Жануартану пәніне мультимедиялық анимация процессін жасау Кіріспе


Application.Initialize – ќосымша объектiсiн инициалдау (про­­­г­рам­маны алғашќы рет дайындау) әдiсi



бет11/24
Дата15.12.2022
өлшемі2,62 Mb.
#57573
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24
Байланысты:
dip -zhanuartanu-panine-multimedijalyq-animacija-processin-zhasau-jasavi-2010-63

Application.Initialize – ќосымша объектiсiн инициалдау (про­­­г­рам­маны алғашќы рет дайындау) әдiсi;


Application.CreateForm – проект ќұрамына енетiн фор­маны дайындап, экранда көрсету әдiсi (create – ќұру);
Application.Run – программаны iске ќосуды ќамтамасыз ету әдiсi.
Delphi-де әдiстiң командалыќ түрде жазылуы:


<Объект>.<Әдiс>

Мысалы, Application.Initialize – Application объектiсiнiң Initia­lize әдiсiн орындау.


Кейбiр жағдайда бөлiмге проект саќталатын бума атын меншiктеу командасын ќосып ќою да мүмкiн, т.б.
Жалпы, Delphi-де программаның орындалуы автоматты түрде негiзгi мо­дульдi орындаудан басталады.
Модуль – түрлi iс-әрекеттердi орындауға арналған про­грам­ма бөлiмi. Мо­дуль таќырыбы Unit (модуль) ќызметшi сөзi­нен басталып, со­ңына әдеттегiдей нүктелi үтiр (;) таңбасы­мен аяќталатын мо­дуль атауы жа­зылады. Delphi-дiң модульге алғашы рет мен­шiктейтiн атауы: Unit1. Жаңа проект ашыл­ған кезде модуль дайындамасы да авто­мат­ты түрде ќұры­ла­ды:

unit Unit1;


interface
uses
Windows, Messages, SysUtils, Classes,
Graphics, Controls, Forms, Dialogs;
type
TForm1 = class(TForm)
private
{ Private declarations }
public
{ Public declarations }
end;
var
Form1: TForm1;
implementation
{$R *.DFM}
end.


Интерфейс (interface) бөлiмi interface кiлттiк сөзiмен бас­талады да, оған келесi бөлiмдер енгiзiледi: uses – Турбо Пас­кальда пайдаланатын бөлiм сияќты, оған стандартты мо­дуль атаулары жазылады, бөлiмге пайдаланушы дайындаған модуль атауын кiрiстiрiп ќою да мүмкiн. Одан әрi, Delphi дайында­ған форма типi сипатталады (онда өрiстер, ќасиеттер, компо­ненттер сипатталып, олардан соң модульде жазылатын проце­ду­ра­лар мен функциялар (про­грамма элементтерi) жария­ла­нады, т.б.).
Private (жеке, дербес) бөлiмiне тек ағымдыќ модульге тиiстi элементтер енгiзiлуi мүмкiн (элемент – өрiстер, әдiстер, ќасиеттер мен оќиғалар); Public (көпшiлiк) бөлiмiнiң iшiнде ағымдыќ модульге ќол жеткiзуге болатын кез келген про­грамма не модульдiң кө­рi­нетiн элементтерi, облыстары ен­гiзiледi. Олар клас­ќа енетiн элементтердiң пайдалану облыс­тарын ғана аныќтайтын болғандыќтан, әдетте (көп жағдайда) олар бос көрiнедi [30].
Implementation (iске асыру,орындау) бөлiмiндегi {$R*.DFM} – .dfm кеңейтiлуi бойынша жазылған файлды пайдалану нұсќауы. Ол модульдi оған сєйкес форманың си­паттамасымен байланыстырады (файлға форма ќасиет­терiнiң мәндерi жа­зылып ќойылған. Ол формада орнатылған ком­поненттер ќасиеттерiнiң де сипаттаммаларын бойында саќ­тайды. Ќасиеттер сєйкес Object Inspector тере­зе­сiнде көрiнедi). Одан соңғы ќатарларға программалаушы Delphi тiлiнде ќа­жеттi процеду­раларды ќолдан кiрiстiру керек. Олар­дың iшiндегi оќиғаны өңдеуiш процедуралардың таќы­рыптары мо­дульдiң интерфейс бөлiмiнде авто­матты түрде жа­зылып ќойылады, мысалы, 3.7.4, 3.11-таќырыптар­да өңде­летiн арнайы инфор­мация үшiн толыќ модульдер ќұрылған [17].
Delphi-де Паскаль тiлiнде орындау мүмкiн және мүмкiн емес күрделi процестердi про­граммалауға болады. Delphi-дiң негiзгi ерекшелiгi – онда ќосымша ќұруда компоненттiк және объектiлiк тәсiлдер пайда­ланылады (Windows ортасында пайдаланатындыќтан, Delphi-де программаны көбiнесе ќосымша деп атайды). Бұл програм­ма­лау технологиясында нағыз рево­люция жасады деуге бола­ды. Компоненттiк тә­сiлдiң мәнiсi жеңiл, әрі ќосымша кiтапха­на­сы программалау ортасында дайындалып, арнайы iс-әре­кет­­тердi орындайтын компоненттер элемент­терiнен жинаќта­ла­ды. Олар жеткiлiксiз болса, объектiнi өң­деуге арналған үстеме программа ќұры­лады. Delphi-де ќолданылатын негiзгi кi­тапхананы ви­зу­аль­ды компоненттер кiтапханасы (VCL, Visual Component Library) деп атайды. Компоненттер панелiнде топ – тобымен жинаќталған, жүз­деген кластарға тиiстi, стан­дартты компоненттер бар. Пайда­ланушы жаңа ком­понент да­йын­дап, оны осы панельге ќосуы­на да болады [23].
Кейде модульдiң соңына инициалдау (initialization) бөлiмi енгiзiледi. Бөлiм модуль айныма­лы­ларын ини­циалдап (бас­тапќы мәндер берiп), про­грам­маны дайындау үшiн ќажет. Егер ол толтырылса, бұл бөлiм басќаруды программа денесiне беруден бұ­рын орын­да­лады. Бө­лiм нұсќу­ларын begin және end кiлттiк сөздерiнiң арасына енгiзу керек. Жоғарыда көрсетiлген сияќты, бөлiм толтырылмаса, begin сөзi жазыл­май, оған тек end. сөзi енгiзi­ледi. Ол - модульдiң соңын бiлдiретiн кiлттiк сөз.
Проектiнi дайындап болған соң оны саќтау үшiн File-Save Project As не File-Save All командасын беру керек. Егер про­ект алғаш рет саќталынып жатса, онда модульдi саќтауды сұ­ра­латын Save Unit1 As атаулы терезе көрiнедi (1-сурет).
Проект саќталу үшiн арнайы бума дайындалмаған болса, ол Projects (C:\Program Files\Borland\Delphi7\Projects) бумасын­да саќталады. Бiраќ пайдаланушы Саќтау терезесiнде жаңа бума ќұрып, проектiнi сонда саќтағаны жөн. Ол оны iздеп та­буды жеңiлдетедi. Жаңа бума ќұру тәсiлi:

  • саќтау сұралатын терезенiң Жаңа бума ќұру түймесiн шерту. Бума белгiшесi терезеде орналастырылып ќойылады;

  • клавиатурадан бума атын енгiзу;

  • буманы екi рет шертiп, ашу;

  • терезенiң Файл аты өрiсiне модуль атауын енгiзiп, Саќ­тау түймесiн шерту. Модуль .pas кеңейтiлуi бо­йын­­ша саќталып ќо­йылады да, экранда проект аты сұралатын терезе көрiнедi [14];



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет