Жануар физол


Сүт  белоктарының  түзілуі



Pdf көрінісі
бет329/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   325   326   327   328   329   330   331   332   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

Сүт  белоктарының  түзілуі.  Желінде  альфа-  жəне  бета-казеин,  альфа- 

жəне  бета-лактоглобулин  түзіледі.  Белоктарды  түзу  үшін  қан  құрамындағы 

еркін  амин  қышқылдар,  пептидтер,  плазма  белоктары  пайдаланылады.  Сүт 

құрамындағы  белоктардың  негізгі  бөлігі  (76-86%)  казеиннен  тұрады. 

Белоктар 

рибосомаларда, 

ядрода, 

митохондрияларда 

жəне 

басқа 


субторшалық 

құрылымдарда 

көптеген 

ферменттердің 

қатысуымен 

синтезделеді.  Сүт  белогы  құрамында  барлық  алмастырылмайтын  жəне 

алмастырылатын  амин  қышқылдары  болады.  Амин  қышқылдарының  біраз 

мөлшері трансаминдеу реакциясы арқылы түзіледі. 

Торшаның  эндоплазмалық  тор  рибосомдарында  (полисомдарында) 

түзілген белоктар секрет түйіршіктері түрінде Гольджи кешеніне түседі. Осы 

жерде түйіршіктер қабықпен қапталып, көпіршіктер түзіледі, олардың ішінде 

казеин  фосфорланып,  мицеллалар  (жіпшумақтар)  пайда  болады.  Одан  əрі 

көпіршіктер  ішіндегі  заттарымен  торша  күмбезіне  қарай  ығысады  да, 

мембранамен  бірігіп  кетеді.  Осы  жерде  тесік  пайда  болады  да,  көпіршік 

ішіндегі  заттар  альвеола  қуысына  құйылады.  Белоктардың  түзілу  жəне 

бөліну мерзімі бір сағатқа жуық уақыт алады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   325   326   327   328   329   330   331   332   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет