Жануар физол


Энергия  алмасуын  зерттеу  əдістері



Pdf көрінісі
бет224/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   504
Энергия  алмасуын  зерттеу  əдістері.  Жоғарыда  қабылданған  азық 

құрамын  анықтау  арқылы  организмге  түсетін  энергияны  оңай  табуға 

болатынын  атап  өттік.  Ал  организм  шығындайтын  энергия  мөлшерін  табу 

қиынырақ.  Егер  организм  қабылдаған  органикалық  заттар  толығымен 

ақырғы  өнімдерге  дейін  ыдырап  кетсе,  онда  энергия  шығынын  энергия 

кірісімен  бірдей  мөлшерде  деп  алуға  болар  еді.  Бірақ  белоктың  ыдырауы 

барысында  шала  тотыққан  алмасу  өнімдері  көп  мөлшерде  түзіледі.  Осы 

себепті организмдегі энергия шығынын жеке зерттеп табу керек. 

Зат  алмасу  процесі  кезінде  босанған  энергия  организмнен  жылу  түрінде 

бөлінеді, сондықтан организмдегі жылу алмасуына қарап энергия алмасуын 

анықтауға  болады.  Бұл  үшін  негізінен  екі  түрлі  əдіс  қолданылады:  тікелей 

калориметрия жəне жанама калориметрия.  



Тікелей калориметрия - организмнен сыртқа бөлінетін жылуды өз бойына 

сіңіріп алуға арналған күрделі аппарат - калориметриялық камера қолдануға 

негізделген  əдіс  (112-сурет).  Зерттелетін  организм  камераның  ішіне 

орналастырылады. Камераның қабырғасы жылу өткізбейтін материалдармен 

қапталады да, оның төбесінде су жүретін калориферлік құбырлар өтеді. Осы 

су  жылу  сіңіргіш  рөлін  атқарады.  Тəжірибе  кезінде  камераға  келген  жəне 

одан  ағып  шыққан  судың  температурасы  мен  жалпы  массасы  өлшенеді. 

ĸë 


îñû 

æîëìåí 


(ê-ëîðèìåтðèÿëûº 

º½тû 


ê¼ìåãiìåí) íåñåïтi», í¸æiñ 

т

i»  æ¸íå  ì-ë  ¼íiìäåðiíi» 



ê-ëîðèÿëûº  º½íäûëû¹ûí 

-íûºт-ó¹- 

áîë-äû. 

͸æiñтå 


ýíåðãèÿ 

ºîðûтûëì-¹-í 

-çûº 

º-ëäû¹ûíä-,  ýíäîãåí  äi 



ºîñûëûñт-ðä-, 

ìèêðî- 


îðã-íèçìäåðäå 

ñ-ºт-ë-äû. 

Íåñåïтå 

ýíåðãèÿ  -çîттû  ç-тт-ð 

(íåñåïí¸ð, 

ãèïïóð 


ºûøºûëû, 

êðå-тèí, 

-ëë-í- тîèí) ìåí -çîтñûç 

ºîñû  ëûñт-ð  (ãëþêóðîí 

ºûøºû-  ëûíû»  т½çä-ðû, 

ëèìîí 


ºûøºûëû) 


 

304


Арнаулы  термометр  арқылы  камераның  ішкі  бетінің  температурасын 

анықтап, оның сыртқы бетінің жылуын сол деңгейде ұстайды. Калориферлік 

түтікшелерден 

өткен 


судың 

массасын, 

бастапқы 

жəне 


соңғы 

температурасын,  камера  ішіндегі  ортаның  бастапқы  жəне  тəжірибе 

соңындағы  температурасын  білу  арқылы  организмнен  бөлінген  жылу 

мөлшерін есептеп табуға болады.  

 

112-сурет. Этуотер-Бенедикт калориметрінің схемасы: 

1,2 - термометрлер; 3 - суды жинап өлшеуге арналған бак; 4- азық беріп, мал 

бөлген  заттарды  шығаратын  терезе;  5  -  малды  бақылайтын  терезе;  6  - 

желдеткіш;  7,9  -  суды  сіңіру  үшін  күкірт  қышқылы  құйылған  бактар;  8  - 

көмір қышқыл газын сіңіретін қондырғы; 10 – камерадағы қысымды тұрақты 

деңгейде ұстауға арналған құрал; 11 - газ сағаты; 12 - оттегімен толтырылған 

баллон.  

 

Аппаратта  камерадағы  ауаны  сорып  алып,  көмір  қышқыл  газы  мен 



ылғалдықтардан тазартып, оттегін өлшеп, қажетті мөлшерде камераға айдап 

отыратын  қондырғы  болады.  Мұндай  аппаратты  алғаш  рет  1890-1893 

жылдары Ресейде В.В.Пашутин мен А. Лихачев жасады, ал осыдан алты жыл 

өткен соң 1899 жылы АҚШ-та У.Этуотер мен Ф.Бенедикт қолданды. 

Тікелей калориметриялық жолмен энергия алмасуын зерттеу мақсатында 

теңгергіш  (компенсациялық)  камералар  да  қолданылады.  Бұл  аппарат 

құрылысы мен мөлшері жағынан бірдей екі камерадан тұрады. Бір камераға 

зерттелетін  жануарды  орналастырып,  екіншісіне  –  жылытқыш  аспап 

қойылады.  Арнаулы  термоэлектрлік  құрылымның  көмегімен  екінші  камера 

автоматты түрде бірінші (мал орналасқан) камерадағы жылу деңгейіне дейін 



 

305


қыздырылып  отырады.  Екінші  камераны  жылытуға  жұмсалған  энергия 

мөлшеріне қарап мал организмінен бөлінген жылуды анықтауға болады. 

Соңғы  жылдары  бұл  мақсатта  градиентті  калориметрлер  қолданылып 

жүр.  Бұл  жүйедегі  калориметриялық  камераның    ішкі    беті  арнаулы  жылу 

өткізбейтін  материалдармен  (жұқа  мыс  қаңылтырмен,  целлофанмен,  шыны 

матамен)  қапталады.  Мыс-  константан  термоэлементтерінің  жəрдемімен 

жылу өткізбейтін  материалдың ішкі жəне сыртқы беткейіндегі температура 

айырмасы  өлшенеді.  Бұл  аппарат  мал  бөлген  жылудың  аз  ғана 

ауытқуларының өзін тіркеп отыруға мүмкіндік береді. 

Аталған калориметриялық камералардың көптеген кемшіліктері бар жəне 

бұл  əдіс  өте  күрделі.  Сол  себепті  практика  жағдайында  көбінесе  басқа  - 

жанама калориметрия əдісі қолданылады. 



Жанама  калориметрия  əдісі  бойынша  организмнің  энергия  шығыны  ол 

қабылдаған  оттегі  мен  бөлген  көмір  қышқылы  газы  мөлшеріне  қарай 

анықталады.  Оның  себебі  организмдегі  энергия  көзі  -  онда  жүретін  тотығу 

процестері.  Тотығу  кезінде  органикалық  заттардың  құрамындағы  оттегін 

пайдаланып, көмір қышқыл газы босап шығады. Демек, газ алмасуды зерттеу 

арқылы  организмнің  энергия  шығынын  табуға  болады.  Ол  үшін  белгілі  бір 

уақыт  ішінде  организм  сіңірген  оттегі  мен  бөліп  шығарған  көмір  қышқыл 

газдың  мөлшерін  білу  керек.  Организм  1  л  оттегі  қабылдағанда,  немесе  1  л 

көмір  қышқыл  газын  бөлгенде  белгілі  мөлшерде  жылу  түзіледі,  оны 

оттегінің  немесе  көмір  қышқыл  газының  калориялық  коэффициенті  деп 

атайды.  Ал  организм  сіңірген  оттегі  мен  ол  бөлген  көмір  қышқыл  газының 

мөлшерін  анықтау  үшін  арнаулы  респирациялық  камералар  қолданылады. 

Олардың  алғашқы  модельдерін  1886  жылы  орыс  оқымыстылары 

В.В.Пашутин мен М. Н. Шатерников жасаған (113-сурет). 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет