Эритроциттердің қҧрылысы.
Эритроциттердің түрі, мӛлшері әртүрлі.
Сау адамның қанында 80-90% екі бүйірі қысыңқы
дискоциттер
кездеседі.
Одан басқа түрлері: жалпақ -
планоциттер
, ескірген –
эхиноциттер
118
(плазмалеммасында үшкір ӛсінділері бар 6%); шар тәрізді –
сфероциттер
(1%) күмбез тәрізді –
стоматоциттер
(1-3%) де кездеседі. Эритроциттердің
ең жас түрлері
ретикулоциттер
(1-5%), оларды арнайы бояулармен бояғанда
цитоплазмасындағы рибосомалар мен эндоплазмалық торлар кӛрініп,
эритроциттерге тор пішіндес түр береді. Ескірген эритроциттердің
плазмолеммасы ішіне қарай жымқырылып немесе сыртына қарай иіліп үшкір
ұштар түзейді, олар инвагинацияға ұшыраған және гемолиз жолымен
гемоглобиндері жойылып, қанда тек ғана қабықтары қалып қояды, ондай
түрлерін -
микросфероциттер
деп атайды.
Кӛптеген ауруларда эритроциттердің аномальді түрлері де кездеседі.
Мұндай жағдайда эритроциттердің құрамындағы гемоглобин (Нв) ӛзгереді.
Мысалы, эритроциттердің «
орақ тәрізді
» болып келуі анемияда байқалады.
Эритроциттердің мұндай түрлерін
пойкилоцитоз
процесіне жатқызады.
Эритроциттердің мӛлшері –
қалыпты жағдайда құбылмалы 76%
эритроциттердің d = 7,5 мкм - бұлар
нормациттер,
12,5% d < 7,5 бұлар –
микроциттер
, 12,5% d >7,5 бұлар –
макроциттер.
Эритроциттер
мӛлшерінің ӛзгеруі
анизоцитоз
ауруларында кездеседі.
Тӛменгі сатыдағы омыртқалылардың эритроциттері ядролы жасушалар,
бірақ ересек кезінде бӛліну қабілетінен айырылады. Эритроциттерде
митохондриялар, рибосомалар, жасуша ішіндегі мембраналар жүйесі
болмайды. Бұл жағдайда олардың тіршілігін сақтауы 100—120 тәуліктен
кейін жойылады. Секунд сайын организмде эритроциттердің миллиондаған
саны жойылады, бірақ олардың саны қанның түзілуі арқылы қалпына келіп
отырады. Эритроциттер организмнің энергетикасында маңызды рӛл
атқарады.
Эритроциттердің плазмолеммасының құрамында шамамен тепе-тең
болып келетін билипидті қабат пен белоктар бар. Сыртқы глококаликс
қабатында кӛмірсулар – олигосахаридтер (гликолипидтер, гликопротеидтер)
орналасқан. Олар эритроциттер құрамындағы антигендерді анықтайды.
Эритроциттер плазмолеммасында «А» және «В» агглютиногендер бар,
олардың құрамындағы полисахаридтер эритроциттердің қан плазмасында
болатын «α» мен «β» агглютининдермен байланысады. Қан құрамындағы
«А», «В» агглютиногендер мен «α», «β» агглютининдерге тәуелді қан
топтарын анықтайды. Қанның топтарға бӛлінуі 1 – кестеде кӛрсетілген.
Адамдардың 86% агглютиноген эритроциттерінде болады, олардың
резус факторлары (Rh +) бар, ал 14% адамдарда болмайды, олардың резус
факторлары (Rh -) жоқ.
Лейкоциттерді
ашқан 1673 жылы Левенгук. Лейкоциттердің саны
эритроциттерге қарағанда аз. Бір лейкоцитке 1000 эритроцит келеді. Ересек
119
Достарыңызбен бөлісу: |