Жануар физол


 Талдағыштарды зерттеу əдістері



Pdf көрінісі
бет468/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   464   465   466   467   468   469   470   471   ...   504
 

21.2. Талдағыштарды зерттеу əдістері 

 

И.М.Сеченов пен И.П.Павлов зерттеулеріне дейін сезім мүшелері жайлы 



ілім  көбінесе  түйсік  пен  елес  жайлы  субúективтік  бақылауға  негізделген 

болатын.  Физиологияда  сезім  мүшелерінің  қызметін  зерттеудің  обúективті 

əдістері  болмады.  Қазіргі  кезде  талдағыштар  қызметін  зерттеу  мақсатында 

шартты рефлекстер əдісі кеңінен қолданылады. Ол үшін арнаулы жағдайда 

жануарларда  тітіркендіргіштің  əртүрлі  күшіне  шартты  рефлекстер 

қалыптастырылып,  тəжірибедегі  жануарлардың  оларды  ажырата  алатын 

қабілеті  тексеріледі.  Жинақталған  деректер  негізінде  сезім  мүшелерінің 

функционалдық күйі жайлы қорытынды жасайды. 



Талдағыштарды  тітіркендіру  нəтижесінде  туындаған  вегетативтік 

реакцияларды  (тыныстық,  қан  айналымының  өзгерістерін)  зерттеу  арқылы 

маңызды  деректер  жинақтауға  болады.  Хирургиялық  операциялар  жасап, 

талдағыштардың  əртүрлі  бөлімдерін  сылып  тастау,  электрофизиологиялық 



əдісті  қолданып,  олардың  жеке  бөлімдерінде  пайда  болған  биотоктың 

сипатын  зерттеу  арқылы  да  көптеген  мағлұматтар  жинақталған. 

Талдағыштар  қызметін  зерттегенде  олардың  қарапайым  жануарлардан 

бастап,  жоғары  сатыдағы  жануарларға  тəн  құрылымдық  жəне  қызмет 

ерекшеліктерін  эволюциялық  принцип  негізінде  бақылауға  мүмкіндік 



 

633


беретін  салыстырмалы  физиологиялық  əдіс  те  кеңінен  қолданылады. 

Клиникалық  (жануарларды  бақылау),  патоморфологиялық  (анализатор 

қызметінде  ауытқулар  байқалған  жануарды  өлгеннен  соң  сойып,  зерттеу) 



əдістері де құнды мағұлыматтар жинақтауға мүмкіндік береді. 

Соңғы  жылдары  анализаторларды  зерттеу  үшін  нейродинамикалық  əдіс 

қолданылып жүр. Бұл əдіс күші, əсер мерзімі мен аумағы, градиенті жағынан 

дəл  мөлшерленген  адекватты  немесе  инадекватты  тітіркендіргіштерге 

торшалық  жəне  жүйелік  деңгейде  жауап  ретінде  дамитын  процестердің 

микроинтервалдық анализі болып табылады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   464   465   466   467   468   469   470   471   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет