13
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»
материалы республиканской научно-практической конференции
7 декабря 2018
г.
Ілиястың балаларға арналған өлеңдері өткен өмірдегі шынайы қазақи өмірдің
көріністерінен құралған. Ұлт мүддесіне қатысты ойлары баланы жақсы әлемге, оқу-білімге
бастайтын игі мақсаттар баланың білімге ұмтылуына мұрындық болатын ұлттық
таным екені
сөзсіз. «Жазғытұры», «Күз», «Қыс», «Оқимын», «Бөбек бөлеу», «Тас шешей», «Сабын»,
«Ұршық», «Саптыаяқ», «Күн боламыз», «Элеватор», «Комбайн», «Қазақ үйдің тұрмысы» т.б.
өлеңдері бүгінгі тәуелсіз еліміздің балалар әдебиетіндегі үлкен табысы.
Қазақ балалар лирикасы – қазақ әдебиетіндегі кейіндеу пайда болған саласы
болғанымен, руханиятымыздың көркемдік кеңістігін байытумен қатар, тәрбиелік-
тағылымдық жағынан да толықтырып отырған әдебиет әлемінің үлкен бір қанаты. Соның
ішінде, әсіресе, Ілиястың балаларға арналған өлеңдері халықтық педагогикамен ұштасып,
баланың дүниетанымына әсер ете алуымен маңызды.
Ілияс балаларды ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеуге күш салады және соған
лайықты шынайы көркем туындылар жазады. Сәбилердің, жас жеткіншектердің рухани
деңгейін көтеретін, қиялын шарықтататын жігерлі де жасампаз шығармаларды дүниеге
әкелді. Ілияс Жансүгіров қазақ балалар әдебиетінің ауыз әдебиетінен кейінгі негізін
салушылардың бірі деп толықтай айта аламыз.
Ілиястың балалар әдебиетіндегі шығармашылығы жайлы арнайы зерттелмегенімен,
баспалар ақынның балаларға, жасөспірімдерге арналған өлең, әңгіме, дастандарын жеке
кітапша етіп, бірнеше рет басып шығарды. «Кітаптан соң кітап» және «Тілашар» айдарымен
«Жалын» баспасы шығарған «Құлагер» /1979ж./ және «Шәутеннің шәркейі» /1986ж./
кітапшалары кішкентай оқырмандарының сүйікті серігіне айналып отыр.
Ілияс Жансүгіров балаларды табиғатпен, әсемдікпен, әлем сулулығымен таныстыруға
«Күз», «Жазғытұрым», «Жазғы шілде», «Қыс» өлеңдерін ұсынып, табиғат тамашасымен
таныстыруме қатар, жылдың төрт мезгілінде болатын құбылыстарды үйретіп,
әр маусымдағы
адам еңбегін көркем суреттейді.
Ағартушы-ақын жас жеткіншектерге арнап жазған жырларында танымдық,
тағылымдық түсінігін, түйсігін арттыруда. Ұғымталдыққа, зеректікке, әсемдікке тәрбиелеп,
сөз мәдениетіне үйретуді, алғырлыққа баулуды мақсат етіп тәрбиелейді. Мысалы, «Қазақ
үйдің тұрмысы» деген өлеңінде:
Ақ үйге алты
қанат келсем кіріп,
Босаға, маңдайша мен табалдырық.
Кереге алты жапсар,
алпыс уық,
Шаңырақ күлдіреуіш оған жуық.
Құр таңғыш, басқұр,
арқан екі аяқ бау,
Төрт ірге,
есік жабық, ши туырлық,
- дей келіп:
Басқа түрлі жабдығын санай алмай,
Сыртқы үздігін көрмекке кеттім шығып,
- деп аяқтайды.
Осы өлең жолдарынан қазақ үйдің қандай болатынын, яғни, оның босаға, маңдайша,
кереге, шаңырақ деген бөлшектерден тұратынын балаларға анықтап, түсіндіре білудің
көркем амалын көреміз.
І. Жансүгіровтың балаларға арналған арналған
«Малта» өлеңі 1929 жылы жазылған.
Бұл өлеңінде ұлтымыздың кәсібі, тіршілік қамы, тұрмыс - салты шынайы суреттелінеді. Бала
мен малта арасындағы диалогқа құрылған өлең
авторлық кіріспемен:
Құлыншақтай қу шұнақ,
Құйрық - жалсыз сұр шұнақ,
Балаға берді апасы.
Сұрша малта жұмыршақ,
Алды
бала қуанып,
Кетті аузынан су ағып [1],
-деп басталып,
диалогқа ұласады.