Жануар физол


 Дене температурасы жəне оның реттелуі



Pdf көрінісі
бет228/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   504
9.11. Дене температурасы жəне оның реттелуі 

Организм сыртқы ортамен зат жəне энергиямен алмасып отыратын ашық 

жүйе.  Зат  алмасу  кезінде  организмде  жылу  түзіліп,  ол  қоршаған  ортаға 

беріледі  де,  организм  мен  сыртқы  орта  арасында  динамикалық  тепе-теңдік 

қалыптасады. 

Сыртқы орта температурасының ауытқуларына бейімделуіне байланысты 

жануарлар стенотермиялы жəне эвритермиялы болып бөлінеді. 

Стенотермиялы  жануарлар  қоршаған  орта  температурасы  аз  ғана 

мөлшерде  ауытқитын  жағдайда  тіршілік  етеді.  Оларға  тропикалық  теңіз 

жануарлары жатады. 



 

310


Эвритермиялы  жануарлар  сыртқы  орта  температурасының  көп 

мөлшердегі  ауытқуларына  төзіп,  тіршілік  етеді.  Оларға  құрлықта,  тұщы 

суларда тіршілік ететін жануарлар жатады. 

Жоғары  сатыдағы  жануарлар  (сүт  қоректілер  мен  құстар)  денесінің 

температурасы  қоршаған  сыртқы  орта  температурасына  тəуелсіз  жəне 

біршама 


тұрақты 

деңгейде 

сақталады. 

Дене 


температурасының 

тұрақтылығын  изотермия  деп  атайды.  Бұл  қасиет  эволюция  барысында 

біртіндеп пайда болған, оның арқасында жеке органдар мен ұлпалар сыртқы 

орта  температурасының  ауытқуларынан  тəуелсіз  қызмет  атқарады. 

Изотермияны  күрделі  физиологиялық  тетіктер  қамтамасыз  етеді,  олардың 

ішінде  негізгі  рөлді  жүйке  жүйесі  атқарады.  Осы  себепті  изотермия  жүйке 

жүйесінің дамуына байланысты қалыптасады. 

Төменгі  сатыда  дамыған  жануарларда  изотермия  болмайды.  Барлық 

омыртқасыз  жануарларда,  балықтарда,  қос  мекенділерде,  бауырымен 

жорғалаушыларда  дене  температурасы  тұрақсыз  жəне  қоршаған  орта 

температурасына тəуелді өзгеріп отырады. Орта температурасы жоғарыласа 

дене  температурасы  көтеріледі,  салқындаса  -  төмендейді.  Мысалы,  күн 

ысыған  кезде  кесіртке  денесінің  температурасы  40

0

С-ға  дейін  көтеріледі. 



Осындай  дене  температурасының  тұрақтылығын  сақтай  алмайтын 

жануарларды пойкилотермиялы жануарлар («салқын қандыларң) деп атайды 

(Роікіlоs  -  грек  тілінде  түрлі,  ала-құла,  therm-  жылу  деген  мағына  береді). 

Организм  температурасын  бір  қалыпта  сақтап  тұратын  жануарларды 



гомойотермиялы  (¿оmоіоs  -  бірдей)  жануарлар  («жылы  қандыларң)деп 

атайды. 


Изотермия  тек  филогенезде  ғана  емес,  онтогенездік  даму  кезінде  де 

біртіндеп  қалыптасады.  Жаңа  туған  төлдер  мен  балапандарда  дене 

температурасын  бір  қалыпта  ұстау  қабілеті  туғаннан  кейін  бірнеше  күннен 

соң (мысалы, көжектерде 11 күннен кейін) қалыптасады. 

Кейбір  жануарлар  жылдың  белгілі  бір  мезгілдерінде  гомойотермиялы 

организмдер,  ал  екінші  бір  мезгілдерінде  пойкилотермиялы  организмдер 

тəрізді  тіршілік  етеді.  Мұндай  жануарларды  гетеротермиялы  жануарлар 

деп  атайды.  Гетеротермия  -  эволюция  процесінде  гомойотермиядан  кеш 

пайда  болған  қасиет  деп  есептелінеді.  Бұл  қасиет  ортаның  түрлі  қолайсыз 

жағдайларына  бейімделуде  маңызды  рөл  атқарады.  Қоректік  заттар,  су 

жетіспесе,  қоршаған  орта  температурасы  төмендесе  мұндай  организмдер 

ұйқыға  кетеді  де,  қолайлы  жағдай  туғанда  оянып,  гомойотермиялы 

жануарлар сияқты тіршілік етеді. 

Мал  гомойотермиялы  жануарларға  жатады.  Əр  түлік  малдың  дене 

температурасы  əртүрлі  болғанымен,  əр  малда  ол  аз  ғана  шекте  ауытқиды. 

Дененің қалыпты температурасы: 

 

Сиырда - 38,0-39,5                Мысықта - 38,0-39,5 




 

311


Жылқыда - 37,5-38,5            Қоянда - 38,5-39,5 

Қой-ешкіде -38,5-40,0          Тауықта - 40,5-42,0  

Бұғыда -37,5-38,6                   Үйректе - 41,0-43,0 

Итте -37,5-39,0                        Күзенде - 39,5-40,5 

 

Дене  қызуының  қалыптан  артық  жоғарылауын  гипертермия,  ал 



төмендеуін  -  гипотермия  деп  атайды.  Жылы  қанды  жануарлар  денесінің 

25

0



С-дан  төмендеуі  немесе  43

0

С-дан  жоғарылауы  тіршілікті  тоқтатады. 



Оның  себебі,  төменгі  температурада  ферменттік  процестер  күрт  баяуласа, 

жоғары  температурада  белоктың  коллоидтық  күйі  өзгереді,  денатурация 

процесі жүреді. 

Дене  температурасының  тұрақтылығы  жылу  түзу  жəне  оны  бөлу 

процестері  тепе-тең  болған  жағдайда  ғана  сақталады.  Бұл  тепе-теңдік 

арнаулы физиологиялық тетіктер арқылы реттеледі. Жылудың түзілуін, яғни 

организмдегі  химиялық  процестердің  қарқынын,  бағыттауды  химиялық 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет