14
1.2
Микроскоппен зерттеу әдістері. Микроскоптың қҧрылысы,
жҧмыс істеу ережелері
Сабақтың мақсаты:
Студенттерді микроскоптың құрылысы және
жұмыс істеу ережелерімен таныстырып, оны микроскоппен зерттеу
барысында қолдануды үйрету.
Сабақтың сҧрақтары:
1.
Цитология мен гистологияда қолданылатын зерттеу әдістері
.
2.
Микроскоптың мүмкіндігін сипаттайтын негізгі
кӛрсеткіштері.
3.
Жарық сәулелі микроскоптың құрылысы.
4.
Жарық сәулелі микроскоптың түрлері.
5.
Жарық сәулелі микроскоппен жұмыс істеу ережелері.
6.
Электрондық микроскоппен жұмыс істеу ерекшелігі.
Сабақ беру және оқыту әдісі:
тақырып бойынша берілген
сұрақтарға ауызша жауап алу және тӛменде берілген тапсырмаларды
орындау.
Жасушалар мен ұлпаларға зерттеу жүргізу барысында
микроскоп
қолданады. Оның екі түрі бар: жарық сәулелі және электрондық. Жарық
сәулелі микроскопты қолданғанда объектіге сәулені түсіру үшін сәулелер
шоғыры қолданылса, электрондық микроскопта - электрондар шоғыры
қолданылады. Жарық сәулелі микроскоппен зерттеу 2 бӛлінеді:
стандартты жарық сәулелі микроскоптау және жарық сәулелі
микроскоптаудың арнайы әдістері. Екі жағдайда да сәулелер шоғыры
микроскоптың конденсоры арқылы ӛтіп, жинақталып, гистологиялық
препарат арқылы ӛтіп, содан кейін объектив арқылы ӛтеді. Объективте
кӛрінген гистологиялық препараттың кӛлемі окуляр арқылы да ұлғайады.
Микроскоптың мүмкіндігін сипаттайтын екі негізгі кӛрсеткіштері
бар:
1. Жалпы ұлғайту мүмкіндігі – микроскопта бейнеленген объектінің
жазықтықтағы кӛлемі мен осы объектінің нақты кӛлемінің арақатысы.
Жарық сәулелі микроскоптың жалпы ұлғайту мүмкіндігі 2500 есе, ал
пайдалы ұлғайту мүмкіндігі (гистологиялық объектінің құрылысын анық
кӛру) 1500 еседен аспайды.
2. Анық кӛрсету мүмкіндігі – объектідегі екі нүктенің ең аз
арақашықтықта жеке кӛрінулері. Микроскоптың объектіні ұлғайтып,
анық кӛрсету мүмкіндігі - маңызды кӛрсеткіші. Оны мына формула
бойынша есептейді:
Достарыңызбен бөлісу: