Жануартану пәніне мультимедиялық анимация процессін жасау Кіріспе


Электрондық оқулық жасаудың дидактикалық талаптар



бет6/24
Дата15.12.2022
өлшемі2,62 Mb.
#57573
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
dip -zhanuartanu-panine-multimedijalyq-animacija-processin-zhasau-jasavi-2010-63

1.5 Электрондық оқулық жасаудың дидактикалық талаптар

Оқыту программасы қаншалықты тиімді екендігін оны тек сабақта қолданып болған соң, талай отырып айтуға болады .


Электрондық оқыту программасын жасайтын программалау-шылардың қолданбалы программалар жасау принциптерін оқу программаларына механикалық түрде енгізбеуін қадағалау керек, ол кейбір кезде зиянын тигізуі мүмкін. Мұнда программалардың нақты адамдардың әрекеттеріне әсер ететінін ұмытпау керек, олардың ынтасы, қызығуы, ұмтылысы компьютердегі оқу процесінде ескерілуі қажет.
Компьютер арқылы оқыту үшін даярланған сабақты программалау кезеңі алдымен қабылданған сценарийдің орындалуын қамтамасыз ететін алгоритмді құрудан тұрады. Ал, алгоритмдерді сипаттау оны түсінуге , оқуға жеңіл болуы тиіс, оған қоса алған бағыттан ауытқымайтын дәл әрі анық болуы керек. Алгоритмдер, бір жағынан программалаушы есптерге де түсінікті болса, екінші жағынан – программа дұрыстығын тексеру үлгісіндей бола алуы да керек. Алгоритмді сипаттау үшін олардың функционалдық ерекшеліктері мен сөздер арқылы жазылуын байланыстыратын жартылай жасанды тіл қажет, оған қоса оның объектілерін негізгі графикалық түрде бейнелеуге арналған мүмкіндіктердің қарастырылуы тиіс [11].
Одан әрі компьютер арқылы жүргізуге дайындалған сабақтың программасын жасау – берілген алгоритмді компьютер программасына аударуға барып тіреледі . Мұндай жоғары деңгейдегі программалау тілдері немесе электрондық сабақтарды жасаудың жүйелік құралдары қолданылады.
Мұнан соң даяр болған оқыту программалық жабдықтамалары әдістемелік нұсқаулармен және пайдалануға қажетті ұсыныстармен толықтырылды .
Қазіргі таңда дайындалған электрондық оқулықтардың көпшілігі білім берудің стандартына сәйкес келмейді. Электрондық оқулықтарды дайындаудың бір жүйеге келтірілген заңдылығы болуы керек. Осыған байланысты электрондық оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттарды ескеру керек сияқты :
- Белгілі бір пәнге байланысты дайындалған электрондық оқулықтың сол пәннің типтік бағдарламасына сайкес болуын ;
- Электрондық оқулықтар курста оқылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты лекция конспектісін қамтитын негізгі; зертханалық және практикалық, тапсырмаларды орындауға арналған қосымша; материалға қатысты анықтама, библиографиядан тұратын көмекші; барлық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест; материалды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері бөлімдерін қамтуын;
- Электрондық оқулықтың кәдімгі оқулықтар мазмұны қайталамауын, яғни, берілетін тақырыпқа қатысты ақпараттың нақты әрі қысқа берілуін ескеру керек;
- Белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық болмауы тиіс. Егер мәтін көлемі бірнеше экрандық бетті қамтитын болса, онда экранда пайда болатын оң жақ тік, төмендегі көлденең жылжыту сызықтарын электрондық, оқулықты пайдаланушының көп пайдалануына және мәтінді жоғары-төмен, оңға-солға жылжыта беру пайдаланушының шыдамдылығына да әсер етеді.
- бір қатардағы мәтін 62-65 таңбадан аспауы тиіс. Себебі материалды баспаға шығару қажет болса, ол А4 көлемді параққа дұрыс түсетіндей болуы керек.
Оқулықты шектен тыс илльюстрациялық, анимациялық тұрғыдан көркемдеу пайдаланушыға кері әсерін тигізуі мүмкін , бірақ кейбір пәндерге атап айтқанда, физика, химия, биология сияқты пәндерге қатысты процестерді анимациялап көрсету, тіпті, кинофильмдер мен диафильмдер үзінділерін MPEG, AVI типті файлдар ретінде сақтап, оларды гипермәтінді формат арқылы электрондық оқулыққа кірістіру оқулықтың көркемдік , әдістемелік деңгейін арттырады [12].
Компьютерлік технологияны қолдану кезінде оқу материалының негізгі көлемі мұғалім емес, компьютер арқылы беріледі. Оқыту процесін жүргізіп отырған мұғалім көбінесе компьютерлік оқу кұралын жасауға қатыспайды. Сондықтан мұндай компьютер арқылы оқытуға арналған ақпараттық-оқу материалдарын жасауда оның авторы мен оқыту процесінің " алшақтығы" білім берудің негізігі принципі деп айтуға болады. Бұл принциптің негізінде берілген материалдарды оқып-үйрену процесі оның авторының кеңесі қажет етілмейтіндей болып ұйымдастырылуы жатады, яғни оқу құралы жаңа материал беріп қана қоймай, оны толық түсіндіре алатындай дәрежеде жасалуы тиіс. Оқу кұралын жасауға берілген техникалық тапсырмада осындай әдістемелік жағына баса көңіл аудару ісі алдын ала анықталады.
Дүние жүзілік білім кеңістігіне ену үшін еліміздің жоғарғы оқу орындары кредиттік технологияға және қашықтықтан оқыту жүйелеріне өтіп жатқаны белгілі. Аталған технологиялар студенттердің мамандық бойынша терең білім алуын қамтамасыз ететін оқыту жүйелері. Қашықтықтан оқытудың технологиялық базасының негізі - компьютер, электрондық оқулықтар, ақпарат таратушы жүйелер.
Электрондық оқыту программасын жасайтын программалау-шылардың қолданбалы программалар жасау принциптерін оқу программаларына механикалық түрде енгізбеуін қадағалау керек, ол кейбір кезде зиянын тигізуі мүмкін. Мұнда программалардың нақты адамдардың әрекеттеріне әсер ететінін ұмытпау керек, олардың ынтасы, қызығуы, ұмтылысы компьютердегі оқу процесінде ескерілуі қажет [7].
Компьютер арқылы оқыту үшін даярланған сабақты программалау кезеңі алдымен қабылданған сценарийдің орындалуын қамтамасыз ететін алгоритмді құрудан тұрады. Ал, алгоритмдерді сипаттау оны түсінуге , оқуға жеңіл болуы тиіс, оған қоса алған бағыттан ауытқымайтын дәл әрі анық болуы керек. Алгоритмдер, бір жағынан программалаушы есптерге де түсінікті болса, екінші жағынан – программа дұрыстығын тексеру үлгісіндей бола алуы да керек. Алгоритмді сипаттау үшін олардың функционалдық ерекшеліктері мен сөздер арқылы жазылуын байланыстыратын жартылай жасанды тіл қажет, оған қоса оның объектілерін негізгі графикалық түрде бейнелеуге арналған мүмкіндіктердің қарастырылуы тиіс .
Білім беруді ақпараттандырудың негізгі құралдарының бірі компьютерлік дидактикалық программалар болып табылады. Бүгінгі білім беру саласында компьютерлік дидактикалық программалардың соңғы жетілдірілген түрі – электрондық оқулықтарды пайдалану қолға алынған. Электрондық оқулық оқу курсын өз бетінше игеру мүмкіндік беретін программалық-әдістемелік комплекс. Ол аталған компьютерлік дидактикалық программалар универсальдылығымен және оқытушының оқыту процесіндегі іс-әрекетінің кейбір аспектілерін студентке қажет жағдайда, білім деңгейін дұрыс бағалау, тағы сол сияқты жузеге асыра алатын интеллектуальдылығымен ерекшеленеді [13].
Білім берудің кез-келген саласында компьютерлік технолгияны пайдалану оқушылар мен студенттердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға жағдай жасайды. Қазіргі компьютерлік, коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы жаңа педагогикалық әдістерді қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесін қамтамасыз етеді.
Білім беру саласында программалу тәсілдерін оқытуда компьютерлік технолгияны пайдалану студенттердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Оқу материалдарды студентке компьютер көмегімен тез және жылдам түсіндіріледі. Соның нәтижесінде студенттердің пәнге деген қызығушылығы артады және шығармашылықпен жұмыс жасауына кең мүмкіндік ашылады. Сонымен қатар оқытушылар да өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Білімді жоғарылатуға компьютерлік технологияның қаншама пайдасы бар.
Есептеу техникасының өте жылдам дамып, оны ғылымның кез-келген салаларында қолдануға байланысты өмір талабы оқыту процесін жан-жақты және жүйелі түрде компьютерлендіруге әкеліп отыр.
Мемлекеттік білім беру стандартында жазылған ережеде: информатиканың оқытудың практикалық мақсаты студенттерді практикалық қызметке, еңбекке сонымен қатар басқа пәндерді оқыту процесінде практикалық есептер шешуге және оны ақпараттық қоғамдық өмірге дайындауға бағытталсын , - делінген. Сондықтан (орта мектепті) жоғары оқу орындарын компьютерлендірудің қамтитын мәселесі тек информатика пәнін оқытумен ғана шектеліп қалмай, басқа пәндерді оқытуда компьютерді көрнекі құралы ретінде пайдалана білуді әр мүғалімге міндеттейді.
Біздің елімізде электрондық оқулықтар жасауда әлі де көп жұмыстар атқарылуы тиіс, яғни орта, жоғары мектептің және қосымша білім беретін курстар пәндеріне байланысты көптеген оқулықтар жасалуы керек. Бұл оқулықтар кәзіргі компьютерлік, коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы жаңа педагокикалық әдістерді қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесін қамтамасыз етеді. Жұмысымыздың басты мақсаты - оқушыға және студентке тереңде тиянақты білім беру, ал білім сапасын арттыру үшін әр муғалім шығармашылықпен жұмыс жасауы қажет. Мұғалім пәнді өзі жетік терең білуімен қатар ,оны оқушыға студентке меңгерту үшін әр сабақта ғылым мен техника жаңалықтарын дұрыс қолдана білүі тиіс. Компьютерді сабақта орынды қолданудың бірқатар артықшылықтары бар, атап айтқанда: студенттердің пәнге қызығушылығының артуы,оқу процесі қарқынының жоғарылауы, шығармашылық белсенділігінің көтерілуі, оқу сапасының артуы. Компьютерлік технологияны қолдану барысында мұғалімнің әр оқушымен, студентпен жұмыс жасауға, әр қайсысына әр турлі тапсырмалар беріп, барлық студент білімін бағалауға толық мүмкіндігі болады,кімнің қай тақырыпты жақсы меңгергені немесе қай жерде білімінің осал екенін дөп басып көмек көрсете алады. Әр студент,өзі еңбек етеді,кейбір жағдайдағыдай тақтадан немесе жанындағыдан селқос көшіріп отырмай,есепті өзі шығаруға тырысады. Сабақта компьютерді пайдалану студентті шапшаңдыққа,тапқырлыққа үйретеді. Студент пен мұғалім қызметінде информациялық мәдениет қалыптасады. Сонымен қатар студенттің психикасы мен ойлау қабілетіне де игі әсер ететіні сөзсіз [15].
Осы мақсатпен мен зерттеу жұмысымда Borland Delphi 6 объектілі-бағдарламалау тілінде паскаль тілін оқытуға құрылған электрондық оқулығы мен тестік программасы қазіргі техникалық даму деңгейін қамтып, жүйеде жұмыс істеудің оқу құралы ретінде ұсынып отырмын.
Қазіргі уақытта Қазақстанда тек экономикалық және саяси процесте ғана емес, білім жүйесінде де жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданыла бастады.
Ақпараттық технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп келеді. Жаңа ақпараттық технологияларды білім жүйесінде қолданудың ең маңызды факторы негізгі қозғаушы күші адам, сол себепті білімнің негізгі принциптері іске асырылуы тиіс. Осыған байланысты адамның шығармашылық потенциалын дамыту үшін қажетті жағдай жасау керек. Жоғары оқу орындары жүйесінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану нәтижесінде, адам машықтанған потенциалды тұлғаға айналуы өзінен-өзі түсінікті.
“Білім саласындағы жаңа коммуникациялық технологиялар” түсінігі компьютерлік техника және электрондық анықтамалық жүйелері мен адамның әрдайым жаңа оқыту әдістерін ізденуінен пайда болды.
Информатика пәнін оқытуда жаңа коммуникациалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты – оқушыларға білім алу процесінде көмектесу. Бұл мақсаттарға оқыту программалары, дәрістерді қолдауға арналған электрондық оқулықтар, тексеру программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді.
Болашақтың адамы тек қана сауатты емес, сонымен қатар оның “екінші” компьютерлік сауаттылығы да болуы керек.
Қашықтан оқыту, мультимедия құралдарының дамуы оқушының білім алуын, олардың белсенділігін арттырады.
Есептеу техникасының өте жылдам дамып, оны ғылымның кез-келген салаларында қолдануға байланысты өмір талабы оқыту процесін жан-жақты және жүйелі түрде компьтерлендіруге әкеліп отыр [19].
Қазіргі кезде электронды оқулықтарға келесідей талаптар қойылады:-
- текстпен қатар әрбір үзінді аудио немесе видео түрдегі ақпараттан тұру тандалған курс бойынша ақпарат жақсы күрылып және саны шектелген жаңа ұғымдары бар аяқталған курс үзінділері түрінде болғаны керек ("жанды лекциялар"). "Жанды лекциялардың" міндетті интерфейс элементі ретінде лекцияны кез-келген жерінен оқуға мүмкіндік беретін айналдыру мүмкіндігі болуы керек;
- текстік ақпарат "Жаңды лекциялардың" кейбір бөліктерін қайталауы мүмкін;
- күрделі модельдер мен құрылғыларды көрсететін иллюстрацияда тез пайда болатын түсіндірмелер болу керек, олар иллюстрацияның жеке элементтері (карталар, жоспарлар, схемалар) бойынша қозғалысына сәйкес пайда болып және сөніп отырғаны жөн;
- керекті ақпаратты іздеу уақытын қысқартуға мүмкіңдік беретін көптеген сілтемелермен текстік бөлім қамтамасыз етілуі тиіс. Бір пән аумағында арнайы түсіндірме сөздік енгізілген болу керек;
- материалдың әдеттегі мазмұнын түсінуге қиын бөлімдері анимация немесе видеоақпарат түрінде берілгені жөн. Бұл жағдайда дәстүрлі оқулықтармен салыстырғанда пайдаланушыға 5-6 есе аз уақыт жұмсалады. Адамға өзі көрмеген кейбір құбылыстарды (сарқырыма, өрт, т.б.) түсіндіру өте қиын. Видеоклиптер уақыт масштабын өзгертуге және құбылыстарды демонстрациялауды жылдамдатуға, баяулатуға, немесе үзіндісін таңдап демонстрациялауға мүмкіндік береді.
Енді, электрондық оқулықтарды даярлаудың тиімді кұралдарын қарастырайық. Олар:
- дәстүрлі алторитмдік тілдер;
- жалпы мақсаттағы инструментальді құралдар;
- мультимедиа құралдары;
- гипертекстік және гипермедиалық кұралдары;
Ал, электрондық оқулықтың жұмыс істеу режимдеріне тоқталсақ, электронды оқулықтың негізгі үш жұмыс істеу режимі бар:
- бақылаусыз оқыту;
- бақылаумен оқыту;
- тестік бақылау;
Мұндағы бақылаумен оқытуда материалды игеру деңгейін анықтау мақсатында әрбір тараудың соңында оқушыға бірнеше сұрақтар берілсе, тестік бақылауда баға қою арқылы білімді тексереді [14].
Қазіргі кезде оқулықтарға қойылатын талаптар: берілетін материалды кұрылымдандыру, пайдалану ыңғайлылығы, материалдың мазмұнының көрнекілігі. Жоғарыдағы айтылған талаптарды қанағаттандыру үшін гипертекст технологиясын қолданған дұрыс. Оқытудағы негізгі мәселелердің бірі білімді бақылау болғандықтан, электронды оқулық кұрамында бақылау кұралы қамтамасыз етілу міндетті.
Ақпараттық технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп келеді. Жаңа ақпараттық технологияларды білім жүйесінде қолданудың ең маңызды факторы негізгі қозғаушы күші адам, сол себепті білімнің негізгі принциптері іске асырылуы тиіс. Осыған байланысты адамның шығармашылық потенциалын дамыту үшін қажетті жағдай жасау керек. Жоғары оқу орындары жүйесінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану нәтижесінде, адам машықтанған потенциалды тұлғаға айналуы өзінен-өзі түсінікті.
Қазіргі кезде тестілеудің әртүрлі әдістері қолданылады. Нақты пән аумағын игеру үшін теорияны игерумен қатар есептерді шығарудың практикалық дағдысын қалыптастыру керек. Ол үшін зерттелінетін процестер мен құбылыстардың математикалық моделін тұрғызуды үйрену керек. Оның алгоритмдік шешімін жобалау және оны программа түрінде жазу. Студенттердің интуициясы мен бейнелеп ойлануын дамытуға мүмкіндік берумен қатар олардың түсіну деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік беретін алгоритмдердің құрылымы мен жұмысын графикалық иллюстрациясын қамтамасыз ететін модельді программалар сериясы электрондық оқулық құрамына жоғарыдағы мақсатқа жету үшін кіруі тиіс [12].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет