы 
«Қазақ әдебиетінің ұлы ақсақалдарының бірі – Сәбит 
Мұқановтың туғанына 100 жыл толуына байланысты өткен 
ақындар мүшәйрасында поэзия төріне таңғажайып жаңа 
есімдер шықты. Солардың бірі – Гамбург университетінің 

290
Жанат Ахмади
директоры, еліміздің айтулы іскер-реформаторы Бауыржан 
Қарабеков еді» деген баянат тұр. Көңіл бөлген кісіге осының 
өзі де біраз жайды аңдатқандай. 
«Қызылдың ауыл құмында» деп кітаптың аты айтып 
тұрғандай, туған, өскен жерімен кіндігі бір екені осы жинағы 
арқылы білінетін Бауыржан ініміз 80-беттегі тақырыпсыз 
өлеңін: 
Жырлар жаздым жорғадай тайпалмаған, 
Балдәуренді ей, өмір, қайтар маған. 
Сол баланы әлі күн сағынамын, 
Әппақ қызға арманын айта алмаған. 
Сезімдері сырнайлы әуен үзбек, 
Әппақ қызбен көңілдің әні егіз боп. 
Қырдан асып кетіпті қасқа жолмен
Сол бір бала өзінше әлем іздеп. 
Қабақтарда қалса да қонақтап күз, 
Бала сезім тек сені тонатпаппыз. 
Ақ періште сияқты түске енеді, 
Сағымдардың ішінен сол әппақ қыз. 
Болжам айтып болмысты бағамдардай, 
Жыр жазамын... басқаға шамам қалмай. 
Әппақ қызды ауылды сағынғаннан, 
Самайым да сәл ерте ағарғандай. 
Тағдыр маған өзінше сайлады әзіл, 
Іріде жүр қасымда, майда да жүр. 
Мен ілесіп кеткенде қасқа жолға 
Қол бұлғаған сол бір қыз қайда қазір. 
Көз ілмеп ем әйтеуір сол түні мен, 
Сезімдердің қосылып солқылымен. 
...Сол баланы сол ауыл біле ме екен 
Шардараның жарысқан толқынымен... 

291
 Әдебиет – жан нұры 
Иә, бұл Бауыржанның ғана емес, сенің де, менің де, оның 
да басынан кешкен балдәурен. Шыр етіп жер бетіне келген 
пендені құрығына бір іліндірмей, қақпанына бір қаптыр-
май қоймайтын магнит аралы бұл. Тегінде қай ақының 
болсын оның басы көптікі, баршанікі болуы ең басты шарт. 
Ал мына өлең қай пенденің, қай қазақ баласының сезімін 
қозғамайды. Анығырақ айтқанда «әппақ» қыз бола ма, бас-
қа қыз бола ма, бәріміздің де айтқалы тұрған, айта алмай 
жүрген жастық іңкәрлігімізді ақынның осы өлеңі тамам 
 
елге жариялап паш етіп тұрғандай. Тек жер айырмашылығы 
ғана бар Қызылқұмда туған бауырласымыздың жан сыры-
нан нәзік көрініс берген. Жәй ғана емес, тығырыққа тіреп, 
діңкелеткен, алғаш рет жан-рухын мертіктіріп кеткен тәтті 
арман мұңы осы ғазалда тұр. Олай десек, поэзия – құдірет, 
поэзия – әмір, бұйрық. Әрбір ақын жүрегі поэзия тұтқыны. 
(Абай да, Қадыр да, Тұманбай да) Ұлылардың бәрінің де 
жүрегі поэзия киесіне табынып, басыбайлы байланып 
бағынған. 
Бауыржан Қарабектің туған жер туралы жазған біраз 
өлеңдері де осы тектес. «Құс та ұясына бір соғады» демекші, 
туған топырағын мәселен, ең қанішер жауыздардың өзі де 
ұмыта алмайды. Кіндік қаны тамып, кір жуған жеріне оның 
ақын перзенті бас иген болса, Қызылқұм өлкесі мына жи-
наққа ма, не соның авторына ма, тағзым білдіргендей елес 
сезім бар. Сіздің кеудеңіздегі Қызылқұмның көлкілдеген 
сағымындай сусыған елес, өзіңнің Бауыржан Қарабекке 
деген құпия құрметің тәрізді. 

292
Жанат Ахмади
ШУАҚ ПЕЙіЛ – АҚЫН іНі
«Жаны – жаз, көңілі – жайлау ақ пейілді, 
Жақсының жүрегіне ғашық едім» 
Қасым Аманжолов 
Айналасындағы адамдарға көңілінің шуақ-нұрын ша-
шу ға дайын тұратын ақын ініміз, Кәдірбек Құныпияұлы-
ның «Қарқара қайда барасың» аталатын 6 баспа табақ жыр 
жинағы қолыма тиісімен, бірер күн ішінде оқып шықтым. 
Жалпы өмірде қылаусыз бауырмал, кіммен де болсын етене 
кірігіп, шынайы шырайымен табысатын Кәдірбек жайлы 
«ары бардың бетінің алауы бар» дейтін мақалды арнаса 
болғандай. Тегінде адамның өмірді сүюіне қарай, өмір 
адамды сүйеді ғой. 
…Біздің бала күнімізде Жоңғар тауы өңіріндегі көшпелі 
кезде, кейбір кедей кісілер құлын тері – тайжақы тимеген 
соң, кеудесіне бұзау терісінен илеуі қанған, ақ жарғақ, 
басына жадағай жабағыдан жаба салма – «ербек» («ешкінің 
жүні ербегім, еңіреп жүріп көргенім») кисе, соған қанағат 
ететін, ел қатарлы өмір кешетін. Оны айтып отырған себебім, 
өз басым Кәдірбектің өлеңдер жинағын оқымай тұрғанда 
тегі, осы жігітті көре алмай, күндейтін, ешкім жоқ болар деп 
ойлайтынмын. 
Рухани дүниесінің түлеуі – әлгі «тайжақы» киген байдан 
кем емес шығар деп білетінмін. Сөйтсем… адам баласын 
алаламайтын, көпке бірдей Кәдірбек те құдды өзіміз сияқты 
рухани әлемін кейде «илеуі қанған, ақ жарғақпен», кейде 
«жаба салма, жадағай жабағымен» орап, қанағат тауып жү-
ретін тәрізді. 
Жайлауымдай жатсынбай бұл әлемді
Жүруші едім, бейбіт күн – күмән енді… 
Жар астынан жау болып бір жапалақ, 
Көзілдірік киіп ап шыға келді. 
Қу тірліктің қобалжып қоңыр ұлы, 
Өзегімнен өрбіді өмір үні. 

293
 Әдебиет – жан нұры 
Жар астынан жау іздер ниет жоқта, 
Бөрігімнің астынан бөрі ұлыды. 
Зар заман – бұл, сосын ба? 
 
арлы адам жоқ, 
Кейбіреудің ісіне таңданам көп. 
Шөбереме шешесі сыр шертер ме 
Шерлі заман осылай орнаған – деп. 
Жау іздеген жоқ едім, дау іздеген, 
Ісім жоқ-ты ұр да жық арызбенен. 
Жапалақтар жымиып сұрар болса, 
Еш қиналмай арымнан 
 
 
 
…қарыз берем… 
Келіңдер! 
          (ііі-бөлім, «Жапалақтарға» 67-бет) 
І-бөлімнің беташар өлеңі «Әке суретінде» ақын: 
Тағдырымыз сияқты жүрдек кеме, 
Өмір көшіп барады тізбектеле. 
…Ұрпағыма кейінгі керек қой деп, 
Менің әкем түспепті суретке де! 
Дүр сілкінтіп талайды таптық мәні 
Дүрлігуге сай кепті жастық шағы. 
Сағынғанда әкемді 
 сарғайыңқы 
Суретіне қараймын паспорттағы. 
Жалғыз сурет… 
Жадырап жымимайды. 
Тік қарайды, ешқайда бұрылмайды… 
Сандықтағы суретке қараған күн, 
Анам да үнсіз көз жасын сығымдайды. 

294
Жанат Ахмади
Бір-ақ сурет… 
Қараймын, 
үнсіз қалам… 
Аласұрып жүрегім, 
 дүр-сыздаған. 
Бұл суреттің алдында 
 Пикассоның 
Қаламының сиқыры құнсыз маған! 
Ғажап емес пе. Өлеңнің соңына назар аударайық: 
…Альбом да көп бүгінде, сурет те көп, 
Шақыратын сан тойға билет те көп. 
Күйіп-пісіп жатады кейбіреулер 
Суреттегі сыйықсыз күйге өкпелеп. 
Бұл өнерге қалайша тағайын мін? – 
Сақтап жүрміз бейнесін талай ұлдың. 
Суреті жоқ туысты еске аламыз, 
Естелігі арқылы ағайынның. 
Өмір теңіз, 
жүзуде жүрдек кемем… 
Жарқын күнмен жаңарып, гүлдеп келем. 
…Анашымның ақ жүзін әжім басқан, 
Жиі-жиі түсірем суретке мен. (5-бет) 
Кәдірбек Құныпияұлы әке көзіндей жоғалмай сақтал-
ған қарапайым бір сурет арқылы оқырманның кеудесіне 
 
пікірге толтырып жібереді. Ойланып көріңіз, бүгінгі көп 
суреттің құны бар ма? Ақын бұл орайда дәл мына біз сияқ-
ты әкесі суретке түспей кеткен талайлардың іш-өзегін удай 
ашытумен қатар, осы жалғыз суреттің өзі адам баласы 
үшін қаншалық құнды нәрсе екенін еске түсіреді, еріксіз 
бағалатады. Әкені сағындыра білетін шынайы жыр жайлы 
«әттең, осы өлеңді мен жазған болар ма едім» дегендей, 
бір ізгі арман әуесшіл көкейіңе шоқ тастап, мұңға бейім 

295
 Әдебиет – жан нұры 
жаныңызды жалаулатып кетеді. Әке мен бала ортасындағы 
тіл жетпес құдірет киесін жан-жүйеңе көлденең тосады. 
Жаңғыртады. Көзі жоқ әке орнын сенің де қаншалық бағалап 
жүргеніңді ескертеді. 
Сондай-ақ автор «Қайқы» атты өлеңінде: 
Жатқасын ба қайқиып, «Қайқы» дейді, 
Жарқыраған жартастар… жай тілейді! 
Қырқасына Қайқының іліккенде 
Күн кідіріп, 
Күміс-нұр Ай түнейді… – дейді. 
Әсем бе? – әсем. Дау бар ма? – талассыз. 
Айтар ойымызды әр бөлімнен қарастырып отырғандық- 
тан ІІ-бөлімнен төмендегі өлеңге назар салып көріңіз. 
«Бейтаныс аруға», (Жарасқанның жыр кеші еді…) деп 
берілген: 
Көзіне сәл-пәл көгілдір бояу қондырған, 
Арнар ем, әттең, отырған анау өндірге ән. 
Қарай да қарай қарлығаш қызға ұмсынып, 
Зекең мен менде қалмай барады әл-дірман. 
Ерніне аздап, тырнағына аздап сән жаққан, 
Қарайды оған сұқтанушылар әр жақтан. 
Жарасқан емес, жалған-ай, осы ботаның 
Кеші секілді өзіне бәрін арнатқан! 
Ел күлген сәтте әсемдеп үнсіз жымиып, 
Алаулап өңде әппақ бір сезім тұр ұйып. 
Бізге емес, әттең, сахна жаққа қарайсың 
Ғашықтық жайлы жырлар оқылса қиылып. 
ҚазПИ-ме, әлде ҚазМУ-дейсің бе, кім білсін, 
Сәлем боп саған қуаныштар мен гүл жүрсін!.. 
Тұнығың мәңгі шайқалмасыншы, ақ бота, 
Бүлдірсе әппақ сезімің ғана бүлдірсін. 

296
Жанат Ахмади
Өндір жан отыр жүрекпен ұғып өлеңді, 
Өзімсіп сірә, өлең арнамай көр енді. 
Өмір-ғұмыр деп аталар мынау теңізде, 
Ақын жүректер өрге сүйресін кемеңді. (53–54-б.) 
Қалай дейсіз? – менше осы өлеңнің арналмауы мүлде 
мүмкін емес сияқты. «Тіл – дәмдіге, көз – әрліге сүйінеді» 
деген қазақ осы тәмсілді текке айтпаған. Мұндай сәтте… 
жоғарыдағыдай әсемдік бар жерде бұлқынбаған, дүрсілдеп 
соқпаған жүрек қандай ақындікі болар еді. Бәлкім – оны 
жазбаған ақын өзіне бір арба сабан түсіріп беретін бір әкімді 
мақтаған болар ма?.. Ал, ар сызығынан ары аттамайтын, 
затынан жаны жылы, жібек мінез Кәдірбек аталмыш аруды 
әдеппен әдіптеп, шәйі матаға бөлей отырып, аялап жырлаған. 
Ұлттық сүйіспеншілік қамқорлығына алған. Оқырман соны 
тани алады. Ондайды жазғанда өз құлқыны құрып «әттең-
айы» сезіліп тұратын ақындардай емес, тектілік көрсетеді. 
Авторға мін таға алмайсың. Көркемдікке құл болған ақын 
жүрек іштен тулай отырып «ақ ботаға» ақ тілек, уыз бата 
ниетін арнаған. Тіл алғыш жүректі баспен билеп, басқарған 
сезімді ақылмен көркейткен. 
Мұндай кезде қызыл өңеш, құлқынын көрсетіп алатын 
ақындарша, Кәдірбек жаза баспаған, мүлт кетпеген. 
Тегінде жүрекке салсаң, сезімге тартады. Ақылға салсаң 
төзімге тартады. Арындап келетін ашудан аяңдап басатын 
ақыл озатыны сияқты, күн ашықта жай отын шақырып 
тұратын найзағай сезімнен гөрі, миға салған ақыли сабырда 
қайыр бар. 
Сезім мен ақыл, яғни жүрек пен ми бірлесіп кеңескен 
жерде, Абай айтқан «ар ұялар іс қылмас, ақыл зерек» болады. 
Ал ақынның шынайы махаббат дүниесіне түзілген 
тақырыпсыз бір өлеңі: 
Сүйемін, сүйем, жалғанда жалғыз, жарығым, 
Махаббатымды кешігіп әрең таныдым. 
Ғазиз жан – ғашық ғайыпқа сіңіп кетпегей, 
Көкжиегімде күлімдеп жүрген сағымым. 

297
 Әдебиет – жан нұры 
Өлгенше сүйдім, сүйгеннен сірә – зар-мұңым… 
Аспаннан үзген шолпандай жауһар – таң гүлім! 
Өзіңсіз қайтіп жұпсыз көтерем жүрекпен 
Тымырсық, тылсым әлемнің мұнша тарлығын?!. 
Ғажап емес пе! 
Базарым, бағым, назарым, назым, бір сенде, 
Қоштасар шақта жаншылды кеудем 
 
 
Зіл – шерге. 
Мен сені сүйдім махаббат деген мұраттан, 
Опа да таппай опынып, күйіп жүрсем де. 
Жылардай өксіп, жаныма жапа шектіріп, 
Мұзарттай биік, мұзарттай суық тектілік! 
Жанарың айтты «жақсы көремін!» дегенді, 
Үздігіп барып үзіліп неге кетті үміт?! 
Бәріне көнген о, сорлы жүрек… төзімді, 
Тұңғиық жұтты тұп-тұнық мөлдір көзіңді. 
Айырылып қалып, айыптай алмай отырмын, 
Арбаған мені алдамшы сағым сезімді. (54-б.) 
Қайсыбір ұлылардың біреуі «адамның тілі ойын толық 
бере білгенмен, ішкі терең сезімді жеткізу жағынан жан-
сар» деген еді. Мына тұста ойға сол оралады. Олай болатыны 
сол сәттегі жаны жаралы ақынның жылаулы күйі қазір 
біздің басымызда жоқ. Ол – бір. Екінші, біз оқырмандар 
өлең авторынша ғашық бола алдық па, жоқ па?.. Кім қалай 
өлшейді. Бұған Сараийдің «ғашықта шыдам болмайды, 
шыдам болса, ғашық болмайды» деген теориялық ұғымымен 
қарайтын болсақ, авторда төзерлік шыдам қалмағандықтан 
қағаз бетіне осыншалық нәзік те, шыншыл жыр жолдары 
түсіп отыр… Ал, Шекспир «сүю – шегі білінгенде қор болады» 
деп күміс шегемен бекіте түседі. 
Мұнан шығатын қорытынды, бізді өз айтқанына иек 
қақтырмай сендіреді автор. 

298
Жанат Ахмади
Яки:    «Сүйемін, сүйем, жалғанда жалғыз, жарығым» 
немесе: «Базарым, бағым, назарым, назым – бір сенде, 
        Қоштасар шақта жаншылды кеудем зіл-шерге» 
деген ғазалшының жүректен күрсінген «шерлі» бәйітіне 
бас иесің. Өлең иесімен достасқың келеді. Мыңдардың тіп-
ті әлденеше мыңдардың дәл басып айта алмай (ғашық 
болушының бәрі ақын емес) ішінен булып, улап жүрген 
дерттерін ауыздарына шайнап салып беріп отырған ақынды 
қиялмен болса да, іздеп тауып, сыр бөліскісі, достасқысы 
келетін зарлық – жігіт, мұңлық – қыз бар ма, қазір?..
Миллиондардың ішінен суырылып шығып жатқан ақын 
қыз, шайыр жігіттер ғашық бола білмеп пе? Олар да өз 
жанартауларының дүмпуіне шыдай алмай аламан бәйгеге 
қосылатын ұлттық саңлақтарымыз. 
«Ақшаның арманы жоқ, сұлудың да қойнына кіреді» деп 
жаңа заманның қыршаңқы мәтелі меңзегендей, ақындар 
әулетінің арманы жоқ, өзі болмаса да сиқырлы өлеңін 
арудың құшағына енгізеді. Жақсы өлеңмен жүрегін жаулап, 
апиындай арбайтын ақынды түсінетін есті арулар жоқ емес. 
Сөзімізге дәлел үшін К. Құныпияұлының: 
Қараңғы шақта қамығып тапқан қарағым, 
Екі ауыз өлең арнауға саған жарадым. 
«Сырласым бол» – деп, 
«Мұңдасым бол» – деп, 
Мұңайып 
Жүрегімдегі… тырнадың аузын жараның, (80-б.) 
деген шумағын айтсақ жеткілікті. Енді осы IV-бөлімдегі 
«Иран Ғайыпқа» (76-б.), және басқа бөлімдердегі «Мұқа-
ғалиға», «Жұматайға», «Сағатбекке» деген арнау өлеңдер-
де жұрт айтып жатқан дүрмекке ілесіп, сарынға қосылу 
немесе әлдебір ақындарша жалбақ шешейлікке салынып, 
қолпаштау, көңіл аулау тәрізді пендешіліктен туған жаң-
ғырық сезілмейді. Автор ондай жалған, жүзкөйлікке, 
өтірік емексуге баспай, айтпауға болмайтын, ойлап ойын 

299
 Әдебиет – жан нұры 
талдырған, толғағы жетіп сыздаған шынайы түйсіктермен 
жұмыс жасайды. Адамды шынайы сүйеді. Тегінде арнау 
өлеңнің көркем шығуы да оңай емес. 
«Шыбыш желіндегенді білмей, лақтағанды біледі» де-
гендей, көбінше арнау өлеңге үйірсек, ішінара ақындар 
кезінде айтып үлгеріп қалу үшін, ішкі ой-сезім екпіні 
қинамай тұрып жаза береді. Бір қайнауы ішіндегі дүмбілез, 
күлді-көмеш «тартуын» айдап жібереді. Негізінен жұрт 
көңілін жамаған – оларға да рақмет-ау... Бірақ «бір көрме, 
бір көрмеге сыр берме» арнаулар сол күнгі газет қайда 
жұмсалса, сонда кететіні бар... 
Қорыта келгенде, айтарымыз, екі суайт бір-бірін 
иландыра алмайтыны тәрізді, мыстанды мыстан ғана арбай 
алатын болса, жүректі оқырмандарды жүректі ақындар ғана 
арбай алады, деген тоқтамға маңдай тірейміз. 

300
Жанат Ахмади
ЖАН ТЫНЫСЫ – ЗАР ШЫНЫ
Жарас Сәрсектің «Керуен көшіп барады» атты жыр 
жинағын оқып отырып, ақынды ерекше мұңды сырға 
тоғытып, осыншалық ой иіріміне шөктірген не деген ойға 
келесің. Автордың сезім дүниесіне қайталап үңілесің, 
кітаптың әр тұсын қайталап оқисың. 
Өз әнін айтып өмірге келді, 
Сәбилер: – сезім іңгәлап. 
Сең-сең боп көшкен сезімнің күллі 
Анасы менмін тыңда, алап 
Ақшуда бұлтқа арманын айтқан 
Ауылдан шыққан бала ем мен, 
Адамы біткен данышпан сынды 
Қалада жүрмін мұң қамап. 
       («Ескі 
сарын» 
31-б.) 
Бұл «мұң» Жарастың шынайы ақындық халі екенін: 
сырт көзді жай қисынды сөзбен алдаусыратқан, назы емес, 
өзі айтқандай ой-жүйесінде «сең-сең боп көшкен күллі 
сезімнің анасы» екеніне дауласа алмайсыз.
 
Менің жаным – сарыаяз – үскірігі кетпеген 
Содан болар кіл сорлы... жақындайды еппенен. 
Түлкі тонға оранып босағамнан аттайды, 
Арға оранып келуге басы олардың жетпеген. 
Менің жаным – жақсының құрбандығы деп қара, 
Бар қазанда жыртылғам «тәбәрік» боп қап-қара. 
Бір құрбанмен мәңгі өмір алар болса адамзат – 
Менің атым жазылсын бар ескерткіш тақтаға. 
Менің жаным – «Мың бір түн», 
Тәтті де ауыр жолдары. 

301
 Әдебиет – жан нұры 
Белгісіздеу дастанмын түспей жүрген қолға әлі. 
Бозбала шақ сезімнің қайыңдарын түптеген, 
Бір түкпірі жанымның – махаббаттың орманы. 
Ессіз күннің онда әрі жатыр шатпақ белдері, 
Естілсе ғой сол маңнан қос ғашықтың дем-лебі. 
Адалдықтың ауласы алыста емес ол маңнан, 
Сезіктенбей тек қана, 
Серкем деші сен мені 
Аяулым!.. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет