«жансугуровские чтения»



Pdf көрінісі
бет101/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   208
 
 
 
 
- Мүмкін емес. Кім айтты саған, - деді бадырақ көз Бегалы адыраңдап..». (6, 96 бет) 
Екінші дерек: «Октябрь туы» газетінің 1974 жылы Тасыбай Мұзбаевтың Ілияс жайлы 
«Қамқор  еді»  деген  естелік  мақаласы  жарияланған  [7,3].  Естеліктен  үзінді:  «Мен  ақын 
Ілиястың  алдынан  тәлім,  білім  алған  көп  шәкірттерінің  бірімін.  1921  жылдары  Ілияс 
бастауыш  мектепте  мұғалім  болып  жұмыс  істеді.  Бұл  Ілекеңнің  Ташкенттен  оқу  бітіріп 
келген кезі. Ауыл мектебінің алғашқы шәкірттері аса көп те емес болатын. Ілияс сабағын біз 
бар ынтамен тыңдайтынбыз. Оқу, білім қажеттігі жөнінде қызық әңгімелер айтатын. Көп оқу 
керектігін түсіндіретін. Зерек шәкірттерін тым жақын тартып, жанындай жақсы көретін еді. 
Ілиястың «Сұлу қыздың сыры» өлеңі мен «Қолбала» атты поэмасы да біз ертеректе жаттаған 
шығармалар болатын.»  
Үшінші  дерек:  Ілиястың  туысқаны,  кезінде  балалық,  жастық  шағы  бірге  өткен 
Қ.Шөкеновтің «Біздің Ілияс»деген естелік кітабы бар. Ілияс поэмаларының кейіпкерлері сол 
естелікте  де  кездеседі.  Мысалы,  поэмада  айтылатын  «Баласы  Солтанбайдың  үшеу  екен, 
Туыпты Қангелдісі қан уыстап»,-дегендегі Қангелді естелікте де айтылады.  
Бұл  деректерден  шығатын  қорытынды:  поэма  1920  жылға  дейін  жазылған.  Естіген, 
көрген-білгендерін хатқа түсіре беретін ақынның қасиеті елге мәлім. Неге ақын бұл дастанын 
кезінде  жарияламады?  Басты  себеп  -    дастанды  тұңғыш  жазғандықтан  қалай  болады  деп 
тосырқауы да, немесе "қайта қарап, пісіріп барып ұсынамын" деген асықпауы да емес. Басты 
себеп -  әпербақан заманнан аяғын тартуынан. І.Жансүгіровтің өз кейіпкерлерінің тағдырын 
бастан кешуі ғажап емес болатын.  
Б.Кенжебаев  «Ақын  Ілияс»  естелігінде  былай  дейді:  «Ілиястың  дене  құрылысы  мен 
бет  әлпетіне  сай  келмейтін  бір  жері  –  үні,  даусы  болатын.  Өзі  ұзын  бойлы,  алып  денелі, 
жазық  бетті,  үлкен  қыр  мұрынды  бола  тұрып,  оның  үні,  даусы  жіңішке  болатын.  Қатты, 
қызуланып сөйлегенде оның үні кейде шіңкілдеңкіреп шығатын еді. Бірақ Ілияс әнші еді. Ол 
ән  салғанда  оның  даусына  ерекше  бір  қасиет  пайда  болатын:  ол  әрі  сылдырлы,  әрі 
созылымды,  өте  таза,  сонысымен  құлаққа  жағымды  болып  шығатын,  жазғы  қоңыр  желдей 
есетін,  қоңыраудай,  таудан  аққан  тас  бұлақтың  суындай  сылдырайтын»  [8,2].  Өзі  әнші,  өзі 
ақын  Ілиясты  Қолбала  тағдыры  бей-жай  қалдырмаған,  реті  келген  кезде  жазған.  Ілиястың 
өлең-жырға  әуестігін,  ақындықты,  әншілікті  жоғары  бағалағанын,  өнер  тақырыбына  жиі 
барғанын біз білеміз.        
Ақын жырлауындағы  Қолбала бейнесі: 
Ақ жүрекпен, әділдікпен болған абыз
Салалы салмағы бар, іші сағыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет