Жануарлар ойлай ала ма? Жануарлар тілі Жоспар


Жануарлардың интеллект мәселесі



бет2/5
Дата06.01.2022
өлшемі37,58 Kb.
#11638
1   2   3   4   5
1.2 Жануарлардың интеллект мәселесі

Интеллектуалды мінез-құлық жануарлардың психикалық дамуының шыңы болып табылады. Бірақ жануарлардың ақылы туралы айта отырып, қай жануарда интеллектуалды мінез-құлық бар, қайсысында жоқ екенін анықтау қиын мәселе. Интеллектуалды мінез-құлық инстингтивті мінез-құлық пен үйретумен тығыз байланысты және өзі туа қалыптасады. Ол тәжірибенің индивидуалды қалыптасуының жоғары қорытындысы. Сондықтан интеллектуалды мінез-құлық бейімделгіш эффект береді. А.Н.Северцев осыған назар аудара отырып, психиканың жоғарғы қабілеттері жануардың өмір сүруі үшін және қоршаған ортадағы өзгерістерге бейімделуі үшін қажет дейді. Жануарлар интеллектісінің дамуының алғышарттары манипуляция болып табылады. Маймылдарға қатысты манипуляция қоршаған ортаның қасиеттері мен құрылымы жайлы негізгі қайнар көзі болып табылады. Адам тәріздес маймылдардың манипуляциясы туралы И.Павлов: «Қарапайым қызығушылық жоқ деген тұжырым дұрыс емес»,– дейді. Оған мысал ретінде шимпонзенің қорапты манипуляциялауын бақылауын көрсетеді. Апельсин, алма да болмаған қорапты ашу үшін маймыл бірнеше механикалық тапсырмаларды шешуге ұмтылған. Яғни И.Павловтың пікірі бойынша, жай ғана қызығушылық маймылдарды объекті зерттеуге итермелейді. Сонымен қатар бір уақыытты олардың өзара байланысты сенсорлы және эффекторлы жүйесі жүзеге асады. Жануарлардың дағдысы коп фазалық болып табылады. Бірақ бұл фазалар тек қана қандай да бір тапсырманы шешудегі мәнді кезең ретінде қолданылады. Ал нақты эксперименталды зерттеулерде интеллектуалды әрекеттің екі фазалығы көрінеді.

Кеңестік зоопсихолог Н.С.Новоселова өзінің зерттеулері арқылы шимпонзелермен күрделі тапсырмаларды шешудегі таяқшаны қолдану генезисін анықтаған. Ол таяқшаны қолдануиндивидуалды бейімделгіш әрекет ретінде қолданылатынын көрсеткен. Яғни, туа пайда болатын мінез-құлық еместігін көрсеткен. Ал Ладытина-Котс атты ғалым шимпонзелердегі құрастыруды дайындау процесін зерттеген, бұл процесс техникалық күрделі емес тапсырма. Жініңшке құбырдан еліктіргішті шығару үшін жасалған. Шимпонзенің көзінше құбырға еліктіргішті саусақ жетпейтіндей етіп орналастырған. Сонымен қатар жануарға түрлі заттар ұсынған. Жануардың міндеті сол заттарды біріктіріп, еліктіргішті алу. Тәжірибеден өткен маймыл бұл тапсырманы шешкен. Бұл тапсырмада интеллектуалды әрекеттің екі фазасы да көрінеді. Бірі – құралды дайындау, екіншісі – құрал арқылы еліктіргішті алу. Бірінші фаза биологиялық мәнсіз, екінші фаза – іс әрекетті жүзеге асыру (биологиялық қажеттілік). [3]



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет