Жануар физол


Сүт  липидтерін  (майын)  түзу



Pdf көрінісі
бет330/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   326   327   328   329   330   331   332   333   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

Сүт  липидтерін  (майын)  түзу.  Сүт  майларының  түзілуі  желіннің 

альвеола  аралық  ұлпасында  май  қышқылдары  мен  глицериннің  пайда 

болуымен  тығыз  байланысты.  Май  түзу  үшін  қан  құрамындағы  май 

қышқылдары,  липопротеидтер,  үшглицеридтер,  сірке  қышқылы  жəне  бета-

оксибутарат  пайдаланылады.  Альвеолалар  без  торшаларының  негіздік 

бөлігінде,  желін  ұлпасында  пайда  болған  май  қышқылдары  мен 

глицериннен,  қаннан  сіңірілген  үшглицеридтердің  май  қышқылдарынан, 

сірке қышқылы жəне бета-оксибутираттан ұсақ май түйіршіктері түрінде сүт 

майын  түзеді.  Желінде  майдың  түзілуі  кезінде  қан  құрамындағы  стеарин 

қышқылы  олеин  қышқылына,  қаныққан  май  қышқылдары  қанықпаған  май 

қышқылдарына, сірке қышқылы мен бета-оксибутират кіші молекулалы май 

қышқылдарына  айналады.  Ірі  молекулалы  (С

14



18



)  май  қышқылдары 

(миристин,  стеарин,  пальмитин,  олеин)  қандағы  бета-липопротеидтерден 

түзіледі. 

Сүт 


майының 

құрамына 

аз 

мөлшерде 



фосфатидтер, 

фосфолипидтер,  стериндер,  холестерин  мен  оның  эфирлері,  еркін  май 

қышқылдары,  майда  еритін  дəрмендəрілер  т.б.  енеді.  Үш  глицеридтер 

құрамында  30-дан  астам  май  қышқылдары  (жоғары  молекулалы  қаныққан 

қышқылдар  —  пальмитин,  стеарин,  миристин,  қаныққан  төменгі 



 

435


молекулалы  қышқылдар  —  майлы,  капрон,  каприл,  каприн,  лаурин, 

қанықпаған — олеин қышқылдары т.б.) болады. 

Қан  құрамындағы  үшглицеридтердің  сүт  майына  айналу  механизмі  əлі 

толық  анықталмаған.  Үшглицеридтер  алдымен  капиллярлар  эндотелийінде 

липаза  ферментінің  əсерімен  ыдырап,  май  қышқылдары  бөлінеді  деген 

болжам  бар.  Одан  əрі  босанған  май  қышқылдарын  альвеола  эпителийі 

сіңіріп, оларды сүт үшглицеридтеріне айналдырады. 

Альвеола  торшаларының  негіздік  бөлігінде  липидтік  глобулалар 

жинақталады.  Олар  да  торшаның  эндоплазмалық  торында  түзіледі.  Торша 

мембранасына  жанасқаннан  кейін  май  тамшысы  оны  альвеола  қуысына 

қарай томпайтады. Осы жерде мембрана қатпарлары жазылып, ол глобуланы 

толық  қаптай  керіледі  де,  торша  бетінде  мойнақ  пайда  болады.  Бірте-бірте 

мойнақ  қылталанып,  мембранамен  қапталған  май  тамшысы  альвеола 

қуысына  үзіліп  түседі  (149-сурет).  Кейбір  кезде  онымен  бірге  альвеолалық 

торша цитоплазмасының біраз жарқыншағы да бөлінеді (экструзия). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   326   327   328   329   330   331   332   333   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет