Жануар физол



Pdf көрінісі
бет411/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   407   408   409   410   411   412   413   414   ...   504
19-ТАРАУ

 

 ОРТАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІ³ САЛАЛЫҚ ФИЗИОЛОГИЯСЫ 

 

Орталық жүйке жүйесі жұлын мен мидан құралған. Қызметі тұрғысынан 



оны  жеке  бөлімдерге  бөлу  шартты  нəрсе,  себебі  ол  біртұтас  құрылым. 

Организмнің  түрлі  əсерлерге  жауабы  бүкіл  ОЖЖ-ің  үйлесімді  қызметінің 

нəтижесінде атқарылады. 

Эволюциялық  даму  барысында  ОЖЖ-ің  бөлімдері  жануарлардың 

тіршілік  ерекшеліктеріне,  сыртқы  орта  жағдайына  байланысты  өсіп 

жетілген,  олардың  қызметтері  жіктеліп,  жоғарғы  бөлімдерінің  үйлестіруші 

маңызы арта түскен де, ми мықтырақ дами бастаған. Əр түрлі жануарларда 

ми  мен  жұлын  массасының  ара  қатынасы  орта  шамамен  мына 

көрсеткіштермен сипатталады. 

 

 



Балықтар                                 – 0,3:1 

Қос мекенділер                        – 0,8:1 

Бауырымен    жорғалаушылар    – 1,0:0 

Құстар                                    – 1,6:1 

 

 

 



 

Орталық  жүйке  жүйесінің  қызметін  қамтамасыз  ететін  жалпы  ортақ 

механизмдер  мен  принциптердің  болуына  қарамастан,  оның  əрбір  жеке 

бөлімдеріне  тəн  өзіндік  функциялық  ерекшеліктер  болады.  Сондықтан 

қалыпты  жағдайда  ОЖЖ-ің  жеке-жеке  бөлімдері  организмнің  белгілі  бір 

əрекетін реттейтін құрылымдарға айналады. 

ОЖЖ-ің  жеке  бөлімдеріне  тəн  ерекшеліктер  олардың  құрылысы  мен 

физиологиялық  қасиеттеріне  байланыста  қалыптасады.  Қазіргі  деректерге 

қарағанда жүйке жүйесінің фило- жəне онтогенездік тұрғыдан кешірек пайда 

болған  жаңа  бөлімдері  торшалық  құрылымы  мен  жүйке  орталықтарының 

аралық  байланыстарының  сипаты  жағынан  өте  күрделі  келеді.  Осымен 

байланысты  əртүрлі  деңгейде  орналасқан  нейрондардың  физиологиялық 

қасиеттері  де  бірдей  емес  деп  болжауға  болады.  Демек,  жүйке  жүйесінің 

эволюциясы нəтижесінде оның бөлімдерінің құрылысы мен физиологиялық 

қасиеттері  жетіліп,  бір  жағынан  терең  мамандану  процесі  жүрсе,  екінші 

Сүтқоректілер: 

кемірушілер  –  1,8:1 

тұяқтылар    – 2,5:1 

жыртқыштар– 

3,5:1 


иттер 

– 

5,0:1 



маймылдар  –  15:1 

адам      – 45:1 




 

547


жағынан  жүйке  орталықтарының  аралық  байланысы  күрделеніп,  ОЖЖ-ің 

қызметінде  біртұтастық  қасиет  пайда  болған.  Өз  кезегінде,  ОЖЖ-ің  жеке 

бөлімдерінің  қызметі  жəне  олардың  өзара  əсері  деңгейлік  принциппен 

құрылған. Орталық жүйке жүйесінің бөлімі неғұрлым кешірек пайда болса, 

соғұрлым оның құрылысы мен қызметі күрделілене түседі жəне оның басқа 

бөлімдерге реттеуші əсері күштірек болады.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   407   408   409   410   411   412   413   414   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет