2.2 Delphi-дi iске қосу. Delphi ортасы
Windows терезесi арќылы Delphi-дi iске ќосу командасы:
Iске ќосу - Программалар - Borland Delphi 7 Delphi 7
Экранда Delphi ортасының үш терезесi көрiнедi (1-сурет).
1
3 2
1 сурет - Delphi ортасы
1 - Delphi 7-нің негізгі терезесі.
2 - Форма (Form1);
3 - Объект инспекторы терезесi (Object Inspector).
Жалпы, ортада программа ќұруға арналған төртiншi, модуль терезесi де iске ќосылады (Unit1.pas).
2 сурет - Delphi-дiң негiзгi терезесi
Delphi-дiң негiзгi терезесiнiң ќұрамына негiзгi мәзiр, аспаптар панелi және компоненттер палитрасы енгiзiлген (2-сурет). Негiзгi мәзiр пункттерiне (iшкi мәзiрлерге) Delphi-де жұмыс iстеу командалары, аспаптар панелiне iшкi мәзiрлерге енгiзiлген негiзгi командаларды орындайтын түймелер орналастырылған [20].
Стандартты түймелер:
Open Project (Проектiнi ашу);
View Form (Форманы көрсету);
Add file to Project (Проектiге файл ќосу), т.б.
Delphi-де дайындалатын программа проект (жоба) деп аталады. Форма - программаны дайындау алдында ашылатын, программаның сұхбаттыќ терезесi. Delphi алғашќы рет iске ќосылған кезде форма Form1 атауымен (таќырыбымен) көрiнедi (1-сурет). Оның жиектерiне тышќан көрсеткiшiн орналастырып, ол екi жаќты нұсќама түрiне айналған кезде жылжыту және ќалдыру тәсiлi бойынша форманы кеңейту не ќысу ќиын емес [14].
Ќұрылатын программада пайдалану үшiн формада түрлi компоненттер (форма компоненттерi) орнатылады. Негiзгi компоненттердiң кейбiрi Access берiлгендер ќоры жүйесiнде пайдаланылатын элементтер панелiне енгiзiлген түймелер сияќты. Олар Delphi терезесiнiң компоненттер палитрасына орналастырылған.
Кей жағдайларда экранда форма көрiнбеуi мүмкiн. Оны экранға шығару үшiн View-Forms командасын беру жеткiлiктi.
Delphi екi түрде дайындалған: бiрiншiсi – күрделi ќосымшаны бiрлесiп дайындаушылар үшiн (Delphi Client – Server), екiншiсi – ќалған программалаушылар үшiн (Delphi for Windows). Соңғысы ыңғайланып, ќысќартылып алынған түрi. Ол тек маман программалаушылар емес, барлыќ Delphi- мен жұмыс iстеушiлерге арналған. Әдетте пайдаланылатыны – екiншi түр.
Delphi-дi Паскаль программалау тiлiмен жұмыс iстеген адамдардың меңгеруi көп ќиындыќ келтiрмейдi. Бiраќ, мұнда программалауды үйрену үшiн объект, оќиға, ќасиет түсiнiктерiмен еркiн танысып, онда компоненттердi пайдалану және түрлi командалардың жазылу түрлерiн бiлу ќажет.
Процедуралыќ программалау тiлдерiнде программаның жұмысы операторларды ретiмен орындау бойынша, ал, логикалыќ программалау тiлдерiнде ол ќатаң логикалыќ ережелерге сәйкес өзгертулер енгiзу ретiнде ќарастырылған болатын. Объектiге бағдарлы оќиғалыќ программалау тiлiнде программаның жұмысы негiзiнен оќиғалар тiзбегiнен және түрлi объектiлердiң осы оќиғаларға жауабынан тұрады. Олардың визуальды түрлерi - Visual Basic тiлi QBasic программалау тiлi негiзiнде, Delphi (Дельфи) Объектiлi Паскаль (Object Pascal) тiлi негiзiнде Windows операциялыќ жүйесiн басшылыќќа алып ќұрылған (visual – көзбен көру, экрандыќ). Олар, әсiресе, Delphi программалау тiлi – кез келген ќосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, ќуатты тiл [22].
Форманың және формаға енгiзiлетiн компоненттердiң (компоненттер жөнiнде келесi таќырыптарды ќараңыз) түрлi ќасиеттерi бар (оларды компонент “паспорты” деп те атайды). Ќасиет (Сипаттама, параметр) - айнымалылардың ерекше түрi. Олар объектiнiң түрлi мүмкiндiктерiн сипаттап, ағымдыќ күйiн аныќтайды. Мысалы, форма ќасиеттерiнiң мәндерi - форма таќырыбының мәтiнi, өлшемi, экранда орналасуы, түсi т.б. Delphi iске ќосылған кезде форма ќасиеттерiне алғашќы сєйкес мәндер меншiктелiп ќойылады.
Форманы не онда орнатылған компоненттi программа ќұру үшiн дайындау оның кейбiр ќасиеттерiнiң мәндерiн өзгертуден басталады. Ќасиеттер тiзiмi Объект инспекторы (Object Inspector) терезесiне енгiзiлген. Тiзiмдi инспектор терезесiне шығару үшiн сєйкес объектiнi (форманы не формада орнатылған форма компонентiн) бiр шерту арќылы таңдау керек. Инспектор терезесiнiң жоғарғы ќатарына таңдалған объект атауы да жазылып ќойылады. Мысалы, Delphi iске ќосылған кезде форманың ашылған ќасиеттер терезесi 1-суретте көрсетiлген. Терезенiң екi ќосымша бетi бар: Properties (Ќасиеттер) және Events (Оќиғалар). Терезе ашылғанда екi бағанға енгiзiлген жазулардан тұратын оның Properties бөлiмi ашылулы тұрады (1-сурет). Бiрiншi бағанда көрiнетiндер – ќасиет атаулары, екiншi бағанға сєйкес жазылғандар – олардың мәндерi.
Достарыңызбен бөлісу: |