Жануар физол


 Гомеостаз жəне оның маңызы



Pdf көрінісі
бет24/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   504
3.4. Гомеостаз жəне оның маңызы 

Көп  торшалы  организмге  гомеостаз  тəн.  Гомеостаз  дегеніміз 

организмнің  сұйық  ортасының  (қан,  лимфа,  ұлпааралық  сұйық) 

салыстырмалы  тұрақтылығы.  Бұл  терминді  Америка  физиологы  В.К.Кэнон 

ұсынған. 

Жоғары  сатыдағы  жануарлар  организмінде  торшаларға  қажет 

салыстырмалы  тұрақтылықты  сақтайтын  тетіктер  пайда  болған.  Мысалы, 

жануарлар  организмінің  торшалары  белгілі  бір  температура  шегінде  ғана 

тіршілік 

əрекетін 

сақтайды, 

ал 


тұтас 

организм 

сыртқы 

орта 


температурасының  айтарлықтай  көп  ауытқуларына  шыдай  алады.  Бұл 

организм  мен  сыртқы  орта  арасындағы  жылу  алмасу  процесін  реттеудің 

арқасында  ғана  пайда  болған  қасиет.  Сыртқы  ортаның  температурасы 

төмендесе, организмде жылу көбірек өндіріліп, жылу бөлу азаяды, ал сыртқы 

ортаның  температурасы  жоғарыласа  –  онда,  керісінше,  организмде  жылу 

түзу азайып, сыртқы ортаға жылу көбірек бөлінеді. 




 

33

Организм  торшаларының  функциясы  осмос  қысымының  салыстырмалы 



тұрақтылығына  байланысты.  Өз  кезегінде  осмостық  қысымның  деңгейі  су 

мен  онда  еріген  электролиттердің  мөлшеріне  тəуелді.  Осмостық  қысымның 

жоғарылауы немесе төмендеуі, торша құрамы мен функциясының өзгеруіне 

əкеп  соғады.  Сондықтан  организмдегі  артық  су  мен  электролиттер  сыртқа 

бүйрек, өкпе, тері, тер бездері арқылы шығарылады да, осмостық қысымның 

деңгейі реттеліп отырады. 

Гомеостаз организмнің қалыпты жағдайын сипаттайтын əр түрлі тұрақты 

көрсеткіштермен,  мысалы,  дене  температурасы,  қанның  осмостық  қысымы, 

химиялық  құрамы,  ондағы  сутегі  иондарының  концентрациясы  (рН)  т.б. 

бейнеленеді.  Гомеостаз  көптеген  ұлпалар  мен  органдардың  тұрақты 

қызметінің арқасында ғана сақталады. 

Жоғары  сатыдағы  организмге  тəн  қасиеттің  бірі  -  гомеокинез,  немесе 

өмірге  қажет  функциялардың  тұрақтылығы.  Мысалы,  қимыл  əрекеті  мен 

энергия  бөлу  арқылы  организм  сыртқы  орта  өзгерістеріне  бейімделіп 

отырады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет