Жануар физол



Pdf көрінісі
бет469/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   465   466   467   468   469   470   471   472   ...   504
 

21.3. Көру талдағышы 

 

Жануарларда  көру  анализаторы  өте  жақсы  дамыған.  Оның  көмегімен 



жануар  қоршаған  ортаны  бағдарлап,  айналасындағы  заттардың  түсін, 

пішінін,  көлемін,  жарықтығын  жəне  орналасу  қашықтықтығын  анықтайды. 

Көру  мүшесі  эволюциялық  даму  кезінде  жарық  пен  түсті  ажыратуға 

бейімделген.  Жарық  пен  түске  байланысты  түйсіктер  рецепторларға 

ұзындығы  0,38–0,75  мкм  электромагниттік  толқындардың  əсер  етуінің 

нəтижесінде  пайда  болады.  Жануарлар  көзінің  фоторецепторлары 

инфрақызыл  жəне  ультракүлгін  спектор  аралығындағы  толқынды  қабылдай 

алады. 


Əр  түрлі  жануарлардың  жарыққа  сезімталдығы  бірдей  емес.  Ол  көру 

мүшесінің құрылысының күрделілігімен байланысты. Мысалы, кейбір балық 

түрлері  мен  қос  мекенділер  жарықты  бүкіл  денесімен  сезінеді.  Жарыққа 

диффузиялы  сезімталдық  тікен  терілілер  мен  жұмыр  құрттарға  да  тəн. 

Көздің  қарапайым  түрі  алғаш  рет  талшықтыларда  пайда  болады  да,  буын 

аяқтыларда  ол  едəуір  күрделенеді.  Сүт  қоректі  жануарларда  көру  мүшесі 

дамудың  ең  жоғары  деңгейіне  жеткен.  Ол  оптикалық,  фоторецепциялық 

жүйелерден жəне түрлі қосымша қорғағыш аппараттардан құралады. 

Көздің құрылысы. Көру анализаторының негізгі мүшесі - көз алмасы, бас 

сүйектің  алдыңғы  жағындағы  арнаулы  екі  ойыста  -  көз  шарасында 



(аңғалақта)  орналасқан.  Көз  шарасы  көз  алмасын  əртүрлі  сыртқы 

зақымдаушы əсерден қорғап тұрады. 



Көз алмасы шар пішінді құрылым. Оның алдына қарай шығыңқы келген 

бөлігін көздің алдыңғы полюсі, ал артқы жағын - артқы полюс деп атайды. 

Сырт  жағынан  көз  алмасы  үш  қабықпен  қапталған:  ең  сыртқы  қалың 

фибриозды  қабық  -  ақ  қабық,  ортаңғы  тамырлы  қабық  жəне  ішкі  -  торлы 



қабық (238-сурет). 

Сыртқы қабықтың алдыңғы бөлігін «қасаң қабықң деп атайды. Ол түссіз, 

мөлдір,  дөңгелек,  дөңес,  сағат  əйнегіне  ұқсас  келеді.  Ол  арқылы  көз 

алмасының  ішіне  жарық  сəулесі  сындырылып  өткізіледі.  Осы  фиброзды 




 

634


қабықтың  артқы  бөлігін  ақ  қабық  деп  атайды.  Ақ  қабық  көз  алмасының 

артқы жағынан шыққан көру жүйкесінің сыртын қаптап, жүйкеқап түзеді. 

Ақ  қабықты  астарлай  тамырлы  қабық  орналасқан.  Бұл  қабатта  көзді 

қоректендіретін қан тамырлары болады. Тамырлы қабықтың қасаң қабықты 

астарлай  орналасқан  алдыңғы  бөлігін нұрлы  қабық деп  атайды.  Көздің  түсі 

осы  нұрлы  қабықтағы  пигментке  байланысты  болады.  Ірі  қарада  ол  қара 

қоңыр, жылқыда қара немесе ақшыл қоңыр, қойда - сарғыш қоңыр, ешкіде - 

көкшіл немесе сарғыш, итте - қара қоңырдан сарыға дейін, мысықта - сары 

не жасыл түсті болады. Альбиностарда (ақ түсті жануарларда) 

 

238-сурет. Көздің құрылысы: 

1 – ақ қабық, 2 – қасаң қабық, 

3 – көздің алдыңғы камерасы,  

4 – нұрлы қабық, 5 – қарашық,  

6 – көздің артқы камерасы,  

7 – кірпікшелі дене, 8 –  

көз бұршағы, 9 – циннов  

байламы, 10 – тамырлы қабық,   

 11 – шыны тəрізді дене, 

13

 

– торлы қабық, 13 – орталық  



ойыс (сары дақ), 14 – көру осі,  

18

 



– оптикалық ось, 16 – соқыр  

дақ, 17 – көру жүйкесі, 18 –  

көздің сіңірі, 19 – конúюк 

тива  (шырышты қабық). 

нұрлы қабық боялмайды, одан қан тамырлары көрініп тұрады, сондықтан ол 

қызыл  болып  көрінеді.  Нұрлы  қабықтың  ортасында  қарашық  деп  аталатын 

тесік  болады,  ол  арқылы  жарық  сəулесі  көз  алмасының  ішіне  өтіп,  торлы 

қабыққа  жетеді.  Қарашықтың  пішіні  приматтарда  дөңгелек,  жылқы  мен 

күйісті малдарда - сопақша, мысықта - сызықша саңлау тəрізді. 

Нұрлы қабықта екі бағытта орналасқан ет талшықтары болады. Сақиналы  

бағытта орналасқан ет талшықтары жиырылғанда көз қарашығы тарылады, 

ал  сəулелі  бағытта  орналасқан  ет  талшықтары  жиырылғанда  -  кеңейеді. 

Осының нəтижесінде көз алмасының ішіне өтетін жарық сəулесінің шоғыры 

көбейіп,  не  азайып  отырады.  Демек,  нұрлы  қабықтың  ет  талшықтарының 

қызметі  арқасында  нұрлы  қабық  арқылы  өтетін  жарық  сəулесі  реттеліп, 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   465   466   467   468   469   470   471   472   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет