Жануар физол



Pdf көрінісі
бет222/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   504
110-сурет. РР дəрмендəрісінің торайларға əсері: 

     А- пеллаграмен ауырған торай, Б – сол торай никотин қышқылымен 

     Емдегеннен кейін 

 

Пиридоксинге ашытқылар, күріш кебегі, бидай дəндері, бауыр өте бай. Ол 



күйіс  малында  мес  қарын,  ал  басқа  үй  жануарларында  -  ішек 

микроорганизмдерінің  əрекетімен  синтезделеді.  Торайлар  мен  құстардың 

пиридоксинге деген тəуліктік сұранысы - 1-2 мг шамасында. 

 



 

299


Р  дəрмендəрісі  (цитрин)  өсімдік  əлемінде  кең  таралған  глюкозидтер  - 

рутин  мен  гесперидин,  шай  жапырағы  мен  жүзім  құрамындағы  таннин 

сияқты  заттардың  кешені.  Қара  қарақаттан  алынатын  концентратта  да  Р 

дəрмендəрісі мол болады. Цитрин капиллярлар қабырғасын нығайтады. 

Н  дəрмендəрісі  (биотин)  орталық  жүйке  жүйесінің  қызметін  реттеуге, 

белок,  көмірсу  жəне  май  алмасуларына  қатысады.  Ол  ферменттердің 

белсенді  тобының  құрамына  еніп,  аспарагин  қышқылы,  серин,  треонин 

өзгерісіне,  май  қышқылдарын  карбоксилдеу  процесіне  қатысады.  Биотин 

жетіспеген  жағдайда  тері  ауруға  шалдығып,  жүн  түсіп  қалады  (дəрмендəрі 

немістің  Науt  -  тері  деген  сөзінен  алынып  Н  əрпімен  белгіленген).  Бұл 

дəрмендəріні  ас  қорыту  жолының  микроорганизмдері  жақсы  синтездейді, 

сондықтан қалыпты жағдайда оған мұқтаждық байқалмайды. 



В

с

    дəрмендəрісі  (фоли  қышқылы)  антианемиялық    жəне  өсу  факторы 

болып  табылады.  Ол  жапырақтан  бөлініп  алынған      (латынша  -  folіum

жапырақ), сондықтан оны осылай атаған. 

Фоли  қышқылы  тиамин  мен  метионин,  қан  түйіршіктері  мен  метил 

топтарын түзуге қатысады, бауырды шырланудан сақтайды. Сонымен қатар 

ол  тимин  мен  тимидин,  пуриндер  түзу,  глициннің  серинге  айналу 

процестеріне,  гистидиннің  ыдырауына  қатысады.  Ол  жанама  жолмен  ас 

қорыту  ағзаларының  кілегей  қабығының  қалыпты  қызметі  үшін  қажет 

пантотен 

жəне 


никотин 

қышқылдары 

ферменттерінің 

түзілуін 

жандандырады. 

Рационда фоли қышқылы  жетіспегенде  жас  балапандардың өсіп-дамуы 

тежеледі, қаны азаяды, қауырсыны жақсы жетілмейді. 

Бұл  дəрмендəрінің  негізгі  көзі  жас  жапырақтар,  жануарлар  бауыры, 

ашытқылар  болып  табылады.  Сонымен  қатар  ол  ас    қорыту    жолының 

микроорганизмдерінің əрекетімен синтезделеді. 



В

12

  дəрмендəрісі  (цианкобаламин)  молекулалық  құрамында  металл  бар 

жалғыз дəрмендəрі. Оның құрамында 4,5 % кобальт болады. Цианкобаламин 

қанның  түзілуін  реттейді,  организмде  өсімдік  белоктарының  пайдаланылу 

деңгейін  арттырады.  Ол  жетіспеген  жағдайда  сүйек  кемігінде  дамып 

жетілмеген  қан  түйіршіктерінің  саны  көбейеді,  олар  қан  айналымына 

қосылмайды,  организмде  қан  азаяды  (организм  қатерлі  анемияға 

шалдығады).  Бұл  дəрмендəріні  қанға  еккенде  қан  түйіршіктері  тез  жетіліп, 

қанға  өте  бастайды.  Оны  ас  қорыту  жолымен  бергенде  мұндай  əсер 

болмайды.  Мұның  себебі  қарынның  пилорус  бөлігінде  цианкобаламиннің 

организмге  сіңуін  реттеп  отыратын  ерекше  фермент  -  аминополипептидаза 

түзіледі. Қатерлі анемия осы ферменттің болмауынан туындайды. 

Мал  рационында  кобальт  болмаған  жағдайда  цианкобаламиннің  синтезі 

тоқталады.  Осының  салдарынан  гемоглобиннің,  эритроциттердің  түзілуі 

бұзылып,  азотты  заттар  толық  сіңбей,  қан  плазмасы  мен  бұлшық  еттегі 

белоктардың  синтезі  нашарлайды,  зат  алмасу  қарқыны  төмендеп,  кальций 



 

300


мен  фосфор  алмасуы  бұзылады,  организмнің  түрлі  ауруға  төзімділігі 

нашарлайды.  Мал  кобальтпен  қамтамасыз  етілсе,  мес  қарын  мен  ішекте 

микроорганизмдер  əрекетімен  В

12

      дəрмендəрісі      синтезделіп,      малдың 



мұқтаждығы толығымен қамтамасыз етіледі. 

Парабензой  қышқылы  жануарлар  мен  өсімдіктер  өнімінде  кең    тараған. 

Азық  құрамында  бұл  қышқыл  жетіспесе  малдың  өсуі  тоқтап,  жүні  ағарып 

кетеді. 

В

15

  дəрмендəрісі  (пангам  қышқылы)  липотроптық  əсер  етеді,  тотығу 

процестерін  жандандырады,  бауырды  май  басудан  сақтайды,  бұлшық  ет 

үшін қуат көзі болып табылатын креатинфосфаттың түзілуін жақсартады. 

С  дəрмендəрісі  (аскорбин  қышқылы)  аргиназа,  амилаза,  торша 

протеоазасы  əрекетін  жандандырып,  бүйрек  үсті  безінің  стероидты 

гормондарын,  ДНК-ны  түзуге  қатысады,  дəнекер  ұлпаларда  коллагеннің, 

бауырда гликогеннің түзілуін жақсартып, қарын сөлінің бөлінуін күшейтеді, 

тирозиннің  тотығуын  шапшаңдатады.  Азықта  ұзақ  уақыт  С  дəрмендəрісі 

болмаса  организм  қырқұлақ  (цинга)  дертіне  шалдығады:  қызыл  иек  ісініп, 

қанайды,  тері  мен  ет  қанталайды,  буындар  ісінеді,  мал  берген  азықтан  бас 

тартып, өліп те кетеді.  

Мал үшін аскорбин қышқылының көзі көк шөп, түйнек тамырлар болып 

табылады.  Əрбір  кг-ға  шаққанда  жас  жоңышқада  360  мг,  картопта  -  115, 

сəбізде - 380, қызылшада - 80, сүтте - 7-26 мг аскорбин қышқылы болады. Үй 

жануарлары  мен  құстар  аскорбин  қышқылын  синтездей  алады,  сондықтан 

олар бұл дəрмендəріге мұқтаж болмайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет