Жануар физол



Pdf көрінісі
бет29/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   504
 

1.

 

Мал организміндегі қанның жалпы мөлшері 

 

Жануарлар 



Дене салмағына шаққандағы 

пайыздық мөлшері 

Ауытқу шегі 

Жылқы 


Қрі қара 

Ешкі 


Кой 

Шошка 


Бұғы 

қоян 


Тауық 

8,7 


5,2 

10,0 


7,0 

7,0 


15,0 

5,4 


6,3 

8,9-9,2                             

3,9-7,4 

7,6-12,5 

6,0-8,0                                





 


 

37

Организмдегі  канның  мөлшерін  төрт  түрлі  əдіспен  анықтайды.  1)  Қан 



тамырына  организмге  зиянсыз,  капиллярлардан  (қыл  тамырлардан)  баяу 

өтетін  коллоидты  бояуларды  (мысалы,  конгорот)  жіберу  арқылы  анықтау. 

Бояу  қан  тамырларына  таралып  үлгергеннен  кейін  (бірнеше  минут 

аралығында)  тамырдан  қан  алып,  ондағы  бояудың  концентрациясын 

өлшейді  де,  қанның  жалпы  мөлшерін  есептеп  шығарады.  Ол  үшін  алдын 

ала  гематокритті  (плазма  мен  қан  түйіршіктершінің  көлемдік 

арақатынасын)  анықтап  алады.  Жұмысты  мына  төмендегі  тəртіппен 

жүргізеді.  Артерия не  вена  тамырынан  қан  алып, оған қанды ұйытпайтын 

заттар  (антикоагулянт)  қосады.  Содан  соң  қанды  арнаулы  центрифуга 

пробиркасына  құяды  да,  оны  центрифугада  1500  айналымдық 

жылдамдықпен 30 минут айналдырады. Осының əсерінен қан түйіршіктері 

пробирканың түбіне тұнады да, жоғары жағында плазма бөлінеді. Пробирка 

қабырғасындағы  шкала  плазма  мен  қан  түйіршіктерінің  көлемдік 

арақатынасын  көрсетеді  (1-сурет).  Гематокриттің  нақты  көрсеткішін 

анықталған  санды  0,96-ға  көбейту  арқылы  табады,  себебі  эритроцигтер 

тұнбасында 4 пайыз плазма қалады. 

 

 

1-сурет. Гематокрит 



 

Қан мөлшерін бұл əдіспен есептеу техникасы мына төмендегідей: 

 

      қан тамырына жіберілген бояу мөлшері 



 Плазма көлемі= 



 

                           қандағы бояудың концентрациясы  



 

                                       плазманың мөлшері х 100 

Қанның жалпы мөлшері= 



     

                    қандағы пламаның үлес пайызы  



 

Мысалы,  тəжірибеде  қан  плазмасы  3  л,  ал  гематокрит  -40%  болса,  онда 

қанның мөлшері    (3 х 100): 60 = 5 л болғаны. 

 2)  Изотоптық  əдіс.  Организмнен  алынған  қаннан  эритроциттерді 

ажыратып  алады  да,  оларды  радиоактивті  фосфор  (Р

35

)  қосылған  ерітіндіге 



салады.  Осылай  таңбаланған  эритроциттерді  қайтадан  қан  тамырына  егеді 

де,  біраз  уақыттан  кейін  тағы  да  қан  алып,  ондағы  радиоактивті 

изотоптардың жайылу дəрежесіне қарай қанның жалпы мөлшерін есептейді. 



 

38

3) Малды толық қансырату. Күре тамырды кесіп, денедегі барлық қанды 



ағызады  да,  қандағы  гемоглобиннің  жалпы  мөлшерін  анықтау  арқылы 

қанның мөлшерін біледі. 

4) Дененің массасына қарай шамамен анықтау (1-таблица). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет