24
Жасушалардың құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылым
цитология (гр.
kytos
- жасуша,
logos
- ғылым).
Тiрi ағзаларды құрылымына қарай
жасушаға дейінгі
және
жасушалық ағзалар
деп бӛледi.
Жасушаға дейінгі ағзаларға
вирустар мен фагтар жатады. Олардың
денесi нуклеин қышқылдары (ДНК немесе РНК) мен оны қоршаған
ақуызды қабықшадан тұрады. Вирустар мен фагтар қоршаған ӛлі
табиғатта кристалдық құрылым түзiп, тек басқа тірі ағзалардың:
микроорганизмдердiң, ӛсiмдiктердiң жене жануарлардың жасушаларына
енгенде ғана тірі ағзаларға тән негізгі қасиеттерді (зат алмасу, кӛбею
және т.б.) кӛрсетеді. Яғни олар тiрi және ӛлi табиғатта аралық орын
алады, ӛйткені олар әртүрлі орталарда тiрi ағзаларға және ӛлi
объектілерге тән қасиеттер кӛрсетеді.
1838 және 1839 жылдары немістің екі ғалымы, ботаник М. Шлейден
мен зоолог Т. Шванн кӛптеген деректік материалдарға сүйеніп
жасушалық теорияны құрастырды. Т. Шванн жасушаны ӛсімдіктер мен
жануарлардың универсалдық құрылымдық компоненті деп қарастырды.
Алайда, М. Шлейден мен Т. Шванн организмдегі жасушалар,
құрылымы
жоқ заттан пайда болады деп қате түсінген. Жасушалық теория
барлық тірі табиғаттың біртұтас екендігін кӛрсетеді. Ол теория
биологияның дамуына ғана емес, философияның да дамуына үлкен
прогрессивтік әсер кӛрсетті. 1838 және 1839
жылдары немістің екі
ғалымы, ботаник М. Шлейден мен зоолог Т. Шванн кӛптеген деректік
материалдарға сүйеніп жасушалық теорияны құрастырды.
Достарыңызбен бөлісу: