Жануарлар этологиясы оқу құралы Қостанай, 2016 Әож 591. 500(075) кбж 28. 6я7


Мінезқылықтың түрлері мен классификациясының негізі



бет42/122
Дата06.01.2022
өлшемі365,26 Kb.
#15031
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   122

Мінезқылықтың түрлері мен классификациясының негізі


Зоотехниялық әдебиеттерде кездесетін «бихевиор» түсінігің мәні ағылшын тілінен аударғанда behaviour – Мінезқылық дегенді білдіреді. Ал (бихевиоризм( түсінігі ( ағылшынша behaviourism) психологиядағы зерттеулік бағыттардың бірін қамтиды, ХХ ғасырдан бері ғылыми термин болып қолданылып келе жатқан, бастамасын Уотсон ғалымы ашқан. Бихевиоризмді зерттеу нысаны ретінде бақылауға жататын жануарлар мен адамдардың мінез – құлқы алынған, яғни сыртқы тітіркендіргіштерге бағытталған реакциялардың жиынтығы. Интроспекция әдісін жоққа шығарып, бұл бағыт обьективті зерттеу әдістерін негізге алды. Интроспекция – өзін – өзі бақылау әдісі, ХІХ ғасырдың соңғы жағында тәжірибелі психологияда кеңінен қолданылған.

Бихевиоризм жануарлардың мінезқылқының заңдылықтарын эмпирикалық зерттеудің дамуына, олардың әдеттерін білуге және антропоморфизмнен бас тартуға ықпал етті. Бұл зертеулердің бағыты: а) Зоопсихологтар, Лёб, Йеркс және Торндайкпен дамытылған, зерттеудің әдістері мен мақсаты; б) Павловтың шартты рефлекстер теориясы; в) Бехтеревтің рефлексологиясының ықпалы арқылы қалыптасты.



Жеке түрге немесе топқа жататын жануарлардың мінезқылқын бақылаумен этология ғылымыайналысады (грек тілінен ethos – әдет, мінез және logos – ғылым). Садовскийдің (1973) пікірінше, этология – зерттеу нысаны ретінде «қоршаған ортаның тітіркендіргіштеріне ағзаның жауап қайтаруының күрделі формаларының заңдылықтарын үйрену және орнату» болып табылатын ғылым. Этологияны сипаттық, яғни жеке әдеттерді сипаттаумен айналысатын және тәжірибелік, жануарлардың әр түріне және тұқымына сай әдеттерді қамтамасыз ететін факторлардың анализімен, сезімдік ағзалардың жұмыс істеуінің, жүйке жүйесінің функцияларының дұрыстығын зерттеумен айналысады.

Хейфец (1969) жануарлардың мінез – құлқының тоғыз негізгі формасын жіктеген

  1. Азықты қолдану арқылы жүзеге астаын Мінезқұлықнемесе азықтық

Мінезқылық (ingestive behaviour). Ол азықты немесе белгілі бір өсімдікті пайдалану кезінде және физикалық жағдайында, азықтану кезіндегі бәсекелестікте, тәбеттің әр түрлі болуында байқалады. Жайылымдағы азықтық Мінезқылық белгілі бір түрге жататын өсімдіктерді таңдауы және жетілгендігі, шөпті тістеу жиілігі, жайылым мен күйіс қайтару уақыты және қолданылатын шөптіңтиімділігі мен судың мөлшері арқылы сипатталады. Бұл мінезқылықтың формасы жас төлдердің дамуы мен өсуіне, азықтануы мен етінің сапасына, жануарларды пайдаланудың барлық бағыттарына ықпал етеді.

  1. Бөліп шығаратын функциялармен байланысты мінезқылық, немесе бөліп шығарушы (eliminate behaviour). Дефекация актісінің және зәр шығарудың жиілігімен, экскременттердің санымен сипатталады.

  2. Ұрғашы және еркек малдардың жыныстық мінезқылқы (sexual behaviour). Бұл шағылыстыру кезінде белгілі бір қалыпты қабылдау кезінде, жыныстық белсенділікте және де шартты және шартсыз жыныстық рефлекстердің бұзылуы кезінде байқалады.

  3. Қамқорлық Мінезқылық (care-giving; epemelitic behaviour). Ұрпақтарын қорғауда, тәрбиелеуде, ему актінің ұзақтығы мен жиілігі кезінде, тәжірибе беруде, адамдар берген азықты табу мен қолдану арқылы сипатталады.

  4. Табындық Мінезқылық (care-soliciting behaviour). Табындағы иерархиямен, табынға тән жалпы мінезқылықпен және ойын, серуен, демалыс, ұйқы және белсенділік арқылы сипатталады. Үстемдік ету мен бағыну қарым – қатынасы саны жағынан оптимальды жануарлар тобында, әсіресе ірі қара мал, қой және ешкілердің табындарында көрінеді. Демек, осы жануарлардың табындарының жиі ұшыраспауын бақылау керек, себебі бұзылған иерархия тек 1-2 аптадан кейін ғана өз қалпына келе алады және азық қабылдау кезінде тыныштықтың бұзылуы қнімділігін төмендетеді. Мұндай жағдайларда сауын сиырларының сүтінің мөлшері 10% төмендейді.

  5. Бәсекелестік Мінезқылық (agonistic behaviour). Бұл табынның мүшелеріне шабуыл жасағанда, жыныстық жетілген және бірдей жынысты, өзіне көсемдікті алу немесе жоғарғы дәреже алу мақсатында көрінеді.

  6. Аллеломиметикалық (еліктеуіш) мінезқылық поведение (allelomimetic behaviour). Бұл әсіресе жас төлдермен, табынның ересек жануарларының іс – әрекеттерін қайталау. Мысалға, анасымен шақырылған балапан, оның не істеп жатқанын және қалай істеп жатқанын бақылап, кейін соны өзі қайталайды (тұмсығына бидай алады). Тағы мысал ретінде жылқылардың тістерінің бқзылуын тудыратын тістеленуді еліктей арқылы қайталауды айтуға болады.

  7. Өзін – өзі сақтаумен байланысқан Мінезқылық (shelter-seeking behaviour).

Бұл оған шабуыл жасау және қашу кезінде, қауіпсіз жерлерді паналау мен табынның әлеуметтік иерархиясына табынуымен сипатталады.

  1. Зерттеулік Мінезқылық (investigatory behaviour). Бұл таныс емес түрлерге немесе обьектілерге ақырындап жақындауымен сипатталады; жануар оны қарайды, иіскейді, жақындайды және т.б. және нәтижесінде алынған мәліметтер бойынша обьектіден қашады немесе келіп тұрады, тіпті қызығушылығын жоғалтуы да мүмкін.

Генотиппен немесе сыртқы ортаның әсерімен анықталатын кез келген қасиет сандық белгі деп аталады. Генетикалық негізі мен сыртқы ортамен байланыс орнатқан жануарлардың әдеттері осыған ұқсас болып келеді. Мұндай белгілердің типіне жатқызылған генотип ағзаның ұрықтық даму сатысында дамиды. Демек, мінезқылықтың типтері сыртқы ортаның әсеріне байланысты ажыратылады және жетіледі.

Жабайы жануарлардың түрлерінің мінезқылқы олардың доместикациясының мүмкіндікерін айқындады: Адамдар үйге бейімдеу кезінде, тек кейбіреулері ғана бейімделді. Мысалы, жаайы жануарлардың табындық өмірімен қоса жүйкелік қозуы үйге бейімдеудің негізгі критерийлерінің бірі болды. Самбраус (1968) үй жануарларының ерте кездегі этологиялық белгілерін (адамдарға бағынуы, момындығы) өмір бойы сақтап жүреді деген тұжырым жасады, ал жабайы жануарларда бұл белгілер уақыт өте жойылады. Үйге үйретуге байланысты жануарлардың әрекет қабілеттілігі өзгереді. Мысалы, олар спецификалық талдамалығында жыныстық қозу жағдайында ұрғашыға ұқсатып, тұлыпқа тиісті актіні орындайды. Адамдармен жасалған жасанды іріктеу күрделі жағдайларда үй жануарларының бейімделушілік қасиеттерінің төмендеуіне әкеп соқты.Сыртқы ортаның алуан түрлілігі (азықтандыру, микроклимат, аурулары) және мутациялар, әсіресе, алынған индивидумдар (мутанттар) өсірудің қолайлы жағдайларына түссе, үй жануарларының мінезқылқын қалыптастыруда әсер ететін факторлар болып табылады. Сонымен қатар, бұл жерде маңызды рөл адамда болады, жануарлардың өнімділігін арттыру үшін қатаң іріктеу жүргізеді.

Өнеркәсіптік негізде шаруашылықты интенсивті түрде жүргізу ескі Мінезқұлықформаларына жаңа түрлерін салу нәтижесінде мінезқылықтық модификациясын тудырады. Бұл бір жастағы, жыныстағы және шектелген аумақтағы өнімділігінде, азықтандыру тәртібінде және көп пайдалану барысында, жануарлардың үлкен топтарын ұстауда шарасыз болып табылады. Сондықтан этологиялық зерттеулерге жаңа технологияларды пайдаланып жануарлардың өнімділігін арттыру мақсатында бағытталған іс – шаралар жиынтығы кіруі тиіс. Этолог – мамандар жануарларды ұстау әдістерін анықтай алуы керек, ғимараттың құралдарының қателіктерін түзетуі керек және стрессті құбылыстар мен зат алмасу үрдісінің бұзылуларында жоюдың жолдарын таба білуі керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет