«жансугуровские чтения»


мағлұм боларын да ақын өз сөзінде атап кетеді. Абайдың әйгілі концепциясы «үш сүюдің» бірі –  әділет



Pdf көрінісі
бет14/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   208
 
 
мағлұм боларын да ақын өз сөзінде атап кетеді. Абайдың әйгілі концепциясы «үш сүюдің» бірі – 
әділет.  Яғни  Абай  Алланы  сүй,  адамзаттың  бәрін  сүй  дей  келе,  үшінші  әділетті  атайды.  Бұл 
дегеніміз  Абайдың  әділет  ұғымын  аса  жоғары  бағалағандығының  бірден-бір  көрінісі  әрі  кез-
келген  адам  өз  ғұмырын  мағыналы  әрі  мәнді  сүруі  үшін  әділетті  қадір  тұтуы  қажет  екенін 
меңзейді. Аталған мысалдардың мағынасы ортақ арнаға тоғысады, әділет ол тек қана сөз емес 
сонымен қатар әр адамның өмірінің әр тұсында болатын дүние екенін, әрі адам өз өмірін жөнді 
сүруі  үшін  ұлттың  ұлт  ретінде  жасауы  үшін  де  бұл  қасиетті  құндылықтың  аса  қажет  екенін 
білдіріп тұр,  себебі  әділет қастерлі  ұғым  әрі күш ретінде  адамның болмысын реттей алса, сол 
көкірегінде ғаділеті орнаған адам әлемге де әділетті орната алады. Әделет заңы орнаған қоғам 
мен  өркениет  қана  адамгершілік  пен  тұрақтылықта  өмір  сүре  алатыны,  теңдік  пен 
парасаттылықтың да осыдан келіп туындайтыны айқындалып тұр. Бұдан шығар түйін, әділет ол 
тұтастай  әлеуметтің  ақуалын  реттестіретін  әрі  оны  бақылауда  ұстайтын  күш,  онсыз  қоғамда 
тәртіптің орнауы мүмкін емес. Әділет сөзінің мағыналық қырларының шынымен де көп екендігі 
анықтаып  отыр.  Сөздің  тек  мағыналық  бірлікпен  белгіленіп  қана  қоймай,  сонымен  қатар 
ауқымды  ұғымдарды  да  біріктіре  алатынын  байқай  аламыз.  Жалпы  сөз  дамуы  барысында 
жоғарыда атағанымыздай мағаналық кеңістікте артумен болды. Саналуан мазмұнды біріктіретін 
күрделі  бірлікке  айналды.    Кез  келген  сөздің  тарихи  қалыптасқан  этимологиялық  мағынасы 
болады, әрі сол түпкі әрі негізгі мағына сөздің болашақта мазмұн мен мән тұрғысынан дамуы 
мен ашылуына негіз болады. Алайда, сөз өзіміз атап кеткендей қоғам мен өркениеттің дамуына 
байланысты түпкі мағынасынан тыс та қолданылуы мүмкін. Ал, қазіргі таңда әділет сөзі өзінің 
ақиқат  пен  шындық  сипатты  болған  негізгі  мағынасынан  ауытқыған  жоқ.  Бірақ  ол  сөздің 
әлеуметтік қатыснас пен қоғамдық көзқараста алар орнын және мазмұндық салмағын білдіреді 
деп айтуға келмейді.    
Әділет сөзінің ұғымдық және мағыналық мазмұнын арнайы сызбанұсқамен талдаған жөн.                              
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет