Жануар физол


 Организм функцияларының реттелуі



Pdf көрінісі
бет25/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   504
3.5. Организм функцияларының реттелуі 

Жоғарыда  тірі  организмнің  өзін  өзі  реттейтін,  сыртқы  ортаның  əр  түрлі 

əсерлеріне  өз  бетімен  жауап  беретін  біртұтас  жүйе  екенін  айтып  өттік. 

Организмнің  біртұтастығы  оның  торшалары,  ұлпалары,  органдары  мен 

жүйелерінің арақатынасына, ондағы барлық процестердің өзара теңгерілуіне 

байланысты.  Бір  органның  функциясының  өзгеруі  əркез  басқа  органдарға 

əсерін  тигізеді,  олардың  қызметін  өзгертеді.  Организм  функциялары  мен 

əрекеттері гуморальды (сұйық арқалы) немесе жүйкемен реттелінеді. 

Əрекетті  реттеудің  гуморальды,  немесе  химиялық  механизмі,  филогенез 

тұрғысында  ертерек  қалыптасқан.  Оның  негізінде  əр  түрлі  торшалар  мен 

мүшелерде 

түзілетін 

биологиялық 

белсенді 

заттардың 

(мысалы, 

медиаторлардың,  гормондардың)  бүкіл  мүшелер  жүйесі  мен  организмнің 

функциясына  ықпал  жасай  алатын  мүмкіндігі  жатады.  Химиялық  заттар 

организм  торшаларына  кең  ауқымды  əсер  етеді  жəне  функцияларды  баяу 

өзгертеді. 

Эволюциялық  даму  кезінде  реттеудің  гуморальды  механизмі  негізінде 

жаңа - жүйкемен реттеу тетігі қалыптасады. Жүйке жүйесі əр түрлі торшалар, 

ұлпалар  мен  мүшелердің  кызметін  біріктіріп,  үйлестіріп,  реттеп,  организм 

функциясын  сыртқы  ортаның  жағдайына  бейімдейді.  Бұл  тетік  гуморальды 

механизммен  салыстырғанда  əлдеқайда  жақсы  жетілген,  жіті  атқарылады, 

сондықтан  жүйке  жүйесінің  əсерімен  органдардың  қызметі  тезірек  өзгеріп, 

бейімделу процесі жылдамырақ жүреді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет